Ботаника пәнінің міндеттері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

1 билет

1. Ботаника пәнінің міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы?

Ботаника өсімдіктер туралы ғылым. Ботаниканың жалпы міндеттеріне жекелеген өсімдіктерді және олардың жиынтығын, басқаша айтқанда өсімдіктер қауымдастықтарын жан-жақты зерттеу жатады.

Ботаника агрономия, топырақтану, орман шаруашылығы, геология, химия, зоология, өсімдіктердің физиологиясы, өсімдіктердің биохимиясы және биологиялық математика (биометрия) секілді ғылымдармен тығыз байланысты.

2. Өсімдік жасушасының бөліктері (цитоплазма, ядро, пластидтер) ?

Жасуша - тірі материяның негізгі құрылымдық және функциялық бірлігі болып саналады. Пішіні мен мөлшері жағынан өсімдік жасушалары әртүрлі болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жасушаларының орташа мөлшері 10-100 мкм аралығында болады. Өсімдік жасушасының пішініне қарай екі түрлі типі бөлінеді: паренхималық және прозенхималық. Паренхималық жасушалардың ұзындығы мен ені бірдей болып келсе, ал прозенхималық жасушалардың ұзындығы енінен бірнеше есе үлкен, созылынқы болып келеді. Ағзалар бір жасушалы, колониялы және көп жасушалы болып бөлінеді. Көп жасушалы ағзаларда жасушалардың бір-бірімен байланысуы пектин заттарының арқасында жүреді. Жасушалардың арасында ауамен толтырылған жасуша аралықтары деп аталатын қуыстар болады. Әрбір жасуша протопласт және протопласт туындыларынан тұрады. Жасушаның ішкі тірі бөлігі протопласт деп аталады. Протопласт цитоплазма мен ядродан тұрады. Жасуша қабықшасы мен вакуольдер протопласт туындыларына жатады, олар протопластың тіршілік әрекетінің нәтижесінде пайда болады. Жасушаның құрамында 60-90% су, 10-23% органикалық заттар және 2-6% неорганикалық заттар болады. Жасуша құрамындағы органикалық заттар конституциялық және эргастикалық болып бөлінеді. Конституциялық заттар органоидтардың құрамына кіріп зат алмасу процестеріне қатысса (ақуыз, липид, нуклейн қышқылдары, көмірсу), ал эргастикалық заттар органоидтардың тіршілік әрекетінің нәтижесі болып саналады, оларға ферменттер, уақытша зат алмасуға қатыспайтын артық қор заттар, зат алмасудың соңғы өнімдері, гормондар және жасуша қабықшасын түзетін заттар жатады. Алғашқы жасуша қабықшасы пектин заттары мен целлюлозадан тұрады. Алғашқы жасуша қабықшасында поралар бар. Осы поралар арқылы цитоплазманың нәзік жіпшелері өтіп жасушалардың өзара бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді. Плазмодесма арқылы байланысқан өсімдік жасушасының протопласты бір тұтас жүйе - симпласт түзеді. Цитоплазма - түссіз, жартылай сұйық қоймалжын зат. Цитоплазма матрикстен және органоидтардан тұрады. Жас жасушалардың іші қою цитоплазмаға толық болады, жасуша өсе келе оның ішіндегі жасуша шырынымен толтырылған қуыстар - вакуольдер пайда болады. Цитоплазма вакуольдерден тонопласт, ал жасуша қабықшасынан плазмолемма арқылы бөлінеді. Плазмолемма жасушаның сыртқы ортамен зат алмасуын реттейді, сонымен бірге жасуша қабықшасын құрайтын заттардың синтезделуіне қатысады. Цитоплазмада кездесетін негізгі органоидтарға эндоплазмалық тор, пластидтер, Гольджи жиынтығы, рибосомалар, лизосомалар, митохондриялар, сферосомалар жатады.

Жасуша ядросы - цитоплазмаға қарағанда тығыз, көбінесе пішіні жағынан шар тәрізді домалақ болып келеді. Ядроның негізгі құрылымдық бөлігі: ядро қабықшасы, ядро шырыны, ядрошықты-хромосомды комплекс. Жануар жасушаларымен салыстырғанда, өсімдік жасушаларының басты ерекшеліктерінің бірі - оларда пластидтерінің болуы. Пластидтер - ақуызды-липидті, әртүрлі пигменттерден тұратын заттар. Атқаратын қызметіне және құрамындағы пигменттерге байланысты 3 түрге бөлінеді. Хлоропластарда өсімдіктерге жасыл түс беретін хлорофилл пигменті басым болады, сондай-ақ ксантофилл және каротин пигменттері де кездеседі. Хромопластарда өсімдіктер мен олардың жемістеріне қызыл, сары немесе қызыл-сарғыш түс беретін каротин және ксантофилл пигменттері көп болады. Лейкопластар - түссіз пластидтер, құрамында пигменттері болмайды. Онда негізінен қорға сақталатын заттар жиналады. Қорға жиналатын заттар түріне қарай лейкопластар амилопластар (көмірсу), протейнопластар (ақуыз) және элайопластар (май) болып бөлінеді.

3. Тамырдың негізгі қызыметі

Тамыр өсімдіктің өстік, көп симметриялы жер асты органы. Ол ұзақ уақыттар бойы ұзындыққа шексіз өсіп отырады. Тамырдың ұшын тамыр оймақшасы қорғап тұрады. Тамыр еш уақытта жапырақ түзбейді. Оның бұтақтануы, бүршіктенуі ішкі жағынан басталады (эндогенді) .

Тамыр әртүрлі қызметтер атқарады: суды және онда еріген минералды тұздарды, кейде тіптен органикалық заттарды да топырақтан өз бойына сіңіріп, сабаққа жеткізіп отырады. Өсімдікті жерге бекітіп тұрады, кейбір органикалық заттарды синтездейді, өсімдіктің топырақтағы микроорганизмдермен (саңырауқұлақтармен, бактериялармен) байланысын қамтамасыз етеді, артық қор заттарының жиналатын орны болып табылады, өсімдіктің вегетативтік жолмен көбеюін қамтамасыз етеді.

2 билет

1. Ботаника ғылымының даму тарихы?

1. Ботаника ғылым ретінде осыдан шамамен 2300 жылдай бұрын қалыптасқан. Оның алғашқы негізін салған көрнекті, ертедегі грек философы Аристотель (біздің эрамызға дейін 384- 322 жж. ) мен оның оқушысы және жақын досы Теофраст болған (біздің эрамызға дейін 371-286 жж. ) .

Алғашқы рет клетканы бузинаның жабындық ұлпасын тозды зерттеу барысында ағылшын жаратылыс зерттеушісі Р. Гук көрген. Ол 1609 ж. Г. Галилей ойлап тапқан микроскопты жетілдіріп, оны өсімдіктердің органдарының жұқа кесінділерін зерттеуге пайдаланған.

Тек XIX ғасырда ғана клетка ішілік заттарға зерттеушілер көңіл аудара бастады. Бұл кезге дейін крахмал дәндері, кристаллдар, хлоропластар, клетканың тағы басқа бөліктері белгілі болған еді.

1831 жылы ағылшын ботанигі Р. Броун ядроны, ал 1839 ж. Чехия физиологы Я. Пуркинье - цитоплазманы ашты.

Өсімдіктер мен жануарлардың клеткалық қүрылысы туралы зерттеушілер жинақтаған көптеген фактілер неміс ғалымдары ботаник М. Шлейден мен зоолог Т. Шванға 1838-1839 жж. клеткалық теорияны ашуға мүмкіндік берді.

2. Өсімдік ұлпаларының жіктемесі?

Өсімдік ұлпаларының мынадай түрлері бар: жасаушы (түзуші), негізгі, жабынды, механикалық, өткізгіш, бөліп шығарушы.

Жасаушы ұлпалардың басты атқаратын қызметі, олар басқа ұлпалар түзілетін негіз болып саналады. Сондықтан да жасаушы ұлпалардың клеткаларының басты ерекшеліктерінің бірі, митоз арқылы үнемі бөлінуінде болып табылады. Өсімдік органдарында орналасу ерекшеліктеріне байланысты меристемалар төрт топқа бөлінеді: төбе, бүйір, қыстырмалы және жарақат.

3. Тамырдың түрлері(шығу тегі, пішіні бойынша) ?

Тамыр жүйесінің типтері:

А-кіндік тамыр жүйесі; Б-қосалқы тамырлар жүйесі; В-аралас тамырлар жүйесі:

3 билет

1. Ботаника ғылымының бөлімдері

Ботаника жалпы биология ғылымының негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады. Ол өз кезегінде бірқатар жекелеген ғылымдарға бөлінеді.

Өсімдіктердің морфологиясы - ботаниканың ең үлкен және ең ерте қалыптасқан бөлімдерінің бірі. Бұл өсімдіктердің және олардың жекелеген органдарының пайда болып қалыптасуының және әртүрлі тіршілік формаларының дамуының зандылықтарын зерттейтін ғылым.

Морфологияның дамуына байланысты, оның белгілерінің негізінде бұрынғыдан да көбірек маманданған ғылымдар пайда болды: цитология (клеткасының қүрылысының қалыптасуының зандылықтарымен дамуын зерттейді) ; гистология немесе анатомия (өсімдіктердің органдарын түзетін әртүрлі ұлпалардың қалыптасуын, дамуын және құрылысын зерттейді) ;

эмбриология (ұрықтың дамуының заңдылықтары мен құрылысын зерттейді) ; органография (өсімдіктердің органдарының, яғни тамырының, сабағының, жапырағының, гүлінің, жемісінің және т. б. мүшелерінің пайда болуын, дамуын және құрылысын зерттейді) ; палинология (тозандар мен споралардың морфологиясын зерттейді) .

Систематика - түрлердің алуан түрлілігін және осы алуан түрліліктің себептерін зерттейтін ғылым.

Өсімдіктердің географиясы (фитогеография) - ботаниканың ең үлкен бөлімдерінің бірі, оның негізгі міндеттеріне өсімдіктердің жөне олардың қүрлықтағы жөне судағы қауымдастықтарының (ценоздарының) таралуы мен белгілі бір кеңістікте қаншалықты жиілікте кездесетіндігінің заң- дылықтарын зерттеу болып табылады.

Фитогеографияның шеңберінде жекелеген пәндердің тұтастай сериясы бөлініп шықты. Оларға мыналар мысал болады: географияның тарихы - бұрынғы геологиялық кезеңдердегі өсімдіктердің таралу заңдылықтары туралы ғылым; фитоценология (геоботаника) - тарихи қалыптасқан өсімдіктер қауымдастықтары (фитоценоздар) туралы, олардың құрылыстары, дамуы, таралуы, пайдалануы және қайта жақсартудың мүмкіндіктерінің зандылықтары туралы ғылым. Фитоценологияның жайлымдарды, шабындықтарды, шалғындарды пайдалану мен жақсартудың ғылыми негізі ретінде маңызы зор.

Өсімдіктердің экологиясы. Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен тікелей байланысты (климатқа, топыраққа, рельефке және т. б. ), бірақта өсімдіктер өз кезегінде осы ортаны түзуге қатысады.

Өсімдіктердің физиологиясы - өсімдіктердің тіршілік процестерін, негізінен олардың зат алмасуын, қозғалуын, өсуін, даму ырғақтылығын, және т. б. зерттейтін ғылым.

Микробиология - негізінен бактериялар мен кейбір саңырауқұлақтардан тұратын микроорганизмдердің өмірлік циклдарын зерттейтін ғылым. Топырақ микробиологиясының жетістіктері ауылшаруашылық практикасында кеңінен қолданылады.

Палеоботаника - бұрынғы геологиялық кезеңдерде жойылып кеткен өсімдіктер туралы ғылым.

2. Жабын ұлпаларының қызыметі?

Жабын ұлпалар өсімдіктерді кеуіп кетуден және басқа да сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтау, өсімдіктердің сыртқы ортамен байланыс қызметін атқарады. Жабын ұлпалар өсімдіктің беткі қабатын жауып жатады. Жабын ұлпалар пайда болуына және клеткаларының құрылысына қарай үшке бөлінеді: өн (эпидерма), тоз және қабық.

3. Тамыр жүйелері?

Тамырлар жүйесі деп - бір өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын айтамыз. Тамырлар жүйесінің 3 типін ажыратамыз: 1-кіндік тамырлар жүйесі, мұнда ұрық тамыршасы ұзарып өсіп, бірінші реттегі өс - негізгі тамыр бұтақтанып одан екінші, үшінші және одан арғы түзетін жанама тамырлар тарайды. Осы ретте негізгі тамыр жүйесі қалыптасады. 2-ші кейде 3-ші реттегі жанама тамырлар өздерінің қуаттылығы өс диаметрінің үлкендігі, ұзындығы және орталықта орналасуы бойынша жанама тамырлардан айқын бөлектеніп, ерекшеленіп тұрады. Мұндай тамырлар жүйесі жоғары сатыдағы өсімдіктердің ашық тұқымдылар бөлігіне және жабық тұқымдылар бөлімінің қосжарнақтылар класының басым көпшілік өкілдеріне тән.

Екінші сызықша қосалқы тамырлар немесе шашақ тамырлар жүйесі. Мұнда негізгі тамыр жүйесі нашар жетілген, қосалқы тамырлардан көлемі жағынан айырмасы болмайды. Тамырлар жүйесінде қосалқы тамырлар қуатты жетіліп, басымдық білдіреді. Шашақ тамырлар жүйесі дара жарнақтыларға, әсіресе, астықтарға тән, ол сирек жағдайда қос жарнақтыларда кездеседі.

4билет

1) Жасаушы ұлпаның қызметі?

Өсімдік ұлпаларының мынадай түрлері бар: жасаушы (түзуші), негізгі, жабынды, механикалық, өткізгіш, бөліп шығарушы.

Жасаушы ұлпалардың басты атқаратын қызметі, олар басқа ұлпалар түзілетін негіз болып саналады. Сондықтан да жасаушы ұлпалардың клеткаларының басты ерекшеліктерінің бірі, митоз арқылы үнемі бөлінуінде болып табылады.

2) Тамыр аймағы бөліктері?

Тамыр ұзындығына, атқаратын қызметіне байланысты келесі аймақтарға бөлінеді: тамыр оймақшасы, бөліну аймағы, созылу (өсу) аймағы, сору аймағы, өткізгіш аймағы деп бөлінеді.

Тамыр оймақшасы

Тамыр оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады.

Бөліну аймағы

Бөліну аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортанғы, ішкі болып үш қабаттан тұрады.

Созылу (өсу) аймағы

Созылу (өсу) бөлімінің жас жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы бөлімде түзіледі.

Сору аймағы

Сору бөлімі өсу бөлімінен кейін орналасқан, қалың түктері бар бөлік. Тамы түктері тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы жасушаларының созылуынан пайда болады.

Өткізу бөлімі

Су мен онда еріген қоректі заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл бөлімде тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар дамиды.

3) Гүлдің құрылысы?

Гүлдің құрылысы күрделі болып келеді.

Гүлдің негізгі бөліктері болып аталық пен аналық есептелінеді. . Аталық саны мен пішіні әр түрлі өсімдіктерде түрліше болады. Астық тұқымдастарда аталық саны - 3, бұршақ тұқымдастарда - 10, ал крест гүлділерде - 6, сарғалдақ тұқымдастарда - шексіз көп болады. Аталықтың негізгі екі бөлімі бар: аталық жіпше және тозанқап . . . Аталық жіпшенің астыңғы жағы гүл кіндігімен, үстінгі жағы тозанқаппен жалғасады.

Аналық гүл түйінінен, мойыннан және аналық аузынан тұрады. . Аналық мойны - аналық аузының астында орналасқан бағана тәрізді созылынқы жоғарғы бөлігі. Барлық өсімдіктерде бола бермейді. Мысалы, көкнәр гүлінде жоқ. Аналық түйіні - аналықтың төменгі жағындағы томпайып біткен бөлімі. Гүл түйіні бір ұялы, екі ұялы немесе көп ұялы болуы мүмкін.

Гүлдің құрылысы

1 -гүлсағағы; 2-гүлтабаны3-тостағанша жапырақша; 4-күлте жапырақша; 5-аталық; 6-аналық

Билет 5

1. Механикалық Ұлпалар тіректік қызмет атқарып, жел, жаңбырға төтеп беріп, органдардағы жасушалар мен ұлпаларды, орган бөліктерін біріктіреді. Жасуша қабығының қалыңдап қатаюы, сүректенуі механикалық Ұлпаның анатомиялық ерекшелігінің бірі болып саналады.

2. Тамырдың бөліну аймағының қызметі?

Бөліну аймағы Өңдеу

Бөліну аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортанғы, ішкі болып үш қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабатындағы жасушалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді. Ортанғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабаттан орталық цилиндр түзіледі. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болады.

3. Аталық - гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі.

Аталық құрылысы

•Аталық жіпшесі

• Тозаңқабы

•Тозаңдары

Билет 6

1) Өткізгіш Ұлпалар өсімдік денесінде суды, минералдық, органикалық заттарды тасымалдау және органдарды біртұтас жүйеге біріктіру қызметін атқарып, өсімдіктерде түтікті талшықты шоқтарға жинақталады.

2) Сору аймағы - өсу аймағынан кейін орналасқан қалың түктері бар бөлік. Тамыр түктері тамырдың сыртын қыптап жатқан жұқа өң қабықшысының жасушаларының созылуынан пайда болады. Сору аймағы

өсіп келе жатқан жас тамырға тірек қызметін атқарады.

3) Аналықтың құрылысы

•Аналық аузы

•Мойыны

•Жатыны

•Тұқымбүршігі

Билет 7

1. Негізгі ұлпаның қызметі?

Өсімдіктің әртүрлі оргаңдарының негізгі бөлігін құрайтын ұлпаларды негізгі ұлпалар деп атайды. Сонымен бірге оларды орындаушы паренхима, негізгі паренхима, немесе жай паренхима деп те атайды. Негізгі ұлпалар клетка қабықшалары жұқа болып келетін тірі паренхималық клеткалардан тұрады. Бұл клеткалардың клетка аралық қуыстары болады. Паренхималық клеткалар әртүрлі қызмет атқарады. Оларда фотосинтез процесі жүреді, артық қор заттары жиналады, әртүрлі заттарды бойына сіңіреді және басқада қызметтер атқарады

2. Тамырдың созылу аймағының қызметі?

Созылу (өсу) аймағы Өңдеу

Созылу (өсу) бөлімінің жас жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы бөлімде түзіледі

3. Гүлшоғырының жалпы жіктемесі?

Гүлшоғырының екі типі болады: күрделі гүлшоғыры, бұл жағдайда гүлдер негізгі өстің тармақтарында орналасады және жай гүлшоғыры, бұл жағдайда гүлдердің сағағы болады, немесе сағақсыз тікелей негізгі өстің өзіне орналасады. Күрделі гүлшоғыры өстерінің ұзындыққа өсу ерекшеліктеріне қарай симподиальды (шектеулі) және моноподиальды (шектеусіз) болып екіге бөлінеді.

Билет 8

1. Өткізу бөлімі Өңдеу

Су мен онда еріген қоректі заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл бөлімде тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар дамиды

2. Күрделі симподиальды гүлшоғырының түрлері?

Монохазий, Дихазий, Плейхазий,

3. Раушангүлділер тұқымдасының сипаттамасы?

Түрлерінің саны 3 мындай (115 туыс), олар солтүстік ендіктің субтропикалық және қоңыржай климатты елдерінде кеңінен таралған, кейбір түрлері оңтүстік ендіктегі елдерде де өседі.

Раушангүлділер жалпы алғанда табиғи тұқымдас болғанымен, олардың вегетативтік және генеративтік оргаңдарының құрылысы алуан түрлі болып келеді. Өмірлік формалары - мәңгі жасыл ағаштардан шөптесін өсімдіктерге дейін (негізінен көпжылдық) болады.

Билет 9

1. Тамырдың өзгеріске ұшыраған түрлері?

Микориза түйнек

2. Күрделі моноподиальды гүлшоғырының түрлері?

Сыпыртқы гүлшоғыры. Қалқаншa гүлшоғыры. Күрделі масак. Күрделі шатыр.

3. Бұршақ тұқымдасының сипаттамасы?

Бұршақтар тұқымдасының 120 мындай түрі бар (490 туысы бар, олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты) . Бұлардың өкілдерінің көпшілігінің бұрынғы БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық, сонымен бірге солтүстік қоңыржай және салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер жабынының қалыптасуында маңызы аса зор. Негізгі өмірлік формалары: ағаштар, бұталар, көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер.

Билет-10

1) Тамыр жемістер кіндік тамырдан пайда болады. Олардың пайда болуына гипокотильде қатысады. Тамыр жемістерді мынадай бөліктерге бөледі: басжағынан - жапырақтары бар қысқарған сабақтық бөлігі; мойынға - гипокотильдің үлғайып өсуінің нәтижесінде түзелетін, тамыр жемістің ең жуан бөлігі; нағыз тамырға, одан жанама тамырлар кетеді. Әр түрлі өсімдіктердің тамыр жемістерінің мойнының ұзындығы әртүрлі болады.

Тамыр жемістері монокамбиалды - камбийдің бір ғана қабатынан және поликамбиалды - камбийдің бірнеше қабатынан тұратын болып келеді.

Монокамбиалды тамыр жемістердің біреулерінің тамыр жемістерінің көп бөлігін екінші реттік қабық алып жатады, осы жерде артық қор заттары жиналады (сәбіз), ал екінші біреулерінің екінші реттік қабығы кішкентай болады, ал тамыр жемістерінің көп бөлігін ксилема алып жатады, онда артық қор заттары жиналады (шалқан-репа) . Поликамбиалды тамыр жеміс қант қызылшасында түзіледі.

2) Шашақгүл. Гүлшоғырының өсінде орналасқан жеке гүлдердің сағақтарының ұзындықтары шамамен бірдей болады.

Масақгүл. Негізгі өсте орналасқан гүлдердің сағақтары жоқ, отырмалы болып келеді.

Сырғагүл. Негізгі өсі жұмсақ, оған орналасқан гүлдердің сағақтары болмайтын, төмен салбырап тұратын масақ. Гүлдеп болған соң мұндай гүлшоғыры әдетте түсіп қалып отырады.

Собықгүл. Негізгі өсі қатты жалпайған, құрылысы жай масақ секілді, сыртын жамылғы деп аталынатын бір немесе бірнеше орама жапырақтары жауып тұратын собық. Өстері қысқа болып келетін жай гүлшоқтары

Бұларға жататындар.

Шатыргүл. Гүл шоғырының негізгі өсі қысқарған, оның жоғарғы жағынан ұзыңдықтары бірдей болып келетін гүлсағақтар кетеді. Олардың әрқайсысы гүлмен аяқталады (пияз) .

Шокпарбасгүл. Бұл негізгі өсі қысқарған және аздап етженді болып келетін, ал оның үстінгі бетіне орналасқан көптеген жеке гүлдер не сағақсыз, отырмалы, не болмаса өте қысқарған сағақты болып келеді. Нәтижесінде жай шатыр гүлге ұқсас шоқпарбас гүлшоғыры түзіледі.

Себетгүл. Негізгі өсі табақша тәрізді болып жалпайған, оның үстінгі бетінде шетінен ортасына қарай ашылатын, тығыз орналасқан отырмалы гүлдері болады. Себетінің астынғы жағынан жоғарғы ұсақ жапырақтары черепица тәрізді болып жауып тұрады (гүлкекіре, күнбағыс) .

3) Алқалар тұқымдасының 2300-дей түрі бар (85 туыс) . Ортаңғы ендіктерде олар негізінен шөптесін өсімдіктер болып келеді. Сиректеу жартылай бұталар, кейде тіптен бұталар. Тропикалық елдерде, әсіресе Оңтүстік Америкада өрмелеп өсетін бұталары мен ағаштары басым болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады, жапырақ серіктері (қосалқы жапырақшалары) болмайды, жапырақтары жай, жапырақ тақталары тұтас немесе тілімделген болып келеді. Сабақтарында биколлатералды өткізгіш шоқтары болады. Гүлдері монохазий бұйра гүлшоғырына жиналған немесе жекелеген гүлден тұратын, көрінісі актиноморфты, көп жағдайда гүл түйінінің көлбеу орналасуына байланысты аздап зигоморфты болып келеді. Тостағаншасы 5-тісті, ал гүлдердің бірігуіне байланысты ол 4-6 ұялы болады. Күлтежапырақшалары бір-бірімен біріккен, дөңгелек, табақша, трубка тәрізді, немесе кең қоңырау секілді болып келеді. Күлтенің трубкасына, оның тістерімен кезектесіп, ішкі жағынан әрқайсысының басында 2-ден, сиректеу 4- тен тозаң ұясы бар 5 аталық жабысып өседі. Гинецейі ценокарпты, 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Гүл түйіні

жоғарғы, әдетте 2 ұялы, бірақта жалған перденің пайда болуына немесе гүлдердің бірігуіне байланысты ол 4-6 ұялы болады. Жемісі шырынды немесе қорапша (қауашақ), сиректеу сүйекті болып келеді. Көптеген түрлерінің көкөністік өсімдіктер ретінде (картоп, қызанақ, баклажан, бұрыш) шаруашылықтағы маңызы аса зор, ал кейбіреулерінің бойында улы алкалоидтары болады, оларды дәрі- дәрмек ретінде пайдаланады. Кейбір біржылдық түрлері сәндік өсімдіктер болып келеді.

Билет-11

1) Микориза. Тамырдың ұштарын олармен бірге симбиозда селбесіп өсетін саңырауқұлақтардың жіп шумақтарын (гифаларын) микориза деп атайды. Микоризаның үш типін ажыратуға болады: 1) сыртқы немесе эктот- рофты микориза, бұл жағдайда саңырауқұлақтың жіп шумақтары тамырды тек сыртынан тығыз қоршап тұрады; 2) сыртқы - ішкі немесе эктоэндотрофты микориза, бұл жағдайда саңырауқұлақтың жіп шумақтары тамырдың клеткаларына аздап еніп тұрады; 3) ішкі немесе эндотропты микориза, бұл жағдайда саңырауқұлақтың жіп шумақтары тек тамырдың клеткаларының ішінде өмір сүреді. Эктотрофты микориза көп жағдайда ағаштар мен бұталарда, ал эндотрофты микориза шөптесін өсімдіктерде болады.

2) Сыпыртқы гүлшоғыры. Сыпыртқы гүлшоғырының төменгі бүйірлік гүл беретін өркендері жоғарғыларына қарағанда жақсы дамып, күшті тармақталған болып келеді.

Қалқаншa гүлшоғыры. Қалқанша гүлшоғырының төменгі гүлдерінің сағағы жоғарғы гүлдерінің сағағына қарағанда ұзындау болып келеді. Соған байланысты гүлшоғырындағы гүлдердің барлығы бірдеңгейде орналасады (мыңжапырақ, түймешетен, тобылғының кейбір түрлері) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту әдістемесінің тарихы
Биологияны оқыту әдісі
Биологияны оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеті
Биологияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Геоботаника негіздері, мақсаты мен міндеттері. Геоботаниканың анықтамасы. Геоботаниканың басқа ғылымдармен байланысы. Геоботаника әдіснамасы
Половцовтың әдістемелік еңбектері
Биология пәніннің жүйесі және түсініктері
Экологиялық білім және оқу процессін экологияландыру
Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Оқулық пен оқу әдістемелік кешендеріне қазіргі кезде қойылатын талаптарды анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz