Өсімдік өміріндегі судың маңызы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
3-лекция. Өсімдік өміріндегі судың маңызы. Өсімдіктің суды қабылдау. Тамыр қысымы. Өсімдіктердің жылауы мен гутациясы. Топырақтағы су түрлері.

Әр түрлі өсімдіктер суды түрліше қабылдайды. Төменгі дәрежелі сол сияқты суда өсетін су өісімдіктері клетка қабықтарының кутикулалары нашар болғандықтан суды сумен жанасқан барлық сыртқы бетімен сорып, суға қажеттігін өтейді. Бұлардан басқа атмосферадағы ылғалды ауа тамырлары арқылы қабылдап, тіршілік ететін өсімдіктер-эфипиттер бар. Бұл өсімдік тобына тропикада ағаштарда оралып немесе асылып өсетін, автотрофты қоректенетін, көптеген тұқымдасқа жататын өсімдіктер жатады. Мұндай өсімдіктердің ауа тамырларында жұқа қабықшалы қуыс клеткалары ауадағы ылғалды сорып, қабылдауға бейімделген.
Біздің елде өсетін шатырша гүлділер тұқымдасына жататын кейбір өсімдіктерде жапырақ қынабына жиналған жауын суларын қабылдауға бейімделген. Сол сияқты сор-сортаң топырақта өсетін сораң шөптің солерос жапырақтарындағы ұсақ түкшелері атмосферадағы ылғалды сорып қабылдай алады.
Басқа өсімдіктердің барлығы дерлік суға деген қажеттігін топырақтағы ылғалды тамырлары арқылы қабылдап, қамтамасыз етеді. Бірақ, өсімдік тамырының ұзын бойы түгелдей суды қабылдай бермей негізінен сору аймағындағы тамыр түкшелерінің клеткалары қабылдайды. Көп жылдық бұта және ағаш тектес өсімдіктердің сору аймағындағы түкшелер ғана суды қабылдап қоймай, тамырдың тоз қабығымен қапталған кәрі учаскелері де қабылдайды. Микоризаның болуы ағаш тектес өсімдіктердің су қабылдануын толық қарастырайық: тамыр түкшесінің ұшындағы клетканың су сору күші топырақ ерітінділерінің сору күшінен әрқашан артық болып келеді де, алғашқы клеткаға су протопласт арқылы өтеді. Келесі- жоғары жатқан клеткаларына судың өтуі, олардың су сору айырмашылықтарына байланысты болып келеді. сору күшінің мұндай айырмашылығын- сору градиенті деп атайды. Оның бағыты су ағынының бағытын айқындайды. Жоғары жатқан клеткалар су сору күштері әр клеткаға артқан сайын 0,1 атм. артып, су бір клеткадан сүзіліп, келесі клеткаларға көше салады.
Д.А.Сабининнің дәлелдеуі бойынша судың бір түрі клеткадан келесі клеткаға көшуі олардың су сору айырмашылығына және клеткалардың өткізгіштік қасиетінің айырмашылығына байланысты болып қана қоймай, бір клетканың екі жағындағы зат алмасу айырмашылығына да байланысты болады.
Бұл нобайда Б клеткасының А клеткасымен жанасқан жағында тургор түзуші қосылыстар көп болып, соған сәйкес клетка шырынының осмос қысымы артып, ал Б клеткасының В клеткасына жанасқан жағында реакция керісінше өтіп, осмос қысымы төмен болып келеді. міне, осыған байланысты бір клетканың сол жағының су сору күші күшті болып, оң жағының су сору күші төмен болып келеді де соған сәйкес су біржақты ағуға мәжбүр болады. Мұндай жағдай клеткада зат алмасу айырмашылығы жойылғанша жүре береді. Осылай клетка протопластары арқылы судың біржақты жылжуы өсімдік су сіңіруінің активті түрі болып табылады.
Судың мұндай активті жүру жолын- симпласт жолы деп атайды. Симпласт жолы өсімдік клеткаларында плазмодесмос жіпшелері арқылы жалғасып жатқан тұтас бір система.
Судың мұндай активті қабылданып жылжуымен қатар пассивті қабылданып, жылжитын болады, оны апопласт жолы деп атайды. Бұл кезде су клетка протопластары арқылы өтпей, клеткааралық қуыстар мен клетка қабықшаларындағы бос қуыстар арқылы жылжиды.

Өсімдіктің су қабылдауына сыртқы отра жағдайларының әсері
Өсімдікке және оның тіршілігіне сыртқы орта жағдайлары әрқашан әсер етеді. Ондай әсерді өсімдіктердің су қабылдауы кезінде де байқауға болады. Сыртқы ортаның ондай факторларына: температура, топырақ аэрациясы, көмірқішқіл газының концентрациясы жатады.
Өсімдік тамыры арқылы су келуіне, сыртқы орта температурасының күшті әсер ететінін 1864 ж. Ю.Сакс дәлелдеді. Оған тәжірибе жасау арқылы көз жеткізуге болады. Мысалы: темекі, қауын, асқабақ немес лобия сияқты өсімдіктің өсіп тұрған гүл құмырасының айналасындағы топырақтың температурасын төмендетсек, судың жеткілікті болуына қарамастан өсімдіктегі тургор төмендейді.
Оның бірнеше себебі болуы мүмкін:
1. Төменгі температурада судың жылжығыштығының нашарлауы;
2. Протоплазманың тұтқырлығы артып, оның суды өткізу қабілеті нашарлауы;
3. Өсімдік бойындағы барлық зат алмасуының баяулауы т.б.
Топырақ аэрациясының нашарлауы өсімдікке қабылдауын нашарлатады. Бұл кезде өсімдік тамыр системасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат, оның адам өміріндегі маңызы
Өсімдіктер физиологиясының даму тарихы
Жобадан күтілетін нәтижелер
Өсімдік ұлпасының түрлерінің жіктелуі
Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері
Топырақтың ылғалдылық қорын есептеу
Жапырақтарға жасыл түс беретін зат - хлорофилл
Тірі ағзалар мекен ететін негізгі тіршілік орталары
Балдырлардың экологиясының негізгі белгілері. табиғатта және адам өміріндегі маңызы
Табиғаттың адам өміріндегі маңызы
Пәндер