Қазақстанның қазіргі даму басымдықтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Баяндама

Тақырыбы: Қазақстанның қазіргі даму басымдықтары (приоритеттер контекстінде прагматизм философиясы

Орындаған:Адалбек Жарқынгүл
Қабылдаған :Игисинова Нураш

Өскемен-2021
Қазақстанның қазіргі даму басымдықтары (приоритеттері) контекстінде прагматизм философиясы
Елбасы өзінің Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында ХХI ғасырдағы ұлттық сананың өзгеруі бүгінгі қоғам дамуының басты талабы екенін көрсете отырып, оны экономикалық, саяси, рухани дамудың өзегіне, қозғаушы күшіне айналдырудың маңыздылығын атап өткен. Заман талабына сай біртұтас ұлт болу үшін Елбасы рухани жаңғырудың әдістемелік ұстанымдары мен қағидаларын, дүниетанымдық бағыттары мен құндылықтарын саралай отырып, өз көзқарасын оқырман назарына ұсынған.Елбасы бүгінгі радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және бола-шаққа жіті көз тіккен бағдар-лар керек. Адамның да, тұтас ұлт-тың да нақты мақсатқа жетуін көз-дейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады. Ең бастысы, олар ел-дің мүмкіндіктері мен шама-шар-қын мұқият ескеруге тиіс. Яғ-ни, реализм мен прагматизм ғана таяу он жылдықтың ұраны болуға жарайды деген ойды алға тартады. Сонымен, прагматизм идеологиясы - қазақ қоғамының басты қозғаушы күштерінің бірі, дүниетанымымыздың негізі, іс-қимылымыз бен ұста-ным-дары-мыздың, құндылықтарымыздың темірқазығы. Қысқаша айтқанда, рухани жаңғырудың бағыттарын айқындайтын өмір сүру филосо-фиясы. Ол бәсекелестікке қабілет-тілік-тің де, білім сапасы мен сал-та-нат құруын да, жаңа сана үлгісін де, өмір салтымыз бен адами қаты-настарымызды, санамыздың ашық-тығы мен өзгеру бағыты-мызды айқындайтын парадигмаға айналмақшы.
Өмірдің әрбір сәтіне сәйкес келу, өмір сүре білу үшін өзгере білу және соған сәйкес әрекет ету, оны ұлт-тың жиған тәжірибесімен ұш--тас-тыру практикалық фило-со-фияның өзегі десек те бола-ды. Елбасының прагматизм фило-со-фиясына назар аударып отыр-ған-дығының басты себебі де осында болса керек. Мақалада, ұлттың рухани жаңғыруының күре тамыры прагматизм ұстаным-дарының ұлт санасына сіңуімен тікелей байланысты екенін, ол үшін қанымызға сіңген, мен-таль-дық болмысымыздың сипа-тына айналған кейбір дағды-лар-дан арылу қажеттігі туралы ой айтылады. Солардың бірі - аста-төк ысырапшылдық, даң-ғой-лық, астамшылдық. Әу баста, бұл қасиеттен нарық құтқара-ды, ұлтты үнемшіл болуға, байлық-тың құны мен қадір-қасиетін баға--лауға үйретеді деген ой-пікір--дің де болғаны белгілі. На-рық заманының ширек ғасы-рын артқа тастасақ та, әлі сол ысы-рап-шылдыққа жол берудеміз. Үнемдеуді үйрене алмай келеміз. Ысырапшылдық - жеке тұлға, ұжым, әлеуметтік топ, тіпті мем--ле-кет деңгейінде көрініп отыр-ғаны мәлім.
Біздің әлі де болса, еңбекті, бай--лықты бағалай алмай жүр-гені-міз байқалады. Келген бай-лық адал еңбектің нәтижесі болса, маң-дай теріңмен келсе, мүм-кін ой-ланған болар ма едік? Байлық шашуды емес, жинауды, еселеуді, үнемдеуді қалайды. Бай-лықтың иесі мен киесі болады. Біздегі байлықтардың иесі бол-ған-мен, киесі жоқ. Киесіз байлық кетуге, шашылуға дайын тұрады. Абай сөзімен айтқанда, иттікпен тапқан малды, адам-шы-лықпен жұмсайтын уақыт жеткен тәрізді. Бұл - бүгінгі байлықты ұқсату мен жаратудың формуласы. Оның менталдық негізіне жататын қасиеттер - надандық, мақтаншақтық, жалған бақталастық пен бәсекелестік, шек-тен шыққан тұтынушылық пси-хология. Бұл жағымсыз қасиет жеке бастың деңгейі-нен асып, қоғамдық нормаға айна-лып бара жатқаны да белгілі. Руха-ни жаң-ғырудың менталдық кедер-гілері де осында.
Елбасының прагматизмнің жарқын үлгілерін бабаларымыз-дың өмір салтынан іздеп, оны бүгінгі өскелең ұрпақтың мі-нез-құлықтық негізі, іргетасы ретін-де қалыптастыру, бүгінгі ұлт-тық идеологияның басты ба--ғыт-тарының бірі екенін баса көр-сетуі өте орынды. Ұлт мента-ли-тетінде өзіндік орны бар құнды-лық-тардың бірі үнемшілдік, қана-ғат-шылдық. Соңғысы астам-шыл-дық пен ысырапшылыққа жол бер-меудің тегеріштері, тос-қауыл-дары. Кезінде Макс Вебер өзінің Протестанттық этика және капитализм рухы атты еңбегінде ысырапшылдық пен астамшылдыққа жол бермеуді протестанттық этикадан ізде-гені белгілі. Еңбекқорлық, тәр-тіп адалдық, үнемшілдік кәсіп--керліктің рухани негізі ре-тінде қарастырылып, олар-ды протес-тантизм дінінің өрке-ниет-тік дамуға қосқан үлесі ретін-де қарас-тырды. Адамдар бо-йы-н-дағы еңбекқорлық пен үнем-шіл--дікті тек протестанттық діни эти-ка қалыптастырды десек ар-тық айтқан болармыз. Осындай ас-там--шыл пиғылы үшін кезінде Макс Вебердің жоғарыда аталған еңбегін Люк Болтански, Эв. Кьяпелло, Хенрик Гроссман сын-ға алған болатын. Олай бол-са, еңбекқорлық, үнемшілдік, тәртіп, адалдық, кімге де болса ортақ қасиет. Ұлт мәдениеті неғұр-лым осы жоғарыда аталған құн-ды-лық-тарды адамдар іс-әре-кетінің негізі ретінде қалып-тастыруға ұмтылса, ықпалы мен пәрмені күш-ті болса, саналы түрде бағыт-тал-са, аталған құндылықтар сол--ғұр-лым адамдар санасы мен мі-нез-құлқында көрінері сөзсіз. Ел-ба-сы-ның ұлт менталитетінсіз, мә-де-ниетінсіз жаңғыру дегеніміз құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай деп отырғаны да осы.Астамшылдық пен ысы-рап-шылдыққа жол бермеудің озық үлгілері ұлт мәдениетінде, қазақ---тың мақал-мәтелдерінде, дүние-таны-мы мен философиясында сай-рап жатыр. Мәселен, Абай өзі-нің қарасөздерінде, ішсем, жесем, ұйықтасам деп туа-тын бала емес, көрсем, біл-сем, үйренсем деп туатын бала-ны тәрбиелеп, оны білімге, ғылым-ға үйретіп, жеңдіріп, қанағат-шыл-дық пен үнемшілдікке үй-рету керектігін талай айтқан болатын. Сонымен қатар, ол мақ-тан-шақтықтың түрлерін көр-сетіп, десін дейтіндердің демесін дейтіндерден озып кету себебін іздеп, оның түбі надандық екенін, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озбақ. Одан басқа нәрселерменен оздым ғой, демектің бәрі де ақымақтық, - деп, ой түйген болатын.
Бұған қояр тосқауыл қайда? Тосқауыл - білім мен тәрбиеде. Бірақ, бізде білім жалаң. Бұл оның қазіргі кездегі басты ерек-шелігі. Ол адам бойындағы ізгі-лік-ті еселеуге бағытталмаған. Ол үнемдеуді, рационалды өмір салтын құруды, соған сәй-кес мінез-құлық салтанатын ор-нық--тыруды үйретпейді. Себебі, қоғам-да тұтыну психологиясын наси-хаттайтын ұстанымдар ба-сым. Ол табиғат, жер, адам және қаржы-лық, технологиялық, эко-ло-гия-лық ресурстарымызды пай-да-ланған кезде көрініп жатады.
Бүгінде гуманитарлық білімсіз, шынайы ғылымсыз прагматизмді тек жалаң пайда табудың көзі деп түсінсек тағы да қателескен болар едік. Білім беру жүйесінде прагматизм шынайы шығармашылықтың негізі және адам ойының қозғаушы күші бола алмайтыны тағы белгілі. Ал, бола қалған жағдайда мұндай білімнен өзіндік ойлау, дүниетанымдық құндылықтар шет қалады, білімге деген тұтынушылық көзқарас қалыптасады. Бұл үрдіс, әсіресе, ақпараттық қоғамда кең етек алып отыр. Соның нәтижесінде, жастардың дүниетанымы мен санасы басқа, жат идеологиялық ағымдардың ықпалына тез түсуде. Олай болса, білім беру жүйесінде қазақы прагматизм адамдардың тұлғалық қасиетін дамыту арқылы жүзеге асуы тиіс. Ұлттық мәдениетіміздің асыл құндылықтары негізінде тәрбиеленген, ұлттың рухани тамырынан нәр алған адам ғана, мына аумалы төкпелі заманда өмір сүру үшін өзгере алады және заман ағымындағы өзгерістерді дұрыс қабылдай біледі.
Сондықтан да, білім беру жүйе-сінде тұлғаны қалыптас-тыру декларация күйінде қалмай, нақты тұрғыдан іске асуы тиіс. Ондай адам мақсатшыл, нәтижеге қол жеткізу үшін еңбектенетін, өз тағдырының иесі. Ол өз өмірін жоспарлай алатын, стратегиялық тұрғыдан болашағын болжай алатын тұлға. Абай: Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін отта-ған хайуанның бірі боласың; адам-шы-лықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлы-ның бірі боласың демеп пе еді? Қазақы прагматизмнің ерек-шелігі де осында. Елбасының праг-мати-калық философиясы осын-дай ойларға жетелейді.
Қазір прагматизм туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Сәнге айналды десе болады. Әуелі прагматизм ұғымына үңілейік. Прагматизм - іс-әрекет деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді мәдени айналымға ХІХ ғасырдың 70-жылдары американдық философ Чарльс Пирс енгізді. Басты қағидалары шындықты тиімділік тұрғысынан мойындау, нақты тәжірибе барлығынан да маңызды, бірдеңеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның сыртқы саясаты тұжырымдамасы (талдау, сипаттамасы)
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым - қатынас қандай деңгейде
ҚР индустриялды- инновациялық саясатының басымдықтары жайлы
Шағын бизнес
Қазақстанның банк жүйесіндегі қызметті талдау
Қазақстан экономикасы және оның әлемдік шаруашылыққа интеграциясы
Көші-қон
Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтағы Қазақстан
ПРЕЗИДЕНТТІК ДИПЛОМАТИЯ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСИ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
Пәндер