Қазақ әдебиетін оқытуға байланысты методикалық проблемаларды зерттеу мәселесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

А. Көшімбаев

Қазақ әдебиетін оқытуға байланысты методикалық проблемаларды зерттеу мәселесі.

Арнаулы профильдік мамандық беретін гуманитарлық ғылыми пәндер сияқты (тіл, әдебиет, тарих т. б) әдебиетті оқыту методикасының да өзінің мақсат -міндетіне, мазмұнына байланысты шешетін арнаулы мәселелері бар. Ол- мектепте қазақ әдебиетін оқыту әдіс-тәсілдеріне байланысты методикалық проблемалар. Қазақтың әдебиет тану және тіл- білімі ғылымдарымен салыстырғанда, әдебиет методикасы- кеш ееқалыптасып, кенже дамып келе жатқан пән. Соның әсер, салдарынан болу керек, көп жылдан бері оның жоғары оқу орындарына арналған оқулығы болмай келді. Бұған біріншіден, мектепте қазақ әдебиетін оқыту методикасы жөнінде күрделі ғылыми- методикалық зерттеу (арнаулы эксперимент, бақылау т. б жұмыстарының) шабан жүруі болса, екіншіден, методист педагогтар мен алдыңғы саптағы әдебиет мұғалімдерінің баспасөзде жарияланған озат тәжірибелерін терең зерттеп, жинақтап ғылыми -методикалық қорытынды жасаудың жеткіліксіздігі себеп болды. Бұдан шығатын қорытынды: қазақ әдебиетінің ұлттық ерекшеліктері мен сөз өнері ретіндегі табиғи қасиет-сипатын есепке ала отырып, мектепте әдебиетті оқыту әдіс-тәсілдеріне арнаулы эксперименттік, бақылау, зерттеу жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру керек. Бұл мәселелерді ғылыми жолмен дұрыс зерттеп шешудің әдебиет методикасы үшін маңызы аса зор. Өйткені оның ғылыми пән ретінде өмірді орнықтырушы күші, оның перспективалық жолмен ілгері дамып отыруы, әдебиетті оқытудың әдіс-амалдарын бірден -бірге жетілдіріп отыру мәселелері жоғарыда айтылған методикалық проблемаларды шешіп, белгілі бір түйін, топшылаулар жасап, ғылыми-теориялық қорытындыға келумен байланысты. Демек, бұл- методиканың қайнар көзі, сарқылмас бұлағы болып табылады. Сөйтіп, методикалық проблемалар деп отырғанымыз- мектепте қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын әр алуан әдіс- амалдар мен тәсілдердің жиынтығы. Әдебиет сабақтарында нақтылы оқу- тәрбиелік процесте бұлардың дұрыс-бұрыстығын әдебиет тану, педагогика мен психология және басқа да туыстас, іргелес ғылымдарға сүйене отырып, ғылыми жолмен айқындап, негіздеп беретін тек қана әдебиет методикасы деп білеміз.

Мектепте әдебиет пәнін оқытуда, яғни әдебиет сабақтарында оқушыларға әдеби білім мен Коммунистік тәрбие беру ісін жүзеге асыруда, қолданылатын әдіс- амалдар мен тәсілдердің дұрыс- бұрыстығын бақылап зерттеудің әр түрлі

жолдары бар. Мысалы, арнаулы эксперимент жасау, Совет Одағындағы ұлт мектептерінің тәжірибелерін творчестволықпен пайдалану, оқушылардың жас, білім, ерекшеліктерін жүйелі түрде бақылап жан -жақты зерттеп отыру т. б.

Мектепте әдебиетті оқытудың ғылыми методикасын жасауда бұлардың әрқайсының өзінше атқаратын ролі, айрықша орны бар.

Эксперименттік әдіс. Бұл әдістің екі жолы бар:біреуін жай немесе жабайы эксперимент, екіншісін арнаулы ғылыми эксперимент деп атауға болады. Жабайы экспериментке әрбір мұғалімнің әдебиетті оқытудағы өз тәжірибесіне бақылау жасап, зерттеу жұмысын жүргізіп отыру жатады.

Әдебиет мұғалімі әрбір өткізген сабағына сын көзімен қарап, оның жетістік, кемшілік жақтарын есепке алып отыруға тиіс. Сабақты өткізуде қате-кемшіліктер қалай және неден кетті, себебі не- осыларды педагогикалық, методикалық тұрғыдан зерттеп, талдап, алдағы уақытта олаарды қайталамауды, сөйтіп, сабақтың сапасын арттыруды қамтамасыз етеді. Осының нәтижесінде әрбір әдебиет мұғалімнің оқыту тәжірибесі бірден -әдебиет мұғалімнің оқыту тәжірибесі бірден -бірге жетіліп, жинақталып, молая береді. Бұдан шығатын қорытынды: мұндай нәтижеге әдебиет оқытушысы өзінің өткізетін сабағына сын көзімен қарап, бақылауды дұрыс ұйымдастырғанда ғана жетеді. Егер де мектепте әдебиеттен сабақ беретін мұғалімдер екі не одан көп болса, осы сияқты тәжірибе сабақтарын өзге кластарда да жүргізуге болады. Параллель кластар болса тіпті қолайлы. Мұнда да жоғарыдағы сияқты нақтылы бір методикалық «проблеманы» шешу, соның дұрыс - бұрыстығын айқындау, сөйтіп, белгілі бір қорытындыға келу мақсаты көзделеді. Бұл, бір жағынан, мұғалімдердің өзара жұмыс тәжірибесімен алмасуы болса, екіншіден, әдебиетті оқыту әдіс- тәсілдерін жетілдіре беру жолындағы творчестволық ізденіс, толғаныс, эксперименттік жұмыс болып табылады.

Әрине, әдебиетті оқытуда әрбір мұғалімнің иөзіне тән даралық ерекшеліктері де бар. Бірақ мұның бәрі озат советтік педагогика ғылымына, методиканың теориялық ереже- қағидаларына негізделген болуы шарт.

Мектепте әдебиетті оқытуда орынсыз жаңашылдықтан, көрсе қызарлықтан аулақ болу керек. Сондай- ақ методикалық ой- өрісі тар, томаға тұйық өзі білген әдіс- амалдарымен оқыта беру (дұрыс-бұрысын өзі де білмейді) сияқты мінезден де сақтанған дұрыс.

Әрине, жеке мұғалімнің тәжірибесі арқылы ғылыми негізге сүйенген әдебиет методикасын жасау мүмкін емес. Алайда әдебиетті оқыту мәселесіндегі методикалық ой-пікірдің өрістеп дамуына, оқыту әдіс- тәсілдерін бірден- екі жетілдіре беру ісіне мұндай тәжірибенің де қосатын үлесі бар. Өйткені жалаң бақылау, жабайы эксперимент болып көрінсе де, оның ішкі сырында әдебиет мұғалімнің творчестволық өзінше ой -пікірі, жұмыс тәжірибесі бар. Міне, сондықтан да біз оның тәуір жақтарын ғылыми методикалық негізге сүйене отырып пайдаланамыз.

Ғылыми эксперимент. Бұл көбінесе эксперименттік сабақтар түрінде жүргізіледі, ғылымға негізделген әдебиет методикасын жасауда аса маңызды орын алатын бақылау, зерттеу әдістерінің бірі.

Арнаулы ғылыми эксперимент немесе эксперименттік сабақтарды маман кадрлары бар педагогикалық - методикалық кабинеттер, мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары, ғылыми -зерттеу институттары сияқты арнаулы мекемелер мен жоғары оқу орындарының арнаулы кафедралары ғана ұйымдастырып жүргізе алады. Сондай -ақ эксперименттік және эксперимент сабақтар жүргізілетін мектептің материалдық базасы, оқытушылар кадры,

оқу -құрал жабдықтары т. б сай параллель екі не одан да көп кластары болуы шарт. Міне, сонда ғана жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмысы біркелкі нәтижелі болып шығады.

Әдетте эксперимент жұмысын жүргізу үшін, әдебиетті оқыту методикасын нақтылы бір мәселе (проблема) таңдап алынады. Бұдан кейін жүргізілген эксперименттің нәтижесінде бұдан қандай қорытынды, байлау шығуға тиісті екені белгіленеді. Осыдан кейін эксперименттік жұмысты бастауға болады.

Эксперимент жүргізу үшін параллель екі класс алынатыны, олардағы оқушылар құрамы, олардың дайындығы бірдей болуы шарт. Мұның біреуі -эксперименттік класс, екіншісі- бақылаушы класс. Алдыңғысында күн тәртібіне қойылған жұмбаұ мәселені шешуге арналған эксперименттік тәжірибе жұмысы (сабақтары) жүргізіледі де, екіншісінде соның қаншалықты дұрыс-бұрыстығы тексеріледі, сөйтіп, нақтылы ғылыми- методикалық байлам жасап, белгілі қорытындыға келеді.

Бақылаушы кластағы сабақтың құрылысы мен мазмұны яғни жоспары, тақырыбы, мақсаты т. б эксперименттік кластағымен бірдей болады. Сабақ екі кластың екеуінде де әдеттегідей табиғи қалыпта жүреді және сабақтың мазмұнды, сапалы, қызықты, тартымды болып өтуіне баса көңіл аударылады.

Өйткені эксперимент оқушыларға әдеби білім беру, соның негізінде қонымды тәрбие берудің ғылыми дұрыс жолын тауып шешу үшін жүргізіледі. Сондықтан эксперименттік сабақтар шебер ұстаздардың әдетте өткізетін сабақтары дәрежесінде болуға тиісті.

Эксперименттік сабақтардың барлық көрінісін (құрылысы, мазмұны, барысы т. б) айқын түсіріп алатын нәрсе -стенография. Демек сабақ бастан -аяқ стенографияға түсіріледі. Бұған қосымша қажетті жағдайда магнитофон сияқты техникалық құралдарды да пайдалануға болады. Бұлар болмаған жағдайда фотозапись арқылы мұқият жазылып отырады. Бұл жұмыс аяқталып біткеннен кейін, эксперимент жасалған жұмбақ мәселенің қалай шешілгені талқыланады. Талдауда эксперименттік класс пен бақылаушы кластың нәтижесін салыстырғанда, бұлардың оқушылар құрамы, үлгерімі т. б сияқты ерекшеліктері есепке алынып, жалпы қорытындыға тиісті түзетулер енгізіледі. Екі кластың да сабақтарына қатынасқан адамдардың пікірімен қатар, оқушылардың сұрақтарға қайтарған жауаптары мен жазба жұмыстарының сапасы тексеріледі. Шыққан нәтиженің есебін алу формасы мүмкін болғанша әділ және дұрыс болуы қажет. Мүмкіндік бар жерде мұндай сабақтарды осы сияқты кластарда бір емес бірнеше мектепте қайталап өткізуге болады. Қайталау неғұрлым көп олса, одан шығатын нәтиже де отсительдік ақиқаттан абсолюттік ақиқатқа жақындай түссе соғұрлым одан шығатын қорытынды ғылыми жөнінен негізгі дәлелді бола бермекші.

Қазақ әдебиетінің оқыту методикасының ғылыми курсын жасауда қазіргі қазақ совет мектептерінің бай тәжірибесінен аса маңызды орын алады. Бұл бай тәжірибені зерттеп жинақтау, қорытындылау жұмысы бұдан былай да кезек күттірмейтін көкей тесті мәселелердің бірі болып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінің сарфы
Абайдың қай тап ақыны екендігі
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мектеп бағдарламасындағы тапсырмалар жүйесінің берілу жолдары
ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН БАСҚА ҰЛТТАРҒА ОҚЫТУ ТАРИХЫ, ЗЕРТТЕЛУІ
Бастауыш мектепте сан есім мен етістікті байланыстыра оқыту
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің зерттелуі
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихына үлес қосқан ғалымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz