Критериалды бағалау жүйесінің алғы шарттары мен тарихи кезеңдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Критериалды бағалау жүйесінің алғы шарттары мен тарихи кезеңдері

Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің (Роберт Юджин Глейзер енгізген ұғым, 1963) нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл нормаға негізделген бағалаудан өзгеше. Нормаға негізделген бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының үлгерімімен салыстырылып қойылады.

Оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктері екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.

Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде жүреді. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан-ақ оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оны оқушылардың жетістіктерін өлшеп, алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады.

Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін/ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған соң оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.

Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады, алайда бағалау тәсілдері пәннің мазмұны мен ерекшеліктеріне байланысты ерекшеленуі мүмкін. Мұғалімдер қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың нәтижелерін оқушылармен арадағы кері байланыс үшін және оқу үдерісінің барысында ата-аналарға ақпарат беру үшін пайдаланады.

Бағалаудың барлық түрлері пән бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнына негізделеді. Бұл мәселеге қатысты толығырақ ақпаратты «Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық», «Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық», «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы», «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар» әдістемелік құралдарынан табуға болады.

Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде оқушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.

Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:

  1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
  2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдау жасау.
  3. Бірыңғай стандарттар және сапалы бағалау құралдары мен бағалау механизмдерін қалыптастыруға көмектесу.
  4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз негізде: - Білім алушыларға олардың білім сапасы туралы; - Мұғалімдерге оқушылардың оқу жетістіктері туралы; - Ата-аналарға балаларының оқу мақсаттарына қаншалықты жеткендігі туралы; - Басқару органдарына білім беру қызметінің сапасы туралы ақпарат ұсыну.

Критериалды бағалау қағидаттары: - Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы . Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты. - Шынайылық, анықтық және валидтілік . Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады. - Ашықтық және қолжетімділік . Бағалау түсінікті, айқын ақпаратты ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады. - Үздіксіздік . Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады. - Дамытуға бағытталғандық . Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.

Бұл қағидаттар қалыптастырушы бағалаумен қатар жиынтық бағалауда да анық көрініс табады.

Қалыптастырушы бағалау қағидаттары: - Оқу мен оқытудың бір бөлігі («оқу үшін бағалау») ; - барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген) ; - бағалау таңбаланбайды; - оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады; - әрбір оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі; - ҚБ нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшін қолданылады.

Қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалімнің қызметі: - оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анық жазады; - бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырма құрастырады; - тапсырмаға дескриптор құрастырады; 32

- оқушыларға тиімді кері байланыс ұсынады; - оқыту мен бағалау үдерісіне түзету енгізеді; Оқушы: - оқу үдерісіне белсене қатысады; - бағалау критерийлері мен дескрипторларды түсінеді; - өзін-өзі/өзара бағалайды.

Критериалды бағалаудың ерекшеліктері бойынша: Ықпалдастық. Венн диаграммасы бағалаудың оқыту және оқумен қалай байланысатынын, сыныпта оқыту мен оқуға қалай ықпал ететінін көрсетеді.

Мектеп аясында жүргізіледі. Мұғалімдер оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын да, жиынтық бағалауды да өздері әзірлеп, бейімдей алады.

ХХІ ғасыр дағдылары . Критериалды бағалау жүйесі ХХІ ғасыр дағдыларын қолдануға және дамытуға жетелейді.

Критерийге негізделуі. Критериалды бағалау жүйесінің негізгі ерекшелігі критерийдің оқушының оқу жетістігін бағалауға арналған негіз ретінде қолданылуы.

Қалыптастырушы бағалау Жоғарыда айтылғандай, мұғалім оқушылардың дағдысының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейі туралы ақпарат алу, оқу үдерісін түзету, оқушыларға кері байланыс ұсыну және оқушыларды ынталандыру үшін оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды жүргізеді.

Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары: қалыптастыру - тәжірибе жүзінде құндылықтар жүйесін белгілеу, қалыптастыру және бекіту; ынталандыру - оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді түрде алға ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай жасау; уәждеу - оқушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны ояту.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУДА БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ
Критериалды бағалау технологиясы
Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
Критериалды бағалаудың құрылымы
Окыту сапасын бағалау объектілері
Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі ретінде
Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері
Критерийлік бағалау жүйесі
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Педагогтардың кәсіби деңгейін бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz