Қылмыс жасаған адам



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
1Қылмыс жасаған адам
келесі жағдайда қылмыстық жауаптыдықтан босатылады: шын өкінуіне байланысты, қажетті қорғаныс шегінен шығуына, процестік келісімнің шарттарын орындау кезінде, тараптардың татуласуына, жағдайдың өзгеруіне байланысты және қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Егер белгілі бір тұлға қылмыстық теріс қылықты алғаш рет жасаған не болмаса жасаған әрекетін өз еркімен мойындап, келтірілген зиянды толтыруға дайын болса сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмысты алғаш рет жасаса шынайы өкінуіне байланысты жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Қылмыстық теріс қылықты не болмаса өлімге келтіруге байланысты емес онша ауыр емес әлде ауырлығы орташа қылмыстарды жасаған адамдарды, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласатын болса, әсіресе медиация тәртібімен татуласса және келтірілген зиянды ретке келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады. (ҚР ҚК 68-бап 1-т) [1].
Кәмелетке толмаған балалар, екіқабат әйелдер, кішкентай балалары бар әйелдер, кішкентай балаларын бір өзі тәрбиелеп отырған еркектер, 58 жастағы және ол жастан асқан әйелдер, 63 жастағы және ол жастан асқан ер адамдар адам өліміне немесе денсаулығына ауыр зиян келтіруге байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған болса, олар қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін, сонымен қоса жәбірленушімен, өтініш берушімен татуласса, келтірілген залалдың орынын толтырса. Қылмыстық жауаптылықтан босатылған кезде кәмелетке толмаған балаларға тәрбиелік мәні мен әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы тиіс, өйткені кейін бұл әрекеттерін қайта қайталамай, түзу жолмен тұлға болып қалыптасуы үшін.
Егер белгілі бір тұлға қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, сол жасалған күннен бастап келесіндей мерзімдер өтіп кетсе, онда ол ескіру мерзімінің өтіп кетуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылады:
1) қылмыстық теріс қылық істегеннен кейін бір жылдан кейін;
2) онша ауыр емес қылмыс жасағанынан кейін екі жылдан соң;
3) ауырлығы орташа қылмыс жасалғанынан кейін бес жылдан соң;
4) ауыр қылмыс істегеннен кейін - он бес жылдан соң;
5) аса ауыр қылмыс жасаған соң - жиырма жылдан кейін. (ҚР ҚК 71-бап)
Сонымен қатар, қылмыскер тергеуден немесе соттан жалтарса, оны мойындамаса ескіру мерзімінің өтуі тоқтатыла тұруы мүмкін. Мұндай жағдай орын алған болса, ол адамның ескіру мерзімінің өтуі оның ұсталған немесе жасаған әрекетін мойындап келген кезден бастап қайта басталады. Бұл ретте, егер қылмыс жасалған уақыттан бастап ескіру мерзімі тоқтатылмаса және мерзімі өтіп кетсе: онша ауыр емес қылмыс жасағаннан кейін - 10 жыл, ауырлығы орташа қылмыс жасағаннан кейін - 15 жыл, ауыр қылмыс үшін - 20 жыл, аса ауыр қылмыс үшін - 25 жыл адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі бойынша өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін қылмысты істеген адамға ескіру мерзімін қолдануды сот шешеді. Егер сот ескіру мерзімінің өтуіне байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп санамаса, онда өлім жазасы өмір бойы бас бостандығынан айырумен ауыстырылады, ал өмір бойы бас бостандығынан айыру 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылады [1].
Бас бостандығын шектеуді немесе бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамды, егер сот күдіктінің түзелуі үшін тағайындалып жатқан жазаны толығымен өтеуді қажет етпейді деп танитын болса, сот мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін. Адамдардың қаза табуына әкеп соқпаған және аса ауыр қылмыс жасаумен байланыспаған террористік немесе экстремистік қылмыс үшін тағайындалған бас бостандығынан айыруды өтеуші адамдар, егер ол террористік немесе экстремистік қылмыстарды болдырмауға, ашуға немесе тергеп-тексеруге, террористік немесе экстремистік топқа қатысушыларды әшкерелеуге белсенді жәрдем көрсетсе, мерзімді іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.
Онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруды өтеп жүрген адамдарға, олар қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не оларда жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылықтар болмаған жағдайда, жазаның өтелмеген қалған бөлігін сот жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыруы мүмкін. Бұл ретте адам, өмір бойы тағайындалған жазаларды қоспағанда, жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін [1].
Қылмыс жасаған адамдар ауыруына байланысты, ауыр мән-жайлардың орын алуына байланысты, айыптау үкімінің уақыты өтуіне байланысты жазадан босатылуы, рақымшылық берілсе не болмаса кешірім жасау актісі негізге алынып қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылуы мүмкін.
Егер қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың заңмен көзделген барлық негіздерін кезеңдер бойынша қарайтын болсақ, онда оларды мынадай тәртіппен жіктеуге болады:
1. Адам айыпталушы ретінде танылғанға дейін қылмыстық жауаптылықтан толық босатылады.
Бұл жағдайда қылмыскер өз қылмысының теріс салдарын іс жүзінде көтермейді.
Бұл тармаққа рақымшылық жасау актісінің салдарынан, жекелеген адамдардың кешірім жасауына, жәбірленуші мен айыпталушының татуласуына немесе жәбірленушінің шағымының болмауына байланысты ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық іс қозғамауды немесе тоқтатуды жатқызуға болады.
2. Адам айыпталушы ретінде тартылады, бірақ сот оны соттағанға дейін қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Мұнда кінәлі адам үшін жағымсыз салдар болады, бірақ сотталғанға дейін тоқтайды.
Бұл-рақымшылық жасау актісі (76-бап) салдарынан ескіру мерзімінің өтуі (69-бап), жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (68-бап).
3. Белсенді өкінуге байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату.
4. Босату қылмыстық жауаптылықтан жәбірленушімен татуласуына байланысты (67-бап).
5. Адам сотталады, жаза тағайындала отырып, бірақ оны өтеуден босатыла отырып, айыптау үкімі шығарылады.
Бұл санатқа сот талқылауы сатысында анықталған ескіру мерзімі жатады; егер іс-әрекеттердің рақымшылыққа жататындығы сот талқылауы сатысында анықталса, рақымшылық жасау.
Қазақстан Республикасының Конституциясында айтылғандай заң алдында барлығы тең құқылы, оларды түр - түсі, жынысы, тұрғылықты орны, нәсілі, әлеуметтік сипатта да бөлуге болмайды - деп көрсетілген, бірақ қазіргі таңға дейін жемқорлықтың күші бәсендеген емес [5]. Кей жағдайда белгілі бір істі жабу үшін де қомақты сома сұрайтыны өтірік емес. Көпке топырақ шашпаймын, бірақ бұл біздің қазіргі қоғамда болып жатқан бар дүние.
Менің ойымша заңсыздықтардың орын алуы ол таныс түсінігі мен пара беру, билікті асыра қолданылуында. Осы уақытқа дейін сан алуан қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алған, жабулы күйде қалғаны да қаншама. Уақыт өте шындық ортаға шыққан кезде нақтылап қарайтын болсақ билік, ақша бәріне себепкер. Осы айтылған екі ұғымға қатты көңіл бөлу керек сияқты. Заң алдында барлық адам тең құқылы деген сөзді тек жазбаша емес тәжірибеде де қолданылуына көңіл бөлуіміз қажет. Заң шеңберінде таныс деген түсінік қолданылмауы тиіс.
Заң ғылымдарының докторы, бірнеше заң бағытындағы кітаптардың авторы Арықбай Нүсіпәліұлы Ағыбаев Қылмыстық құқық еңбегінде былай деп айтқан: Қылмыстық жауаптылықтан босату, жазадан босату немесе жазаны одан әрі өтеуден босатудың бір-бірінен айырмашылығы оларды қолдану негіздеріне байланысты болады. Әдетте, қылмыстық жауаптылықтан босату істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі онша көп болмаған және оны істеген адамның түзелуі, жаза қолданбай-ақ мүмкін болған жағдайларда қолданылады [6]. Арықбай Нүсіпәліұлының осы пікірімен толықтай келісемін. Бірақ, осы түсініктің заңда дұрыс қолданылмалуын да мүмкін екендігін айта өткен жөн. Кей жағдайда дүкеннен бір нан ұрлаған адамға, қарақшылықпен айналысқан адамдай жаза беретіні өтірік емес.
Еліміз тәуелсіздігін алған күннен бастап түрлі заңдар қабылданды. Олар өздерінің құқықтық атқарылу қызметімен, міндетімен, жүзеге асырылуымен ерекшеленеді. Еліміздің Ата заңы Қазақстан Республикасының Конституциясы жәнеде барлық заңдардың қайнар көзі болып табылады. Осы негізде елімізде әртүрлі кодекстар қабылданды. Олар қылмыстық, қылмыстық процестік, азаматтық, әкімшілк және т.б. Егерде белгілі бір заңсыздық орын алатын болса осы заңдармен қаралып жауапқа тартылады.
Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатар кезде дәлелді жасыру, істі жабу, жаза түрін өзгерту үшін белгілі бір заң қызметкері ақша сомасын беру керектігін талап етсе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның 24-бабында көрсетілгендей Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа дайындалып жатқанын не болмаса жасалатынын мемлекеттік органга хабарлау керек [7]. Хабарланғаннан кейін соған қарсы шаралар қолдану қажет. Осындай жағдайда оны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 362-бабы бойынша жазалау керек [1]. Яғни, билiктiгін немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалануы бұл дегеніміз оны үш жылға дейін бас бостандығынан айыру не болмаса үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл төлету, сегіз жүз сағат мерзімге дейін қоғамдық жұмыстар жасату. Сонымен қатар пара алушы Қылмыстық кодекстің 366-бабы Пара алу бойынша бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айырылады не болмаса айыппұл төлеп жазаға тартылады. Ал, келісім бойынша пара берген адам Қылмыстық кодекстің 367-бабы Пара беру бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айырады немесе айыппұл төлетеды.
Қылмыстық сот iсін жүргізу кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, прокурордың немесе процестік әрекеттерге қатысушы мамандарының не болмаса қорғаушының дәлелдемелерді бұрмалауы мүмкін. Сондай жағдай орын алған уақытта Қылмыстық кодекстің 416-бабының 4-тармағына сәйкес жеті жылға дейін бас бостандығынан айырады немесе шектейді, алты мың айлық есептік көрсеткiшке дейін айыппұл төлеп, алты жылдан астам уақыт белгілі бір лауазымда қызмет атқара алмайды. Дәлелдемелерді бұрмалау кезінде әділетсіз сот шешімі, үкімі не болмаса басқада сот актілерінің шығуына әкеліп соқса үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыра отыра, жеті жылға дейін белгілі бір қызмет түрімен айналысуға тиым салады.
Қылмыс жасады деп күдік тудырған күдікті адамды прокурор не болмаса сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың заңсыз көрінеу қылмыстық жауаптылықтан босатып жіберуі Қылмыстық кодекстің 413-бабына сәйкес үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыра отырып бес жылға дейін лауазымды қызмет атқаруға тиым салады.
Егерде қызметтік жалғандық жасаса яғни, шынайы құжаттарға жалған ақпараттар қосып мазмұнын бұрмалау, қолдан жалған құжат жасаған болса Қылмыстық кодекстің 369-бабының 1-тармағына сәйкес үш жылдай мерзімге бас бостандығынан айырылады немесе өмір бойы белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылады не болмаса айыппұл төлейді, қоғамдық жұмысқа тарталады.
Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату кезінде орын алған заңсыздықтардың алдын-алу кезінде Қылмыстық кодекс, Қылмыстық процестік кодекспен қаралады. Әр заңның өзіне негізделген міндеттері бар. Қылмыстық процестік кодекстің өзі қылмыстың жолын кесіп, алдын алуға, оны ашып тергеп-тексеруге арналған. Осындай заңдардың көмегімен заңсыздықтардың алды алынады [8]. Егер заң әділ, катаң болса және заңсыз өз өкілеттіктерін қолданатындар саны азаймақ. Заңсыздықтарды болдырмау үшін Прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, ішкі істер оргадары қызмет етуде.
Мен дипломалды тәжірибемді Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотынан өттім. Бұл сотта Қаңтар оқиғасында ұсталғандар, қаржы пирамидасымен ұсталған блогерлердің ісі, с.с. т.б. істер тергеп тексеру үстінде. Осы кезде дәлел жеткіліксіз не болмаса жазықсыз деп танылса немесе келтірілген залалдың орнын толтырған болса оларды босатуы мүмкін.
1. Кепiлгерлік белгілей отырып, жазадан босатылу. Бұл дегеніміз онша ауыр емес не болмаса ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған адамдарды кепіл арқылы босатып алу. Кепілгерліктің мерзімі қылмыс санатына қарай түрлі мерзімге бөлінуі мүмкін. Кепіл егер қылмыс жасаған адам кепілгерлік кезеңі ішінде қайта құқықбұзушылық жасалмаса кепілгерге қайтарылып береді. Ал, егер де кепілгерлік кезеңі уақытында қылмыскер қайта қылмыс жасаса, сот жазадан босату туралы шешімінің күшін жояды және кепілгерге кепілді қайтарып бермейді. Сонымен қатар, кепілгерлік сыбайлас жемқорлық қылмыстарға, террористік және экстремистік қылмыстарға, қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыстарға, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар жасаған адамдарға мүлдем қолданылмайды.
2. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату. Егерде сот адамның түзелуі үшін тағайындалған жазаны толық өтеуі керек емес деп таныйтын болса жәнеде қылмыс санатына сай қылмыс жасаған адам белгілі бір нормада жазасын өтесе, іс жүзінде ғана шартты түрде босатылады. Жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкін егерде іс жүзінде нормаға сай жазаны өтесе; (ҚР ҚК 72-бап) Жазасын өтеуші адам бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтеген мерзiмi алты айдан кем болмауы тиісті. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату барлық адамға қолданылмайды. Мысалы: өмір бойы бас бостандығынан айырылғандарға, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға, террористік және экстремистік қылмыс үшін сотталғандарға.
3. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту егер сотталушы жаза мерзімінің санатына байланысты белгілі бір бөлігін өтесе, кейін өтелмеген бөлігін жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн. Тағы да бұл жерде оның қылмыс түріне, жағдайына да назар аударылады.
4. Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердің, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру. Заңнамаға сүйенсек осы жағдайдағы адамдарға бірнеше жеңілдіктер көрсетілген. Сонын бірі сотталған жүкті әйелдердің жазаны өтеуін сот бір жылға дейін кейінге қалдыруы мүмкін және егер жас балалары бар сотталған әйелдер мен жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазасын орындауды сот бес жылға дейін, бірақ бала он төрт жасқа толғаннан аспайтын мерзімге кейінге қалдыруы мүмкін болып табылады. Ал бұл негіз жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыстар, террористік және экстремистік қылмыстар, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар, жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар үшін жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру мүлдем қолданылмайды. Ол туралы заңда қаралмаған.
5. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату. Егер жазасын өтеп жатқан адам психикасының бұзылуына ұшыраса сот жазадан босатуға тиіс. Ал егер өмір бойы бас бостандығынан айырылған адам ауыр науқастанса оның жазасын жеңілдеу жаза түріне ауыстырады. Кейін қылмыскер ауыруынан толығымен айықса және де оның жазасының ескіру мерзімі өтпеген болса қылмыстық жауаптылыққа және жазалануға жатады.
6. Ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босату және жазаны өтеудi кейiнге қалдыру. Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшiн сотталған адамды, егер табиғи апат болса, асыраушысы ауыр науқастанса не болмаса қайтыс болса, отбасы ауыр жағдайға ұшыараса сот жазадан босатуы мүмкін болып табылады.Террористік немесе экстремистік қылмыс не қылмыстық топ құрамында жасалған немесе кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс үшін сотталған адамдарға мүлдем қолданылмайды. Сонымен қатар, жазаны өтеуді кейінге қалдыруды шектеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылу
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының мақсаты мен міндеттері және оның қылмыстық құқықтағы орны
Қылмыс жасаған адамды ұстау негіздеріне тоқталу
Қылмыс жасаған адамды ұстау негіздері
Қылмыс жасаған адамдарды ұстаудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Қылмыстық құқықтары қатынастар
Қылмысқа қатысу нысандары, жауаптылығы және жанасушылық
Қылмыстардың қайталануы қылмыс құрамының міндетті белгісі ретінде
Ескіру мерзіміне байланысты жауаптылықтан босату
Қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу
Пәндер