Әлем халықтарын классификациялау принциптері


Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Тақырыбы: Әлем халықтарын классификациялау принциптері
Орындаған: Базарбаев Дәулет
Оқу тобы: Ист-19-1
Қабылдаған: Сыдықова Жайна
2020-2021 оқу жылы
Жоспар
1. Кіріспе.
2. Антропологиялық топтау.
3. Тілдік топтау.
4. Шаруашылық-мәдени классификация.
Кіріспе.
Халықтардың арғы тегін анықтау үшін ғалымдар әр түрлі классификациялар жасайды. Қазақстанда халықтарды тілдік ұқсастықтарына байланысты классификациялау қабылданған. Этнологтар ондай ұқсастықтың олардың шығу тегінің ортақтығын көрсететінін айтады. Сондықтан тілдік классификация (лингвистикалық) этникалық та болып табылады.
Бұл классификация 3 сатыдан тұрады. Алғашқы (теменгі) сатысы - жеке халықтар. Екінші (орташа) сатыны тіл бойынша жақын туыстас халықтар тобы құрайды. Үшінші (жоғарғы) саты - әулет - тілдері бойынша туыстас халықтар тобын біріктіреді.
Дүние жүзі халықтарын этнографиялық зерттеп білу және сипаттау оларды ғылыми ттұрғыдан жүйелеп алу, негізінде жасалады. Классификациялау арқылы бір географиялық регионда екендейтін шаруашылық және әлеуметтік даму жағына бір деігейдегі мәдени белгілері ортақ халықтар мен халыөтар тобы айқындалады. Классификация негізінен алынған бұл белгілердің әрқайсысы белгілі бір этникалық құбылыстарды зерттеу кезінде маңызды. Мәселен туыстың шығу тегі мен мәдениеті жағынан айқындау туыстас халықтарды классификациялауға мүмкіндік береді. Мұның өзі этникалық-генетикалық зерттеулерге негіз жасайды. Алайда халықтық толық сипаттамасын, оның дүние жүзінің басқа халықтарының арасындағы орнын тек анағұрлым мәнді және іргелі классификациялық белгілердің жиынтығы ғана бере алады. Бұлардың санатына географиялық анторпологиялық, тілдік және шаруашылық мәдени құрамдарды қосуға болады. Классификациялаудың басқа да мәселен, діни белгілерге қарай бөлетін жанама принциптері де бар. Сөйтіп, дүние жүзі халықтарын жүйелеу этностарды және оларға тән белгілерді сипаттайтын табиғи-ғылыми дәне әлеуметтік құбылыстарды классификациялау жиынтығын негізге алады.
Халықтарды классификациялаудың аталған түолерінің әтбірінің маңызын қарастырамыз.
Адамзатты олардың мекендеу жерлеріне сәйкес жекелеген таптар мен халықтарға бөлінуін қарайды. Алайда мұның өзінде бұл классификация олардың шығу тегін арашылық және әлеуметтік қарым-қатынастарының даму деңгейін, мәдени реңктерін ескермейді. Осы себепті де географиялық классификация халықтарды зерттеуден гөрі, оларды сипаттауда көбірек пайдаланылады. Сонымен бірге көршілес қоныстанған, халықтардың көп жағдайда шығу тегі ортақ және мәдениеті ұқсас болып келеді.
Дүние жүзі халықтарын классификациялаудың Совет этнографиясында қабылданған жалпы түрі мынадай:
Ресей халықтары Ресейдің Европаның бөлігі Сібір мен Қиыр Кавказ Орта Азия халықтары болып бөлінеді.
Шетел Азиясының халықтары бұл мейлінше жалпылама ұғым жәе шығу тегі, тарихзи тағдырлары мен мәдениеті жағынан тіпті әр түрлі саны жағынан 2 миллиард адаманан асатын халықтарды қамтиды. Содықтан оны дербес региондар түрінде Батыс, Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс және Орталық Азия аймақтарына бөлуге болады.
Африка халықтары. Африканы шартты түрде Шығыс, Батыс, Солтүстік және Оңтүстік Африкаға бөлуге болады.
Австралия мен Мұхиттық аралдардың халықтары бұл территория мынадай аймақмарға бөлінеді. Австралия және Тасмания Полинезия, Микронезия, Меланезия.
Америка халықтары Америка үш ірі аймаққа: Солтүстік Орталық және Оңтүстік аймақтарға бөлінеді. Шетел Европа халықтары.
Антопологиялық топтау.
Антропология адамдар арасындағы әр трүлі табиғи географиялық ортадағы олардың даму барысында қалыптасқан адамдар арасындағы айырмашылығын зерттейді. Бірінен -бірі недәуір алшақ жерлерде әр түрлі табиғи жағдайларда тұратын адамдар топтары арасындағы дене айырмашылықтары ғылымда нәсілдік айырмашылық деп атайды.
Нәсілдер тұқым қуалаушылық морфологиялық және физиологиялық мұра белгілері ортақ, белгілі шекте түрленіп отыратын тегі бір адамдардың тарихи қалыптасқан топтары болып табылады.
Нәсілдері айыруға болатын белгілер әүрлі болып келеді. Олардың кейбірі суреттемелі, басқалары өте-мөте арнаулы болады. Елеулі нәсілдік белгілердің қатарына шаштың формасы және үшінші шаш жамылғысының даму дәрежесі жатады.
Нәсілдік диагностика жасауда тері мен шаштың түсі (пигментациясы) бірталай мән атқарады. Мәселен: солтүстік Европа тұрғындарының кей топтарының пигментациясы әлсіз болады. Терісі мен шаштарының қара болып келуі Африкандықтардың басым бөлігіне тән. Оңтүстік Европаны мекендеуші халықтардың Азияның байырғы халықтарының недәуір бөлігінің шаштары қара бірақ пигментациясы анағұрлым ашық түсті болып келеді.
Нәсілдік белгі ретінде адамның бойына салмағы мен дене пропорциясына бірсыпыра аз мән берілді. Антропологиялық зерттеулер үшін көптеген арнаулы белгілер, гендер, қан группалары. Саусақ терісінің фиенттері (папилярлық фиенттер) тіс формалары туралы деректер және т. б. пайдаланып отырады.
Антропология әдетте шығ тегі жағынан өзара ортақ үлкен төрт нәсілді ажыратады. Олар: ЕВРОПЕЙД, МОНҒОЛОЙД, НЕГРОЙД және АВСТРОЛОЙД нәсілдері . алайда нәсілдік типтердің таралу территориясы бірімен бірі тоғысып жатады. Осының салдарынан ауыспалы, контактылы нәсілдер пайда болады. Оның үстіне ежелгі, сондай-ақ аралас нәсілдер де кездеседі.
Европойдтар бүгінгі кезде барлық континенттерді мекендейді және көптеген 2-ші қатардағы нәсілдерге бөлінеді. Европойдтар арасында ашық пигментті (ақсарылар) қоңыр пигментті (қараторылар) және аралас топтар (қара қоңырлар, қоңыр ақсарылар) көре түседі. Европойдтар кейбір аймақтарда негізінен алғанда Ресейде шетелдік азия мен америкада монглолйдтар мен аралас топтар құрайды.
Монғолойдтардың негізгі қоныстанған аймақтары сібір мен шетелдік Азия кей-кейде монғолойдтарға антропологиялық жағынан өзіндік ерекшелігі бар Американдық үндістерде де қосады. Монғолойдтық нәсіл континенттік тынық мұхиттың арктикалық немесе эскимостық тармақтарға бөлінеді. Монғолойдтар да аралас және ауыспалы типтерді құрайды. Контактылы топтарға Оңтүстік Азияның, полинезиялық және басқа нәсілдік типтер жатады.
Негройд нәсілінің таралу аймақтары африкада. Негройдтар африкадан шыққан адамдар ұрпағы Жаңа дүниеде кең таралған. Негройд нәсіліне негрлер негрилдер букмендер мен готтентоттар жатқызылады.
Австролойд нәсіліне Австралияның байырғы халқы папуастар мен меландиялықтар негритостар мен Оңтүстікшығыс Азия және Шри ланка аралдарының ішкі бөліктерін мекендейтін бойлары аласа веддойдтар жатады.
Негройд, австролойд және европолйд нәсілдері арасында көптеген топтар бар. Олардың қатарына Оңтүстік Азияның дравиттерін эфиоптарды америкадағы, африкадағы және жер шарының басқа да аймақтарындағы аралас топтарды қосуға болады.
ТІЛДІК ТОПТАУ.
Тілдік негіз дегеніміз ежелгі тайпалардың немесе халықтардың диалектілерінің нақтылы бірлігі, тұтас тілдер тобының (тілдік семьяның) қайсысы болсын сайып келгенде генетикалық жағынан соған барып тоғысады. Екі немесе одан да көп тілдер (тобының) бір тілдің эвалюциялық салдары болып табылса, онда олар тұтас тілдер деп аталады. Тұтас тілдердің жиынтығы тілдік семья ұғымымен белгіленеді. Мәселен, орыс тілін және ағылшын тілдері өзара тұтас тілдер болып саналады, өйткені олар ортақ индоевропалық тілдік-негізге болып тоғысады. Егер тіл тұтас этникалық территорияда дамитын болса, уақыт озған сайын оның әр түрлі аймақтарында диалектілер деп аталатын кейбір тілдік ерекшеліктер пайда болады.
Тіл тарихи құбылыс ретінде үздіксіз дамып, оның негізгі элементтері: граматикасы, лексикасы, фонетикасы өзгеріске ұшырап отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz