А. Құнанбаев шығармашылығындағы араб тілінен енген сөздер


ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Шетел және орыс тілдері кафедрасы
БАЯНДАМА
А. Құнанбаев шығармашылығындағы араб тілінен енген сөздер
Орындаған: Шетел және орыс тілдері
кафедрасының оқытушысы
Сидикова Г. Б.
Қарағанды - 2017
А. Құнанбаев шығармашылығындағы араб тілінен енген сөздер
Оқытушы Сидикова Г. Б.
«Абайды мұқият оқыған адам оның көзқарастары күні бүгінгі нарық экономикасымен де тікелей үндес екенін айқын аңғарар еді. Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз. Өйткені, жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен. Абайды оқып отырып-ақ, көштің басын баяғыда-ақ жөнге салып алуға болар еді. Сорлатқанда біреудің уақыты жетпейді, біреудің ұғымы жетпейді, біреудің атымен зауқы жоқ. Өз халқын “жұрт болсын, өссін, өнсін” дейтін әрбір азамат әуелі Абайды оқысын. Абайға құлақ ассын».
Елбасы Н. Ә. Назарбаев
Қазақ тілінің дамуына кірме сөздер ерекше әсер еткені анық. Алайда, кірме сөздердің қай уақыттан бастап кіргендігі қазіргі күнге дейін нақты белгісіз. Негізінен қазақ тіліне енген сөздердің басым көбі араб тілінен енді. Араб тілінің сөздері қазақ жеріне енуі, негізінде VІІІ-ХІ ғасырлардағы ислам дінінің енуімен бастау алады.
Екі халықтың дүниетанымы мен тұрмыс-тіршілігінің жақындығы қазақ халқының арасында аңыз болып тараған Лұқпан хәкім, Һарун Рашид, Атымтай жомарт және Наушаруан секілді көркем бейнелердің қазақ ақындарының шығармаларынан көрініс тауып, олардың әрқайсысының өмірі мен істеген іс-әрекеттері халыққа адамгершілік, ұлағаттық сияқты үлгі-өнегеге бағытталған жақсы қасиеттерді уағыздауға қызмет жасағанынан көрінеді. Мәселен, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, Шал және т. б. жыраулар мен ақындардың өлеңдерінің өн бойынан шығыстық дәстүрдің ізі айқын көрінеді.
Қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі Ы. Алтынсарин шығармаларының араб әдебиетімен байланысын саралай келе, оның араб мәдениетімен жан-жақты таныс болғандығына көз жеткіздік. Ы. Алтынсарин “Өсиет өлеңдер” атты өлеңінде Құранда аттары аталатын Дәуіт, Сүлеймен, Ілияс т. б. пайғамбарлар мен Жүсіп, Зылиха сияқты аңызға айналған тарихи кейіпкерлердің өмірлерін көркем әрі көне хикаялар негізінде дәл баяндауына қарағанда, ағартушының араб әдебиеті мен тарихын білгенін аңғаруға болады. Б. Кенжебаев, Ә. Дербісәлин секілді белгілі әдебиеттанушы ғалымдар Ы. Алтынсариннің Шығыс әдебиетімен таныстығы, ондағы аңыздар желісін өз әңгімелерінде пайдаланғаны туралы ғылыми пікірлерін айтқаны белгілі.
Жалпы ғалымдардың зерттеуі бойынша араб тілінен енген сөздер шамамен - 787 деп жобалайды. Сөздердің басым көпшілігі түсінікті әрі терең мағыналы сөздер болып қолданылып келеді. Мысалы, ғылым ( علم ), емтихан ( امتحان ) кітап ( كتاب ), қалам ( قلم ), дәптер ( دفتر ) мұғалім ( معلم ), медресе ( مدرسة ), мәдениет ( مدنية ), тәрбие ( تربية ) әкім (һукм) т. б. -сөздері ғылым мен мәдениетке байланысты болса;
жихаз ( جهاز ) тағам ( طعام ), яғни( يعني ), мысалы ( مثال ), себеп ( سبب ), пайда( فائدة ), йархамүкаллаһ يَرحَمُكَاللَه - жәракімалла; ( түшкіргенде жәракімалла деу сияқты ) . т. б. сөздері күнделікті тұрмыс-тіршілікте сауда саттықта;
шариғат( شريعة ), құран( قران ), имам( امام ), мешіт( مسجد ), азан ( آذان ), айт( عيد ), зікір ( ذكر ), зекет ( زكاة ), рамазан ( رمضان ), сөздері ислам дініне байланысты үш топқа бөлінді.
Қазақ әдебиеті тарихына “кітаби ақындар” деген атпен кірген ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Шайхысламов, Ақылбек Сабалұлы, Шәді Жәңгіров, Ораз молда және басқа да қазақ ақындарының үлкен шоғыры болғаны белгілі. Олар Бұхара, Ташкент, Самарқан, Қазан, Уфа сияқты қалалардағы мектептер мен медреселерде білім алып, өз шығармашылықтарында ағартушылық идеяларымен ерекшеленді. Араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгерген кітаби ақындар Шығыс әдебиетінің классикалық үлгілерін қазақ даласында насихаттап, жырлауда айрықша танылады.
Араб тілінен енген сөздердің қатарын халқымыздың ұлы ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы - Абай (Ибрахим) Құнанбаев шығармалары кеңейтті. Атап айтар болсақ, Өнерді үйренбек - өзі де ихсан. (Абай) . Бұл жерде ихсан اِحسَان - 1. жақсылық, қайыр деген мағынаны береді.
Ниет қыла білмейді, Не қылады нәпілді (Абай) . Бұл жерде нәфл نَافل - нәфилә نَافِله - 1. нәпіл, парыз да емес, уәжіп те емес, кісі өз еркімен орындайтын ғибадат.
Шариғаттың классикалық қағидасын ақын халық санасының деңгейінде әсерлі сөзбен әдемі жеткізетінін белгілі абайтанушы ғалым Ж. Ысмағұлов “Абайдың ақындық тағылымы” атты монографиясында орынды атап өткен [1, 251 б. ] . Абайдың “Хор болды жаным”, “Сен мені не етесің” өлеңдерінде арабтың классикалық поэзиясында қалыптасқан, махаббат лирикаларында көбірек жырланған “ғашық”, “мағшұқ” сияқты жүректің алып-ұшқан күйін сипаттайтын ғазалдарымен сабақтасатын ортақ белгілер көрініс береді.
Араб әдебиетінің классикалық үлгілерін қазақ топырағында өзіндік мәнермен дамытқан ақындардың бұл шоғырын тану, бағалау туралы шығыстанушы ғалым Ө. Күмісбаев былайша ой қорытады: “Қазақтың ауыз әдебиетінде де, кейінгі жазба әдебиетінде де Шығыс әдебиетінің әсері айқын көрінеді. Сол тұстағы “кітаби ақындар” деп жүрген ақын-жазушыларымыз осы орайда көп қызмет атқарды. Олар қазақ әдебиетін азды-көпті еңбектерімен байытып ілгерілетуге ат салысты” [2, 208 б. ] .
Кітаби ақындардың жазған жырларында шығарманы айшықтап, көркемдігін әйгілеп тұратын троп түрлерінің көркем қолданылғанын зерделей отырып, олардың ақындық өрелерінің биік екенін көреміз. Айталық,
Біз дарияның гауһары,
Біз теңіздің жауһары, -
деген жыр жолдарында А. Сабалұлы Қарашаштың сұлу келбетін дария мен теңіз түбінде ғана болатын, “дарияның гауһары”, “теңіздің жауһары” сияқты оңайлықпен қолға түспейтін інжу-маржанға балайды [3, 23 б. ] .
Әсіресе, аса құнды шығармасы 1890 - 1898 жылдар аралығында жазылған, «Қара сөздер жинағы». Қара сөздер жинағы қазақ әдебиетінде айрықша ойып тұрып орын алатын асыл мұрамыздың бірі. Алайда, осы Абайдың қара сөздеріндегі кейбір сөздер қазақ тілін жетік білмейтін қандастарымыздың түсінулеріне ауыр тиетіні анық. Оның бірден бір себебі, араб текті сөздердің көптеп қолданылуы. «Абайдың қара сөздері» - абайдың прозалық шығармасы, барлығы 45 сөз және «бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаладан тұрады.
«Қара сөздер» деген атау өлең сөзден бөлек дүниелер мағынасын білдіреді. Абай өзінің ақындығының оқырмандар үшін түсінуге қиындығын сезіп, кейбір күрделі дүниетанымдық мәселелерді қарасөздерде түсіндірген.
Адамның және басқа да нәрселердің мінез-құлық, қасиеттеріне байланысты сөздер:
‘аси عَاصِى - 1. мойынсұнбаушы, қарсы келуші, бас көтеруші. 2. күнәһәр. «фарз дидүгүмүз олур тәрк әйләйән ‘аси (43а, 1) » ( парыз дегеніміз тәрк еткен күнәһәр (қарсы келуші) болады Бір қатар орта ғасыр қыпшақ жазба ескерткіштерінде кездеседі: ГИ, ГТ, ИМ, ИН, КФ, КФТ: аси; Түрік және азербайжан тілдерінде кең қолданыс тапқан. « бұзақы, сөз тыңдамайтын, сотқар, шалдуар, бас көтеруші » мағналарында қолданылады. « Аси евлад- сотқар бала ». Қыпшақ тобына кіретін тілдерге, соның ішінде қазақ тіліне онша сіңісе қоймас да, ескі қисса-дастандар мен кітаптарда асы, ғасы, ғаси тұлғаларында ұшырастыруға болады. [9, 20] Мысалы, Аллаға асы, бейске қашқан болып, онан соңғы бұл емес менің жолым ( Абай ) ;
изәтлү عِزتلُو - 1. үлкен, ұлы, даңқты, абройлы. 2. қадірлі, қасиетті «йа ‘изәтлү тәңри (35б, 1) » ( әй ұлы «ізетті» тәңір ) . Өлі қыпшақ және қазіргі түркі тілдеріне кең тараған арабша кірме сөздердің бірі. БВ, ГИ, ГТ, ИМ, КФТ, МГ: иззет; қаз. : ізет; түрік: иззет; азер. : иззәт; өзб. : иззәт; ұйғ. : иззәт [7, 414; 8, 473; 9, 33; 10, 1132; 11, 522] . Қазақ тілінде бұл сөз өзінің негізгі мағнасынан гөрі ауыспалы « сый, құрмет, әдеп сыпайылық » деген мағынада жиі қолданылады. Мысалы: Алыңыз, біздегі ең жақсы осы сөйлеп тұрған приемник, - деді қыз ізетпен кішілік білдіріп. (С. Омаров) . Сондай-ақ тілімізде ізет формасымен қатар ғиззәт, ғиззат деген фонетикалық варианттары кездеседі. Бұл кітап арқылы енген элементтер болса керек. Мысалы: Біріңді бірің ғиззат, құрмет етіс, Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып. ( Абай ) .
шәфақат شَفَقَت - шапқат, мейрім, аяу; «ол ихсандур тәңри йаратған қуллара дахы шафақат әйләмәкдүр анлара (44б. 4) » ( ол жақсылық Тәңір жаратқан құлдарға және шапқат ету /мейрімі түсу/ оларға ) . ГИ, ГТ, ИМ, КФ: шефқат; Қазіргі түркі тілдерінің ішінде оғыз және қарлұқ топтарына кіретін тілдерде белсенді қолданысқа ие. түрік: шефкат; азер: шәфгәт; өзб. : шафкат; ұйғ. : шәпқәт; [7, 816; 8, 983, 10, 2080; 11, 474; 15, 230] . Қазақ тіліне онша сіңісе қоймаса да, кітаби тілімізде шапқат, шафқат, шафғат формаларында жиі ұшырасып отырады. Мысалы: Арбағыш тызылдады шафқат сұрап, Сұлудың жүрегіне қолын салды (Ә. Х. Д) . Әділет шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға (Абай) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz