Startup түсінігі. Startup-ты іске қалай қосады


Сабақтың тақырыбы: Startup түсінігі. Startup-ты іске қалай қосады?
Негізгі материал:
Соңғы бірнеше жылда IT Startup ұғымы өте танымал, сондықтан жиі талқылану үстінде
Startup деп кез келген жас бизнесті айтады және бұл термин ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде бұрыннан қолданылады. Ал XXI ғасырда бұл термин IT саласында көптеп қолданыла бастады - осыдан кейін IT Startup пайда болды.
Startup (ағылш. Startup company , Startup, тура аудармасы «бастап келе жатқан») - операциялық қызметінің қысқа тарихы бар компания. Алғаш рет «Startup» терминін америкалық кәсіпкер Стив Бланк енгізген және ол өзі 8 табысты Startup құрған.
Әлемге әйгілі Facebook әлеуметтік желісі бастапқыда Startup болды, бұған дейін мұндай ауқымды әлеуметтік желілер болмаған, сондықтан компания иелерінің ешқайсысы оның қандай табыс әкелетінін болжай алмады.
Пол Грэм - Y Combinator венчурлік (тәуекелдік) қорының негізін қалаушылардың бірі, ең қысқа және қарапайым тұжырым береді: «Startup = өсу». Әлемдегі Startup-тардың көпшілігі IT саласында ұсынылған, өйткені мұнда үнемі жаңа нәрсе ойлап табылып, жүзеге асырылып отырады.
Географиялық шектеусіз өсуге қабілеттілігі Startup-ты шағын бизнестен ерекшелеуге мүмкіндік береді.
Uber, Airbnb немесе Facebook сияқты сәтті Startup-тар тез қарқынмен дамып келеді, бұл бірнеше жыл ішінде Toyota немесе Siemens сияқты ауқымды компаниялардың қаржылық көрсеткіштеріне жетуі мүмкін.
Егер мысалдар келтіретін болсақ, әлемдегі ірі, танымал ең табысты Startupтар:
- Википедия;
- YouTube;
- Instagram;
- Twitter;
- Microsoft және т. б.
- сызба. Startup сипаттамалары
Startup өсу үшін құрылады және әдетте, «масштабталатын бизнес-моделі» бар, бес жылдан аз уақытта пайдаланушылар саны нөлден 100 миллионға дейін өседі.
Нақты өсу қарқыны Startup бизнес-модель тапқанша кең ауқымда өзгеруі мүмкін. Содан кейін өсу кезеңі аяқталады, бұл жаңа деңгейге, яғни жетілген бизнеске шығуды көрсетеді.
Мәселені шешудегі инновациялық тәсілStartup үшін жаңа саланы немесе бағытты ойлап табу міндетті емес, бірақ мұнда іске деген көзқарас бизнестің дәстүрлі үлгісінен түбегейлі ерекшеленеді. Мысалы, іздеу жүйелері Google-ге дейін де болған. Ларри Пейдж және Сергей Брин өз жобасының негізін салған алгоритм беттің мазмұнында ғана емес, оның беделіне де негізделген. Қарапайым интерфейс және релеванттық нәтижелер бәсекелестерді «артта қалдырды».
ИкемділікStartup идеясы шешуші мәнге ие, бірақ уақыт өте келе өзгеруі мүмкін. Егер алғашқы ой жақсы болмаса, Startup курсты түбегейлі өзгерте алады. Бұл бағытты 180°-қа ауыстыруға әзірлігі Startup-тың басқа үлкен және шағын бизнес кәсіпорындарынан айырмашылығын ашып көрсетеді.
Өсу үшін қаржыландыруStartup болашақта жылдам көтерілу мен жоғары табыс табуға кепілдік бере отырып, бастапқы кезеңдерде үлкен көлемді инвестиция іздейді. Жаңа идеялар венчурлік қорларға, инвесторларға ұсынылады, жоғары тәуекелдерді қабылдауға дайын инвесторды табу мақсатында Startup биржаларына қойылады. Қаржыландырудың негізгі принципі: Startup-шы дамуға ақша алған сайын, ол өз компаниясының бір бөлігін береді, ал инвестор ортақ иеленушіге айналады.
Инвесторларды іздеудің баламалы тәсілдері ретінде мамандандырылған конференцияларды пайдалануға болады. Жыл сайын бүкіл әлем бойынша осындай бірнеше конференция өткізіледі. Мысалы, Ескі Осколдағы конференция - Startup Village, ClickZ Live New York (Нью-Йорк, АҚШ), Pioneers 500 Festival (Вена, Аустрия) .
Startup-ты іске асыру бірнеше кезеңнен өтеді:Pre-seed
Бұл - ең бірінші кезең - жобаны жасаушылардың нақты қалыптасқан идеясы болады, бірақ оны қалай жүзеге асыру және дамыту, табыс әкелу туралы түсінік әлі пайда болған жоқ.
Seed
Бұл кезеңде әдетте нарықты зерттеу, одан әрі іс-қимылдардың егжей-тегжейлі жоспарын жасау және іске қосуға дайындық жүргізіледі. Осы кезеңде қажет болса, инвесторларды іздестіруді бастау мүмкін.
Инвестор - инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, мемлекет.
Прототип
Бұл кезеңде тек негізгі функциялар берілген жұмыс моделі құрылады.
Альфа-нұсқа (өнім / жоба)
Оның кемшіліктерін анықтау және оларды жою мақсатында өнімді тестілеу жүргізіледі. Сондай-ақ толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Жабық бета нұсқасы
Өнім (немесе жоба) одан әрі тексерілуі керек. Осы мақсатта өз пікірлері мен тілектерін білдіретін пайдаланушылардың шағын тобы шақырылады.
Ашық бета нұсқасы
Бұл кезеңде Startup-тың шығуы жүзеге асырылады - жобаны насихаттау және пайдаланушыларды тарту жүреді (шарттар жасалады, тауарлар мен т. б. сату жүргізіледі) . Кейбір жобаларды жасаушылар жоғарыда аталған бір немесе бірнеше сатыдан өтеді, бірақ мұны істеу ұсынылмайды, себебі ескерілмеген қателер жіберілуі мүмкін, олар кейіннен қаржылық шығындарға әкеп соқтырады.
Бекіту сұрақтары:
- Startup дегеніміз не?
Стартап немесе стартап-компания (ағылшыншадан start-up - іске қосу, бастап кету) - жуырда құрылып, дами бастаған немесе келешекті нарықтарды зерттеу кезеңіндегі компания. Көптеген интернет-компаниялар құрылған дот-ком көпіршігі (dot-com bubble) кезінде стартап термині кең тарала бастады. Жоғарғы технологиялар саласындағы жаңа жобаларды high-tech стартап деп жиі атайды. Бұл терминді барлық салаларға қолдануға болғанмен, IT және интернет-жобалар бағытында әйгілі болды. IT саласында жаңа пайда болып келе жатқан немесе құрылуы жоспарланған компанияларды стартап деп атайды.
- Startup-тың негізгі сипаттамалары қандай?
Жылдам өседі, Жаңа инновациялық жолдар арқылы дамиды, белгісіздік, өйткені ол жылдам көтеріліп дәл солай жылдам құлауы мүмкін, стартап белгілі бір мәселелерді инновациялық тәсілдер арқылы шешеді, Табыстылығы жиі өте жоғары болады және жобаны жүзеге асыру үшін инвесторлар арқылы қаржыланады.
- Startup-тың қандай даму кезеңдерін білесіңдер?
1-Pre-Seed stage (Дайындық кезеңі)
2-Startup stage (Қосылу кезеңі)
3-Growth stage (Өсу кезеңі)
4-Expansion stage (Ұлғаю кезеңі)
5-Exit stage (Шығу кезеңі)
- Қандай танымал Startup-тарды атап көрсете аласыңдар?
Uber-Американдық такси, жүк тасу, жеткізу сияқты қызметтерімен айналысатын стартап. 2009 жылы пайда болған ол аз уақыт ішінде АҚШ-тың негізгі такси қызметін көрсететін компанияға арналып басқа бақталастарын артта қалдырып, тіпті аңызға айналған сары таксилерденде танымал болып кетті. Бүгінгі күнде оның капитализациясы 104 миллиард доллар.
Facebook-ең бірінші болып осындай әлеуметтік желі болды. 2003 жылы оны Марк Цукерберг атты Гарвард студенті жатақханада жатып ескі компьютер арқылы программалап жай қызық үшін ашқан. Аз уақыт ішінде ол бүкіләлемдік үлкен сұранысқа ие әлеуметтік желіге айналып кетті. Бүгінде сол стартаптың арқасында Марктың байлығы 40 миллиард доллар үстінде ал Фейсбукка 3 миллиард яғни әрбір үшінші адам тіркелген.
Үй тапсырмасы
Тапсырма №1: Мәтіндік редакторды пайдаланып (SmartArt), әлемдегі танымал, табысты Startup-тарға талдау жасаңдар.
Tesla-Илон Маск ащқан электр арқылы жүретін көлік шығаратын компания. Ол 2003 жылы ашылсада бүгін электрокарлар маркетінде ең үздік және оларға ешкім жете алмай жатыр. Бұл компанияны Илон Маск ашқан. 2003 жылы оған ешкім сенген жоқ, электрокарлар ешқашан танымал болмайды деп ойлаған болатын. Бірақ аз уақыт ішінде ол электрокарлардың болашағы бар екенін дәлелдеп, бүгінде электрокарларды өте қатты дамытып, өте күшті көліктер шығарып, бүкіл әлемді тесла электрокарларына отырғызып қойды. Соның арқасында бүгінде Илон Маск әлемдегі ең бай адам және Тесла компаниясының капиталы 635 миллиард.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz