Саралаудың түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

1-топ.

Саралаудың түрлері

Зертеулерде ішкі және сыртқы саралау түрлері айқындалған.

Ішкі саралау кезінде оқушылар топқа бөлінбейді, оқу үрдісінде мұғалімдер оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық қолдау көрсетеді.

Сыртқы саралау кезінде гимназия, лицей кластарындабілім алушы оқушылар үшін факультатив және бейімдік пәндер бойынша қосымша сабақтар ұйымдастырылып, оқушылар белгілі бір критерийлерге сай бөлінеді.

Деңгейлік саралау бір класс аясында жүргізіліп, оқушылар - базалық, жетілдірілген және тереңдетілген деңгейлер негізінде оқу материалын меңгереді.

Жоғарыда аталған сипаттамалар бойынша саралаудың төмендегі түрлері ажыратылады:

  1. Мақсат бойынша саралау

Сыртқы саралау барысында белгілі бір мақсатқа сай түзету, жетілдіру, педагогикалық қолдау көрсету шаралары, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс, қосымша шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыту, мамандықты игеру немесе жоғары оқу орындарына дайындық жұмыстары жүзеге асырылады.

Мақсат бойынша саралау сабақты жоспарлаудан бастау алып, оқушылардың көпшілігі, басым бөлігі, кейбір оқушылар (дарынды) үшін қол жетімді тапсырмаларды орындауға бағытталған.

  1. Нәтиже немесе жауап бойынша саралау

Тәжірбиеде саралаудың бұл түрі кеңінен қолданылады. Нәтиже немесе жауап бойынша саралау барысында оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылғанымен, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және қабылданады. Топтағы барлық білім алушыны ынталандыру шаралары да ортақ бірдей материал ұсынылып, бірдей міндет қойылады. Әр оқушы өз деңгейінде жауап беріп, жүргізілген жұмыс өнімі мен нәтижесі әр түрлі болады.

Бұл тәсіл оқушыдан дербес шығармашылық пен жеке жауап күтілетін ашық типтегі тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады. Аталған саралау жұмысының артықшылығы -оқушыларды тапсырма ұсынбас бұрын топтау талап етілмейді.

Кейбір мұғалімдер саралаудың бұл түрінің қабілеті төмен оқушылар үшін тиімсіз болатындығын және мұндай оқушылар қажетті деңгейге қол жеткізбеуі мүмкін деген пікір білдіреді.

Егер мұғалім барлық оқушылар үшін міндетті деңгей нұсқауларын түсіндіріп, кретерийлерді нақтыласа, аталған күмінді жоюға болады. Дегенмен, кейбір бақылаушылар ойлаудың жоғары деңгейі мен ашық тапсырмаларды қамтымайтын саралаудың бұл түрін жиі қолданудың қажеттілігі жоқ деп санайды.

Тапсырма:

- Қалай түсінесіздер? Қандай мысалдар ұсынуға болады?

2-топ

3. Ресурс немесе мәтін бойынша саралау

Саралаудың бұл түрі ілгері деңгейдегі, мазмұны терең ресурстармен жұмыс жүргізуге бейім балаларға арналады. Оқушылар бәріне ортақ бір сұраққа жауап бергенімен, күрделілік деңгейі әртүрлі ресустарға сүйене отырып, өз жауаптарын негіздей алады.

Тарих және география пәндері бойынша негізгі ақпараты бірдей түрлі деңгейдегі мәтіндер әзірлеуге болады. Оқушының жұмыс жасау деңгейіне байланысты мұғалімдер ұсынылатын ресурстарды біртекті етпей, оқушыларға түрлі ақпаратты қол жетімді ету шараларын ойластыруымыз қажет.

4. Тапсырма бойынша саралау (деңгейлік тапсырмалар)

Саралаудың бұл түрі негізгі мазмұнды қамтитын түрлі тапсырмалар ойластыруды көздейді. Оқушыларға түрлі таратпа материалдарын, кеспе қағаздар мен жаттығулар ұсынуға болады. Кейбір мұғалімдер әр түрлі балаларға ұсынылатын деңгейлік тапсырмалардың әлеуметтік салдары туралы айтады. Мүмкін, олардың пікірі де дұрыс болар, бірақ өз деңгейі үшін күрделі болып шамасы жетпей немесе тапсырма өте жеңіл болғандықтан қызығушылықтың жойылуымен салыстырсақ, әлеуметтік салдардың рөлі төмен деуге болады.

Аталған саралауды әр баланың қабілеті бойынша рөлдер мен жауапкершілікті бөлу арқылы жүргізілетін топтық жұмыс (мүмкіндіктеріне сай жобаның бөліктерін орындау т. б. ) барысында қолданған дұрыс болар.

Тапсырмалар бойынша саралау барысында таратпа материалды қолдану деңгейі біртіндеп күрделенеді. Бастапқы тапсырмалар кейінгі тапсырмаларға қарағанда жеңіл болғанымен, бастапқы деңгейді нәтижелі орындаған қабілетті оқушылар үшін қиындық туғызбауы да мүмкін. Мұғалімдер саралаудың осы түрін қолдану тиімді деп санайды, себебі баршаға бірдей тапсырмалар мен таратпа материалдар дайындалады. Дегенмен, қабілеті жоғары оқушылар бастапқы, яғни өздері үшін тым жеңіл тапсырмаларды орындау барысында уақыт жоғалтады.

Тапсырма:

Қалай түсінесіздер? Қандай мысалдар ұсынуға болады?

3-топ

5. Диалог негізінде саралау

Кез-келген білім алушы үшін маңызды ресурс - қағаз емес, электронды құрал емес, адами ресурс. Диалог негізінде саралау барысында мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбатқа мән беріледі. Диалог арқылы саралаудың аспектілері бар.

Сөздік қор және қолданатын тілдің мүмкіндіктері мен күрделілігі әр оқушының қабылдау деңгейіне сай бейімделеді. Қабілеті төмен оқушы ақпаратты қарапайым тілмен түсіндіруді қажет етеді, деңгейі жоғары оқушы мазмұны күрделі диалогты талап етеді. Барлық оқушыға диалог аясында сыңдарлы кері байланыс берілуі қажет.

Сыныпты басқарушы тәжірибелі мұғалім әр оқушының даму трактериясын қалыптастыру үшін олардың қабілеті мен сұранысына сай тиімді кері байланыс ұсына білуі тиіс.

6. Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау

Саралаудың бұл түрі жоғарыда аталған диалог арқылы сралаумен байланысты, себебі кейбір оқушылар белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін арнайы көмекті қажетсінеді. Көмек ауқымы мен деңгейі де оқушы қажеттілігіне сай сраланған болуы тиіс.

Бұл қолдау мұғалім мен немесе басқа да үлкендер тарапынан көрсетілуі мүмкін. Оқушы қолдауды басқа оқушыдан, компьютерден немесе ақпараттық технологиялар арқылы алуы мүмкін. Қабілетті оқушыға жеке оқыту бағдарламасы бойынша қолдау көрсетуге болады. Қабілетіне, деңгейіне қарамастан әр оқушы қолдауға лайықты, сабақ жоспарын мұқият ойластырған мұғалім ғана педегогикалық қолдауды сараланған нұсқада ұсына алады.

Тапсырма:

  • Қалай түсінесіздер? Қандай мысалдар ұсынуға болады?

4-топ

7. Сабақтағы жылдамдық (темп) бойынша саралау

Кейбір оқушылар ақпаратты баяу қабылдайды, басқалардың қабылдау жылдамдығы өте жоғары болуы.

Сабақты жоспарлау барысында қанша тапсырма ұсынатылатындығы және оларды орындау жылдамдығы ескерілуі шарт. Қабілетті білім алушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін - тапсырманы шұғыл және жоғары жылдамдықта орындау маңызды.

Сабақтағы жылдамдық (темп) бойынша сралау кезінде түсіндіріледі. Математика және шет тілдері сабақтарында жылдамдық бойынша саралау кезінде қабіллетті жоғары оқушылар оза оқыту мүмкіндіктерін таныта алады.

Дегенмен, гуманитарлық, ғылым салалары бойынша жылдамдық бойынша саралау кезінде қабілетті оқушылар жылдам жұмыс жасаумен қатар, тараудан тарауға өтуге емес, терең білімге, тақырып аясын кеңейтуге бейім болады.

8. Мазмұн бойынша саралау

Кейбір оқушылар бағдарлама бойынша негізгі тақырыппен шектелмей, қосымша ізденіп, бағдарламадан тыс ақпаратқа ұмтылады. Мазмұн бойынша саралау барысында сандық ақпаратқа емес, сапалық мазмұнға көңіл аударып, уақытты тиімді пайдалануға мән берген дұрыс.

9. Оқушының дербестігі мен жауапкершілігі бойынша саралау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аяқталмаған қылмысты саралау
Қылмысты саралаудың теориялық негіздері және оны жүзеге асырудың практикалық мәселелері
Қылмысты саралаудың теориялық мәселелері және қылмыспен күресте алатын орыны
Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты саралау
Қазақстан инновациялық мектептерінде қосымша білім бағдарламалары негізінде оқытуды бейіндік саралаудың дамуы (1992 – 2005 жж.)
Қылмысты саралаудың теориялық негіздері және оны жүзеге асырудың практикалық мәселелері жайында
Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы
Қылмысты объекті бойынша саралау
Қылмысты саралау және оның ұғымы
Қазақстан Республикасы қылмыстық қүқығындағы қылмысты саралаудың жалпы түсінігі мен маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz