Қылмыстық жауаптылықтын пайда болуы
Қылмыстық жауаптылықтын пайда болуы
қоғамға қауіпі бар іс - әрекет. Қылмыс жасаған адам міндетті түрде заң шеңберінде жауаптылыққа тартылады. Жауаптылық оның қылмыс жасағаны анықталғаннан кейін тағайындалады. Белгілі бір жаза түрін қолданбас бұрын қылмыстың түрін, санатын, қылмыскердің жеке басына қатысты ақпараттар, зардап шеккен тұлғаның денсаулық жағдайын анықтап алу керек. Жалпы, қылмыстың анықтамасы - бұл заңмен жазаланатын әрекет, әдетте зұлым әрекет деп саналады. Қылмыс, заңмен тыйым салынған көптеген заңсыздықтарға қатысты айтылатын ұғым. Қылмыстарға кісі өлтіру, көлік ұрлау, тұтқындауға қарсы тұру, есірткіні сақтау немесе сату, мас күйінде көлік жүргізу және банкті тонау сияқты әрекеттер жатады. Қылмыстар көбінесе олардың ауырлығына байланысты ауыр қылмыс немесе теріс қылық ретінде жіктеледі. Әдетте, қылмыстық құқық бұзушылықтар теріс қылықтардан гөрі ауыр. Қылмыстық құқық жүйесіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықтар - бұл өлім жазасы немесе бір жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған қылмыстар. Теріс қылық айыппұлмен немесе бір жылдан аз мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.
Адамдарға қарсы қылмыстарға шабуылдар, ұрлау, кісі өлтіру және жыныстық шабуылдар жатады. Мұндай қылмыстар, әдетте, ауыр жазаларға әкеп соғады. Меншікке қарсы қылмыстарға өртеу, автокөлік ұрлау, ұрлық, жалған құжаттар, алаяқтық және вандализм жатады. Көп жағдайда бұл қылмыстар адамға қарсы жасалған қылмыстарға қарағанда жұмсақ жазаларға әкеледі [1].
Адамдар әртүрлі себептерге байланысты қылмыс жасайды. Ол себептер әлеуметтік, экономикалық және мәдени мәселелерге байланысты болады. Бұл жағдайлар адамдарды қылмыстық әрекетке итермелейді.
Адамдарды қылмысқа итермелейтін келесі себептер:
1. Ақша
Неліктен адамдар банктерді, үйлерді және т.б. тонайды дерсіз. Себебі: оларға керегі ақша. Бұл сонымен қатар адамдардың пара алып, адамдарды бопсалауының себебі. Осылайша жеңіл түрмен ақша тапқысы келеді.
1. Билік
Қолымда билік болса маған бәрі болады деген оймен өмір сүретінде адам қаншама. Сондықтан адамдар билікке қол жеткізу үшін бәрін жасайды. Тіпті жасөсірімдер арасында болсын, жоғарғы үкіметте болсын, қоғамда да бұл түсінік жақсы қалыптасқан.
2. Ләззат алу
Кейбір адамдар - садист және олар басқаларға зиян тигізгенді ұнатады, сондықтан олар қылмыс жасайды. Мысалға келтіретін болсақ қазіргі таңда елімізде 5.32 атты сериал өте таңымал. Меніңше бұл Қазақстандағы көрерменді бей-жай қалдырмаған шытырман оқиғалы детективтік триллер жанрындағы алғашқы веб-сериал. Сериал барысында қылмыскерлердің әртүрлі бейнесі көрсетіледі. Сонда байқасақ қылмыскерлер адам мен қоғамға зиян келтіргенде ләззат алады. Оларды маньяк деп атаймыз [2].
3. Кек алу
Кейбір адамдар оларды ренжіткен, қарсы шыққан немесе өзіне қамқорлық жасайтындарды ренжіткен адамдарды өлтіреді. Ол адамның ойының дұрыс қалыптаспағанының негізі. Не болмаса теріс мінездің әсері.
4. Психикалық ауытқулар
Қоғамда әртүрлі адамдар кездестіруге болады. Кей жағдайда олардың түр-түсіне, іс - әрекетіне қарап психикалық сау емес екенің аңғармай қаласын. Мұндай ауыруларға шизофрения, депрессия, биполярлық бұзылыс, паникалық шабуылдар, невроздар т.б. жатады. Олардың ауыруларының қозуына әртүрлі факторлар әсер етеді. Кейбір жағдайда жыл мезгілдеріде себеп болады деседі. Алғаш көктем мен күздің келуіде бір себеп.
5. Әлеуметтік себептер
Бұған ата-ана тәрбиесінің нашар дағдылары, құрдастарының қысымы, есірткі және білім берудегі сәтсіздіктер. Ата-ана тәрбиесінің нашар дағдыларына балаларды қараусыз қалдыру немесе қорлау жағдайлары жатады. Сондай-ақ ата-аналық тәрбиенің немқұрайлы болуы немесе немқұрайлы мінез-құлқы бар ата-аналар болған кезде, балаларына бақылауы болмаған кезде пайда болады.
6. Зиянды әрекеттер
Алкоголь мен есірткі сізді өмірде өкінетін ақымақ істерге итермелеуі мүмкін немесе сіз ешқашан жасағыңыз келмейтін нәрсені жасауға мәжбүр етуі мүмкін. Зиянды әрекетке тәуелді болған кезде оның буымен қалай қылмыс жасағанын байқамай қалады. Есін жиғаннан кейін істеген әрекеті қатты өкінуі мүмкін.
7. Білімсіздік пен жұмыссыздық, Әлеуметтік жағдайдың төмендігі
Білім-қылмыс жасаудың үлкен бөлігі. Білім беру өте маңызды, өйткені ол өмірдегі дұрыс пен бұрысты ажыратуға мүмкіндік береді. Мектептің болмауы қоғамға қарсы дамуға әкеледі. Сонымен қатар, егер сізде білім болмаса, сізге жақсы төлейтін жұмыс табу немесе өзіңізге ұнайтын жұмыс табу қиынға соғады. Үлкен отбасын асырауды қажет ететін адамдар бар, бірақ оған ақша жетпейді. Жұмыс таба алмайтын адамдар бар. Бұл адамды ұрлыққа итермелейді. Адамдарға отбасын асырау үшін заңсыз әрекеттер жасаудың қажеті жоқ, адамдар мемлекеттік жәрдемақы алуға тырысуы мүмкін. Егер адамдар балаларына қалаған нәрселерін бере алмаса, бұл олардың балаларын баруға және қалаған нәрселерін ұрлауға мәжбүр етуі мүмкін. Жұмыстың болмауы адамдардың агрессивті болуына әкелуі мүмкін. Бұл сонымен қатар адамдарды дұрыс емес бағытты таңдауға мәжбүр етеді. Әлеуметтік жағдайдың төмендігінен тіпті балалар да қылмыс жасауы мүмкін.
8. Әлеуметтік желі
Қазір қоғамда әртүрлі видео ойындар, ақша тігу, зиянды видеолар көптеп тараған. Атыс-шабыс ойындар өскелең ұрпақтын миын улауда. Сонымен қатар мең-мең деген ел алдында журген блогерлер мен таңымал тұлғаларда ақша үшін түрлі ақша тігу, казино ойындарын, Q-net сияқты жеңіл жолмен ақша табуды ретінде жарнамалайды. Бұнын барлығы өтірік екенін білсекте, кейбір жандар сеніп, алдануда. Біреулер атыс-шабыс ойынға кіріп сондай күшті болсам деп ол ойыннын виртуалды екенінде ұмытады. Ақша тігіп ойнағандар барлық байлығынан айырылып, қарызға батып, күнәлілерді іздеп кек алмақ болады не болмаса өзіне қол жұмсайды.
Осы сияқты әртүрлі себептерге байланысты құқық бұзушылықтар жасалады. Сонын салдарынан қылмыстық жауаптылық пайда болады.
Белгілі бір тұлға, топ қоғамға қауіпті іс - әрекет жасағанда оны қылмыс - деп айту үшін оның 4 элементі толық болу керек. Яғни, объектісі мен объективті жағы, субъектісі мен субъективті жағы. Егер осы айтылғанның бір белгісі болмаса ол қылмыс деп есептелмейді [1].
Қылмыс объектісі жалпы, топтық, тікелей болып 3 түрге бөлінеді.
Қылмыстың жалпы объектісі дегеніміз - қылмыстық заң нормасы арқылы істелетін, қоғамдық қатынастардың тобын айтамыз. Ал, топтық объект дегеніміз - қылмыстық заңмен қылмыстық қол сұғушылықтан қорғалатын біртектес немесе өзара ұқсас әлеуметтік қатынастардың белгілі бір бөлігі. Тікелей объект дегеніміз - бір немесе бірнеше қылмыстардан тұратын немесе қылмыстық заңмен қорғалатын нақты қатынастармен тікелей байланыс.
Қылмыстың объектівті жағын материалдық, формальді, келте деп үшке бөліп қарастырамыз.
Объективті жағы қоғамдық ортаға қауіпті іс-әрекет және тиісті бір қоғамға қауіпті әрекет, зардапттарды көрсететін қылмыстың құралы материалды деп аталады. Формальді дегеніміз объективті жағы тек бір заңды белгіден қоғамға қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздіктен құралған қылмыс құралы. Ал, келте деп оқталу не болмаса дайындалу кезінде қылмыстың аяқталуын айтамыз.
Қылмыстың субъектісін жалпы және арнайы деп екіге бөліп қарастырамыз.
Жалпы субъектісінде жеке тұлға, есі дұрыс, 16 жасқа толған деген сияқты белгілерге назар аударамыз. Арнайы субъектісінде мемлекеттің құқықтық жағдайы бойынша, демографиялық жағдайы бойынша, мамандықтарымен қарастырамыз.
Қылмыстың субъективті жағы негізінен адамның психикалық іс-әрекет қылмыс істеуге тікелей байланысты жағдай көрінісі.
Құқық нормасьын сақтамау нәтижесінде туындайтын заңды жауапкершіліктің ең ауыр түрлерінің бірі - қылмыстық жауаптылық. Ол жеке тұлғаға, қоғамға не болмаса мемлекетке орасан зардап келтіретін немесе келтірілуі мүмкін деген қоғамдық қауіпті әрекеттерге жататын қылмыстар үшін оның заң шығарушы органдары өкілдік ететін мемлекет атынан белгіленеді.
Қылмыстық жауаптылықт - кінәлі деп танылған тұлғаның өзінің жасаған қылмысы немесе әрекеті үшін заңда белгіленген негіз бойынша жауап беруге және өзіне тиесілі жазаға тартылуға міндеттілігі. Қылмыстық жауаптылықтың негізі тек адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісі болуы мүмкін.
Демек, қылмыстық жауаптылық жасалған қылемыстық құқықетың салдары, ол қылмыстық құқықтың нормасының бұзылуының нәтижесі боелып табылады. Қылмыс жасамаймынша қылмыстық жауаптымлық болуы мүмкін емес. Түрлі қоғамға қауіпті іс-әрекет үшін қылмысмтық жауаптылық қылмыстың қоғамдық қауіптілігіне, ауырлығына және қылмыскердің жеке басына сәйкес қылмыстық заңмен ғана белгіленеді.
8.1 Қылмыстық жауаптылықтан босату ережелері
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сай Қылмыстық жауаптылықтан босатудын бірнеше түрі көрсетілген және де олар өздерінің босатылу негіздері бойынша ерекшеленеді. Қылмыс жасаған адам келесі жағдайда қылмыстық жауаптыдықтан босатылады: шын өкінуіне байланысты, қажетті қорғаныс шегінен шығуына, процестік келісімнің шарттарын орындау кезінде, тараптардың татуласуына, жағдайдың өзгеруіне байланысты және қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Егер белгілі бір тұлға қылмыстық теріс қылықты алғаш рет жасаған не болмаса жасаған әрекетін өз еркімен мойындап, келтірілген зиянды толтыруға дайын болса сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмысты алғаш рет жасаса шынайы өкінуіне байланысты жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Қылмыстық теріс қылықты не болмаса өлімге алып келмеген онша ауыр емес әлде ауырлығы орташа қылмыстарды жасаған адамдарды, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласатын болса, әсіресе медиация тәртібімен татуласса және келтірілген зиянды ретке келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады. (ҚР ҚК 68-бап 1-т).
Кәмелетке толмаған жасөспірім балалар, екіқабат әйел адамдар, кішкентай сәбилері бар әйелдер, кішкентай балаларын бір өзі тәрбие беріп отырған еркек адамдар, 58 жастағы және ол жастан асқан әйелдер, 63 жастағы және ол жастан асқан ер адамдар адам өліміне немесе денсаулығына ауыр зиян келтіруге байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған болса, олар қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін, сонымен қоса жәбірленушімен, өтініш берушімен татуласса, келтірілген залалдың орынын толтырса. Қылмыстық жауаптылықтан босатылған кезде кәмелетке толмаған балаларға тәрбиелік мәні мен әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы тиіс, өйткені кейін бұл әрекеттерін қайта қайталамай, түзу жолмен тұлға болып қалыптасуы үшін.
Егер белгілі бір тұлға қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, сол жасалған күннен бастап келесіндей мерзімдер өтіп кетсе, онда ол ескіру мерзімінің өтіп кетуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылады [1]:
1) қылмыстық теріс қылық істегеннен кейін бір жылдан кейін;
2) онша ауыр емес қылмыс жасағанынан кейін екі жылдан соң;
3) ауырлығы орташа қылмыс жасалғанынан кейін бес жылдан соң;
4) ауыр қылмыс істегеннен кейін - он бес жылдан соң;
5) аса ауыр қылмыс жасаған соң - жиырма жылдан кейін (ҚР ҚК 71-бап).
Сонымен қатар, қылмыскер тергеуден немесе соттан жалтарса, оны мойындамаса ескіру мерзімінің өтуі тоқтатыла тұруы мүмкін. Мұндай жағдай орын алған болса, ол адамның ескіру мерзімінің өтуі оның ұсталған немесе жасаған әрекетін мойындап келген кезден бастап қайта басталады. Бұл ретте, егер қылмыс жасалған уақыттан бастап ескіру мерзімі тоқтатылмаса және мерзімі өтіп кетсе: онша ауыр емес қылмыс жасағаннан кейін - 10 жыл, ауырлығы орташа қылмыс жасағаннан кейін - 15 жыл, ауыр қылмыс үшін - 20 жыл, аса ауыр қылмыс үшін - 25 жыл адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі бойынша өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін қылмысты істеген адамға ескіру мерзімін қолдануды сот шешеді. Егер сот ескіру мерзімінің өтуіне байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп санамаса, онда өлім жазасы өмір бойы бас бостандығынан айырумен ауыстырылады, ал өмір бойы бас бостандығынан айыру 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылады [1].
Бас бостандығын шектеуді немесе бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамды, егер сот күдіктінің түзелуі үшін тағайындалып жатқан жазаны толығымен өтеуді қажет етпейді деп танитын болса, сот мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін. Адамдардың қаза табуына әкеп соқпаған және аса ауыр қылмыс жасаумен байланыспаған террористік немесе экстремистік қылмыс үшін тағайындалған бас бостандығынан айыруды өтеуші адамдар, егер ол террористік немесе экстремистік қылмыстарды болдырмауға, ашуға немесе тергеп-тексеруге, террористік немесе экстремистік топқа қатысушыларды әшкерелеуге белсенді жәрдем көрсетсе, мерзімді іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.
Онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруды өтеп жүрген адамдарға, олар қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не оларда жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылықтар болмаған жағдайда, жазаның өтелмеген қалған бөлігін сот жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыруы мүмкін. Бұл ретте адам, өмір бойы тағайындалған жазаларды қоспағанда, жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін [1].
Қылмыс жасаған адамдар ауыруына байланысты, ауыр мән-жайлардың орын алуына байланысты, айыптау үкімінің уақыты өтуіне байланысты жазадан босатылуы, рақымшылық берілсе не болмаса кешірім жасау актісі негізге алынып қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылуы мүмкін.
8.3 Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату кезіңдегі заңсыздықтар және қолданылатын шаралар
Шындыққа тура қарасақ, айналамызда болып жатқан әділетсіздіктер қаншама. Біз оны тіпті байқамаймыз. Күнделікті өмірде де, билікте де, заңда да!
Қазақстан Республикасының Конституциясынның 5-бабында айтылғандай заң алдында барлығы тең құқылы, оларды түр - түсі, жынысы, тұрғылықты орны, нәсілі, әлеуметтік сипатта да бөлуге болмайды - деп көрсетілген, бірақ қазіргі таңға дейін жемқорлықтың күші бәсендеген емес [5]. Кей жағдайда белгілі бір істі жабу үшін де қомақты сома сұрайтыны өтірік емес. Көпке топырақ шашпаймын, бірақ бұл біздің қазіргі қоғамда болып жатқан бар дүние.
Менің ойымша заңсыздықтардың орын алуы ол таныс түсінігі мен пара беру, билікті асыра қолданылуында. Осы уақытқа дейін сан алуан қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алған, жабулы күйде қалғаны да қаншама. Уақыт өте шындық ортаға шыққан кезде нақтылап қарайтын болсақ билік, ақша бәріне себепкер. Осы айтылған екі ұғымға қатты көңіл бөлу керек сияқты. Заң алдында барлық адам тең құқылы деген сөзді тек жазбаша емес тәжірибеде де қолданылуына көңіл бөлуіміз қажет. Заң шеңберінде таныс деген түсінік қолданылмауы тиіс.
Қылмыстық жауаптылықтан босату, жазадан босату немесе жазаны одан әрі өтеуден босатудың бір-бірінен айырмашылығы оларды қолдану негіздеріне байланысты болады. Әдетте, қылмыстық жауаптылықтан босату істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі онша көп болмаған және оны істеген адамның түзелуі, жаза қолданбай-ақ мүмкін болған жағдайларда қолданылады - деп Заң ғылымдарының докторы, бірнеше заң бағытындағы кітаптардың авторы Арықбай Нүсіпәліұлы Ағыбаев айтқан [6]. Арықбай Нүсіпәліұлының осы пікірімен толықтай келісемін. Бірақ, осы түсініктің заңда дұрыс қолданылмалуын да мүмкін екендігін айта өткен жөн. Кей жағдайда дүкеннен бір нан ұрлаған адамға, қарақшылықпен айналысқан адамдай жаза беретіні өтірік емес.
Еліміз тәуелсіздігін алған күннен бастап түрлі заңдар қабылданды. Олар өздерінің құқықтық атқарылу қызметімен, міндетімен, жүзеге асырылуымен ерекшеленеді. Еліміздің Ата заңы Қазақстан Республикасының Конституциясы жәнеде барлық заңдардың қайнар көзі болып табылады. Осы негізде елімізде әртүрлі кодекстар қабылданды. Олар қылмыстық, қылмыстық процестік, азаматтық, әкімшілк және т.б. Егерде белгілі бір заңсыздық орын алатын болса осы заңдармен қаралып жауапқа тартылады.
Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатар кезде дәлелді жасыру, істі жабу, жаза түрін өзгерту үшін белгілі бір заң қызметкері ақша сомасын беру керектігін талап етсе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның 24-бабында көрсетілгендей Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа дайындалып жатқанын не болмаса жасалатынын мемлекеттік органга хабарлау керек [7]. Хабарланғаннан кейін соған қарсы шаралар қолдану қажет. Осындай жағдайда оны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 362-бабы бойынша жазалау керек [1]. Яғни, биліктігін немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануы бұл дегеніміз оны үш жылға дейін бас бостандығынан айыру не болмаса үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл төлету, сегіз жүз сағат мерзімге дейін қоғамдық жұмыстар жасату. Сонымен қатар пара алушы Қылмыстық кодекстің 366-бабы Пара алу бойынша бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айырылады не болмаса айыппұл төлеп жазаға тартылады. Ал, келісім бойынша пара берген адам Қылмыстық кодекстің 367-бабы Пара беру бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айырады немесе айыппұл төлетеды.
Қылмыстық сот ісін жүргізу кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, прокурордың немесе процестік әрекеттерге қатысушы мамандарының не болмаса қорғаушының дәлелдемелерді бұрмалауы мүмкін. Сондай жағдай орын алған уақытта Қылмыстық кодекстің 416-бабының 4-тармағына сәйкес жеті жылға дейін бас бостандығынан айырады немесе шектейді, алты мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеп, алты жылдан астам уақыт белгілі бір лауазымда қызмет атқара алмайды. Дәлелдемелерді бұрмалау кезінде әділетсіз сот шешімі, үкімі не болмаса басқада сот актілерінің шығуына әкеліп соқса үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыра отыра, жеті жылға дейін белгілі бір қызмет түрімен айналысуға тиым салады.
Қылмыс жасады деп күдік тудырған күдікті адамды прокурор не болмаса сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың заңсыз көрінеу қылмыстық жауаптылықтан босатып жіберуі Қылмыстық кодекстің 413-бабына сәйкес үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыра отырып бес жылға дейін лауазымды қызмет атқаруға тиым салады.
Егерде қызметтік жалғандық жасаса яғни, шынайы құжаттарға жалған ақпараттар қосып мазмұнын бұрмалау, қолдан жалған құжат жасаған болса Қылмыстық кодекстің 369-бабының 1-тармағына сәйкес үш жылдай мерзімге бас бостандығынан айырылады немесе өмір бойы белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылады не болмаса айыппұл төлейді, қоғамдық жұмысқа тарталады.
Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату кезінде орын алған заңсыздықтардың алдын-алу кезінде Қылмыстық кодекс, Қылмыстық процестік кодекспен қаралады. Әр заңның өзіне негізделген міндеттері бар. Қылмыстық процестік кодекстің өзі қылмыстың жолын кесіп, алдын алуға, оны ашып тергеп-тексеруге арналған. Осындай заңдардың көмегімен заңсыздықтардың алды алынады [8]. Егер заң әділ, катаң болса және заңсыз өз өкілеттіктерін қолданатындар саны азаймақ. Заңсыздықтарды болдырмау үшін Прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, ішкі істер оргадары қызмет етуде.
Мен дипломалды тәжірибемді Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотынан өттім. Бұл сотта Қаңтар оқиғасында ұсталғандар, қаржы пирамидасымен ұсталған блогерлердің ісі, с.с. т.б. істер тергеп тексеру үстінде. Осы кезде дәлел жеткіліксіз не болмаса жазықсыз деп танылса немесе келтірілген залалдың орнын толтырған болса оларды босатуы мүмкін.
1 ЖАЗАДАН БОСАТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2.1 Жазадан босату мән-жайы
Жаза сотталған адамның түзелуіне ықпал етіп қана қоймай, осы санаттағы адамдарды толыққанды азаматтардың қоғамға тез оралуына ынталандыруы тиіс. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі сотталғандар үшін олардың оң мінез - құлқындағы қуатты ынталандыру болып табылады. Осы жағдайдағы адамдар қалыпты өмірге оралу үшін жақсы жаққа өзгеруге деген үміт пен ұмтылысқа ие. Жазадан босату кезеңінде де қылмыстың санаты және өтелген мерзіміне де назар аударылады ( Сурет - 1).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 39-бабы 1-тармағына сәйкес Жаза дегеніміз - сот үкімі бойынша тағайындалатың мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады. Жаза қылмыстық құқық бұзушылық жасаған үшін кiнәлi деп танылатын адамға қолданылады және де ол осы адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодексте көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Осы заңның 40-бабының 2-тармағына сәйкес Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға мынадай негізгі жазалар:
1) айыппұл;
2) түзеу жұмыстары;
3) қоғамдық жұмыстарға тарту;
4) бас бостандығын шектеу;
5) бас бостандығынан айыру қолданылуы мүмкін [1].
Қылмыстық жазадан босатылу үшін бірнеше мән-жайлар қарастырылған. Олар:
1. Кепілгерлік белгілей отырып, жазадан босатылу. Бұл дегеніміз онша ауыр емес не болмаса ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған адамдарды кепіл арқылы босатып алу. Кепілгерліктің мерзімі қылмыс санатына қарай түрлі мерзімге бөлінуі мүмкін. Кепіл егер қылмыс жасаған адам кепілгерлік кезеңі ішінде қайта құқықбұзушылық жасалмаса кепілгерге қайтарылып береді. Ал, егер де кепілгерлік кезеңі уақытында қылмыскер қайта қылмыс жасаса, сот жазадан босату туралы шешімінің күшін жояды және кепілгерге кепілді қайтарып бермейді. Сонымен қатар, кепілгерлік сыбайлас жемқорлық қылмыстарға, террористік және экстремистік қылмыстарға, қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыстарға, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар жасаған адамдарға мүлдем қолданылмайды (ҚР ҚК 69-бап).
2. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату. Егерде сот адамның түзелуі үшін тағайындалған жазаны толық өтеуі керек емес деп таныйтын болса жәнеде қылмыс санатына сай қылмыс жасаған адам белгілі бір нормада жазасын өтесе, іс жүзінде ғана шартты түрде босатылады. Жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz