Экологиялық туризмнің ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация
Экологиялық туризмнің ерекшелігі атты ғылыми жобасы Қазақстандағы экологиялық туризмнің ерекшеліктері мен дамуын танытуға арналған.
Жұмыстың мақсаты: жұмыстың басты мақсаты Қазақстандағы экологиялық туризмді дамыту жолдары мен мәселелерін анықтау болып табылады. Олардың негізгі маңызы экологиялық туризмді бәсекеге қабілетті фактор ретінде қалыптастырудың жолдары мен іс-шаралары.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Қазақстан Республикасының экологиялық туризмді дамытудың тиімді жолдарын анықтау.Экологиялық туризм түріне талдау жасау. Қазақстанда экологиялық туризм тұрғысынан талдау жасау.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: география саласындағы экологиялық туризмнің түрлері мен табиғат ресурстарын пайдалану жолдары.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта экологиялық туризмге деген жастардың қызығушылықтарын арттырып, туризм саласына үлесінің қосылуы.
Зерттеудің дербестік нәтижесі:
- Экологиялық туризмнің ерекшеліктерімен терең таныстырылды;
- Ерекше қорғалатын аумақтардың сақталуыныа аса мән берілді;
- Қазақстандығы экологиялық туризм салаларын салыстыра зерттеу жүргізілді;
Жұмыстың орындалу әдістері. Экологиялық туризмнің ерекшеліктерімен танысу, деректер жинау, ғылыми ізденіс, зерттеу

Аннотация

Научный проект специфика экологического туризма призван показать особенности и развитие экологического туризма в Казахстане.

Цель работы: основной целью работы является выявление проблем и путей развития экологического туризма в Казахстане. Их основное значение имеют пути и мероприятия формирования экологического туризма как конкурентоспособного фактора.
Научный прогноз исследовательской работы: определение эффективных путей развития экологического туризма Республики Казахстан.Анализ вида экологического туризма.

Анализ экологического туризма в Казахстане.

Теоретическая значимость исследования: виды экологического туризма в области географии и пути использования природных ресурсов.

Практическая значимость исследования: накопленные в результате исследования материалы свидетельствуют о том, что в будущем

Аnnotation
The scientific project specifics of ecotourism is designed to show the features and development of ecotourism in Kazakhstan.

Purpose: the main purpose of the work is to identify problems and ways to develop eco-tourism in Kazakhstan. Their main importance is the ways and measures of formation of ecological tourism as a competitive factor.
Scientific forecast of research work: determination of effective ways of development of ecological tourism of the Republic of Kazakhstan.Analysis of the type of ecotourism.

Analysis of ecotourism in Kazakhstan.

Theoretical significance of the research: types of ecotourism in the field of geography and ways of using natural resources.

Practical significance of the research: the materials accumulated as a result of the research indicate that in the future

Кіріспе

Туризм - әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін ең тұрақты дамып келе жатқан саласы. Өсу қарқынының жылдамдығына сәйкес туризм ғасырдың құбылысы ретінде танылуы кездейсоқ емес. Бүгінде Қазақстанда туризмді дамыту тұжырымдамасы бекітілді, туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде, ал ең бастысы -
Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы Заңы қабылданды. Мұнда туризм тұңғыш рет мемлекеттік экономикалық саласы ретінде айқындалды .
Туризмнің дамуы экономика, транспорт, байланыс, құрылыс, ауылшаруашылығы, халықтың тұтыну тауарларын өндіру секілді салаларға тұрақты түрде әсер етеді және мемлекет экономикасының жоспарлы бағыттарының бірі болып саналады.
Туризмнің көмегімен табиғаттың қорғанысының проблемасын шешу нәтижесінде
экологиялық туризмнен қысқартылып алынған экотуризм сөз тіркесі пайда болды. Алайда көптеген зерттеушілер белгілегендей экотуризм түсінігі ұзақ уақыт бойына жайылған шекараларды иеленген. Оған себеп бұл сөздің бастапқыда туристерді тарту үшін табиғатқа бағдарланған оның қорғанысына және демалыс үшін маркстологтар қолданған. Алайда шын мәнінде мұндай туроператорды қоршаған орта туралы толғаныс қамқорлығы аз қызықтыратын сондықтан да экотуризм идеясы ұзақ уақыт туризм теориктерінің скептикалық қарым-қатынасын тудыратын және тудырып та келеді

І Негізгі бөлім
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ

Экологиялық туризмнің түсінігі және маңызы

Туризм - әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін ең тұрақты дамып келе жатқан саласы. Өсу қарқынының жылдамдығына сәйкес туризм ғасырдың құбылысы ретінде танылуы кездейсоқ емес. Бүгінде Қазақстанда туризмді дамыту тұжырымдамасы бекітілді, туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде, ал ең бастысы -
Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы Заңы қабылданды. Мұнда туризм тұңғыш рет мемлекеттік экономикалық саласы ретінде айқындалды . Республикамыздың көптеген көркем жерлерінде туристік базалар салынды. Қалалар өздерінің базарларымен көріне бастады. Минералды сулары бар жерлерде - санаторийлер тұрғызылды. Емдік туризмінің Қазақстанда дамуымен байланысты таулы туризмнің рөлі зор, яғни маңызды болып туристерге арналған түнеу объектілері салына бастады.
Туризм - қоғам молшылығын көрсететін индикатор болып табылатын халық шаруашылық салаларының жоғары табыста дамитын бөлігі. Бүгінгі туристік индустрия - салалар мен кэсіпорындардан қүралатын бос уақыт кезінде түрғындарға демалу мен қыдыру, тынығу секілді қызмет көрсететін біртүтас шаруашылық кешен.
Туризмнің дамуы экономика, транспорт, байланыс, құрылыс, ауылшаруашылығы, халықтың тұтыну тауарларын өндіру секілді салаларға тұрақты түрде әсер етеді жэне мемлекет экономикасының жоспарлы бағыттарының бірі болып саналады.
Туризмнің көмегімен табиғаттың қорғанысының проблемасын шешу нәтижесінде
экологиялық туризмнен қысқартылып алынған экотуризм сөз тіркесі пайда болды. Алайда көптеген зерттеушілер белгілегендей экотуризм түсінігі ұзақ уақыт бойына жайылған шекараларды иеленген. Оған себеп бұл сөздің бастапқыда туристерді тарту үшін табиғатқа бағдарланған оның қорғанысына және демалыс үшін маркстологтар қолданған. Алайда шын мәнінде мұндай туроператорды қоршаған орта туралы толғаныс қамқорлығы аз қызықтыратын сондықтан да экотуризм идеясы ұзақ уақыт туризм теориктерінің скептикалық қарым-қатынасын тудыратын және тудырып та келеді.

Сондықтан да экотуризмнің ең алғашқы зерттеушілерінің бірі В.В.Храбовченко былай деп жазған экотуризм түсінігінің өзі экологиялық туризм сөз тіркесіне қысқартылып алынған оның экология және ғылым ретіндегі көзқарасы тұрғысынан қаралуы әбден дұрыс емес. Экотуризмді Г.С.Гужек, М.Ю.Беликов және Е.В.Клеменко ұсынған жетісті. трактовкаларын ең біріншісі 1897ж. Шығып мынадай болған: экотуризм негізінде қоршаған орта туралы қамқорлық жатыр.
Экологиялық туризм - экологиялық тұрақтылық принципімен жүзеге асырылатын ағарту және экологиялық білім беру бағдарламаларын жүргізетін табиғи-бағытталған туризм
Экологиялық туризм - экожүйе аймағына зиян тигізбей, табиғи орта мен жергілікті мәдениетті тереңнен түсіну мақсатымен табиғи аумақта серуендеу.
Экологиялық туризм - қоршаған ортаға төменгі дәрежеде ықпал ететін, этикалық нормаға сәйкес жабайы табиғатты тануға бағытталған табиғи туризмнің экологиялық тұрақты формасы. Бұл форма ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда дамиды және осы аумақты сақтауға қаржы алуға мүмкіндік бар.
Экологиялық туризм - табиғатты қорғау мен дамытуға мүмкіндік береді, мүнда үйымдастыру және басқару қызметтеріне сәйкес туристік қызметтер мен биоалуандылық және жергілікті тұрғындар арасында тығыз байланыс орнайды.
Экотуризмнің басты критерийлері :
Экотуризм негізінен табиғатқа бағытталу керек және негізінен керек табиғи ресурстарды пайдалану;
Экологиялық тұрақты болу керек, яғни адамның тұрғылықты ортасына зиян келтірмеу немесе зиян келтіру дәрежесін минимизациялау;
Экологиялық білім беру мен танымдылыққа бағытталу керек және адам мен табиғат арасында толыққанды қарым-қатынастың құрылуына ықпалын тигізу керек;
Жергілікті әлеуметтік-мәдени ортаның сақталуын өз қарамағына алу керек;
Өзінің болған аймақтарында экономикалық эффективті және олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету керек.

білім беру бағытталу
тұрақты болу
табиғатқа бағытталу
Экотуримні ң басты критерийле рі
экономикал ық эффективті
әлеуметтік- мәдени ортаның сақталуы
білім беру бағытталу
тұрақты болу
табиғатқа бағытталу
Экотуримні ң басты критерийле рі
экономикал ық эффективті
әлеуметтік- мәдени ортаның сақталуы

Сурет - 1 Экологиялық туризмнің басты критерийлері

Осы бес критерий экологиялық турларды басқа экологиялық емес турлардан айыру үшін жеткілікті.
Алдында айтылып кеткендей экотуризм термині жақында пайда болған, бірақ демалыс түрі ретінде көптеген жылдар бұрын, нақтырақ айта кететін болсақ XIX ғасырдың басында европалықтар Африка мен Үндістанда жабайы өмірді (сафари) көру мақсатымен саяхаттап жүрген кезде пайда болған. Ең бірінші американдық ұйымдастырылған орнитологиялық турлар XX ғасырдың басында пайда болған, ал Европада бірінші орнитологиялық сапарлар 1961 жылы пайда болды.
болдырмау.
Қазақстан Республикасы - 2,7 млн шаршы шақырым жерді алып жатқан, әлемдегі территориясының көлемі жағынан тоғызыншы ел.Қазақстан Евразия континетнтінің ортасында орналасқан. Бұлай орналасқандығы тарихи ұлы геосаяси маңызын анықтайды. Ал басты трансазияттық жолдары арқылы Батыс пен Шығыс арасындағы байланыс жүзеге асырылады. Қазақстан Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Қытай елдерімен шектеседі және Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхиттарынан мөлерімен бірдей ара-қашықтықта орналасқан. Республика батысында Каспий жағалауынан шығысындағы Атлант тауларына дейін 3000 шақырымға, ал солтүстістігіндегі Батыс Сібір жазығынан оңтүстігіндегі Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1700 шақырымға созылып жатыр.
Республика территориясы орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналарынан тұрады. Қазақстанның кең көлемді бөлігін ойпаттар мен жазықтар алып жатыр. Олар шығыс және оңтүстік-шығыста Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және солттүстік Тянь-Шаньмен түйінделеді.
Қазақстан климаты шұғыл континетті, ол оның материк ортасында, ашық теңіздер мен мұхиттардан алыс орналасқандығына байланысты.
Туризмнің кез-келген аумағында дамуы, оның географиялық орны, ресурстары мен жағдайы және инфрақұрылымының жағдайымен анықталады.
Елдегі экологиялық туризмді дамыту үшін басым потенциалға ЕҚТТ ие. Әлемдік тәжірибеде экологиялық туризм ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (ЕҚТА) айрықша іске асырылады.
Біздің республикамызда экологиялық туризмді дамыту жалпы туризмді дамытуда маңызды болып табылады.
Экологиялық туризмді жоғары табыс көзі ретінде және экономиканың экологиялық қауіпсіз саласы ретінде қараса және дамытса Қазақстанды дамытудың маңызды элементі болуы мүмкін.Атап айтқанда, ЕҚТА - штатында әкімшілік, ғылыми және орындаушлық персоналы бар, сауатты рекреациялық қызметті ұйымдастыра алатын, туристерге экологиялық сауаттылықты қамтамасыз ететін, осы аумақта мейлінше рұқсат етілетін жүктемені есептейтін, рекреациялық аумақтардыңжағдайына мониторингті

ұйымдастыратын аумақтық ұйымдастырылған құрылым болып саналады. Қазақстанның табиғи әлеуеті әлі шоғырлану процесі және интенсивті аул шаруашылығы өндірісі қамтылмаған әртүрлілікке, бірегейлікке, тартымды көрініске ие болғандықтан ЕҚТА-да экотуризмді дамытуда үлкен мүмкіндіктері бар.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
жер, су, орман және жер қойнауларын ерекше қорғаудың құқықтық тәртібімен немесе мемлекеттік табиғи қорық қорын сақтауды және қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметтің тәртібімен реттелетін учаскелер. Қазіргі уақытта республикалық ЕҚТА жүйесі болып төмендегілер жатады :
мемлекеттік табиғи қорықтар, биосфералықты қоса;
мемлекеттік ұлттық табиғи парктер;
мемлекеттік табиғи резерваттар;
мемлекеттік табиғи парктер;
мемлекетік табиғат ескерткіштері;
мемлекеттік қорықтық аймақтар;
мемлекеттік табиғи қаумал;
мемлекеттік зоологиялық парктер;
мемлекеттік ботаникалық бақтар;
мемлекеттік дендрологиялық парктер.
Хайуанаттар паркі (хайуанаттар бағы)
- хайуанаттар паркіне (хайуанаттар бағына) бөлінген, туристердің келуіне ашық алаң.
Экологиялық туризм ЕҚТА барлық түрлерінде дамуы мүмкін, алайда басқа ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен салыстырғанда қорықтарға келу тәртібі өте қатаң, осыған сай қатаң түрде табиғатты қорғау тәртібі және нақты келушілердің саны белгіленіп, экологиялқ туризмді ұйымдастыруға барынша шектеу қойылған. Экологиялық туризм арнайы бөлінеген учаскелеріндегі аралық аймақта қатаң тіркелінген бағыттар бойынша экскурсиялық маршруттармен шектелуі қажет. Қорықтардың өзгешелігі ғылыми экологиялық туризмді пайдалануға мүмкіндік беретін көптеген ғылыми зерттеу міндеттерін шешуге арналған.
Бүгінгі таңда республикада 10 қорық, 10 ұлттық табиғи парк, 50 жуық қорықшалар,26 табиғат ескерткіштері, 3 зоологиялық парк, 7 ботаникалық саябақ,3 халықаралық маңызы бар сулы-батпақ орындары.
Егер қорықтарға тоқтала кететін болсақ, олар сирек және бағалы қсімдіктердің, жабай жыртқыш аңдардың, құстардың, балықтардың және жергілікті жануарлар
тұрақтарын сақтаудағы шешуші роль атқарады.

шаруашылығы комитеті, Үкіметтік емес ұйымдардың экологиялық форумы, Қазақстан туристік қауымдастығы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тапсырыстың шеңберінде төрт ұлттық парктерге (Іле-Алатау,
Баянауыл, Көкшетау, Алтын-Емел) экологиялық талаптарды және табиғат ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық парктердің аумағында туризмнің негізгі нысандарын орналастыруда жоспарланатын орындарды тиімді белгілеуге мүмкіндік беретін бас жоспарлар әзірленген.
2009 жылы экотуризмді дамыту үшін инфрақұрылымды дамыту көзделген 4 ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда тағы да бас жоспарларды әзірлеу жоспарлануда.

Экотуризмнің түрлері
Қазіргі таңда экотуризм және экотурлардың 4 түрін бөліп қарастырады. Олар
Ғылыми туризм
Экотуризмн ің түрлері
Табиғи резервтерме н саяхат
Оқиғалы туризм
Табиғаттың тарихы туралы
Ғылыми туризм
Экотуризмн ің түрлері
Табиғи резервтерме н саяхат
Оқиғалы туризм
Табиғаттың тарихы туралы
Ғылыми туризм. Бұл жерде туристер табиғаттың әртүрлі зерттеулеріне қатысып бақылаула жүргізеді. Мысал Латын Америкасындағы курстардың іс-әрекетттеріне жүргізілген бақылау мен байланысты экотурлар кеңінен белгілі. Ғылыми туризмге шетелдік ғылыми зертеу
Сурет-2. Экологиялық туризмнің түрлері
экспеденциялары жатады, сондай-ақ студенттердің далалық практикалары да жатады.
Табиғаттың тарихы туралы. Бұл қоршаған ортаны танумен байланысты саяхаттар олар көбінде қорықтар мен ұлттық саябақтардың територяларында ұйымдастырылады. Бұл жерге оқушылардың саяхаттары да жатады. Повладардың оңтүстік - батысында көркем баянауыл таулары созылып жатыр. Онда 1926ж П. Л. Драйверд профессоры полеалит дәуірінің кең үңгірін тапқан. Ол қазір осы кісінің есімімен аталады. Қазір тауда бұл үңгірін кез - келген адам барып көре алады. Алайда сауатты экскурсоводтың бара болуымен мұндай экскурсия өткен заманға айтарлықтай экскурссия жасауға айналады.

Оқиғалы туризм. Бұл туризм түрі табиғатқа еркін белсенді әдістермен қозғалыс жасаулармен байланысты барлық саяхаттарды біріктіреді, олардың мақсаты жаңа сезінулер мен әсер алуларды болып табылады. Бұл жерге альпинизм, скалалазание, жаяу және тау туризмі, су шаңғы және таулы шаңгы, ат туризмі жатады.
Табиғи резервтермен саяхат және ерекше қорғалатын табиғи территориялар көптеген туристтерді қызықтырады.
Ерекше қорғалатын табиғи территорияларға қазіргі таңда қорықтар, ұлттық парктер, ескерткіш саябақтары, табиғаттағы мұражайлар, заказниктер, табиғат ескерткіштері жатады.
Экологиялық туризмнің ең өзекті бағыттары :
танушылық;
ғылыми;
спорттық.
Экотуризмнің
бағыттары
танушылық
ғылыми
спорттық
Экотуризмнің
бағыттары
танушылық
ғылыми
спорттық
Сурет - 3. Экотуризмн

Қазақстанның табиғи климаттық зоналары және ғылыми бағытта экологиялық туризмнің ерекше формасы экстремальды туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Бұл адам аяғы баспаған және адам өмір сүруге бейімделмеген аймақтарға экстремальды жағдайларда тіршілік теу және өзін-өзі ұстау стратегиясын қалыптастыру мақсатында саяхат жүргізу.
Экологиялық туризмнің ресурстары :
-табиғи-климаттық факторлар: рельеф, су объектілері, флора және фауна, ерекше және қызықты қарапайым табиғи аймақтар;
-тарихи-мәдени ескерткіштер:белгілі бір аймақтағы адамзаььың материалдық және рухани мәдениеті, айналадағы ортамен тығыз байланысты тарихи, археологиялық ескерткіштері
Туристік саяхат адамның белгілі бір мөлшерде қажеттілігін қанағаттандырады. Бір нәрсені ескеруіміз қажет, адамның қоршаған ортаны зерттеуінің барлығы саяхатпен байланысты. Қозғалыс - туризмге тән ерекшелік. Тіпті бұрынғы уақытта сауда байланысын ұстау үшін адам көрмеген жаққа сапар шеге берген. Осындай саяхаттар тек қана сауданы дамытқан жоқ, терең түрде еңбекті, қоғамдық жағдайды бөлді және адамдардың қоршаған әлемді тануына кеңінен тануына мүмкіндік берді. Әлемдңік шаруашылықтың күшеюіне байланысты тұрғындардың қозғалысы аумақты масштабта ұлғайды және туризмнің дамуына себеп болды.
Миллиондаған адамдар саяхатқа жаңа жерлерді көру үшін, табиғаттың әдемілігіне сүйсіну үшін, таудың немесе орманның таза ауасымен демалу үшін, қала халқымен қарым-қатынасқа кенелу үшін, сонымен бірге көпғасырлық өнер мен мәдениетті тамашалау үшін аттанады. Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық туризм дамуында Қазақстанның ерекшеліктері
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Экологиялық туризм географиясы
Кологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК - РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ДЕМАЛУ ЖЕРЛЕР ПОТЕНЦИАЛЫН ЗЕРТТЕУ
Экологиялық туризмнің түрлеріне тоқталдық
Экологиялық туризмнің жіктелімі
Туризмология пәнінен дәрістер
Экологиялық туризм
Экотуризм бойынша халықаралық бағдарламалар
Пәндер