Халықтың саз өнерінің тағлымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Халықтың саз өнерінің тағлымы
Қазақ халқының мәдениетінде сөз бен саз өнері ерекше орынға ие болған. Қазақ халқы мыңдаған жылдар бойы көшпелі өмір салтын ұстанған. Сол себепті халқымыз көшіп қонуға ыңғайлы киізден, теріден, ағаштан жасалған дүние мүліктер мен түрлі үй бұйымдарын қолданатын болған. Мұндай өмір салты сөз бен саз өнерінің дамуына көп ықпалын тигізді. Ал сәулет өнерінің сақталуын мазарлар мен балбал тастардан көруге болады. Бұл балбал тастар мен мазарлар өмірден өткен ата-бабаларға ескерткіш әрі өткен тарихтың белгісі іспетті. Әрбір қазақ домбыра тартып, бір шумақ өлең шығара алатын өнерге ие болған.
Сөз бен саз өнері бірінен - бірі бөлінбес бір тұтас өнер. Сал-серілер қазақ халқының композиторлары атанып, әннің сөзін де, әуенін де өз жанынан шығарып өздері орындаған, сегіз қырлы бір сырлы өнер иелері болған. Ал ақын-жыраулар болса, ел-халыққа өсиет-нақыл айтып, қобыз, домбыра, сырнай аспаптарымен сүйемелдеп тыңдаушыға жеткізе білген. Иә, сөзге аса құрметпен қараған қазақ халқы Өнер алды қызыл тіл деп бір ауыз сөзге тоқтаған.
Қай халықта болмасын өзінің атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақтап, қымбат қазынасына айналдырған ұлттық дәстүрлі музыка өнері болады. Ол негізінен вокалды және аспапты болып екі түрге бөлінеді. Ол ұлттық өнердің негізін қалаушылар - халық арасынан шыққан дарын иелері, халық композиторлары.
Қазақ халқының аспапты музыкасына күйлер жатады. Күйлер қазақтың ұлттық болмыс бітімімен, сана сезімі мен тығыз байланысып өмірінен қуат алған, рухани өнердегі дәстүрлі өнердің ішіндегі ең күрделі, тоқсан толғаулысы да осы күй шығармашылығы. Ұлттық мәдениетіміздің құнарлы арнасына жататын күй өнері өзінің өміршеңдігі, халыққа етене жақындығы мен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келді. Күйлер ел арасынан шыққан құйма - құлақ дарын иелері арқылы толыса дамып, ұлттық өмір тіршілігі мен тығыз байланысып, ел өмірінің рухани серігі болды.
Музыка саласында күй өнері өз алдына күй жанры болып қалыптасты.
Күйлер адамның ішкі сезім-дүниесін, оның жеке басының көңіл-күйін, қуанышымен қайғы күйін, аңсаған арманын, өмір сүрген қоғамын, тіршілік дүниесін, қорщаған табиғат анасын -- өзен-суын, орман-тоғайын, асқар таулары мен байтақ даласын паш етіп жырлайтын шығармашылық жанрға айналды. Көптеген күйлерді алайық Ақсақ құлан, Ботасы өлген бозінген, Саймақтың сары өзені, Нар идірген, Ертіс толқыны, Аңшының зары т.б тарихи оқиғаларды баяндаса, енді бір қатары әлеуметтік өмір тынысына үн қатып, ел өмірінің қайғысымен қуаныш сезімдерін толғады. Сондықтан да күй шығармашылығы өзінің тақырыбымен мазмұнына қарай өз тыңдаушысының көңіл-күйіне, жүрек тебірелісіне, сезім сырына айналып, ішкі жан дүниесінен терең орын алып отырады. Күй композитордың ішкі жан сырының айнасы десек, күй деген атының өзінде үлкен қуат, шабытты құдырет бар.
Қазақ елі ортасына кеңінен қанат жайған халық күйлері мен әуендерін дыбыс арқылы жеткізу тәсілінде оны орындайтын ұлттық саз аспаптары болды. Ол ұлт мәдениетінде өзінің құрылымы, дыбыс ерекшеліктері жағынан басқа халықтарға ұқсамайтын төл аспап болып тарихи және мәдени кеңістікте сақталып келді.
Қазақтың саз аспаптары жалпы ұлттық және фольклорлық болып екі топқа жіктеледі. Ел ішінде кеңінен пайдаланып халық күйлері мен саз әуендерін орындап ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру барысында домбыра, қобыз, сыбызғы аспаптары негізгі орынды иеленеді. Күй жанрында да бұлар домбыра күйлері, қобыз күйлері, сыбызгы күйлері болып жекеленіп айтылады. Ал, көбіне фольклорлык кеңістікте сақталған уілдек, сазген, дабыл, даңғыра, шыңдауыл, дауылпаз, дудығы, желқобыз, желбуаз, тоқылдақ, тұяқтас, асатаяқ, керней, адырна, шыртылдауық, сақпан, дүңгіршек фольклорлық аспаптар тобына енеді. Бұлардын қатарына сырнай, кепшік жетіген, бұғышақ, шаңкобыз, ауызсырнай аспаптарында жатқызамыз.
Күйлер және оны орындаушылық міндетін атқарушы төл аспабымыз: домбыра, қобыз, сыбызғы аспаптары халқымыздың өмір кернеуі мен бірге жасап келеді. Әр күйдің шығушы әуен иелері болған. Күйлерді халық күйі және халык композиторлары деп шығарушының аты мен атап жүрміз. Халық күйлері жылдар, ғасырлар өткен сайын шығарушының аты ұмытылып, ел ішіндегі дарын иелерінің орындап жалғастыруы арқылы күйдің аты сақталып, бара-бар халық күйі болып сақталған.
Аты аңызға айналған күй атасы Қорқыттан бастап өмірдің қыр мен сырын күй тілімен сөйлетіп кеткен халық композиторларының күйлері мен есімдерінің ел арасында сақталып келуі халқымыздың өнерге сүйіспеншілігін, өнерпаз ұлт екендігін және күйдің құдіреттілігін көрсетеді.
Тарих шежіресінен сыр шертер күй өнеріне добрыра, қобыз, сыбызғы аспаптары тым көнеден ұлтпен бірге жасасып келген. Қобыз аспабын, қобыз күйлерін сөз еткенде күй атасы Қорқытты алдымен ауызға аламыз. Түркі тілдес халықтарға ортақ аныз болған Қорқыт VIII-IX ғасырларда Сырдарияның жағасында өмір сүргендігі мәлім.
Қазіргі кезде Қорқыт күйлері аталып жүрген күйлер саны жиырмаға жуық.
1987 жылы Мусабек Жарқынбеков Қорқыт-Елім-ай атты жинақта 11 күйі жарық көрді. Мусабек Жарқынбеков Қорқыттың күйлерін үйреніп нотаға түсіру бағытында Қорқыт туралы аңыздар естіп, оның қобызды тартуы бойынша Желмая, Ұшардың ұлуы, Елім-ай, Халқым-ай, Әуппай, Аққу, Кілем жайған, Тарғыл тана, Байпаш күйлерінің шығу тарихын тындап, осы және басқа күйлерді магнитофонга жазып алып Қорқыт-Елім-ай кітабында жарияланды. Осылайша күй атасы Қорқыт күйлері ғасырлар бойы ұрпақтан - ұрпаққа жағасын тауып біздерге жетіп отыр.
Халқымыздың тарихында небір бұлбұл әншілер мен күші саңлақтар өмір сүріп, белгілі бір музыка аспаптарының сүйемелімен туған елінің өткендегісі мен бүгінгі тұрмысын жырлайтын, оның арман-қиялын көрсететін тамаша эпопеялар, көрнекті туындылар жасады. Олар қашанда халықтың мақсат-мүддесінен жырлап онымен бірге жүріп, біте қайнасып өтті. Қазақ халқының музыка мұрасы да сондай озық ойлы, өнерпаз өкілдерінің үлгі-өнегесінің арқасында сақталып келді.
Көзі хат танымайтын, колы жазу-сызуды білмейтін кездің өзінде қазақ халқы әнімен күйін рухани азық етті. Бір орыннан екінші орынға, жайлаудан қыстауға көшіп-қонып жүріп те, олар ердің басына іліп алған домбырасын кез келген уақытта ат үстінде шертіп, ән шырқай беретін-ді. Шілдехана, қыз ұзату, келін түсіру басқада түрлі жиын-тойларда ән айтып, қүй тарту қазақ халқының ежелден келе жатқан ата дәстүрі. Алайда музыка тек ойын-сауық, көңіл көтеру үшін ғана керек десек, өнердің бұл түрінің маңызын әлсіретіп, маңызын кетіріп, мәнін кеміттіп жіберген болар едік.
Ұрпақтан ұрпаққа жетіп, дамып келе жатқан халық әні мен күйі адам баласының айырылмайтын жан серігі. Басқа халықтар тәрізді қазақ халқының да әнсіз, өлеңсіз өмір сүрмейтінін, ән, өлеңнің адам баласын дүниеге келгенінен бастап өлгенге дейінгі ажырамас досы екен:
Туған дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең,-
-- деп, данышпан Абай айтып кеткендей, қазақ халқын қанына сіңген әні мен күйісіз ойлау мүмкін емес.

Жаппас Қаламбаев (1909-1970) мектебінің қобызда ойнау әдіс-тәсілдері, әуендік құрлыс өзгешілігі.
Қаратау күйшілік мектебі дегенде домбырашылық пен қобызшылық өнер қатар қанат жайған Созақ жері бірден ауызға оралады. Күйшілік дәстүрге келсек - Қаратау күйлері, Арқа орындаушылық үлгісінің өзінше дамыған бір арнасы болып табылады. Қаратауға сонымен қатар қобыз өнері де қонған жер. Қаратау шертпе мектебінің негізін қалаған Сүгір Әлиұлы, өзіне дейінгі күйшілердің мұрасын терең меңгерген, өз сазгерлігімен күй өнерін жаңа белеске көтерген дарын иесі. Ол Ықыластың төл шәкірті ретінде осы екі аспапты да тең меңгерген. Мұндай феномен Сүгірдің шәкірті - Жаппас Қаламбаевқа да қонып, әрі қарай жалғасын тапқан.
Сонымен, төлтума қобызшы Ж. Қаламбаев, Сүгір мектебінің дәстүрін жалғастырушысы болып саналады. Сонау көне заманнан бізге дейінгі қазақтың аспаптық музыкасын жеткізіп, аманат еткен халық аспаптар оркестрінің алғашқы құрамындағы орындаушылардың бірі - Жаппас Қаламбаев. Қобыз қазағымның, ата-бабамның өнері, ғажайып дарыны екен. Сондықтан халқым алдында өтелмеген қарызым көп, шамам келсе соны өтей бермекпін, - деп айтатын Жаппас .
Ж. Қаламбаев 1909 жылы 1 - ші қаңтарда Шымкент облысының Созақ ауданына қарасты Талап ауылында өмірге келеді. Қоршаған табиғи көркем өңірі, халықтың бай музыкасы, оның табиғи дарынының оятып дамуына дәрісін тигізді. Жаппастың өнерге деген ықыласы жас кезінен байқалды. Ол жасынан сезімтал, ізденімпаздығымен көзге ерекше түседі. Жаппастың кіші қызы Құндыздың айтуы бойынша: - Әкемнің атасы - Қасымбек он саусағынан өнер тамған кісі болатын, домбырада күйлерді шебер орындайтын, неше түрлі музыкалық аспаптар жасап өзі гармонмен ән шырқайтын. Баласының бойындағы өнерге деген құштарлығын байқаған әкесі, өзі жасаған домбырасымен ән - күй үйреткен. Алты жасынан бастап әкем домбыраны шебер меңгеріп ойнайтын, күйлерді бір естігеннен - ақ жылдам жаттап алатын. Ал, әжем - Жібек, күміс көмей әнші, ауыл аймаққа беделді, сыйлы болған адам. Осы атаммен әжемнің өнерге деген сүйіспеншілігі менің әкеме дарыған.
Ж. Қаламбаев ертеде дарынды өнер иелері сал-серілердің музыкасымен сусындап, үлкен жиын - мерекелерге, би - шешендердің бас қосуына, айтыс - тартыстарына қатысып, белгілі халық сазгерлердің өнер дәстүрін меңгеріп халыққа жеткізген. Осы тұрғыда, ол әрқашанда тыңдаушылардың көңілінен шығып, орындаушылық шеберлігін арттыра түседі. Сонымен қатар, Жаппас қазақтың көне қобызын игеруді өзіне мақсат еткен. Ол аз уақыттың ішінде аспапты шебер меңгеріп, белгілі қобызшы атанды. Менің музыкалық талабымның әрі қарай жалғасуына, ауылымыздан өте қашық емес жердегі Созақ жәрменкесіне қатынасқан халық таланттары, ақын, жыршы, бишілердің әсері тиді - дейді екен Жаппас.
Ол Қаратау күй мектебінің әйгілі өкілі Сүгір Алиұлымен кездесіп, Ықылас күйлерін алғашқы домбыра арқылы үйренеді, кейінірек оларды қобызға лайықтап, өзіне ғана тән мәнерімен, техникалық шеберлігі айқын орындаушыға айналады. Сүгір Алиұлы өзінің қайталанбас күйлерінің әсерлі үнін Жаппастың ішкі дүниесін тербелетіп бойына сіңіре білді. Сөйтіп, оның үлкен музыка әлеміне шығуына ықпал етті. Сондай - ақ Жаппасты қобызшылық өнерінің қалыптасып дамуы үшін оны әрі қарай тұрақты еңбек ету керектілігіне бағыттаушы, қадағалаушысы академик А. Жұбанов болатын.
1934 жылы Алматыда өткен бүкілқазақстандық өнерпаздар слётіне Ж. Қаламбаев қатысып, өзінің орындаушылық өнерімен ерекше көзге түседі. Сол кезде жаңадан ұйымдаса бастаған Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің құрамына қабылданып, оркестрдің іргетасын қалаушылардың бірі болып, аспаптық өнерін әрі қарай жалғастырады. Осыған дәлел Б. Ғизатовтың жазған сөздері: Слётке Қазақстанның түкпір - түкпірінен дарынды домбырашылар, қобызшылар, сыбызғышылар әншілер келіп өз өнерлерін көрсетті. Ғ. Матовтан кейін сахнаға ақ костюмде, аласа бойлы, қобызшы Жаппас Қаламбаев шықты. Қолындағы көпшік тәріздес кішкентай қобызымен ол Ықыластың Аққу, Қаскыр,Жез киік, Ерден Қамбар күйлерін нақышына келтіріп орындады. Осы орындаған күйлер арқылы, ол қазақтың кең байтақ даласын бейнеледі. Мұны тыңдаған жұрт қазақ даласының керемет қобызшысы екенін мойындады.
Әйгілі оркестрдің мүшесі ретінде 1967 жылға дейін альт қобызшылар тобының концертмейстері және оркестрдің жеке орындаушысы болып, қылқобызда небір Ықыластың күйлерін сайрата ойнады. Осы ұжымда ол ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, 1936 жылы Мәскеу қаласында өткен онкүндік қазақ өнерпаздардың декадасына қатысып, жүлдегер атанды.
Қобызда орындаушылық дәстүрін жалғастырып, оны әрі қарай дамытып, үлкен шеберлікпен ойнайтын аспапшының өнерін А. Жұбанов жоғары бағалап жазады: - Жаппас өзінің кыл ішек тағылған қобызын тартқанда, тірек болу үшін сол құлақтың бірін сол жақ шекесіне тіреп қояды. Оның халық қобызын ұстаудағы түйінінің үлкен акустикалық мәні бар. Ал қобыздың орындауы домбырадан анағұрлым басқа, қиын екенін музыка танушылар жақсы біледі. Онда ойнау скрипкадан да гөрі қиынға соғады. Өйткені қобызда саусақтарды басатын мойны жоқ. Солай бола тұрса да, Жаппас не бір техникалық күйлерді құйқылжытып тартқанда, адам баласының ала алмайтын қамалы жоқтығына таң қаласын.
Жаппастың ойнау ерекшелігі географиялық өмір сүрген ортасына да байланысты. Ол екі өнер мектебін бірдей игерген. Біріншісі - домбыра, екіншісі- қобыз. Екі аспапта да шебер орындаушылық үлгісін танытты.
Үлкен өнер иесі домбырашылар Тәттімбет, Сүгір, Дәулеткерей, Дина, Тоқа, Дайрабай күйлерін қобызға салып орындайтын. Сонымен қатар, Жаппас өзінің ауызекі түрде жаттап алған шығармаларына өзіндік мәнерін, стилін қосқан өнер иесі. Ол орындаушы ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне, күй мен әндеріне жаңашыл ырғақ, мақамында өлшем қосқан шебер күйші. Сол күйлердің образдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаяны
Дәстүрлі қазақ мәдениетінің тарихы
Оқу тәрбие процесінде оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің жолдары
Мемлекеттік рәміздеріміз
КҮЙ САЗЫ, КҮЙШІ ӨНЕРІ ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ КӨЗҚАРАС
Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық аспаптарға үйретудің мәні мен мазмұнының теориялық негіздері
Бастауыш сыныптарда шешендік өнерді оқыту маңызы
Мектептегі музыка сабағы
Шешендік сөздердің көркемдік сипаты
Қазақстандағы ежелгі сәулет өнерінің дамуы
Пәндер