Қазақстан Республикасындағы сот орындаушыларының қызметі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
1Қазақстан Республикасындағы сот орындаушыларының қызметі
Қазіргі кезде жеке сот орындаушылардың маңыздылығы артуда, осының арқасында азаматтық қоғамның ішінде маңызды орган ретінде өз орынын тапты, себебі олардың қызметі көбінесе азаматтармен жұмыс жасауға бағытталған.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта қоғамның субъектілерінің арасында жеке сот орындаушыларға қатысты көптеген көз қарастар қалыптасқан және олардың негізгі қызметі қоғамдағы өндіріп алушыларға тиесілі құндылықтарын өндіріп, әділдіктің белгілі бір бөлігін орындауға бағытталғандықтан, көптеген жағымсыз пікірлермен соқтығысып жатады.
Сондай - ақ жеке сот орындаушылар өздерінің қызметтерін жүзеге асыру барысында және өздерінің заңи жүктелген міндеттерін орындау кезеңінде тиісті нәтижеге жету үшін жағымсыз салдарды туындататын жағдайларды атап өткен жөн.
Бүгінгі таңда жеке сот орындаушылардың қызметін реттейтін заңнанамалардың арасында туындайтын қарама - қайшылықтарын айта өткен жөн, себебі иерархиялық тәртіпке сәйкес Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы заңы төмен орналасқандықтан кодекстерге қарама - қайшы келмейуі тиіс. Сонымен қоса, жеке сот орындаушылардың құқықтық мәртебесі толықтақ айқындамалған, яғни заңи негізде олардың құқықтары толықтаң заңда көзделмеген, осының нәтижесінде тәжірибеде жеке сот орындаушылардың құқықтарың бұзылып жатқанын көп байқаймыз, оның ішінде атқару өндірісін жүргізу барысында жеке сот орындаушыларға әркімнің жағынан да өзіңнің ықпалын тигізіп жатады, осының нәтижесінде жеке сот орындаушылар өздеріне жүктелген міндеттерін орындау барысында белгілі түрде қиындықтар туындап, атқару өндірісінің адал өтуіне зиян келтіріліп жатады.
2006 жылдың маусым айында бұл сұрақ Қазақстан Республикасының жанындағы құқықтық саясат кеңесінде талқылаудан өткен, 2007 жылдың сәуірінде заңның жобасы талқыланып, заңды жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы талқыланып, қолдаған болатын. Сол уақытта жеке сот орындаушылардың қызметін реттейтін заңның бірінші жобалары қалыптасып, атқару өндірісі бойынша және сот қызметкерлерінен сауалнама алуа арқылы жүргізген. Бұл жұмыстардың барлығын әрі қарай өрлеуге әсер еткен 2007 жылы маусымда жеке сот орындаушылар мен халықаралық конференциялардың өтуі бірден - бір себепкер болды.
2011 жылы тамыз айында ең алғаш рет жеке сот орындаушы қызметіне конкурс өткізіліп, қыркүйек айында ең алғаш өңірлік палаталары қалыптасты және сол жылы Республикалық коллегиясы құрылды. Қазақстан Республикасына сот орындаушылардың қызметіне қатысты қалыптасқан заң, Қазақстанда ерекше атқару саласындағы ерекше модель құруға мүмкіндік берді, себебі жеке сот орындаушылардың қызметі мемлекеттік сот орындаушылардың қызметімен бірдей жүріп отырды. Қазақстан Республикасындағы сот актілерін орындау моделі Канада, Ұлыбритания, Солтүстік Ирландия және өзге де мемлекеттерде бар.
Сот отырдаушылардың қызметін қалыптастыру барысында келесідей негізгі позитивтік бағыттарды қарастыды:
- сот және өзге де актілерін орындау сапасын көтеру;
- сот актілерін өндіріп алушылар тарапынан орындалмай қалу деңгейін түсіру;
- атқаруды дамыту және оның мерзімдерін азайту;
- сот және өзгеде актілерді орындауды қамтамасыз етудегі мемлекеттік қаражаттың шығынын азайту;
Жеке сот орындаушылардың кәсіби құрамы - көбіне атқару органдарының бұрыңғы қызметкерлері, соның ішінде Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің қызметкерлері(57,7%), прокуратура және өзге де құқық қорғау органдарының қызметкерлері (14,7%), бұрыңғы судьялар(0,7%) және тәжірибеден өткен тұлғалар (26,7%).
Жеке сот орындаушылардың қызметі өздерінің тарихи қалыптасуына сәйкес соттың шығарған актілерін орындауға бағытталған, дегенімен де қоғамның және де заңның дамуына байланысты, көптеген өзгерістер болған, осының нәтижесінде жеке сот орындаушылардың қызметі көбіне өндіруге бағытталған, оның ішінде мемлекетке берешегі бар азаматтардың қарызын, не болмаса азаматтық құқықтық қатынасқа түскен азаматтардың арасында туындаған қатынастар бойынша, ерлі - зайыптылардың ажырасу нәтижесінде туындайтын алиментті өндіріп беру және де сот процессі жүргізу барысында талапты қамтамасыз ету барысында белгілі мәжбүрлеу шараларын қолдану, мүлікті қайтарып беру немесе оны өндіру, яғни бұл жерде бір азаматқа тиесілі мүлікті өзге азаматтар өндіріп беру не болмаса тұрып жатқан азаматтардың үйінен шығарып, өндірушіге табыстауды көздейді немесе қылмыстық жолмен тапқан не қылмыстық жолмен қол жеткізген мүлікті мемлекеттің кірісіне өндіріп беру секілді, көптеген атқарушылық қызметті жүзеге асырады.
Жеке сот орындаушылар өздерінің қызметтерін жүзеге асыру барысында нақты ұстанатын принциптері бар және ол қағидалар Қазақстан Республикасының Конституциясынан бастау алып, Атқарушылық іс - жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы заңында да өзінің орын тапқан және осы Заңда келесідей қағидалар көзделген:
oo заңдылық - заңдылық принципі әрекеттерді заң негізінде жүргізіп, кез - келген жағдайда заң үстемдігін ұстана отырып жұмыс істеуді қарастырады. Заңдылықты сақтау көптеген нормативтік құқықтық актісінде көзделеді. Заңдылық принципін атқару өндірісінің жеке қағидасы ретінде санауға болмайды, себебі ол жалпы құқықтық принциптің бірі болып табылады. Бұл заңдылық принципі жалпы әлеуметтік негізде қалыптасқан;
oo атқарушылық іс-әрекеттерді жүргізу мен мәжбүрлеп орындату шараларын қолданудың уақтылы және айқын болуы принципі - Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңға сәйкес жеке сот орындаушылары заңда көзделген мерзімде өндірісті орындап және де қажетті жағдайларда оның мерзімін созуға тікелей құқылы және ол мерзімін созу барысында заңи негізді талап етеді;
oo адамның, азаматтың ар - намысын құрметтеу, қадірлеу және оған кір келтірмеу принципі - атқару өндірісінің негізгі жеке принципі ретінде қарастырылмайды, көбінесе бұл принцип Конституциядан бастау алып, қалыптасқан принцип, бұл принциптің қолдану аясы көбіне мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен тікелей байланысты. Бұл принциптің негізі лауазымды тұлғалар азаматқа қандай да бір күш көрсету немесе заңға қайшы өзге де тәсілдер арқылы дәлелдемелерді немесе фактілерді жоюды қарастырады;
oo өндіріп алынған сомалар кезектің барлық талаптарын толық қанағаттандыруға жеткіліксіз болған кезде оларды бір кезектегі өндіріп алушылар арасында бөлудің барабарлығы принципі - бұл принциптің мәні атқару өндірісіні жүргізу барысында кейбір азаматтарда бірнеше қарыздары болуы мүмкін немесе заңды тұлғалардың мемлекет алдында және де өзге де заңды тұлғалардың алдында берешектері болуы мүмкін, осы негізде жеке сот орындаушысы борышкердің қандай да мүлкін өндіріп, оны сату нәтижесінде ақшалай сомаға қол жеткізсе және ол сома біреуінің берешегін толықтай жабуға келмесе, оны кезектілігіне қарай теңбе тең жабады;
oo атқарушылық іс жүргізу барысында туындайтын шығындарды борышкерден өтеу принципі - атқару өндірісін жүргізу барысында жеке сот орындаушысы белгілі мәжбүрлеу шараларын орындау кезінде көптеген шығыстары болуы мүмкін, мысалы борышкердің белгілі бір мүлкі басқа қалада болуына байланысты жүріс тұрыс шығыстары, сонымен қатар ол мүлікті егер де бағалау қажет болған жағдайда, өзге де мамандарды іске тарту бойынша шығыстары туындайды және оны Заңның негізінде борышкерден өндіріп ала алады;
Өз кезегінде атқарушылық іс жүргізу келесідей кезек бойынша қалыптасқан:
oo Атқарушылық іс жүргізуді қабылдау, қозғау және іс бойынша мәжбүрлеу шараларын жүргізуге дайындау
oo Атқарушылық іс жүргізу бойынша мәжбүрлер шараларын қолдану
oo Атқарушылық іс жүргізуді тоқтату
Атқарушылық іс жүргізуді қозғау бірінші және юрисдикциялық актілердің орындалуы үшін міндетті кезең болып табылады. Атқарушылық іс жүргізу және атқарушылық әрекеттер мен мәжбүрлеу шараларын қолдануға рұқсат етілмейді және ол заңға қайшы әрекет болып саналады.
Атқарушылық іс жүргізу сот орындаушылардың атқарушылық құжаттың негізінде қозғалады. Бірақ, бір атқарушылық құжатының негізінде ғана қозғалады деген мағына емес, атқарушылық іс жүргізуді қозғау үшін сот орындаушысы істі қозғамас бұрын қарайтын фактілік құрамы болады. Ол фактілер өз шегінде:
- атқарушылық іс жүргізуді қозғауға қажетті фактілер - ол фактілердің ішінен атқаруға жіберетін өкілетті органдардың тарапынан келген құжаттардың түп нұсқалығына қарай зерттеуді талап етеді, оның ішінде жеке сот орындаушыларына көптеген атқару құжаттары жіберу барысында, мемлекеттік органдардың тарапынан жіберген актілерді қозғауға бірден - бір себеп деп санауға болады, себебі мемлекеттік органдар заң бойынша өздеріне рұқсат етілмеген әрекетті жүзеге асыруға құқықтары жоқ және ондай әрекет болған жағдайда жауапкершілік туындайды;
Атқарушылық құжат болып саналмайтын қандайда бір құжатты ұсыну, атқарушылық іс қозғау заңи факт ретінде қаралмайды.
Бұл азаматтық юрисдикцияның органдары берген атқарушылық құжатты да және шетелден берген атқарушылық құжаттары болатындығын білген жөн, шетелден берілген атқарушылық құжат тек, екі елдің арасында келісім не болмаса қандай да бір заң Қазақстан Республикасында ратификацияланға болған жағдайда ол атқарушылық құжат деп танылып, орындаулға жатады. Басқа жағдайларда, ол Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен шешеді. Ал, мәжбүрлі түрде орындауды жүзеге асыру үшін шетелдің сотының шығарған атқару парағының негізінде жүзеге асады, егер де Қазақстан Республикасымен жасасқан шартында не ратификацияланған заңында өзгеше көзделмесе, ұсынылған атқару парағы заңды факт ретінде қаралмайды.
Атқарушылық құжатты орындауға жібере алатын тұлға ретінде - өндіріп алушы және оның өкілі бола алады. Егер, өкіл арқылы болатын болса, ол сенімхатта көрсетілуі тиіс, егер осындай жаедай болса, құжат өндіріп алушымен емес, оны берген органның тарапынан жіберілуі мүмкін. Мысалы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны атқаруға жібергенде, мемлекеттік орган атқару парағын мәжбүрлі түрде орындауға жібере алады.
Тек бір жағдайда ғана атқару өндірісі атқару құжатын ұсынбай, келесі жағдайларда атқару өндірісін қозғауға болады, мысалы: алимент бойынша туындаға берешекті есептеу, оны өндіріп алу немесе жеке сот орындаушысының мәжбүрлеу шараларын орындау барысында туындаған шығыстарды өндіріп алу туралы қаулысы жатады және оны өзінің өндірісіне қоса отырып, әрі қарай мәжбүрлеу шаралары арқылы өндіреді.
Атқарушылық құжат заңда белгіленген мерзім шегінде орындауға ұсынылуы мүмкін. Атқарушылық ескіру мерзімі-атқарушылық құжаттың талаптары мәжбүрлі түрде орындалуы мүмкін.
Егер атқарушы құжат орындау мерзімін өткізіп жіберумен орындалса және бұл мерзім сот арқылы қалпына келтірілмесе немесе көрсетілген мерзімді қалпына келтіру федералды заңда көзделмеген болса, онда Заңның негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту керек. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамада орындауға ұсыну мерзімін тек дәлелді себептер бойынша қалпына келтіру мүмкіндігі көзделген. Басқа атқарушылық құжаттарды орындауға ұсынудың өткізіп алған мерзімдері қалпына келтіруге жатпайды.
Егер атқарушылық құжат борышкерде өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүліктің болмауына байланысты атқарушылық құжаттың талаптарын іс жүзінде орындамай, бұрын қозғалған атқарушылық іс жүргізу аяқталғаннан кейін орындауға қайтадан ұсынылса, онда атқарушылық іс жүргізу аяқталған күннен бастап атқарушылық құжат орындауға қайтадан ұсынылған кезге дейін өткен мерзім құқық түзуші мәнге ие болады. Атқарушылық парақтарды, сот бұйрықтарын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды, сондай - ақ мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы талаптарды қамтитын атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға қайта ұсынуға-атқарушылық іс жүргізу аяқталған күннен бастап кемінде алты ай өткеннен кейін, ал өзге де атқарушылық құжаттарды қайта ұсынуға кемінде екі ай өткеннен кейін жол беріледі. Бұл ережеден ерекшелік борышкердің мүліктік жағдайының өзгеруі туралы ақпараттың болуы болып табылады, онда атқару құжатын көрсетілген мерзімдерден бұрын орындауға қайта ұсынуға жол беріледі.
Атқарушылық құжаттың заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігі бойынша қарайтын болсақ, атқарушылық құжат заңнаманың оның нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарына сәйкес келуге тиіс. Алайда, атқарушылық іс жүргізуді қозғау үшін маңызы бар атқарушылық құжаттарға заңнаманың талаптары мұнымен шектелмейді. Атқарушылық іс жүргізуді қозғау сатысында сот орындаушылар атқарушылық құжаттың Қазақстан Республикасының аумағында атқарушылық күші бар-жоғын да анықтауы керек.
Біріншіден, жоғарыда айтылғандай, шет мемлекеттің атқарушы құжатын ұсынған кезде, шетелдік юрисдикциялық органның атқарушы құжатын алдын ала рәсімдемей тұрып оны орындау мүмкіндігін көздейтін, Қазақстан Республикасында ратификациялаған халықаралық шарттың бар-жоғын тексеру керек.
Екіншіден, оның негізінде атқарушылық құжат берілген юрисдикциялық акт не атқарушылық құжаттың өзі, егер ол бір мезгілде Азаматтық юрисдикция органының құқық қолдану актісі болса (мысалы, сот бұйрығы), онда ол заңи күшіне ие болуға тиіс. Сот актілеріне қатысты орындау олардың заңды күшіне енуінің салдарының бірі болып табылады. Сот актісі заңды күшіне енгенге дейін берілген атқару парақтары мәніссіз және сот актісін шығарған сот кері қайтарып алуға жатады. Сот актілерін дереу орындау жағдайлары талап ететін жағдайлар да (мысалы, талап қоюды қамтамасыз ету туралы сот ұйғарымы немесе алимент өндіріп алу туралы, жұмысқа қайта алу туралы сот шешімі және т.б.) өзіндік ерекшеліктері болады.
Атқарушылық құжаттың заң талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты және атқарушылық құжатты орындау үшін атқарушылық құжаттың мәжбүрлеуге келмеуіне байланысты атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту үшін тиісті негіздерді көздейді. Егер атқарушылық іс жүргізу сот, басқа орган немесе оны берген лауазымды адам кейіннен кері қайтарып алған атқарушылық құжат негізінде қозғалса, онда ол аяқталуға тиіс.
Өндіріп алушының немесе оның өкілінің атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы арызы бойынша негізін қарайтын болсақ, бұл факт нақты құрамда қосымша болып табылады, өйткені ол барлық жағдайларда қажет емес. Жеке сот орындаушыға арызды тек Өндіріп алушының өзі немесе оның өкілі орындауға ұсынған кезде ғана қажет екені анық.
Сонымен бірге, көптеген заң әдебиетте айтылған пікірмен келісуге де болады, өндіріп алушыға өтініш беру міндетін жүктеу орынды, өйткені атқару құжатын ұсынған кезде атқарушылық құжаттарды орындау мерзімдерін ескере отырып, ондағы ақпарат өзектілігін жоғалтуы мүмкін (мысалы, борышкер некеге байланысты фамилиясын өзгерте алады немесе тұрғылықты жерін өзгерте алады және т.б.).
Өндіріп алушының арызынсыз атқарушылық іс жүргізу сот, басқа орган немесе лауазымды адам Заңда көзделген жағдайларда атқарушылық құжатты жеке сот орындаушысына жіберген жағдайларда қозғалады.
Атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы жазбаша нысанда болуы қажет және арызға өндіріп алушы немесе оның өкілі қол қоюға тиіс.
Заңнамада атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініштің мазмұнына императивті талаптар қойылмаған, дегенімен де өтініштің мазмұнын регламенттейтін нормалар диспозитивті болып табылады. Заңның императивті нұсқамасының жоқтығына қарамастан, өтініште өндіріп алушы туралы мәліметтер және ұсынылған атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы арызы болуы тиіс. Арызда атқарушылық құжатта қамтылған мүліктік өндіріп алу туралы талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында борышкердің мүлкіне тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкер үшін атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамада көзделген шектеулерді белгілеу туралы өтініш болуы мүмкін. Бұдан басқа, өндіріп алушы өтініште борышкер туралы, атап айтқанда оның мүліктік жағдайы туралы өзіне белгілі мәліметтерді және атқарушылық құжаттың талаптарын уақтылы және толық орындау үшін маңызы болуы мүмкін өзге де мәліметтерді көрсете алады.
Арызда борышкердің мүліктік жағдайы туралы ақпаратты қамтитын немесе растайтын құжаттар, сондай-ақ өтініште жазылған өзге де мәліметтер қоса берілуі мүмкін. Егер өтінішке өкілі қол қойса, онда өтінішке сенімхат немесе оның өкілеттігін куәландыратын өзге де құжат қоса берілуге тиіс. Өндіріп алушының өкілі өтінішті электрондық нысанда берген кезде өтінішке оның өкілеттігін растайтын, бірақ осы құжаттың электрондық түріндегі құжат қоса беріледі.
Атқарушылық іс жүргізуді қозғауға кедергі келтіретін фактілері деп мәжбүрлеп орындау құқығының жойылуын айта аламыз, яғни бұл жерде атқару өндірісінің тікелей қатысушыларының бірден - бірінің қайтыс болуына байланысты құқықтық мирасқорлық мәселесі шешілгенге дейін не болмаса одан бас тартқанда дейінгі мәселе шешілмей белгілі кедергілерді туындатуы мүмкін. Сонымен қоса, өндіріп алушыны немесе борышкерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әрекетке қабілетсіз не болмаса әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған жағдайда, өндіріп алушы не болмаса борышкердің қатысуын талап ететін мән - жайлар болмаса және де әскерге шақырылған жағдайларда атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асыруға келтірілетін кедергі деп танылады [4, 101 б.].
Мәжбүрлеп орындату сатысында борышкерге сот актілерінің, сондай-ақ борышкерге мүлікті (оның ішінде ақша қаражатын) өндіріп алушыға беру жөніндегі, өндіріп алушының пайдасына белгілі бір әрекеттер жасау немесе белгілі бір әрекеттер жасаудан тарту жөніндегі міндет жүктейтін басқа да органдар мен лауазымды адамдардың актілерін іс жүзінде іске асыру мақсатында мәжбүрлеп орындату шаралары түріндегі мемлекеттік мәжбүрлеу қолданылады.
Осындай фактілердің негізінде борышкерге мәжбүрлі түрде орындау шараларын қолдануға негіздер болып табылады:
1) борышкерке қатысты қозғалған атқарушылық іс жүргізу өндірісі;
2) атқару құжатының талаптарын ерікті түрде орындауға берілген мерзімде орындамаған жағдайда;
3) атқару құжатының талаптарын орындау мерзімі кейінге қалдырылып, мерзімі аяқталған жағдайда қолданылады;
Мәжбүрлеу шараларының түрінің көптігі жеке сот орындаушысының борышкерден өндіруге тікелей әсер ететін шараны қолдана алады. Мысалы, мүлікті өндіріп алу ісі бойынша, ол кезекте жеке сот орындаушысының әрекеттері тұрғын үйден мәжбүрлеп шығару секілді шарадан өзінің ерекшелігі болады. Сонымен бірген "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы" заң кез - келген мәжбүрлеу шараларын қолдану негізін және оның жалпы шарттарын көздейді.
Атқарушылық іс жүргізу барысындағы атқару кезеңі ол ұйымдық - дайындық кезеңін қарастырады, бірақ ол атқару ретінде қарастырылмайды. Мәжбүрлеп орындау кезеңі екі маңызды мақсаттың негізінде қалыптасады:
oo мәжбүрлеп орындау шараларын қолдануға жағдай жасау;
oo борышкерді атқару парағының талаптарын ерікті түрде орындауға мүмкіндік беру;
Жеке сот орындаушысы мәжбүрлеп орындауға дайындау кезеңінің ең басты субъектісі болып табылады, себебі Атқарушылы іс жүргізу және жеке сот орындаушылардың мәртебесі туралы заңға сәйкес мәжбүрлеу шарасын орындау міндеті жеке сот орындаушыға жүктелген, сонымен қоса шараларды уақытылы, толық және атқару құжатының талаптарына сәйкес орынадуды көздейді.
Тек жеке сот орындаушы мәжбүреп орындауға жататын атқару затының құрамына қарай нақты қолданатын мәжбүрлеу шараларының тізімін анықтап, келесі мәжбүрлеу шараларына дайындық жасайды не болмаса борышкерді өз еркімен еркін түрде атқару парағының талаптарын еркін түрде орындауға мүмкіндік бере алады. Жеке сот орындаушысы атқарушылық құжаттың талаптарын орындау барысында заңда немесе атқару құжатының өзінде белгіленген мерзімде мәжбүрлеп орындатуды қамтамасыз етуі тиіс және атқарушылық іс жүргізудің мақсатын жүзеге асыру барысында өндіріп алушының бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін нақты қорғауды іске асыруға тиіс.Жеке сот орындаушы мәжбүрлеу шараларына дайындық кезеңінде көптеген мәжбүрлеу шараларын қолдануға мүмкіндігі бар, мысалы:
- атқарушылық құқықтық қатынастардың субъектілік құрамын анықтау жөніндегі іс - әрекеттерді жүзеге асыра алады (мысалы, қажет болған жағдайда-процестік құқық мирасқорлығы туралы мәселені шешу немесе сот алдында процестік құқық мирасқорлығы туралы мәселеге бастамашылық ету; балаларды тәрбиелеуге байланысты атқарушылық құжаттардың талаптарын орындау кезінде қорғаншылық және қамқоршылық органдарын тарту және т. б.);
- мәжбүрлеп орындау шараларын қолдану орнын белгілеу жөніндегі іс-әрекеттер;
- борышкердің орналасқан жерін анықтау, оның мүлкін анықтау жөніндегі іс-әрекеттер (мысалы, жеке сот орындаушысы олардың өкілдерін шақыруға, ал заңда көзделген жағдайларда өзге де адамдарды шақыруға; атқарушылық іс жүргізу тараптарынан қажетті ақпаратты сұратуға; жеке тұлғалардан, ұйымдардан және органдардан қажетті мәліметтерді, оның ішінде дербес деректерді сұратуға құқылы. олардан түсініктемелер, ақпараттар, анықтамалар алу; борышкерді, оның мүлкін іздестіруді, баланы іздестіруді жүзеге асыру;
- борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттер (мысалы, атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында борышкердің мүлкіне тыйым салу, мүлікті сақтауға беру және т. б.);
- борышкердің мүлкінен өндіріп алу кезегін айқындау;
- борышкердің мүлкінен өндіріп алу кезінде сатуға жататын мүлікті бағалау жөніндегі іс-әрекеттер (бағалауды өз бетінше жүргізу, мүлікті бағалау үшін мамандарды тарту);
- юрисдикциялық актінің, оның ішінде мәжбүрлеп орындатуға кедергі келтіретін атқарушылық құжат мазмұнының белгісіздігін жоюға бағытталған іс-әрекеттер (мысалы, сотқа, басқа органға немесе атқарушылық құжатты берген лауазымды адамға оның ережелерін, оны орындаудың тәсілі мен тәртібін түсіндіру туралы өтінішпен жүгіну, сот шешімін түсіндіру туралы өтінішпен сотқа жүгіну);
- борышкерді атқарушылық құжаттардың талаптарын мәжбүрлі түрде өзінің еркімен ерікті түрде орындауға бағытталған әрекеттер (борышкердің атқарушылық құжаттың талаптарын өз еркімен уақытылы орындауын қадалағалау, борышкердің Қазақстан Республикасының шегінен кетуіне уақытша шектеулер қою, борышкердің арнайы құқықтарын пайдалануына уақытша шектеулер қою және т. б.);
- атқарушылық іс жүргізуге қатысатын адамдарға мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану уақыты мен орны туралы хабарлау жөніндегі іс-әрекеттер;
- дайындық сипатындағы басқа да әрекеттер;
Жеке сот орындаушы мәжбүрлеу шараларын орындауға уәкілетті тұлға болғандықтан, заңнамаға сәйкес әрекеттерді орындауы тиіс, бірақ оны атқару өндірісінің толықтылығын, дұрыстығын, заңдылығын және атқару өндірісінің қағидаларына сәйкес болса, Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмесе жүзеге асырылады. "Атқарушылық іс жүргізу және жеке сот орындаушылардың мәртебесі туралы" заңға сәйкес мәжбүрлі түрде орындау кезеңінде бөлек дайындау туралы қаулы шығарылмайды, сол себепті жеке сот орындаушы мәжбүрлеу шарасының түріне қатысты қаулы шығарып, орындауды бастайды.
Өндіріп алушы ретінде ұйым не азамат бола алады. Өндіріп алушы сот процессі барысыснда талап беруші болып, сот тарапынан бас тартылған жағдайда, жауапкер өзінің жағына сот шығыстарын өндіруі мүмкін, осы кезде жауапкер өндіріп алушы болып, талапкер - борышкер болады. Сол себепті, атөару құжатында тараптардың орындары ауысып тұруы мүмкін. Сонымен қатар өндіріп алушы ретінде Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасының субъектілері, муниципиалды құрылымдар болу мүмкін, мысалы жергілікті мемлекеттік кірістер департаменті азаматтардың белгілі бір салық бойынша берешектерін өндіру туралы салық бұйрығын жібереді.
Борышкер ретінде - атқарушылық құжат бойынша белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруға міндетті азамат не ұйымды айтамыз. Ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың түрлерін анықтау
Диссертациялық зерттеудің обьектісі
Азаматтық іс жүргізудің сот шешімін шығармай аяқталуы
Сот сараптамасын тағайындау
Борышкерлердің арнайы құқықтарын шектеу
Адвокатураның дамуы мен құрылуы
Сот жұмысының ұйымдастырылуы
Атқарушылық өндірісінің қатысушылары
Атқарушылық әрекеттер жүргізудің тәртібін талдау
Аралық сот
Пәндер