Араб тілін үйретудегі қиындықтар


ӘОК 37:001. 12/18 (574)
Сидикова Гульчехра Бегалиевна
Араб тілін үйретудегі қиындықтар
Проблемы преподавания арабского языка
Issues in teaching Arabic Language
(Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университеті, Қарағанды қаласы)
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Оқытушы Сидикова Г. Б.
Араб тілін үйретудегі қиындықтар
Аннотация
Бұл мақалада араб тілін оқытудағы қиындықтар мен күрделі мәселелері айтылған. Араб тілі сабағындағы негізгі мәселе әріптерді дұрыс шығару маңыздылығы сөз болады. Әдіс-тәсілдерді шебер қолдану арқылы түрлі қиын мәселелерді шешу жолдары да баяндалады.
В данной статье сообщается о трудности преподования арабского языка. В арабском языке основная эта- проблема правильное пройзношение и говорение. А также указывается решение проблемы применением разных методов.
This article is devoted to difficulties of teaching the Arabic language. In the Arabic lesson the main problem is pronunciation and speaking. And also indicates the solution of the problem by using different methods.
Қазіргі күнде заман талабы тіл білу, үйрену және дұрыс үйрету болып тұр. Күмәнсіз, қанша тіл білсек, соншалықты көз-қарас, ой-өрісіміз кеңінен дамып және сонша халықпен қарым- қатынаста бола алатынымыз. Сонымен қатар, көп тілдер білуімізбен көп жетістіктерге жететініміз де анық. Бүгінгі таңда, қуанарлық жағдай - тіл үйренушілер саны күннен күнге артуда және тіл уйренулеріне өте көп мүмкіндіктер де бар. Статистика бойынша, тіл үйренушілер арасында көш бастап тұрған тілдер - ағылшын, қытай, испан, орыс және араб тілдері.
Қазақстанда араб тілі бұрынғы Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті мен Министрлер кеңесінің қаулысы бойынша 1975 жылдан бері оқытылып келеді. Қазіргі уақытта республика бойынша елуден аса жоғары және орта білім беру орындарында араб тілі арнайы пән ретінде жүргізілуде.
Араб тілі - тілдік қоры жағынан ең бай тілдер қатарына жататын, Батыс Азия мен Солтүстік Африка елдерінде тұратын арабтардың тілі. Осы тіл 26 елде ресми түрде мемлекеттік тіл деп болып саналады және араб тілінде 200 миллионнан астам адам сөйлейді. Араб тілінің басқа тілдерден айырмашылығы - парсы және иврит тілдері сияқты араб жазуы оңнан солға жазылады.
Арабтардың тілі туралы алғашқы еңбектер Ефрат пен Тигр бойындағы Баср және Куф қалаларында шықты. Бұл екі қалада грамматикалық екі мектеп - екі бағыт пайда болды. Олар өзара бір-бірімен түрлі мәселелер жөнінде айтысқа түсіп, пікір алысып отырды. Кейіннен грамматикалық ғылым орталығы Араб халифатының сол кездегі астанасы Бағдатқа көшті.
Баср мектебінің өкілі Сибавейхи «Аль-Китаб» деген үлкен еңбек жазды. Мұнда 1000-нан астам өлең бар. Кітап мысалдары Құраннан және ертедегі поэзиядан алынған. Сибавейхи дыбыстардың жасалуының 16 түрлі орнын көрсете келіп, оларды соған сай топтастырады: сөз таптарын етістіктер, есімдер, сан есімдер деп үшке бөлді.
Лексикология мен лексикография саласында араб тілі өте дамыған тіл болып саналды. Олар лексика материалдарын көптеп жинап, түрлі сөздіктерге топтастырды; әр пәнге байланысты сөздіктер шығарды. Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби тіл білімнің бірқатар теориялық және практикалық мәселелері бойынша да маңызды зерттеулер жүргізген. Ұлы ғалым өзінің «Ғылымды классификация жасау» деген 5 бөлімнен тұратын еңбегінің бірінші бөлімін адамдардың бір-бірімен қатынас жасап, өзара түсінісетін құралы - тілдің заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін ғылымға арнаған. Бұл бөлімі «Тіл туралы ғылым» деп аталады. ХІ ғасырда лексикографиялық теңдесі жоқ бір ірі еңбек пайда болды. Ол - «Диуани лұғат-ат-түрік» (Түркі сөздерінің жинағы) - орта ғасырдағы түркі халықтарының бәріне бірдей ортақ түркі тілдерінің белгілі бір ғылыми жүйеге түсірілген түрікше-арабша сөздігі. Бұл сөздіктің авторы ұлы филолог, ғалым Махмұд Қашқари.
Араб тілінің көрнекті ескерткіштерінің бірі- Құран. Арабтардың сөйлеу тілі египет, сауран, серия, иран, мағриб т. б диаліктілерге бөлінеді. Бұл диалектілердің бір-бірінен фонетикалық және лексикалық айырмашылықтары бар. XIII ғ. жазылған Ибн Манзурдың «Лисан «л-араб» кітабында 80 мыңға жуық сөздік жинақталған. Араб тілі б. з 8-11 ғасырынан әдеби тіл болып қалыптасты. Сондай-ақ, араб тілінің грамматикасын құрастырушы алғашқы ғалымның бірі - Абу Асуад ад-Дуали, Халиф Амедтің замандасы. Ол сөз табын үшке бөлді: етістік, есім, шылаулар.
Басты тақырыпқа тоқталмас бұрын әуелі тілді уйрету барысына кішкене тоқталайық.
Кез-келген шет тілін үйрету ауызша үйретуден басталады. Әуелі араб тілінің фонетикасының тек өзіне тән дыбыстарымен танысады, оның дауыс ырғағы, екпіні, ритмі үйретіледі. Жаңа әліпби, әріп ерекшеліктері ескеріледі.
Тілдің әріптер мен дыбыстарын үйренгеннен кейін сөздердің жазылу-
оқытылуын үйрене отырып, сөйлем құрастырып, сөйлеуге қолдана бастайды. Яғни, сараптамалық ойлаудан синтетикалық ойлауға ауысады.
Қандай пән яки тілді уйрету үшін, оқытушының ұйымдастыру қызметінің маңызы зор. Мұғалімге қойылатын басты талап - оның ұйымдастыру қабілетінің жоғары болуы.
Содан кейін, шет тілін үйрету мынадай кезеңдерден өтеді:
I. а) Қабылдау
Бұл кезеңде оқытушы сөйлейді. Студент оқытушының сөзін тыңдайды. Яғни,
дәрісханадағы заттарды көрсетіп, оларды атайды. Мысалы:
هذا القلم. هذا الدفتر. هذه المسطرة. هذه كراسة
б) Бұйрықтарды орындау жаттығулары.
Оқытушы студенттерге бұйрықтар береді.
Мысалы: قف! اكتب! اجلس!
Оқытушы бұйрықтарды ымдап түсіндіреді.
в) Сұрақ қою арқылы «иә», «жоқ»
Оқытушы сұрақ қояды. Оқушылар тек «Иә» не «Жоқ» деп жауап береді.
II. Қабылдау - еліктеу.
Оқытушы сөйлейді. Студенттер қайталайды.
III. Әңгімелесу.
Оқытушы әртүрлі сұрақ қойып, оған студенттер жауап беруді үйренеді.
IV. Сөйлеу
Оқытушы студенттермен араб тілінде сөйлеуі.
Оқытушы студенттерге шет тілін үйрету үшін өзі:
- шет тілін жетік білуі қажет;
- педагогика мен психологияны жақсы білуі;
- оқыту әдістері мен техникасын білуі;
- оқыту әдістерін оқу процесінде шебер қолдана білуі керек.
Шет тілін үйретуде студенттің есте сақтау қабілетінің маңызы зор.
Соңдықтан, мұғалім жаңа тақырыпты есте сақтау, есте ұзақ сақтау жолдарын білу керек. Есте сақтау қабілетінде ерікті, еріксіз болады. Бұл проблеманы зерттеген ғалым П. К. Зинченко еріксіз есте сақтау қабілет, бір нәрсені
қайталап жаттағанда емес, керісінше осы нәрсе туралы белгілі бір
қиындықтарды, мәселелерді талдағанда ғана іске қосылатының айтады. Ол үшін мынадай тәжірибе енгізілген. «А» тобындағы студенттерге жаттауға сөздер тізімі берілген. Ал «Б» тобындағы студенттерге сөздер берілмей, оларға ағылшын тілінде мәтін берілген және сөздермен жұмыстың түрле-рі мен сұрақтары берілген. Келесі сабақта екі топ студенттері бақылау жұмысын жазған, эксперимент «Б» тобы студенттерінің сөздері есте жақсы сақталғаның көрсетті. [1]
Сонымен қатар, мұғалімнің оқыту қызметіне түсіндіру, талқылау, хабарлау, түзету және үйреніп жатқан тіл арқылы білімді толықтыру, тілді ауызша және жазбаша қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға үйрету жатады.
Қандай тіл болмасын, үйрету барысында түрлі қиындықтар кездесе-тіні белгілі. Араб әріптері біздің көзіміз бен қолымыз үйренген латын және кирилл әріптерінен өзгеше екені анық. Бірақ ол араб тілі қиын дегенді біл-дірмейді. Тілдің қиындығы әріптерінің немесе таңбаларының күрделілігімен емес, олардың дыбысталуымен, тілдің грамматикасымен өлшенеді.
Араб тілін оқыту теориясында да қиындықтың бірі - ол тыңдап-түсіну. Себебі, араб тілінде көп сөздер сөйлеу барысында қысқартылып кетеді. Көп уақыт бойы әдіскерлер тыңдап-түсінуді сөйлеу қызметіның түрі деп те, оқытудың мақсаты ретінде де қабылдаған жоқ.
Кочкинаның мақаласында көрсетілгендей: « . . . шет тілін меңгеру және тілдік дағдыларын дамыту, негізінен, тыңдап-түсіну арқылы жүзеге асырылады». Сондықтан, тыңдап-түсіну ең үлкен қиындықты туғызады.
Оқыту процесінде қиындықтарды жою емес, оны жеңу дұрыс болып саналады. Психологтар атап өткендей, ең тиімді дайындық бұл жеке тұлғаның қобылжуын, оның еркі мен көңілін басқаға айналдыру кезінде жүзеге асады.
Оқытудағы қиындықтарды жеңу және соның негізінде шынайы жағдайда сәтті жұмыс істей алатын дағды мен іскерлікті қалыптастыру мақсатын жүзеге асыру үшін туындайтын қиындықтарды айқын елестете алуымыз керек:
1) тілдік мәселенің сипаты;
2) тілдік қарым-қатынастың формасы;
3) сөйлесудің мағыналық мазмұны;
4) ұсынылған хабарламаның шарттары;
5) ақпарат көздері;
6) тыңдаушының есту тәжірибесі.
Әдістемелік әдебиетте негізгі екі қиындық көрсетіледі: психологиялық және лингвистикалық.
1. Психологиялық сипаттағы қиындықтар:
- тыңдап-түсіну біржолғы естігенді қабылдайтын қиын дағды. Біржолғы таныстыру шынайы ауызша-тілдік қарым-қатынаспен байланысты. Бұл қиындықты оқушылардан қайталап сұрап, нақтылайтын сұрақтар қойып біртіндеп жоюға болады.
-тыңдап-түсінудегі әр түрлі ақпарат көздері қиындықтар туғызады. «Механикалық тілді» (жазба) қабылдау сөйлеуші адамды көрмегендіктен қиынырақ, себебі ол адам кейде керек кезде сөзін баяулатады немесе қайталайды, немесе ым-ишара түрінде көрсетіп көмектеседі (паралингвистикалық құралдармен) . Оқытудың техникалық құралдарын пайдалануда мұндай көмектер болмайды. Тәжірибе көрсеткендей, оқушы өзінің мұғалімінің сөзін, сонымен қатар өз ұлтының адамдарының сөзін түсінеді екен. Алайда, тілді тасушылардың сөздерін дұрыс түсінбейді. Мұның негізгі себебі: тілді тасушылардың ауқымды тақырыпта сөйлесуі, тілдік материалға бай, сөз жылдамдығының тез болуы. Дегенмен, басқа да себептер бар. Қазіргі уақытта тілді тасушылардың ауызша сөздері жазбашадан өзгерек екені белгілі. Олар көбінде әдеби стилден гөрі, өздеріне таныс стилді қолданады. Оқушылар тындайтын мәтіндер әдеби тілде болғандықтан және көбінде жазба көздерінен алынатындықтан, оқушыларға табиғи тілді түсінуге үйрету қиын. Тілді тасушының сөздерін түсінуге байланысты қиындықтарды жеңу үшін, біртіндеп мұғалімнің ұсынатын мәтіндерінің санын қысқартып, оқытудың бастапқы кезеңінен бастап-ақ тілді тасушылардың сөздерін естірту қажет. Оқушылар әр түрлі дикторды (ер адам, әйел, бала) тыңдаса, сөйлесу әдебіне оңай бейімделетінін есте сақтау қажет.
- сөйлеудің жылдам темпі түсінудегі ең үлкен әсер ететін фактор болып табылады(әсіресе бастауыш кезеңде) . Қызығы түсінуге әсіресе сөйлеудің баяу қарқыны әсер етеді. Түсінуге сөйлеу жылдамдығын арттыру ықпал етеді, бірақ белгілі бір шекке дейін ғана. Сөйлеу қарқынының тыңдап-түсінуде маңызы зор, себебі фразаны тағыда ойласып, кері қайтуға мүмкіндік жоқ. Тілді тасушылардың сөйлеу қарқыны шетелдік адамға тез сияқты көрінетіні белгілі. Бұл тыңдаудағы тілдік тәжірибенің жетіспеушілігімен түсіндіріледі, яғни тыңдаушының ішкі сөйлеуі айтушының сыртқы сөйлеуінен қалып қояды. Сондықтан аудитор естігенді қайталап үлгірмейді, ал онсыз хабарламаның мағынасын түсіну мүмкін емес. Сонымен қоса, тіл тасушының баяу қарқыны, тыңдаушының ана тілінің қарқынынан аспайтындықтан, тыңдаушыға сөйлеу қарқынының өзінің қарқынымен сәйкес келгені қолайлы болып саналады. Бұл қиындықты жеңу үшін оқытуды баяу темптегі мәтіндерді беруден бастау қажет. Алайда, кейде бұл қарқынның өзі тілді енді үйренушіге тез көрінеді. Бұл жағдайда, сөйлеу қарқының баяулатпай, фразалар арасындағы паузаны ұзарту қажет. Бұл оқушының қалып қоюын жояды. Тәжірибе көрсеткендей, бастауыш сыныпта берілген жылдамдыққа тез бейімделетіндіктен, паузаларды қысқартуға, біртіндеп темпті жылдамдату арқылы шынайы темпке жетуге мүмкіндік береді.
2. Лингвистикалық сипаттағы қиындықтар.
Лингвистикалық тыңдап-түсіну қиындықтарын сипаттауды диалог пен монологты қысқаша салыстырмалы талдаудан бастау керек, себебі бұл тілдік формалар тілдік құралға ғана емес, мәтіннің құрылымдық және композициялық сипаттамасына да әсер етеді.
Диалогтың тілдік құралы сөйлеудің мақсатымен анықталады. Мысалы, бәрін айтып тастау, өзіннің жағдайынды сипаттау, тыңдаушыға әсер ету, қайталау, асырып айту диалогтық тілді эмоциялы етеді. Егер сөйлесетін адамдарға сөйлесудің тақырыбы таныс болса, олар қысқартылған тілді пайдаланады. Мұндай сұхбаттасуда паралингвистикалық құралдан басқа, ілікпе сөздегі параллелизм болуы мүмкін. Сөйлеушілер арасында ішкі байланыс болмаса, диалог неғұрлым ауқымды құрылымды талап етеді. Мұндай сұхбатта ол монологпен бірігуі мүмкін. Тыңдаушы диалогқа қатысуы мүмкін, немесе «сырттан» қабылдауы мүмкін. Бірінші жағдайда қабылдаудың қиындығы айтудың қиындығымен бірігеді және соңында мынаған әкеліп соқтырады: темпке және байланыстың шартына бейімделу қажеттігі; белгілі бір тілдік жылдамдықты сақтау; ынталандыру және интонациялық моделді дұрыс таңдау; түрлендіруді қолдану. Киноны немесе дыбысты қабылдауда оған қатыспай, диалогты сырттай тыңдау арқылы жүзеге асады. Мұнда да қиындықтар бар. Ең қиыны сөйлесу барысындағы адамды көрмей, қашықтықтағы тілді қабылдау болады. Көру аппаратын қолданбау болжауды қиындатады, жадыны жүктейді, сөйлесудің жағдайын және тақырыпқа кіру процесін бәсеңдетеді. Осы барлық ерекшеліктерді тілдік хабарламаны жариялау әдісін, оның көлемі мен тіл қиындықтарын анықтауда ескеру қажет.
Монологтық сөзде тілдік құралдарды тыңдау пікірді айту мақсатына, қарым-қатынас жағдайы, сөйлеушінің жеке ерекшеліктеріне (оның білімі, эмоционалдық жай-күйі, көрермендермен қарым-қатынасы) байланысты. Монолог әңгіме, қойылым, доклад немес лекция ретінде әңгіменің құрамдас бөлігіне енгізілуі мүмкін. Монолог қайталау, риторикалық сұрақтар, бұйрық, ой мен ритмді үзу, кірме сөздер мен сөйлемдер сияқты экспрессивті құралдар арқылы жүзеге асады. Мұның бәрі монлогтық тілге қарапайымдылық пен табиғилылық береді, көрермендермен байланыс нығая түседі. [2]
Қабылдаудағы маңызды кедергі грамматикалық қиындықтар болып отыр. Олар синтаксис пен қатар, морфологиямен де байланысты. Студенттер қабылданған сөздерді жеке элементтерге бөліп қарастырып, олардың арасындағы байланысты анықтау қажет.
Араб тілінде ауызша тілдегі фонетикалық қиындықтар кейде ең негізгі болып саналады. Фонетикалық қиындықтар барлық шет тілдеріне ортақ. Алайда араб әріптерін дұрыс шығару көп халықтарға аса қиын. Өйткені, араб тілінің әріптері басқа халықтардың әріптерімен сәйкес келе бермейді. Мысалы: араб тіліндегі ع, ث, ص, ض, ط, ظ, ح, ه әріптерінің қазақ, орыс тілдерінде болмауы. Тыңдау мен сөйлеудегі негізгі қиындықтар
Тыңдау, түсіну, меңгеру студенттер үшін қиынға соғады, себебі олар
дыбыстарды жылдам айырып, ойында тез сақтап қала алмайды. Студент-тер бұл процесті өзінің туған тілінде өте жөңіл орындайды, ал шет тілінде қатты қиналады. Ол үшін негізгі факторды еске сақтау керек:
1) Лингвистикалық материал
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz