Х ғ. басынан 1917 жж. аралығындағы Қазақстандағы оқиғалар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

1-тапсырма. ХХ ғ. басынан 1917 жж. аралығындағы Қазақстандағы оқиғалар бойынша хронологиялық кесте құрастырыңыздар.

Жылы
Оқиға
Жылы: 1901-1905жж
Оқиға: Орынбор - Ташкент темір жолы салынды.
Жылы: 1902ж
Оқиға: Орынборда тұңғыш маркстік құпия ұйым құрылды.
Жылы: 1905-1907жж
Оқиға: Бірінші орыс біржуазиялық-демократиялық революциясы
Жылы: 1905-1906жж
Оқиға: Бірінші орыс революциясы
Жылы: 1905ж
Оқиға: Отарлық ұлт аудандарының «Сілкініп оянуына»негіз болған «Қанды жексенбі» болды
Жылы: 1905 ж 18-19 қазанда
Оқиға: Орынборда саяси шеру өтті.
Жылы: 1905жылы желтоқсанда
Оқиға: Оралда өткен съезде «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын» құру туралы шешім қабылданды
Жылы: 1905ж
Оқиға: «Қоныстандыру басқармасы» жерге орналастыру және егін шаруашылығының бас басқармасының құрамына енгізілді
Жылы: 1906ж
Оқиға: “Народная свобода” партиясының бағдарламасы қабылданды.
Жылы: 1906жылы 9 қарашада
Оқиға: Столыпиннің аграрлық реформасы.
Жылы: 1906-1912жж
Оқиға: П. Скрыплев пен П. Румянцев басқарған статистикалық экспедициялар Сырдария және Жетісу облыстарында қазақтардың шаруашылықтарына тексеру жүргізді.
Жылы: 1906-1913жж
Оқиға: Ақмола, Торғай, Орал және Семей облыстарына 430 мыңнан астам шаруашылық көшіп келді.
Жылы: 1911 жылы наурыз
Оқиға: Егін шаруашылығы министірлігі шығарған ерекше нұсқаулық бойынша Қоныстандыру басқармалары жеке иеленуге қолайлы жер телімдерін құру құқын алды.
Жылы: 1913 ж
Оқиға: «Қазақ» газеті жарыққа шықты.
Жылы: 1911 - 1915 жж.
Оқиға: «Айқап» журналы жарыққа шықты.
Жылы: 1916 жылы 25 маусым
Оқиға: 19 - 43 жас аралығындағы ер адамдарды тыл жұмысына тарту туралы жарлық шықты.
Жылы: 1916 жылы
Оқиға: Жетісу, Торғай, Сырдария облысы, Батыс Қазақстан, Ақмола және Семей облыстарында ұлт - азаттық көтеріліс болды.
Жылы: 1917ж
Оқиға: Алаш партиясының Орынборда құрылуы.
Жылы: 1917 жылы 27 ақпан
Оқиға: Ақпан төңкерісі болды.

2-тапсырма. ХХ ғасыр басындағы саяси қызметімен танылған немесе Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланған бір саяси қайраткер туралы шағын хабарлама жасап, өз ойыңыздыды білдіріңіз

Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы - 10 ақпан 1938, Мәскеу) - мемлекет қайраткері.

1916 жылы жазда қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде Рысқұлов оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі Меркі ауылына аттанды. Ол Меркіге келген кезде халық ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын. Ол Аққөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағдар сілтеді. Меркідегі көтерілістің өршіген кезінде Рысқұловты патша әкімшілігі тұтқындайды, бірақ оның іс-әрекетінен кінә таба алмай босатып жіберуге мәжбүр болады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Рысқұлов Меркіге оралып, онда «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. Осы жылы жазда Рысқұлов РСДЖП құрамына мүше болып қабылданды.

1918 жылы күзде Т. Рысқұлов Түркістан Республикасының Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалды. Аштықпен күресе отырып, халық арасында кең тараған жұқпалы ауруларды жою ісін ұйымдастыру, 1916 жылғы Әулие ата уезінде ұлт-азаттық көтеріліске қатысып, Қытайға ауып кеткен жерінен қайта оралған босқын қазақтарға азық-түлік көмегін көрсетуге күш салады. Т. Рысқұлов Түркістан АКСР аштықпен күресу жөніндегі Төтенше Орталық Комиссиясының қызметінде жүріп орасан жұмыстар жүргізді.

1924 жылы 23-31 мамыр аралығында өткен РКП (б) ХІІІ съезіне қатысады. Осы жылдың жаз айында Коминтерннің Монғолиядағы уәкілі болып жұмыс істейді. Тұрар Рысқұлов Монғол Халық Республикасында Коммунистік интернационалдың уәкілі ретінде тоғыз ай қызмет атқарды.

Қырықтан енді асқанда қыршын кеткен қазақтың тау тұлғалы - Тұрарына Қызыл империяның қатты өшіккені сонша, Тұрар Рысқұловты ату туралы бұйрыққа Сталиннің өзі қол қойыпты. “Халық жауы” деп айыпталған арыс 1938-ші жылдың 10-шы ақпанында атылды. Ал жұбайы АЛЖИР-де 18 жыл айдауда болды, ұлы Ескендір түрмеде көз жұмды. Тұрар Рысқұлов азап пен қиыншылыққа толы күрделі, бірақ сонымен бірге жарқын да өмір сүрді.

3 - тапсырма:

Көтерілстің Торғай ошағының ерекшеліктері
Ортақ белгілері
Көтерілістің Жетісу ошағының ерекшеліктері
Көтерілстің Торғай ошағының ерекшеліктері:
  • Көтерілісті

Ә. Жанбосынов,

А. Иманов пен Ә. Жангелдин басқарды.

  • Халық көп қатысқан орталығы
  • Бас сардар тағайындалды.
  • Әскери кеңес жұмыс істеді.
  • Әскер ондық, елулік, жүздік, мыңдыққа бөлінді.
  • Патша үкіметі құлатылғаннан кейін тоқтады.
Ортақ белгілері:

• Жеңіліс тапты.

• Отарлауға және импералистік саясатқа қарсы өрбіді.

• 19 - 43 жастағы ер азаматтарды тыл жұмыстарына алуға қарсы болды.

• Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды.

Көтерілістің Жетісу ошағының ерекшеліктері:

• Көтерілісті Т. Бокин мен Б. Әшекеев басқарды.

• 1916 жылдың тамызда отаршыларға қарсы қарулы күрес басталып кетті.

• Қырғыз, ұйғыр шаруаларымен бірікті.

• 347 адам өлім жазасына кесіліп, 578 адам каторга жұмысына айдалды, 129 адам түрмеге қамалды.

• Патша өкіметінің жазалау отрядына ұшырап, Қазанда толық жеңілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасым хан, Хақназар хан
Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959 жылдар)
Қазақ жастары мерзімді баспасөзінің тарихы (ХХ ғасырдың басы – 1940 жж.)
XX ғасырдың 20-30- жылдарындағы қазақ тіліндегі мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы
Шәкәрім және оның заманы
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.)
Қазақстандағы демографиялық процестер туралы ақпарат
Мұстафа Шоқай еңбектеріндегі тәуелсіздік идеясы
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz