Әдеби ағымдар мен әдеби бағыттардың зерттелу тарихы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Филология факультеті

3 семинар

Орындаған: ҚТӘ 402 топ студенті
Досымбек Аружан

Алматы, 2021

Әдеби ағымдар мен әдеби бағыттардың зерттелу тарихын қарастыру
барысында батыс әдебиеттануының бұл категорияларды қажетсіз ұғымдар деп
тауып, тіпті мойындамауға дейін барғанын де ескеруіміз керек. Алайда уақыт
озған сайын әдеби-теориялық ой-пікір үнемі дамып отырып, әдеби кезең
ұғымы белгілі бір уақыттық өлшемді ғана білдірмейтіні хақындағы пікірлер
өрістеді. Әрбір дәуірде үстемдік еткен жетекші тенденцияларды әдеби кезең
терминімен түсіндіруге тырысушылық заңды түрде қайшылықтарға ұрынды.
Енді әдеби кезең атауы әдеби бағыттардың синониміне айналып бара жатты.
Мысалы, әдебиеттің бір онжылдыгы әдебиет тарихының екі немесе одан да көп
кезеңдерге сәйкес келетіні туралы көзқарастар байқалды.
Әдебиеттанудың теориялык мәселелерін терең каузаған профессор
Б.Майтанов Қазіргі қазақ прозасындағы модернистік және постмодернистік
ағымдар мақаласында М.Мағауин, Т.Әбдіков, Ә.Кекілбаев, Р.Сейсенбаев, Ә.Тарази шығармаларындағы модернистік сипаттарға тоқтала келе, қазіргі прозадағы Д.Амантай, А.Алтай, Р.Мұқанова, А.Ихсанов туындыларын аллюзия, реминисценция, интертекст, гипертекст, қара юмор, самопародия сынды
постмодернистік поэтикалық тәсілдер мен постмодернистік дүниесезіну модустары аясында қарастырады [23]. "Мағжан - символист" зерттеуі арқылы М.Жұмабаев поэзиясы негізінде символизм ағымына кеңірек карастырған әдебиетші Б.Қанарбаева Қазақ әдебиетіндегі модернизм (2010) атты оқу құралында ұлттық әдебиетімізде қылаң берген бірқатар ағымдарды саралайды. Социалистік реализмнің көленкесінде зерттеу нысанына алынбай келген символизм, сентиментализм, футуризм, акмеизм, сюреализм сынды ағымдар табиғаты қаламгерлердің түрлі бейнелеу тәсілдері мен образ жасаудағы өзіндік стильдік ерекшеліктері мен шеберліктері аясында айқындалып, ашылады. Әдебиетші алдыменен аталған ағымдардың шығу тарихы мен әлем әдебиетіндегі алар орнымен оқырманды таныстыра отырып, ұлттық әдебиетке қарай ойысады. Мәселен отандық әдебиеттегі футуризм ағымы осы ағымның бел баласы С.Сейфуллин поэзиясы аясында қаралады. Сәкеннің футуризмі авангардистік стильден
шыққанын, ақын жырларындағы қызылдар саясатының ықпалын,
ұраншылдығы мен шапшандығын көрсете отырып, Сәкеннің футуристік
стиліне казіргі көзқарас тұрғысынан келсек, өз заманына қарай сөз саптаған
қазақ әдебиетіндегі әдеби әдістердің бірі екендігін мойындаймыз деп баға
береді [24, 188 б.]. Ал әдебиетте Н.Гумилев, С.Городецкийлер негізін салған
акмеизм ағымы мен оның элементтері С.Мұқановтың Сырдария,
Ғ.Мұстафинның Миллионер, Қарағанды, Ғ.Слановтың Жанар тау,
Т.Жароковтың Жапанды орман жаңғыртты шығармаларында көрінгендігін
айта отырып автор ақын Қасым Аманжоловтың бірқатар поэзиялық
туындылары мен поэмаларын осы ағым аясында талдайды. Акмеистер
поэзиясындагы образдар отқа салса жанбайтын, суга салса батпайтын, ашулы
арыстандай қаһарлы болып, олар жырлайтын бай-бақшадағы гүлдердің иісі де
бұрқыраған ерекше болып келеді. Мұның бәрі Қасым поэзиясында кездеседі
[24, 221 б.]. ...Сюреалистер спритизм мен гипнозды, галлюцинациялық
елестерді пайдалану арқылы шығармалар жазуды қолдайды деп әлемдік
әдебиеттегі сюреализм ағымының ерекшелігі мен дамуына токтала отырып,
Б.Қанарбаева Ж.Аймауытовтың Елес, Т.Әбдіковтың Ақиқат, Оң қол
тәрізді шығармаларын сюреализм ағымының белгілері негізінде талдап,
байыптайды. Алдағы келе жатқан зор өзгерістерді сюреалистік стильді
пайдалана отырып баяндап, адамның ішкі сезімінің екіге жарылып, өз-өзіне
қарсылық білдіру тәсілі арқылы жеткізудегі қаламгерлер шеберлігін ашып
көрсетеді.

Модернизм - әдебиет пен өнер сахнасына ХХ ғасырда орнығып, өз дәуірінің мәдени қажеттіліктерінен туған, болмысты көркем бейнелеудің дәстүрлі әдістерінен бас тартқан бағыттардың жалпылама шартты атауы [1, 268]. Модернизм адам табиғатын, құпия сезімдерін ирония, ойын элементтері, сана астарындағы құбылыстар арқылы көрсетеді. Модернистік шығармаларда жеке тұлға мағынасыз болмыс алдында өз әлсіздігін сезінеді. Бұл бағыттағы жазушылар композицияға, тілге, т.б көптеген стильдік, көркемдік сынақтар жасады.
Модернистер әлемдік деңгейдегі қоғамдық қайшылықтар, санадағы қақтығыстар кезінде адам дүниенің мағынасыз екенін, өзінің фәнидегі жалғыздығын түсінеді деген пікірлерді алға тартты. Жалғыздық қасіреті қоршаған ортаны адамның жатсынуы модернизм өкілдерінің шығармаларында айрықша көрініс тапты. Модернизм ХХ ғасыр басындағы қаламгерлердің әлемдік соғысқа, адамзат дамуындағы дағдарыстарға көзқарасын білдірді. Ол жеке тұлғаның санасын рухани ауытқулармен байланыста алып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Б.Кенжебаев-әдебиет сыншысы. М.Қаратаев-әдебиет сыншысы.Тоқырау жылдарындағы әдеби сын. Қазақ әдебиетіндегі ақтаңдақтардың игерілуі
ХХ ғ тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясы
Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
Әдеби үрдіс, көркемдік тәжірибелер
Әдебиеттің түрлері мен тектері
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі
Қазақ өлеңдерінің құрылысы. Әдебиеттің тегі мен түрі. Әдеби үдеріс, әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Өлең мен оның құрылысы
Пәндер