ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАН ТАРИХ ПӘНІН ШЕТ ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАН ТАРИХ ПӘНІН ШЕТ ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ

Оспанова А. К

ХХІ ғасыр білім мен ғылым саласының жаңа инновациялық жолымен даму ғасыры. Білімді шет ел тәжірибесін меңгере білген, өз ісінің білгір маманы ғана экономикалық өркендеу мен әлемдік бәсекелестікке қарсы тұра алмақ. Білім беру жүйесі тұтас алғанда экономикалық дамуға негіз болатын, халықаралық сұраныстарға жауап бере алатын маман даярлап шығаруды талап етіп отыр. Президент Н. Ә. Назарбаев 2015 жылға қарай жоғары табысты елдер қатарына ену міндетінен бастау алатын алдағы кезеңдегі мемлекет дамуының басты басымдықтарын айқындап берді. Сол басымдықтардың бірі, елімізде кадрлардың әлеуметтік-экономикалық, техникалық жүйелердің және технологиялардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады. Осы негізінде елімізде «Қазақстан Республикасы 2015 ж. дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының» жобасы даярланып, онда былай делінген: «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономикалық қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» [1] .

Қазіргі таңда жаңа заман талабына сай, жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды сақтай отырып тәрбиелеу білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашық мамандарды даярлау әрбір педагогтың жауапты ісі болып отыр. Жаһандану дәуіріндегі білім беру және оны дамыту - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі, сондықтан, білім- пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз ететін күрделі жүйе болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 - бабында да жаңа технологияларды қолдану ісі басты назарға алынған: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» [2] - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір ЖОО-да педагог маманның алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа әлемдік педагогикалық технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру.

Оқытудағы басты ұғым «Білім беру технологиясы» - білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып, арнайы ұйымдастырылған өзара қарым - қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз. Білім берудің технологиясына-оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады. Соған байланысты бүгінгі күнгі еліміздегі білім беру жүйесінің негізгі міндеттері - ол қазіргі заманғы талаптарға және қабылданған әлемдік стандарттарға сай келетін ұлттық білім жүйесін жасау және қалыптастыру мәселелері [3] .

Ал жаңа білім беру технологиялары дегеніміз - ол мәселелерге бағытталған білім беру және білім саласындағы тәжірибе мен инновациалық техника, білім берудегі интербелсенді (интерактивті) әдіс. «Интерактив» термині бізге латынның (inter -өзара, act- әрекет ету) сөз тіркесінен келген. Интерактивті оқыту тұжырымдамасы мен технологиясы интеракция (латын сөзі - interaction - өзара әрекет жасау, бір-біріне әсер ету) құбылыстарына негізделген [4] .

Интерактивті дегеніміз - өзара әрекет жасау немесе әлдебір нәрсемен (компьютермен), не болмаса әлдекіммен диалог құру, сұхбаттасу тәртібінде ой қабілетін білдіреді. Сонымен студент-компьютер-оқытушымен өзара әрекеті барысында білім алушылар шығармашылық қызметке үйренудің жаңа әдістері технологияларымен тез танысады. Студенттің дербес компьютермен тікелей өзара әрекет жасауы оқу - шығармашылық қызметінің бір түрі болып саналады. Яғни, студенттің компьютермен өзара әрекет жасауы, интернет желісіне кіруі, ондағы білім ресурстары мен технологияларын қолдануы: бейне және чат, электронды үкімет және пошта т. б. осындай әдіске орай интерактивті оқыту технологиясы құрамына бірқатар технологиялар енеді [5, 4] . Сонымен, интерактивті оқыту дегеніміз - бұл білім студенттің танымдық қызметін ұйымдастырудың арнайы формасы. Ол толыққанды нақты әрі болжанушы мақсаттарға ие. Оқытушы студентке дайын білім мен шешімдерді бермей, өз бетінше ізденуге баулу, яғни оқытушының бұл жердегі міндеті ізденушінің бастама көтеруіне қолайлы жағдай жасай білуі. Сонымен интерактивті оқыту - интерактивті оқыту әдістерін пайдалануды қарастырады. Бұл әдіс - ең алдымен оқыту барысында оқытушы мен студент арасындағы белсенді өзара әрекет, студенттің шығармашылық қабілетін дамыту, өнертабыс пен жаңалық ашу.

Заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, тарихты жаңа технология қолданудың бірі: Тарих сабағын ағылшын тілінде оқу жүйесі. Яғни, бұл оқытудың қандай тиімді жақтары бар десек: Біріншіден: студент төл тарихын шет тілінде оқи отырып, ағылшынша тілдік қоры көбейеді. Екіншіден, студенттердің шетел тілінде нәтижелі тілдік қарым-қатынас жасауына мүмкіншіліктер туғызады, үшіншіден, жаңа технология меңгеру ағылшын тілінде болғандықтан шет ел тәжірибесін толық қанды түсіне отыра, ғылымдағы ізденіс жолының кеңеюіне жол ашады. Төртіншіден, студент өз ойын ағылышын тілінде жеткізуге дағдыланып, өз мамандығына қатысты біршама термин сөздермен мол жұмыс жүргізуге мүмкіндік алады. Бесіншіден, студенттің ғылыми-зерттеу жұмысын жазу барысында шет елдік ғалымдардың еңбектерін қолдануға және халықаралық ғылыми журналдарға мақала жазуға өз пайдасын тигізеді. Осы аталғандарды схема жүзінде ұсынсақ. (Схема №1)

СХЕМА №1

Шет тілінде Қазақстан тарих пәнін оқытыдың артықшылықтары

Бұл оқытуды тарих сабағында қалай жүзеге асыруға болады? Оған басты негіз студенттердің тарихқа деген қызығушылығын арттыра отырып, сабақты интерактивті тақта көмегімен өтетін тақырыпқа қатысты тренингтер, дебат, топтық жарыс, дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар өткізіп оқытудың әр түрлерін қолдану. Сондай-ақ, университетке шет елден келеген ғалымдармен сұхбат өткізу т. б. Осы оқыту әдісі арқылы субьектінің (студенттің) мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыра отырып, шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану ағылшын тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.

Тарих оқу және қызығушылық танытқан студент үшін қызықты пән және әр азамат өз елінің қандай қиын тарихи жағдайлар барысында қалыптасып, бүгінгі тәуелсіздік күніне жеткендігін білу басты міндеті. Осы ұстанымды басшылыққа ала отырып, басты төмендегідей мәселелерге көңіл аударуымыз шарт: «Тарих сабағында оқулық, хрестоматия, тарихи құжаттармен үздіксіз жұмыс жүргізу және сабақта карта, сызба, диограммалар сызу, тарихи шығарма жазу, нақты бір тақырыптар бойынша жауаптар жоспарын құру, хронологиялық және сихрондық кестелерді толтыру, тарихи сөздіктер» жасау қажет. Сонда ғана пәнге деген қызығушылық, құштарлық дәріс сабағынан тыс студенттік жеке дербес жұмыс жасауына мол мүмкіндік туғызады. Студенттердің тарихи оқиғаларды аудио жазбалардың көмегімен ағылшын тілінде тыңдай отырып, фактілер мен құбылыстарды талдауға және қорытынды жасауға үйренеді. Материалды жете ұғынуға, байыбына жетуге мәжбүр етеді. Пәнді игергенде ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, студенттің ой-санасының ағылшын тілін барынша еркін үйренуге септігін тигізеді. Осы жүйені қолдана отырып білім беру оқытудың жаңа үрдісін ақпараттандыруда, педагогикалық міндеттерді шешуге негіз болады:

  • білім беруде көлемді ақпаратқа қол жеткізе алу; білім алуға мотивацияның жоғарылауы; өз бетінше жұмыс істеу; өзін-өзі бақылау және т. б.
  • жеке тұлғаны жетілдіру ( түлғаның ой-өрісі, эстетикалық тәрбие, зерттеу жұмысымен шұғылдану іскерлігін дамыту, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және т. б.
  • әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру (компьютерлік біліктілікті қалыптастыру, белгілі бір сала бойынша маман дайындау және т. б. )
  • оқу-тәрбие жүмысын жетілдіру (білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру, танымдық әрекеттің мотивін қамтамасыз ету, пәнаралық байланыстарды тереңдету және т. б. [6]
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет тарихы институты
Ағылшын тілін оқытуда интернет мүмкіндіктерін пайдалану
Пәнаралық байланыстар
Ағылшын тілі сабағындағы интернет-ресурстарын қолдану
ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС ПАЙДАЛАНУ
ГЕОГРАФИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
Оңтүстік Қазақстан кәсіби тарихшыларының мәртебесі
Шымкент қаласы тарихшы мамандарының кәсіби деңгейі
Оңтүстік Қазақстан кәсіби тарихшыларының мәртебесі (шымкент қаласы мектептері негізінде)
Қазақстанда CLIL екі тілде оқыту технологиясын қолдану ауқымдылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz