Текстиль өнеркәсібі салалары туралы түсінік. Текстиль өнеркәсібі шығаратын бұйымдар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Дәрістердің конспектісі

№1 дәріс. Текстиль өнеркәсібі салалары туралы түсінік. Текстиль өнеркәсібі шығаратын бұйымдар.

Текстиль материалдарының технологиясы дегеніміз - иірімжіп, ширатылған жіп, мата, тикотаж, беймата материалдары, және талшықтар мен жіптерден жасалатын басқа да текстиль бұйымдары өндірісімен қамтамасыз ететін процестер мен құрал-жабдықтар туралы білімдер жинағы.

Технологиялық процестердің сипаттамасы бойынша технологияны механикалық және химиялық деп екіге бөледі.

Текстиль өнеркәсібінің кәсіпорындары, иірімжіп, ширатылған жіп, мата, трикотаж, беймата жаймаларын және текстильді табиғи және химиялық талшықтар мен жіптерден жасалатын басқа да бұйымдар өндіреді.

Өңделетін текстиль талшықтары мен химиялық жіптердің түріне байланысты текстиль өнеркәсібін мынандай салаларға бөледі:

- мақта , мақта талшықтары немесе оның химиялық талшықтармен қоспасында алынатын біртекті жіп немесе ширатылған жіптерден жасалатын мақта және жартылай мақта маталарын өндіреді;

- жүн , әртүрлі жүн талшықтары (қой, ешкі, түйе және басқа да жануаралар) мен оның химиялық талшықтармен қоспасында алынатын біртекті жіп немесе ширатылған жіптерден жасалатын жүн және жартылай жүн маталарын өндіреді;

- зығыр , зығыр, жартылай зығырлы маталар, басқа да зығырлы талшықтардан жасалатын маталар, зығырлы ширатылған бұйымдар өндіреді;

- жібек , табиғи жібектің ширатылған жіптерінен алынатын жібек маталарын, жібек иірімжіптерін, химиялық ширатылған жіптер, химиялық талшықтардан алынатын иірімжіптер өндіреді;

Текстиль өнеркәсібінің кез-келген салалары, өндірістің мынандай түрлерінен тұрады:

1. Текстиль талшықтарын алғашқы өңдеу өндірісі .

- мақтаны тазартуға және мақтаның талшықтарфын ұрығынан ажыратуға және оларды бумаларға орауға арналған мақта тазалау зауыттары;

- жүнді жууға, оны сорттауға, қоспаларын жоюға, шайырын кетіруге және талшықтарды бумаларға орауға арналған фабрикалар;

- сабақтарынан талшықтарды ажыратуға және оларды тазалауға, бумаларға орауға жүзеге асырылатын зығыр талшықтарын алғашқы өңдеу зауыттары;

- кокондарды булау, оларды кептріру және жәшіктерге орауды жүзеге асыратын кокондарды алғашқы өңдеу зауыттары;

2. Иіру өндірісі - табиғи және химиялық талшықтардан иірімжіптің қалыптасуын қамтамасыз ететін механикалық және пневматикалық технологиялық процестердің жиынтығы. Өңделетін талшықтың түріне байланысты мақта, жүн, зығыр иіру және жібек иіру өндірістері бар.

3. Кокондарды тарқату және бірнеше коконды жіптерді бір комплексті жіптерге байланыстыруды жүзеге асыратын коконорау өндірісі.

4. Тоқымашылық өндіріс і - біртекті жіптерден немесе ширатылған иірімжіптерден, жібек және химиялық жіптерден матаның тоқылуын қамтамасыз ететін механикалық технологиялық процестердің жиынтығы. Мақта тоқымашылығы, жүн тоқымашылығы, зығыр тоқымашылығы, жібек тоқымашылығы өндірістерінің түрлері бар.

5. Трикотаж өндірісі - иірімжіптерден және химиялық жіптерден трикотаж жаймаларының немесе трикотаж бұйымдарының қалыптасуын қамтамасыз ететін механикалық технологиялық процестерінің жиынтығы.

6. Бояу-өңдеу өндірісі - бояуды, өрнек басуды және мата мен трикотажды өңдеуді қамтамасыз ететін химиялық, жылу және механикалық технологиялық процестер жиынтығы.

Жоғарыда атап өтілгеннен басқа текстиль өнеркәсібі өндірістерінің мынандай түрлері бар: беймата материалдар, ширатылған иірімжіп және жіп, тігін жіптері, көлемді иірімжіп және жіптер, мақта, перде, фасонды иірімжіп және жіп өндірістері.

Дәріс №2. Әртүрлі экономика саласындағы текстиль материалдарын қолдану. Тұрмыстық маталар.

Текстильсіз өмірді елестету мүмкін емес. Өмірде адамға үш нәрсе өте қажет: тамақ, киім, баспана. Осыларсыз өмір сүру мүмкін емес. Текстиль өнеркәсібі киімді дайындау үшін маталардың төрт түрін өндіреді: зығырлы, мақта матасы, жүнді, жібекті.

Маталардың ассортиментінде бірнеше ғасыр бойы өнделетін тұрақты топтары бар: мақта матасынын арасында - миткаль, бөз, сәтен; жүн матасынын арасында - шұға, трико және кашемир. Маталардың басқа топтары талшықтардың, иірімжіптер мен жіптердің жаңа түрлері, өңдеудің жаңа процестері, жаңа құрал-жабдықтардың түрлері пайда болу нәтижесінен әрдайым жаңартылып тұрады. Маталардың ассортименті екі үлкен топқа бөлінеді: тұрмыстық және техникалық маталар. Текстиль маталарды шығару көлемінің мақта матасының үстеме салмағы (60% жоғары) болады. Олар әртүрлі айқаспаларды, өңдеу түрлері, соның ішінде соңғы өңдеуді қолдану нәтижесінен безендірілуімен ерекшіленеді. Маталардың көбісін (80% жоғары) таза мақталарды және химиялық талшықтарды (вискозалы, лавсанды, капронды, нитронды) және жіптерді (вискозалы, ацетатты, капронды) қолдануымен өңдіріледі. Әртүрлі иіру әдісті иірімжіптерді қолданады - тарақты, кардты, аппаратты, ұршықсыз, жуандығы әртүрлі - 5, 9-200 текс дейін, еңі және массасы 60- 170 см дейін және 36- 700 г/м 2 дейін. Мақта маталар жоғары гигиеналық, жоғары берікті қасиеттерге ие. Олардан көбінесе жаздық киімдер, балалар заттары, іш-киімдер тігіледі. Олардың негізгі кемшілігі-жоғары мыжылуы.

Мақта маталар ассортименті әрдайым жаңартылып және кеңейтіледі. Мақта маталарының ассортименттерінің негізгі жаңартылу бағыттары:

- ұршықсыз иіру әдісті иірімжіпті, әртүрлі химиялық талшықтар мен жіптер қолдану, соның ішінде лавсан талшықтарымен (45-67%) аралас мақта иірімжіп, вискозамен жоғарымодульді талшықтармен (33%), фасаонды иірімжіпті арқауларын қолдану;

-үйде тоқылатынға ұқсас және құрылымы бос тоқылған маталарды өңдеу, жаккардты, комбинирлі айқаспаларды қолдану;

-аэрографты мөр басу, седеп (перламутровый) әсер, «күміс тәріздес», «қола тәріздес» пигментті мөр басуды қолдану арқылы көркемдік-колористикалық безендіруді жақсартылуы.

Тұрмыстық мақта маталарына келесілер жатады: матрацты, жастықтыс, корсетті маталар; іш-киімдік, көйлектік, жейделік маталар, жиһаз-декаративті маталар; костюмдік, плащтік, астарлы, төсемдік маталар.

Дәріс № 3. Техникалық маталар.

Техникалық маталар текстильді өнеркәсіптің барлық салаларымен шығарылады. Қазіргі уақытта олардың өндірісі әртүрлі мемлекеттерде шығарылатын талшықтардың жалпы көлемі 25-29% тұтынылады.

Техникалық мақта маталар әртүрлі ортада фильтрлеу және де авиа-, авто- мен велопокрышка дайындау үшін каркас түрінде, конвейрлі таспалар және приводты белдіктер, түтіктер, текстолит тәріздес конструкциялық материалдар және клеенка және т. б. қолданылады. Техникалық зығырлы маталарда ең маңыздысы кенептер, брезенттер және түтікті маталар болып таблады. Техникалық жүн маталарға төсемдер, фильтрлер, әртүрлі машиналардың біліктердің жамылғысы үшін шұғалар жатады. Жібекті маталарда негізінен елек (ситовые) түрінде қолданылады. Изоляционды материалдар түрінде шыныталшықтардан өңдірілген маталарды кеңінен пайдаланады, ал асбесті маталардан отқа төзімді бұйымдарды дайындайды, металды жіптерден (сым темір -проволка) термотұрақты торлар өндіріледі.

Қазіргі кақытта табиғи талшықтар (мақта, зығыр, жүн және жібек) техникалық маталарда химиялық болып алмастырылады, осы мақсаттар үшін талшықтардың қолдануының жалпы көлемінің үлесі әрдайым өсіп тұрады.

Көп өнеркәсіптік салаларда конвейрлі таспалар, тегіс және сына приводты белдіктерді, қысымды және сіңдіруші түтіктерді, фильрдерді, мембрандарды, тығыздағыштарды (уплотнители), пневомопроводтарды және желдеткіш құбырларда қолданылады.

Конвейрлер сусымалы немесе даналап жүктерді үзіліссіз тасымалдау үшін қажет. Әртүрлі конвейрлер қолданылады: жеңілден, жүнді сорттау үшін, ауырға дейін көп километрлі конвейрлерді, көмір немесе рудь мыңдаған кубометрлі тасымалдауда. Текстильдің массасы конвейрлі таспаларда 30%, шиналарда 10-25% құрайды.

Конструкционды материалдар, онда күш беретін оның элементтері жгут тәріздес, жіптер немесе маталарды, композиционды деп атайды. Егерде мақта матасын синтетикалық байланыстырушыларымен сіңдірсе, мысалы смоламен, және бірнеше қабатқа жинап, сол өңдеуден кейін материалдар алынады, оларды текстолит деп атайды. Текстолиттен шестернлар, шкивтер, втулкалар, түтіктер, сақиналар және т. б. дайындайды.

Дәріс №4 . Құрылыста текстильді материалдарды қолдану.

Қазіргі заманға сай негізінен құрылыста жабындысы бар маталарды қолданады. Құрылыста төрт негізгі конструктивті принципті қолданылатын маталар бар: ағаш немесе металды каркасты (тентовые) конструкциялар, ұстап тұратын тростардың конструкциясы, ауа тірегіш (пневмооболочки) және ауада жүретін (үрлемелі секциялар) конструкциялар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материалдардың классификациясы
Нарықтық экономика жағдайында персоналды басқарудың теориялық негіздері
Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамытудың қазіргі замаңғы жай-күйі
Франция мемлекеті туралы ақпарат
Туркия. Мемлекеттің тарихы
Франция экономикасы
Мақта - маталарын дайындаудың классикалық тәсілдері
Кәсіпорынның экономикалық стратегиясының үлгісі
Германияның еуропалық одақтағы рөлi мен ықпалы
Полиамидті талшықтарды алу технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz