Тәжірибелер жиынтығы
ЕСКЕРТУ: Кез-келген тәжірибені жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпаймыз!!!
Ауыртпай жасалған операция
Үстіне ақ халат киген оқушы тәжірибе үстелінің жанына келіп, балаларға қарап: Қазір мен сіздерге адамның денесін ауыртпай операция жасауды көрсетпекпін. Операцияның жасалуы да , жазылуы да тез. Бір батылдау біреуің осында келуіңді сұраймын. - деп шақырады. Жанына келген оқушының білегіне спирт жағады да , операция пышағын дезинфекциялағыш сұйықтан алып оның білегін ары-бері кескен болады. Қолдан қан шығарады. Артынан қолдың қанын сүрткен болып , суланған таза шүберекпен сүртеді. Қолы жазылады, қаны тазарады. Бұл қызықты операция отырғандарды таңқалдырады.
Бұл тәжірибедегі қолданған спирт 5 пайыздық темір (ІІІ) хлориді ерітіндісі, ал дезинфекциялағыш зат калий роданиді болған еді. Қан болып қызарған зат ол темір роданиді болған.
ҒеСІ3+3КСNS=Fe(CNS )3+ 3KCI
2.Сіріңкесіз жағылған от
Кішкене әйнектің үстіне калий перманганатын салып, оның үстіне бірнеше тамшы күкірт қышқылын тамызады. Бұл қоспаны темір қаңылтырға салады. Осы қоспаның айналасына ағаш жаңқаларын салып қояды. Одан кейін бір түйір мақтаға спирт сіңіреді де саусақтың арасына қысып қояды, басқа адамдар байқамай қалатындай етіп ұстайды. Қажетті кезінде мақтаны ошақтың үстіне жақындатып қысып қалады. Ол қоспаға тиген кезде от алып, ағаш жана бастайды. Оттың жануы себебі спирттің Мп2О7 де қуатты тотығуынан болады.
Отсыз түтін
Тәжірибе жүргізуші : Отсыз түтін жоқ, бұлтсыз жауын жоқ - дейді. Міне, осы мақалды химия жоққа шығарады. Қараңдар, мен қазір отсыз түтін шығарамын. - деп екі таяқшаны бір - біріне жақындатады. Сонда будақтаған қою ақ түтін пайда болады. Содан кейін түтін шығу себебін сурап немесе түсіндіреді.
Мүсәтір спиртіне батырылған таяқшаны концентрациялы тұз қышқылына батырылған таяқшаға жақындатып тигізгенде будақтаған ақ түтін пайда болады. Онда мынадай реакция жүзеге асады:
NH4OH+ HCI=NH4CI+ H2O
Будақтаған ақ түтін- аммоний хлоридінің майда түйіршіктері . Бұл тәжірибені цилиндрде де жасауға болады не екі ерітіндіге батырылған мақталарды тиістіру арқылы түтін түзілетінін көрсетуге болады.
Шақпақ қантты қалай жағуға болады?
Егер бір түйір шақпақ қантты спиртшамның жалынына ұстаса , ол балқып көмірленіп күйе бастайды, бірақ жанбайды. Ал қант балқыған кезде үстіне темекі күлінен сеуіп жіберсе , қант от алып , әдемі көкшіл жалынмен дыбыс шығарып жана бастайды. Оның құпиясы мынадай: Темекі күлінде шамалы литий тұзы болады, ол қанттың тотығуын тездетіп жандырады, яғни катализатор рөлін атқарады.
Резиналы жұмыртқа
Жұмыртқаның қабығы кальций карбонатынан тұратынын бәріміз жақсы білеміз. Сірке суын пайдалана отырып, жұмыртқаны қабығынан қалай тазалауға болатынына көз жеткіземіз. Ол үшін бір шикі және бір піскен жұмыртқаны аламызда екі стақанға салып, сірке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz