Этнология ғылымының тарихы


Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Тақырыбы: Этнология ғылымының тарихы
Орындаған: Базарбаев Дәулет
Оқу тобы: Ист-19-1
Қабылдаған: Сыдықова Жайна
2020-2021 оқу жылы
Жоспар
1. Кіріспе.
2. Этнология ғылымының пайда болуы мен қалыптасуы.
3. Шет елдерде этнологияның қалыптасуы мен дамуы.
4. Негізгі этнологиялық мектептер мен бағыттар.
5. Ресей және Кеңестік этнологиялық мектеп өкілдері.
6. Қазақстанда этнология мектебінің қалыптасуы мен дамуы.
7. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Этнология - қоғамдық ғылымдардың тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнология қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын, күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және отбасылық қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты ғыл. негізде зерттейді (қ. Тарихи этнография) .
Ең алдымен мынаған назар аударамыз: кез келген этнос (тайпа, жұрт, халық, ұлт) өзінің атын біледі. Атсыз, атаусыз этнос жоқ және болған емес. Бұл атау ғылым тілінде этноним (халықтар атауының жиынтығы) термині арқылы белгіленеді. Этнология тарихқа, философияға, лингвистикаға, археологияға ж. б. ғылымдарға сүйене отырып, осылардың бәрін қамти білуге үйретеді.
Этнография халықтардың арасынан деректерді жинаумен шектеледі де, ал этнология-сол этнографтардың жинаған деректерінің негізінде ғылыми еңбектер жазады деген түсініктерді айтады. Негізінде бұл ғылымның екі саласы. Этнография дегеніміз тарих ғылымының бір саласы болып, дүние жүзіндегі халықтардың қоғамдық тұрмысын жəне мəдениетін түбегейлі зерттейді жəне үйретеді. Халық болған соң оның өткені бар, сол өткенінің ізімен бүгінгі күні өмір сүруде. Жер бетіндегі басқа халықтар сияқты қазақ халқының да өзіне тəн мəдениет болмыстары бар. Мəдениетсіз халық болуы мүмкін емес. Əр халықтың мəдениеті мен шығу тегін зерттейтін ғылымның болғанына шүкір, ал қалған өзекті мəселелерді сол ғылым дами отыра шындықты уақыт өте келе ашатынына сенімдімін. Сондықтан адамзат эволюциясындағы осындай заңдылықтарды танып, білгеннен кейін кез келген халық қазіргі таңда əлемдік өркениеттің қай деңгейінде жүргеніне, халық болып қалыптасуының ертекештігіне, мемлекеттігінің көне-жаңалығына ұарамастан, өзінің шығу тегін, сол адамзаттың түпкі ортақ бастауынан шығып, ғұмырнама желісін үзбей, сабақтастыра жалғастырып, бүгінге жеткізіп жатуы заңды құбылыс. Кез келген ғылым саласы өмірлік қажеттіліктен туындайды, сол сияқты этнография-этнология ғылымдары да жер бетіндегі жұмыр басты пенделердің халықтық сипатын анықтатып, шығу тегін біліп, өткені мен бүгінінің жəне ертеңінің сабақтастықта болуы үшін де қажет.
КСРО ыдырай бастаған кезде ғана Этнология термині этнографияны ығыстырып шығарды. Сөйтіп, оның халықты танып білудегі рөлі нақтыланды. Этнология атауы этнос терминіне байланысты қалыптасқан. Антик. заманда эллиндіктер “этнос“ терминін грек емес халықтарға қолданған болатын. Э. термині 19 ғ-ға дейін кеңінен қолданыла қойған жоқ. Тек кей жағдайлардағы этногр. үрдістер мен құбылыстарды баяндау кезінде ғана қолданысқа еніп отырды. Антропол. ғылымдардың жалпы классификациясын жасап, оның ішінде Этнология ны бөліп, 1830 ж. алғаш рет көрсеткен француз ғалымы Жан Жак Ампер еді. Осыдан кейін еур. ғыл. жұртшылық осы терминді кеңінен қолдана бастады. Этнология ғылымының дербес пән ретінде ресми түрде қалыптасуы Париж этнологтары қоғамының құрылуынан (1839) басталады. Бұл оқиға пән және оның қоғамдық ғылымдардағы орны туралы қызу ғылыми-теориялық пікір-сайыстар туғызды. Кейбір мәселелерге қатысты сан алуан көзқарастар болғанымен, қазіргі таңда Этнология ның орны, пәні мен зерттеу әдістері, міндеттері, т. б. айқындалған. Алғашқыда Э. дамуы артта қалған, жазуы мен мемлекеттілігі болмаған халықтарды зерттеумен айналысып, бұл үрдіс 20 ғ-дың бас кезіне дейін созылды. Кейіннен түрлі саяси және экон. мүдделерге сай ғылымның ауқымы кеңейіп, бүгінгі күнге дейінгі мәселелер қарастырыла беретін болды. Жаңа тарихи жағдайларға байланысты қазіргі уақытта Этнология күрделі де сан салалы тармақтардан тұратын іргелі ғылымға айналды. Оған этн. антропология, этн. социология, этн. психология, экон. Этнология, этнодемография, этн. география, этнопедагогика сынды бірнеше бөлімдер кіреді.
Этнология ғылымы батыс дүниетанымының Х1Х ғасырдағы тарихынан бастау алады. Осы ғасырдың 1-жартысында теология - дін туралы ғылымның ықпалына байланысты «Табиғаттың мүлде өзгермейтіндігі» жөнінде көзқарас басым болатын.
Өткен өмір мағлұматтарын соңғы деректермен салыстыра зерттеп, этнолог халық тұрмысы мен мәдениетінің тарихи даму үрдісін анықтайды. Халық өмірінің өткен кезеңдерінің ең көне дәуірі палеоэтнология деп аталады. Мысалы, халықтардың шығу тегін зерттеуде Этнология үнемі археол. деректерге сүйенсе, археология өзінің зерттеу жұмыстарында археол. ескерткіштердің қандай этн. топтарға жататындығын анықтау барысында әр дайым этнол. деректерді кеңінен пайдаланады. Мәдениет және өнер тарихын, халықтың көркем-өнері мен ауыз әдебиетін зерттеу және халықтың дәстүрлі шаруашылығы мен кәсібін зерттеу Этнологияны толықтыра түседі. Халықтардың тілдеріндегі жақындықты зерттеу лингвистика мен Этнология мүдделерін жақындата түседі. Халықтар мен табиғи ортаның әсерін, қоныстану үлгілерін және этн. картографияны зерттеу ісі Этнологияны географиямен және дүние жүзі халықтарының санын есептеуге арналған демография пәнімен байланыстырады. Сондай-ақ халықтардың шығу тегін және алғашқы қауымдық құрылыс тарихын зерттеуде антропология ғылымы Этнологиямен ұштасып, этн. антропология саласын қалыптастырды. Этнология жоғарыда көрсетілген ғылым салаларымен тығыз байланыса отырып, ғылым үшін де, күнделікті тәжірибе үшін де аса маңызды көптеген сауалдарды шешеді. Мыс., жеке елдер мен бүкіл дүние жүзі халықтарының этн. құрамын және халықтың шығу тегі мен этн. тарихын, артта қалған халықтарда сақталған көне дәстүрлер қалдықтарының негізінде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық өмір мен мәдениеттің қандай болғандығына ғыл. талдау жасайды.
Этнология термині шетелдік тарихнамада кеңінен қолданылғанымен, кеңестік тарихнамада мүлдем пайдаланылмады. Себебі, мұнда Этнологияға бірегейлік сипат берілмей, оны этнография деп атады да, бұл ғылымды тарих ғылымдарының бір саласы ретінде ғана қарастырып келді.
Этнос теориясы мынандай ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты тұжырымдалды:
1. Бромлей Ю. В. Этнос теориясының очерктері. - 1983.
2. Токарев С. А. Проблема типов этнических лбщностей - 1964
3. Чебоксаров Н. Н. Проблемы типологии этнических общностей в трудах советских ученых - 1967.
4. Гумилев Л. Н. Этногенез и биосфера Земли - 1993.
Қазақстанда Этнологиялық ізденістердің дамуы ілкі замандардан бастау алған. Ерте темір дәуірінен басталған мол Этнологиялық материалдар ғасырлар бойы жинақтала берді. Қазақтар туралы нақтылы этнол. деректерді патшалық Ресей тұсында Қазақстанға келген орыс шенеуніктері жинастырды. Әсіресе, бұл салада П. С. Паллас, И. Г. Георги, И. П. Фальк, И. Г. Андреев, А. Левшин сынды зерттеушілердің еңбектері зор. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ Э-сына елеулі үлес қосқандар Ш. Уәлиханов пен Ы. Алтынсарин, М. Бабажанов болды.
Этнографиялық ғылым - білімінің жинақталып, өзалдына ғылым ретінде қалыптасуы өткен ғасырдың орта кезеңіне тура келеді. Бірақ этнографиялық деректер мен мағлұматтар ерте кездерден бері жинақталып, топтала берген. Х1Х ғ. екінші жартысында қазақ даласында көненің көздері Археологиялық комиссияның, Тарих мұражайының, Этнография институтының назарын аудара бастады. Осы кезде Талғар қаласының орнын, шеңгелдінің қираған үрдісін суреттеп, Ш. Уəлиханов Жетісу тарихының археологиялық ескерткіштері туралы маңызды жазбалар қалдырды 1, 334-339-бб. Ш. Уəлиханов белгілі шығыстанушы А. И. Левшиннің Қырғыз-қайсақ немесе қырғыз-қазақ ордалары мен даласы туралы жазбалар атты еңбегінің үшінші бөліміне айтарлықтай анықтау, түзету енгізген 2, 196-б. Мен ең алдымен өз халқымды, сонан соң россияны, одан кейін бүкіл адамзат баласын сүйемін - деген Ш. Шыңғысұлы қазақтың тұңғыш этнограф ғалымы жөнінде орыстың аса көрнекті ғалымы Н. М. Ядренцев былай деген: Чокан считал необходимым создание в родном краю серьезного народного воспитания не в виде школ для толмачей и других административных потребностей, а виде целой системы органов распространения европейской науки и гуманности. Шоқанның өмірбаянына байланысты күрделі мəселелердің бірі оның қоғамдық-саяси көзқарасы. 1985 ж. ол Гасфорттың Омбыдан Іле алатауына дейінгі сапарына қатысады. Бұл сапар қарапайым халықтың өмірін таныпбілудің басы болды. 1857ж. Ш. Уəлиханов Алатау қырғыздарына сапар тағы да сапар шегеді, онда көшпелі қырғыз халқының өмірімен, тұрмысымен бұрынғыдан да жақсы танысып, оның тарихын, этнографиясын зерттеуге мүмкіндік алады. Осы жолы ол қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны Манасты зор ынтаықыласпен жазып алды. Көршілес халықтардың тарихын, мəдениетін зерттеу Ш. Уəлихановтың өз елі - қазақ халқының ертедегі жəне орта ғасырлардағы мəдениеті мен тарихының беймəлім тұстарын анықтауына көмектесті. Алғашқы экспедициялар кезінде жинаған барлық материалдардыы терең талдап, салыстыра келіп, ол орта ғасырларда мұнда, əсіресе Іле алқабында отырықшылық кең таралған, Алмалық, Қонақай, Қайнақ жəне Алматы қалалары бүкіл сауда бойынша белгілі болған жəне Генуя көпестері Қытайға, қыпшақ елшілері ұлы ханға барған үлкен жолдың бойында бекеттер қызметін атқарған деген тұжырым жасаған 5, 530-б. Ш. Уəлиханов Ыстықкөлге экспедиция кезінде ғылыми деректермен қатар, көненің көзі ерте заман бұйымдарының құнды үлгілерін жинады. Ыстықкөлге барған сапардың күнделігі, Қытай империясының Батыс провинциясы жəне Құлжа қаласы, Қырғыздар туралы жазбалар деген аяқталған тарихи этнографиялық туындылары жоғарыда аталған сапарлардың нəтижесі болатын. Ш. уəлихановтың ғылыми қызметінің жаңа кезеңі 1858 ж. қашғарияға ұүпия сапары болды. Марко Поло мен иезуит Гоестен (1603 ж) кейін осы бір онша мəлім емес елге тұңғыш рет барған шоқан Алтышаһардың немесе Қытайдың НанЛу провинциясының шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы деген атақты еңбегін жазды. Еңбекті Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығыстанушы этнографтар жоғары бағалады жəне көп ұзамай ағылшын тіліне аударды. Ғылым, білімнің дамуымен жаңа географиялық жерлер ашылып, ол жерлердің халықтары жөнінде этнографиялық мағлұматтар көбірек жинала бастады. 1946 жылы қазақстан ғылым академиясының құрылуына байланысты, көптеген атқарылған жұмыстар Ш. Уəлиханов атындағы тарих археология, этнография институтының этнология бөлімі жүргізді. 1946 ж. Қазақстан археологиясының жəне этнологиясының дамуындағы жаңа жаңа кезеңнің басы болды. Құрылған бөлімнің алғаш ұйымдастырған экспедициясы (ОҚАЭ) болды, оны сол кезде академик Ə. Марғұлан басқарды. Бұл экспедиция осы кезге дейін Сарыарқадағы көненің көздерін үнемі іздестіріп, зерттеп келеді. Ə. Х. Марғұлан экспедициясының жұмысы жер аумағымен ғана емес, сонымен қатар зерттелетін ескерткіштердің хронологиялық диапазонының кеңдігімен де ерекшеленеді. Экспедиция неолит жəне энеолит дəуірлерінің тұрақтарын, Андронов жəне бегазы-дəндібай мəдениеттерінің қоныстары мен зираттарын, б. з. б. VII-I ғасырлардағы жерлеу ғимараттарын, түрік заманы қорғандарын, ортағасырлық қалалар мен қоныстарды тауып, зерттеді. Әлкей Марғұлан орта ғасырдағы Орталық Қазақстандағы көршілер елі ғана емес, сонымен қатар отырықшы жəне қала мəдениеті орталықтарының да бірі болғанын дəлелдеп берді. Мұнда Нұра жəне сарысу алқаптарында, Ұлытау етегінен қолөнерінің, сауда мен егіншіліктің орталықтары болған ортағасырлық мəдени дамыған айғақтары табылды. Ə. Марғұланның 20-шы жылдардың соңында жазылып, жарық көрген еңбегі Наймандар мен Адайлар (1929 ж. ) деп аталады. Бұл этнология институтының тұңғыш ғылыми еңбегі болып табылады. Шығыстану мен қолжазбалар институтының ғылыми зерттеуі Ə. Марғұланның Хандар жарлығы мен бəйзілерінің тарихи маңызы деген кандидаттық диссертациясынан басталады. Бұл қазақ ғылымындағы қыпшақтанудың негізін қалаған алғашқы зерттеу. Қазақ халқының эпикалық жырлары атты докторлық диссертациясы (1945) қазақ əдебиетінің тарихын жүйелеп зерттеудегі ұлы үрдіс. Ə. Марғұлан 1951 ж. ежелгі Қазақстанның қалалары мен құрылыс өнері тарихынан атты монографиясын жазды. Егер !. Марғұланның табандылығы мен ғылыми өрісі болмаса, онда біз Ш. Уəлихановтың 5 томдық шығармалар жинағын былай қойғанда Шоқанның негізгі еңбектерімен осы күнге дейін толық таныса алмас едік. 1951-1953 жж. жинақталған Саят құстары еңбегі этнография ілімінің негізгі арнасына іргетас болып қаланды. Алтайдан бастап Аштарханға, сарыарқадан бастап сарайшыққа дейін Ə. Марғұлан іздері сайрап жатыр. Археология мəдениетіне Беғазы- Дəндібай мəдениеті деген ұғымды енгізіп, мүлдем жаңа ғылыми тұжырым жасады. Ол қазақ халқының материалдық тарихынн тас дəуірінен бастау алғанын Орталық Қазақстандағы Беғазы, Саңғыру, Беласар қазбалары арқылы дəлелдеп шықты. Ə. Марғұлан Қазақстан жеріндегі көне сауда жолдары мен көш соқпақтарын байлай өтіп, кең-байтақ шөлді далалардан, құлазыған құмдардың ондаған жаңа археологиялық ескерткіштер тауып, оларды ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеп, ғылым əлеміне белгілі етті. Оның жан-жақты жүргізген этнографиялық зерттеулерінің нəтижесі 1950жылы басылып шыққан Қазақстандағы көне қалалар тарихы жайындағы көлемді монографиялық еңбегі болды. Ə. Марғұлан көп жылдар бойы қазақ халқының мəдениет тарихы жайында жұргізген сан қырлы зерттеулерінің нəтижесі есебінде ол 1945 жылы Қазақ халқының этникалық жыллары туралы докторлық диссертация қорғап, бірнаша ғылыми еңбектер жазды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz