Орта ғасырлардағы Африка елдері (Судан, Эфиопия, Шығыс және Тропикалық Азия)


Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Тақырыбы: Орта ғасырлардағы Африка елдері (Судан, Эфиопия, Шығыс және Тропикалық Азия)
Орындаған: Базарбаев Дәулет
Қабылдаған: Жұмаділдаев Мәулен
2020-2021 оқу жылы
Кіріспе.
Африка империялары - орта ғасырларда Африка құрлығында құрылған мемлекеттер мен мемлекеттік бірлестіктер. Ежелгі Африка елдерінің тарихы бұрын жүйелі де түбегейлі зерттелген жоқ. Солтүстік Африканың, әсіресе, Мысыр тарихы біршама тәуір зерттелгенімен, Сахараның оңтүстігіндегі халықтар тарихы әлі де толық мәлім емес. 20 ғасырдың 50 - 60 жылдарында жүргізілген археологиялық және палеонтропологиялық зерттеулердің нәтижесінде Африка құрлығынан таңғаларлық жаңалықтар ашылды. Ағылшын ғалымы Л. Лики Танзаниядағы (Шығыс Африка) Эяси көліне таяу жердегі Олдовай шатқалынан адам тәрізді тіршілік иесінің қаңқасын тапты (қазақша Африкантроп) . Тым қарапайым еңбек құралдарын пайдаланған бұл тіршілік иелері. Шығыс Африка, Солтүстік Африка, Кения аймақтарында, Сахарада осыдан шамамен 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Бұл жаңалық әлем ғалымдарына Африканы адамзат баласының алғаш дүниеге келген, эвол. жолмен жетілген мекені деп есептеуіне негіз болды. Солтүстік Африкадан тас дәуіріндегі дамудың барлық кезеңіне тән мәдени ошақтар ашылды.
20 ғасырдың басында неміс этнографы және антропологы Ф. Лушан бұл құрлықтың тұрғындары темір қорыту өнерін ерте меңгерген деген пікір айтты. Көне заман тарихының тағы бір айғағы - тасқа салынған таңбалар (ат жеккен арбаның суреті) б. з. б. 2-мыңжылдықтың орта кезін мегзейді. Б. з. б. 4-мыңжылдықта Ніл аңғарында Ежелгі Мысыр мемлекеті қалыптаса бастады. Оның мәдениетінің түп-негізі Африканың өз топырағынан нәр алған. Бірақ өркендей келе ол құрлықтың өзге елдерінің мәдени болмысынан оқшауланып, Алдыңғы Азия, Жерорта теңізі елдері мәдениетінің тарихымен тұтасып кеткен. Б. з. б. 2-мыңжылдықта қазіргі Судан Республикасының аумағында Куш мемлекеті құрылды. Ол б. з. б. 8 ғасырда Мысырды жаулап алды; оның үстемдігі ХХV (эфиопиялық) әулет деген атпен тарихта қалды. Б. з. б. 7 ғасырда ассириялықтар Мысырдан ығыстырғаннан кейін олар астанасын әуелгі - Напатуға, содан соң Мероэға көшірді, осында 1000 жыл мемлекет болып тұрған. Оны б. з-дың 4 ғасырында Аксум мемлекетінің (Эфиопия, Нумбия) патшасы Эзанның әскерлері жойды. 7 - 8 ғасырда Мысыр пен бүкіл Солтүстік Африканы арабтар жаулап алып, Араб халифатының құрамына енгізді. Мұсылман дінін ала келген арабтар іс басқаруды өз тілдерінде жүргізді де, жергілікті тілді ығыстырды. Бұл процесс 14 ғасырға дейін созылды.
Х―ХV ғасырлардағы тропикалық Африка.
Орталық жəне Батыс Суданның халықтары ежелден егін-
шілікпен айналысты, сахараның Оңтүстік шекарасында көшіп-
қонып жүретін малшы берберлер тайпасымен айырбас жасап
отырды. Батыс Суданның солтүстігінде, Сахель зонасында VІІ―VІІІ
ғасырларда халықтардың саяси бірлестіктерінің орталықтарына
айналған сауда пункттері ― Аукар, Мали, Томбукту, Уалата, Гас
қалыптасты. Бұл қалалардың бəрі Батыс Судан аудандарын бір-
бірімен байланыстыратын керуен жолдарының маңызды буындары
болды. Нигер, Сенегал, Гамбия, Гульбин, Сокото, Камадугу өзендері
де маңызды көлік-сауда жолдары болды.
Айырбастың басты заттары ауыл шаруашылығы мен мал
шаруашылығының өнімдері, тұз, алтын болды. Ал Батыс Суданның
Оңтүстігі алтын мен кола жаңғағына бай болды. Батыс Судандағы
айырбастың құралы кауридің қабыршығы, мыс жəне мата
қиындылары болды.
Нигер өзенінің жоғарғы жəне орта ағысы бассейнінде Гана,
Мали, Сонгай мемлекеттік /құрылымдар/ бірлестіктері қалыптасты.
Сенегал бассейнінде волоф, серер, тукулер, фульбе халықтары мен
тайпаларының мемлекеттік бірлестіктері пайда бола бастады. Чад
көлінің солтүстік жəне батыс жағалауында ортағасырлық Борну,
Канем мемлекеттері жəне Хаустың қала мемлекеттері құрылды.
Судан ― Африканың Солтүстік ендіктегі 8° дейінгі тарихи
облысы. Ол Атлант мұхитынан Эфиопия тауларына дейінгі аралықты
алып жатыр. Жалпы көлемі 5 млн. Км.
Батыс Суданның Атлант мұхиты жағалауы мен Гвиней шығанағы
ауданына түйісіп жатқан жерінде ерте орта ғасырларда Иоруба,
Бенин, Дагомея, Ашанти мемлекеттері қалыптасты.
Гана мемлекеті туралы алғашқы мəлімет VІІІ ғасырға жа-
тады. Оның этникалық негізін сонинке халқы құрды. Астанасы ―
Кумби ― Сале қаласы болды. ІХ ғасырда Гана сауда керуендерін
тонап, тыныштық бермейтін көршілері ― көшпелі берберлермен
жиі соғысып отырды. Берберлердің лемтун тайпасының көсемі
Тилутан Батыс Сахараның барлық берберлерін біріктірді. 919 жылы
Лемтундар билігі құлаған соң басшылық зенега тайпасына көшті.
990 жылы Гана зенегаларды жеңіп, олардың басты қаласы, маңызды
сауда орталығы Аудагосты алды.
Х ғасырдың басында Гананың саяси қуаты шырқау шегіне
жетті. 1054 жылы Мароккандық Альморавидтер мемлекеті Ганадан
Аудагост қаласын басып алды. Бірақ бұл Гананың Батыс Судандағы
үстемдік жағдайына нұқсан келтірген жоқ. Гананың 200 мыңдық
əскері болды, оның 40 мыңы садақшылар мен атты əскер еді.
Гана барлық Батыс Суданның Магриб елдерімен саудасындағы
үстемдігін сақтады. Оның аумағы арқылы сол кездегі барлық белгілі
сауда жолдары өтетін. Бірде-бір бер-берлер мен араб көпестерінің
керуендері Ганаға соқпай кете алмайтын. Саудаға түсетін бұйымдар
азық-түліктер, негізінен мыс, каур раковинасы, тұз, мата, финик еді.
Гана қазіргі Мавританияның Оңтүстік аудандарымен жүргізілетін
саудаға да бақылау орнатты. Гана үкіметі өз аумағы арқылы өтетін
барлық сауда керуендерінен кедендік салық жинап отырды. Араб
саяхатшылары мен көпестері Гана патшаларының байлығы туралы
таңғажайып аңыздар таратты.
Альморавид /қазіргі Мавритания, Батыс Сахара, Оңтүстік
Морокко/ сұлтаны Абу ибн-Омар Батыс Суданның Солтүстік
бөлігін басып алуға, сөйтіп онда Ислам дінін енгізуге тырысты. 1076
жылы ол Гананың астанасын басып ала алды. Қала талан-таражға
салынды. Көптеген тұрғындары тұтқынға əкетілді. Гана тункасы /
патшасы/ Менен өзін Альморавидке тəуелді деп мойындады, жыл
сайын салық төлеп тұрды. Мароккондықтар алтын өндірілетін
Бамбук ауданын басып алды.
Мароккандықтардың Ганадағы үстемдігі қысқа болды. 1087 жылы
Адрар ауданында көтеріліс басталды. Ол көтерілісті басу кезінде
Абу-Бекр өлді. Мароккандықтар Ганадан əскерінің басым көпшілігін
шығаруға мəжбүр болды. Бірақ шет ел басқыншылары Гана
державасына ауыр соққы болып тиді. Мароккандықтар қуылғаннан
кейін Гананың аумағы Аукар жəне Бассикуну облыстарымен ғана
шектелді.
Батыс Суданда тəуелсіз мемлекеттер пайда болды. Солардың
бірі Каньяга болды. Ол ХІІ ғасырда Гананың біраз жерін тартып
алып, қуатты Сосо мемлекетін құрды. Бұл мемлекет, күшейіп келе
жатқан Мали патшалығы сияқты, Ганаға қауіп төндіріп тұрды. Гана
Суданның Солтүстік бөлігінің сауда байланыстарының орталығы
болудан қалды. 1203 жылы Сосо патшалығы Гана аумағын толық
жаулап алды. 1230 жылы Батыс Судандағы ең ірі мемлекетке
айналып, барлық сауда керуен жолдарын өз бақылауына алды. 1224
жылы сауда жолдарының қиылысында үлкен Уалата қаласы салына
бастады.
Сосо мемлекетінің қауіпті бақталасы Мали болды. Мали
мемлекетінің қалыптасуы VІІІ ғасырға жатады. Малидің шека-
расы алғаш Шығыста Нигердің жоғарғы ағысымен, солтүстікте ―
Белдугу, батысында ― Бакай өзенінің жоғарғы ағысымен шектелді.
Мемлекеттің негізгі ядросы тароре, конате, кейта рулары
орналасқан солтүстік аудан болды. ХІ ғасырда билік құрып тұрған
əулет ислам дінін қабылдады. Бірақ халықтың басым көпшілігі
бұрынғы діндерінде қала берді. Арабтар мен берберлердің мұсылман
көпестері Малиге жиі қатынасып тұрды жəне үкімет тарапынан
қолдаушылыққа ие болып отырды.
Малидің экономикалық жəне саяси қуатының күшеюі ХІІ
ғасырдың екінші жартысына жатады. Бұл кезде Малидегі өкімет
билігі кейт руының қолына көшті. Бұл рудың көрнекті мемлекеттік
қайраткері, қолбасшысы Сундиата 1230―1255 жылдары патшалық
құрды. Оның кезінде қатаң тəртіпке бағынған күшті армия құрылды.
Алғашқы басқыншылық жорық нəтижесінде Мали өзіне Санкаран
мен Фута-Джаллон облыстарын қосып алды. Сонан соң Сундиата
Шығысқа жорық жасады. Оның барысында Нигер мен Бауле
өзендерінің аралығын жаулап алды.
Сундиата Сосо патшалығымен оның Оңтүстігін басып алу
үшін соғысты. Сундиата Белдугу мен Киринуды, Нигердің оң
жағасындағы Кениенко ауданын жаулап алды. 1235 жылы Кирине
маңындағы шайқаста Сосо əскері талқандалды. Сөйтіп, Сосо жерінің
едəуір бөлігі Малиге қосылды. 1240 жылға қарай Сундиатаның
қол астына барлық Сосо жері көшті. Сундиата мемлекеттің жаңа
астанасы ― Ниани қаласын салғызды. Ол Санкарани өзенінің оң
жағасында салынды /қазіргі Ниора қаласының маңында/.
Мали Батыс Судандағы ең күшті мемлекетке айналды. ХІІ
ғасырдың екінші жартысында Мали басқыншылық соғыстарын
жалғастырып, аумағын онан сайын кеңейтті. Көптеген əскери
қолбасшылар жаулап алынған жерлерде қалып, вассалдық
патшасымақтарға айналды. Мали империясының құрамына Батыс
Суданның ірі сауда жəне мəдени орталықтары ― Уалата мен
Томбукту да кірді.
Малидың басқа елдермен сыртқы байланысы кеңейді. Магриб /
Тунис ― Алжир ― Марокко/ пен Египет мемлекеттерімен жүйелі
сауда айырбасы қалыптасты. Малидың сыртқы саяси байланысы
да кеңейді. Марокко сұлтандарымен дипломатиялық қатынас
орнатылды.
ХІV ғасырдың екінші жартысындағы Мали тарихы мемлекеттік
төңкерістерге, ішкі талас-тартыстарға толы болды. Бұл жағдайды
оның көршілері пайдаланып қалуға тырысты.
Малидің басты бақталастыры Сонгай мемлекеті мен Моси
тайпасының мемлекеті ― Ятенга болды. Мали мемлекетіндегі
қоғамның негізгі ячейкасы патриархалды отбасы болды.
Оның құлдары мен ерікті қызметкерлері де отбасы мүшесі деп
есептелді. Осындай бірнеше отбасы ауылдық қауым-дугаға бірікті.
Патриархалды отбасының басшысы үстемдік етті. Онан соң кіші
отбасыларының иелері келесі сатыда тұрды. Ерікті қолөнершілер
мен диқандар қауымының қатардағы мүшелері саналды.
Қоғамдық иерархияның ең төменгі сатысында құлдар тұрды.
Құлдың келесі ұрпақтары ерікті қызметкерлер қатарына қосыла
беретін. Қауымның қатардағы мүшелері, құлдар мен еркімен
жүргендер аптасына 5 күн патриархалды отбасының иелігінде
жұмыс істеуге тиіс болды. Қалған екі күнді өз үлестерінде істейтін.
Ол үлесінен түскен өнім өзінде қалатын. Жер бөлу, сот биліктері
патриархалды отбасының қолында болды. Қызметтері үшін
əскербасылары, жауынгерлер ел басшыларынан алтын, жер алып
отырды. Жері үшін қызмет атқаруға міндетті болды.
Ортағасырлық Малидің шаруашылығы натуралды болды. Мали
қауымдарында қолөнершілер тобы болғанымен, басқа қауымдармен
тауар айырбасы қажет болмады. Жергілікті рыноктар болғанымен
олар шағын аудандар көлемімен шектелді. Томбукту мен Дженне
- Малидің маңызды сауда жəне қолөнері орталықтары болды.
Қалаларда солтүстік африкалық көпестер мен мұсылман-діндарлар
да тұрды. Олар жеке кварталдарда тұрып, өздерін-өздері басқарды.
Сонгай мемлекеті
.
Мали мемлекеті əлсіреген кезде Сонгай
мемлекеті күшейе түсті. Сонгайлықтар Малидың шығысында тұрды.
Бірнеше ғасырлар бойы Мали патшалығына алым-салық төлеп
келді. ХV ғасырдың басында сонгайлықтар Малиден тəуелсіздігін
алды. Көрші тайпаларды бағындырып, сонгайлықтар өз биліктерін
Дженнеге дейінгі Нигер өзенінің орта ағысындағы аумаққа орнатты.
Мемлекет басында берберлік əулет тұрды.
Сонгай мемлекетінің күшеюі ХV ғасырдың ортасына, Али
Бер билігі /1464/ 1465―1492 жж. / кезіне жатады. 1468 жылы Али
Томбуктуды басып алды. Жеті жылдан кейін ол ірі сауда орталығы
Дженнені басып алды. Али Бер 1492 жылы кезекті бір соғыс кезінде
қаза тапты. Оның баласы Бакари-Дааның билігі ұзаққа созылмады.
Али Бердің əскер қолбасшысы, Сонинке тайпасының өкілі Мухаммед
Туре Бакари-Дааға қарсы шықты. Ол 1493 жылы Ангоо маңындағы
шайқаста Бакари ― Дааның əскерін жеңді. Сонгай астанасына кіріп,
өзін І-Мухаммед /1493―1528/ деген атпен патша деп жариялады.
Мухаммед күшті кəсіпқой армия құрды. Енді шаруалардың
жұмыстан қол үзуінің қажеті болмады. 1494 жылы Сонгай Диага
патшалығын қосып алды. Көп кешікпей Мухаммед Малидің ірі
провинциясы ― Багануды Сонгайға қосып алды. 1513 жылы
хаусандық Кацина мемлекеті жаулап алынды. Келесі бір хаусандық
мемлекет ― Кеббимен бітім жасады. 1515 жылы Агадес қаласы мен
оның облысы басып алынды.
Жаулап алынған жерлердің халықтары Сонгай үстемдігіне
қарсы көтеріліс жасап отырды. 1517 жылы Баганада бұрынғы Мали
патшасының əкімі Кама Кейт басқарған көтеріліс болды. Ол өте
қатаңдықпен басып тасталды.
Сонгай державасының қоғамдық құрылысы құлдықтан
феодализмге өту кезеңінде болды. Ел басшылары өз иеліктерінде
200―300 құлдан 1000 құлға дейін ұстады. Бірте-бірте бұл құлдар
басыбайлы шаруаларға айналып, өз қожайындарына натуралды
рента төлеп тұрды. Құлдардың 3―4-ші ұрпақтары ерікті шаруаларға
айналып отырды. Бірақ өзінің қожасына белгілі бір мөлшерде тəуелді
болды.
Қала тұрғындары еріктілер болды. Сонгай мемлекетінің астанасы
― Гао қаласында шамамен 75 мың адам тұрды. «Тарих аль-феташ»
деген Сонгай жылнамасының мəліметі бойынша Томбуктуда
əрқайсысында 50 жұмысшысы бар 26 тері илеу, т. б. шеберханалары
болған. Тіпті 100-ге жуық жұмысшылары бар шеберханалары
жұмыс істеген.
Моси тайпалары құрған мемлекеттер
. ХІ ― ғасырда Вольта
өзенінің бассейнінде өмір сүрген моси тайпаларының Уагадугу,
Ятенга, Фада-и-Гурма деген мемлекеттері құрылды.
Уагадугу мемлекеті 16 провинциядан құрылды. Уагадугу
мемлекетінің басшысына 5 провинция тікелей бағынды. Қалған
11 провинцияның басында жергілікті көсемдер тұрды. Өкімет
басшысының жанынан 16 кеңесшіден тұратын Кеңес құрылды.
Уагадугу, Ятенга жəне басқа да ірі елді мекендерде құлдар сататын
рыноктар болды. Құлдарды тек ауыр жұмыстарға ғана емес, ірі
əкімшілік қызметтерде де пайдаланды.
Моси тайпаларының екінші ірі мемлекеті Ятенга ХІІ ғасырда
құрылды. Оның негізін бұрынғы Уагадугуға вассалдық тəуелділікте
болған Зандома князьдығы құрды. ХІІІ―ХІV ғасырларда ол Сонгай
империясы мен Мали мемлекетінің тарапынан өз аумағын ұлғайтты.
Ятенганың астанасы Груси тауында болды /Ятенга қаласы/.
Ятенганың мемлекеттік, қоғамдық құрылысы Уагадугудағы
құрылысқа ұқсас болды. Əкімшілік аппараты Уагадугудың аппара-
тынан едəуір көп болды. Провинциялардың əкімдерін орталық
өкімет тағайындады. Ол қызмет əкеден балаға мұра ретінде қалып
отыратын. Провинциялардың бастықтары мосаи тайпасының
өкілдерінен ауылдардың бастықтарын тағайындады. Басып алын-
ған жерлерде сондай ауыл бастықтарынан басқа жергілікті ру
көсемдері де қосымша бастықтар болып тағайындалатын. Олар
«жер иелері», «жер қожалары» деп те айтылатын.
Ятенгада тұрақты салық жүйесі қалыптасты. Салықты тек
бағынышты нионьосе, само, диула, фульбе тайпалары ғана төледі.
Мосиліктер салықтан босатылды. Салықтар, сауда керуендерінен
алынатын кедендік алымдар астық, тұз, мал түрінде жиналатын.
Текрур, Джолоф, Фута-Торо мемлекеттері.
Сенегалдың орта
жəне төменгі ағыстарындағы облыстар мен қазіргі Мавритания-
ның оңтүстік бөлігі ежелден волоф жəне серер халықтарымен
қоныстанған болатын. Кейінірек мұнда фульбе тайпасы мен соларға
туыстас тукулерлер пайда болды. VІІІ ғасырда осы аумақта өз
билігін Футо-Торо облыстарына жəне волофтар мен серерлер
қоныстанған аудандарға таратқан Текрур мемлекеті құрылды. VІІІ
ғасырдың аяғына дейін Текрурде Саль əулеті билік құрды. Сол кезде
Текрур аумағында қалалық сауда орталықтары қалыптасты. Ол:
Атлант мұхитының жағасындағы Авлиль /тұз бен балық рыногы/,
Сенегал өзені бойындағы Сенеган. Бұл қала Текрур мемлекетінің
астанасы болды. Бұл қалада мата тоқу ісі дамыды.
ІХ ғасырдың басында Текрурде үкімет басына фульбалық Дьяго
əулеті келді. Фульбелердің Текрурдегі билігі ХІ ғасырға дейін
созылды. Тукулерлер көтерілісінің нəтижесінде өкімет басына
Манн əулеті келді. Бұл əулет Ислам дінін енгізді. Текрур өкіметі
Альморавидтермен одақ жасасып, оларға əскери отрядтар беріп
отырды. Сөйтіп Мароккандықтардың Ганаға қарсы соғыстарын
қолдап отырды.
ХІІІ ғасырда Мали патшасы Сундиата Сосо патшалығын
талқандаған соң 1250 жылға қарай сосолықтар Текрурге барып
паналады. Өкіметке қарсы тұрған күштерге сүйене отырып,
сосолықтар 1250 жылы Текрур мемлекетіндегі билікті басып алып,
оны жүз жыл қолында ұстады.
1350 жылы Текрурде Ндьядьян Ндьяйе басқарған волофтар
көтерілісі болды. Волофтар тəуелсіз Джолофтар мемлекетін құрды.
Əлсіреген Текрурмен соғыстың нəтижесінде волофтар бүкіл Фута-
Торо облысын өз мемлекетіне қосып алды. Джолоф мемлекеті өзінің
Сенегалдағы үстемдігін ХVІ ғасырға дейін сақтады.
1520 жылы Фута-Торолық Фульбе Джолофтың билігіне қарсы
көтеріліс жасады. Олар тəуелсіздігін жеңіп алды. Үкімет басына
келісімен көтеріліс басшысы Коли Галадио Бамбук патшалығының
алтынға бай ауданын басып алуға тырысты. Бірақ жеңіліп қалды.
Сонан кейін ол серерлерді Джолофтарға қарсы көтеріліске шығарды.
Джолофтар жеңілді. Галадио əулеті футо Тороны 1776 жылға дейін
биледі.
Ортағасырлық Текрур, Джолоф, Футо-Торо ерте феодал-дық,
қауымдық қалдықтардан айырылмаған мемлекеттер болды.
Қоғамның негізгі ячейкасы үлкен патриархалды отбасы болды.
Мұндай отбасылары аумақтық қауымдарға бірікті. Ал қауымдар
натуралды шаруашылық жүргізді. Бұл мемлекеттерде волофтар
мен серерлер тайпалары егіншілікпен, ал фульбе мен тукурерлер
тайпалары мал шаруашылығымен айналысып, бір-бірімен азық-
түлік айырбасын жүргізіп отырды. Бұл мемлекеттердегі аумалы-
төкпелі жағдайдың басты себептері əр діндегі отырықшылар мен
көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар арасындағы
қайшылықтар болды.
Хаусандық мемлекеттер.
Сонгай мемлекетінің Шығыс
шекарасынан Чад көлінің Батыс жағалауына дейінгі ұланғайыр
аумақта хауса тайпалары тұратын. Оларда таптық құрылыс
қалыптасты. Қолөнері егіншіліктен бөлініп шықты. Сауда да-
мыды. Хаусандық қолөнері жоғары дəрежеде дамыды, əсіресе мата
тоқу ісіндегі шеберлік өте жоғары болды. Хаусан маталары мен
теріден тігілген киім-кешек т. б. бұйымдары бүкіл Батыс Африкаға
тарап, Гвинея жағалауына дейін жетті. Хаусандық мемлекеттердің
əлеуметтік құрылымында /структура/ құл иеленушілік кең орын
алды. Құлдар еңбегі тек егіншілікте ғана емес, қолөнерінде де
қолданылды. Сонымен қатар Хаусандық қоғамда рулық құрылыстың
да қалдықтары сақталды.
Хаусандық жылнамалар жеке мемлекеттердің құрылуын VІІІ―Х
ғасырларға жатқызады. Хаусандар тарихында Даура, Кано, Зария,
Гобир, Кацина, Кебби, Вангара мемлекеттері елеулі рөл атқарды.
Хаусандық мемлекеттердің ішіндегі ең ірілерінің, экономикалық
жағынан жоғары дəрежеде дамығандарының бірі Кано болды.
Ол маңызды сауда жолдарының қиылысына орналасқан еді. Кано
тек Солтүстік Африкадағы Тунис, Ливиямен ғана емес, сондай-ақ
Оңтүстік Африка елдерімен де /Гана, Оңтүстік Нигерия/ қызу сауда
байланысын орнатты. Əсіресе Гонджа мемлекетімен /қазір Гана
аумағында/ кола жаңғағымен сауда кең орын алды.
Хаусан жылнамасы Кано мемлекетінің құрылуын ХІ
ғасырға жатқызады. ХІV ғасырда Кано мен басқа да Хаусандық
мемлекеттерде Ислам діні тарады. Ислам дінін негізінен үкімет
басшылары мен қала тұрғындарының біраз бөлігі қабылдады.
Ауылдық жерлерде анимистік сенім сақталып қала берді. ХІV
ғасырдағы Кано патшалығы басқыншылық соғыстар жүргізді.
Мысалы, Яджи /1349―1385/ патша коророфа тайпасына бірнеше
жорықтар жасады. Канаджеджи тұсында /1390―1410/ Кано əскері
біраз уақытқа Хаусандық мемлекеттің бірі ― Зарияны басып алды.
ХV ғасырдың бірінші жартысында Кано Борну сұлтанына
уақытша тəуелділікке түсіп қалды. Бірақ сол ғасырдың екінші
жартысында Жақып патшалық құрған /1452―1463/ кезде, кейін
Римфа патшаның /1463―1490/ тұсында Кано тəуелсіздігін қайтарып
алды. Бұл кезде Каноның экономикалық қуаты арта түсті. Жаңа
астана тұрғызылды. Зəулім сарайлар мен мешіттер салынды. Кано
тас дуалмен қоршалды.
Римфа патша Кацина мемлекетін басып алуға əрекет жасады.
Бұл екі мемлекет арасындағы соғыс үзілістермен 70 жылға созылды.
Бұл соғыстарды Сонгай патшалығы пайдалана қалды. Ол еш
қиыншылықсыз Кацина мен Зарияны ғана емес, Каноның өзін де
басып алды. Бұл үш мемлекет жарты ғасыр бойы Сонгайға алым-
салық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz