Монография, оқулықтар мен оқу құралдарына сараптама жазу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Монография, оқулықтар мен оқу құралдарына сараптама жазу
Орындаған: Зульбухар Роза
6В02201- Тарих,2 курс
Алматы, 2021ж
1-тапсырма: Өнер тарихы авторы Эрнст Гомбрих
Жұмбақ бастаулар - тарауы бойынша мысалдар келтіріп, баяндау. Керемет нәрсе - әр шығарманың қандай мемлекеттен екенімен қоса, авторлардың еңбегіне сол кездегі мемлекеттің саяси-әлеуметтік жағдай себеп болғаны қатар қарастырылған.
Мәңгілік өнер - тарауы бойынша тарихи оқиғаларға мыслдар келтіру. Бұл жерде бейнелеу өнері болғанда, кескіндеме, мүсін, сәулет өнерінің ерекшеліктерімен солардың шығармаларына жауап беріледі.
Шіркеу өктемдігі - тарауы: жалпы бейнелеу өнерінің дамуына діннің әсері, әсіресе, христиан дінінің әсері туралы толығырақ айтылған.
Әсемдік әлем - таруы бойынша - көп жерде араб өнері айтылмайтын, ал бұл кітапта мұсылман өнері жайлы мағлұматтар берілген.
Әлемді бағындырушылар - тарауы бойынша ұлы тұлғаларды мысалға келтіре отырып баяндама жасау. Сарай маңындағылар мен қала тұрғындары - тарауы бойнша халықтардың әлеуметтік жіктелістеріне баға беру.
Бұл кітап өнердің қызықты, сондай-ақ бұған дейін беймәлім қырларынан хабардар болғысы келгендерге арналады. Кітапты оқуға кіріскен жан мұндағы өте мол детальдардан жаңылыспай, бұл саланың жалпы жоспарымен танысып, көлемді де күрделі кітаптарға арқау болған кезеңдерді, стильдер мен есімдерді жүйелеп, арасалмағын көңілге тоқып, арнайы әдебиеттерді оқуға қажет білім қорына ие болады. Кітапты жазу барысында мен, ең алдымен, өнер әлемінің есігін енді ғана ашқан жеткіншектер мен жас-өспірім оқырмандарды ойладым. Менің ойымша, жасөспірімдерге арналған кітаптар ересектерге арналған кітаптар секілді, алайда олардың ерекше сыншылдығы, жалғандыққа және жасанды жаргондарға төзбейтіні ескеріліп жазылуы тиіс. Мұндай олқылықтардың кейде адамдардың өнер жөніндегі әдебиеттерді өмір бақи жек көріп кетуіне себеп болатынын өз тәжірибемнен білемін. Сондықтан да осындай қақпанға түсіп қалмас үшін кітапты қарапайым, жалпыға түсінікті тілмен жазуға, кәсіби емес сөйлемдерді қысылмай, еркін қолдануға тырыстым. Екінші жағынан, ойымның жадағай болмауын да ескердім. Күрделі де қасаң өнертану терминдерінің мүлдем аз берілгеніне оқырмандарым мені айыптамайтын шығар деп ойлаймын. Ағартушылық мақсатын ұмытып, астам сөйлеп, оқырмандар алдында ғылыми тілмен көрініп қалғысы келген жанды менмендікке ұрынған десек, қателеспейтін шығармыз.
Жұмбақ бастаулар
Өнердің пайда болуы туралы біздің білеріміз тілдің шығу тегі туралы білетінімізден артық емес шығар. Егер шіркеу мен тұрғын үй салу, суретпен көрініс салу, мүсін жасау немесе өрнек тоқу сияқты еңбек түрлерін өнер деп қарастырсақ, онда дүниежүзінде өнерге қатысы жоқ халықты табу мүмкін емес. Ал өнерге тек байлық пен сән-салтанатқа, музейлер мен көрме залдарына арналған туындыларды, салондарды әшекейлеуге арналған әсем заттарды жатқызатын болсақ, онда бұрынғы мәртебелі сәулетшілер, кескіндемешілер мен мүсіншілердің өнер туралы мүлдем түсінігі болмағанын мойындауға тура келеді. Мұны, ең дұрысы, сәулет өнерінің мысалы арқылы түсіндіріп көрелік. Біз бәріміз, шын мәнінде, көркемөнер шығармасы деп айтуға тұрарлық керемет құрылыстар бар екенін білеміз. Дүниеде белгілі бір мақсатқа арналмаған ғимарат, сірә, табыла қоймас. Адамдар оларды Құдайға құлшылық жасау, ойын-сауық өткізу орны немесе баспана ретінде пайдаланып, ең алдымен, оның жайлы болуын, тек пайдалы жағын ғана қарастырды. Бірақ оларға құрылыстың жалпы көрінісі мен пропорциясы ұнауы немесе ұнамауы мүмкін, міне, сол кезде сәулетшінің жұмысы үй құрылысын салу ғана емес, оның дұрыс пішін талабына сай болуымен бағаланады. Сонау өткен заманда кескіндеме мен мүсінге деген көзқарас та осындай кәдеге асу тұрғысынан қарастырылатын. Ғимараттарға қойылатын талаптарды білмей тұрып, лайықты бағалау мүмкін емес еді. Дәл сол сияқты, бұрынғы өнер қандай мақсаттарға қызмет еткенін білмесек, оны түсіне де алмас едік. Біз тарих тереңіне бойлаған сайын ол мақсаттар нақтылана, көркемдігімен айшықтала түседі. Біз қаладан ауылға қоныс аударғанда немесе, нақтырақ айтсақ, тұрмыс-тіршілігі біздің арғы аталарымыздың деңгейіне жақын тайпалар ортасына өркениетті елдерді тастап көшіп келетін болсақ, дәл сондай күй кешеміз. Ондай халықтарды примитивті дейді. Бұл олардың ойлау қабілеті примитивті деген сөз емес, шындығында, олардың ойы біздікінен анағұрлым күрделірек, себебі олар адамзаттың алғашқы қауымдық дәуіріне жақындау.
Ағылшындардың жыл сайын оқ-дәрі астыртын әрекетін атап өту кезінде Гай Фокстің қарақшы бейнесіне от қойып жағуы сол ырымшылдықтың қалдығы болса керек. Примитив халықтар кейде болмыc пен бейненің аражігін ажырата алмайды. Бірде еуропалық суретшінің африкалық ауыл малының суретін салғанын көрген тұрғындар: Егер біздің малымызды осылай алып кетсеңіз, біз қалай күн көреміз? - деп шулаған.
Бұл наным-сенімдердің бәрін бізге дейін жеткен ерте дүние кескіндемелерімен танысқан кезде еске алған жөн. Олардың пайда болуы адамзаттың ең ертедегі тіршілік әрекетін бастаған уақытқа сәйкес келеді. ХХ ғасырда алғаш рет Испания және Оңтүстік Франциядағы үңгірлер қабырғаларындағы суреттер ашылғанда, археологтар мұз дәуірі адамдарының аңдардың мұндай айшықты, әсем бейнелерін жасауға қабілетті болғанына сенер-сенбесін білмеген. Келе-келе сол жерлерден табылған тас пен сүйектен жасалған қарадүрсін қарулармен қырнап салынып, бояумен өң берілген қодас, мамонт, бұғы суреттерін кәнігі аңшылардың салғаны анықталды. Сондай үңгірлерге түсіп, тар да ұзын дәліз тәрізді қуыспен жүрсеңіз, тереңдеген сайын қараңғылық қоюлана түседі, кенеттен қолшамның жарығымен жарқ етіп қодастың бейнесі жүзіп шыққандай болады, сол сәтте сен де тылсым дүниеге сүңгисің. Бір нәрсе анық - кіру, жүру қиын, қорқынышты жерасты үңгірлеріне қабырғасына сурет салу үшін ғана бару ешкімнің ойына да келмеген. Әдетте үңгірлердегі бейнелер бір-бірінің үстіне жөн-жосықсыз салына берген. Кейбір үңгірлердегі, мысалы, Ласко үңгірі қабырғалары мен төбелеріндегі бейнелер ғана анық байқалады. Ежелгі адамдардың тасқа салынған бейнелердің сиқырлық күшіне сенгенін осы табылған суреттер нақтылай түседі және мұның шындыққа жақын түсіндірмесі осы десек, қателеспейміз. Басқаша айтқанда, алғашқы аңшылар олжаларының бейнесін салып, оны найза және тас балталармен түйреп, шауып жатқанын көрсетсе, онда тірі жануарлар да өздерінің дегеніне көнеді деп сенген.
Жергілікті халықтардың көбінде хайуандарды бейнелейтін маска киіп алып, шынымен қарға немесе аю болып кеткендей күйге енетін салт бар. Бұл біреуі ұры-қары, екіншісі қуғыншы болып ойынның қызығына батқан балалардың ойыны қайсы, шындығы қайсы екенін ажырата алмай қалатын күйді еске түсіреді. Бірақ балалардың қасында әрқашан Шуламаңдар немесе Ұйықтайтын уақыт болды дейтін ересектер жүреді ғой.
Кәрілікті зерттеп, соншалық шынайы салынған бұл жұмысқа біздің аңырып қарап қалуымыз әбден мүмкін, теріс айналып кеткіміз келіп, тықыршуымыз да ғажап емес. Бірақ бір сәттік жиіркену сезімінен кейін жомарт сыйға кенелеміз, өйткені Дюрердің суреттері - өзінің керемет шынайылығымен өнердің ұлы туындысы. Шын мәнінде, біз көп ұзамай көркем бейнелеудің сұлулығы әсте оның нысанына байланысты емес екенін түсінеміз.
Мәңгілік өнер
Көркем шығармашылықтың қандай да бір пішінін әлемнің кез келген түкпірінен кездестіруге болады. Ал егер өнер тарихын үздіксіз процесс ретінде түсінетін болсақ, онда оның бастауларын Францияның оңтүстігіндегі үңгірлер мен солтүстікамерикалық үндістердің қоныстарынан іздеудің қажеті жоқ. Себебі ертеректегі көркемөнер тәжірибелері мен осы заман өнерінің арасындағы дәстүр жалғастығы үздіксіз, түзу сызық арқылы жалғаспайды. Алайда шеберден - шәкіртке, шәкірттен - өнерді бағалаушыға немесе көшірмешіге тікелей берілетін дәстүр бар, ол қазіргі өнерді кез келген заманауи ғимаратпен, плакатпен, бес мың жыл бұрынғы Ніл өзенінің алқабында пайда болған өнермен біріктіреді. Грекиялық шеберлердің мысырлық мектептен өткенін, сондықтан ежелгі Мысыр өнері аса маңызды екенін, ал барлығымыздың грекиялықтардың жолын қуушы екеніміз белгілі.
Мысырдың пирамидалар отаны екені мәлім. Тастан қашалып, қолдан тұрғызылған ғимараттар сонау көне заманның белгісі болып, тарих көкжиегінде асқақтап тұр. Сұсты да тәкаппар ғимараттардың құпиясы, айтар сыры мол. Пирамидалар ескі дәуір қоғамын дәл айшықтайды, патшалық құдіретін, билеушілердің байлығы мен күш-қуатын паш етеді. Сансыз жұмысшы армиясы жыл сайын ауыр жұмысқа жегілді - тау жынысынан алып гранит тас кесегін кесіп алу, қашау, құрылыс орнына жеткізу, ең қарабайыр техникамен қалау - әміршінің мәйіті тас табытқа салынғанға дейін тыным таппады. Бұған дейін де, кейін де ешқандай халық, ешбір басқа патшалық осыншалық орасан шығын мен осынша қуатын табыт ескерткішке жұмсауға тәуекел ете қоймаған. Бірақ перғауындар мен олардың қоластындағыларға пирамидалардың практикалық маңызы зор болды. Құдайдың ерекше құлы, жоғарғы билікті ұстаған перғауындар жердегі миссиясын атқарғаннан кейін өзі бұл дүниеге келгенге дейін өмір сүрген Құдайлар ортасына қайта оралуы керек еді. Перғауындар өздерінің көкке көтерілуіне асқақ пирамидалар көмектеседі деп жорамалдаса керек. Қайткенде де олар қасиетті мәйіттерді бұзбай сақтауы тиіс болды.
(Фивадағы мазар қабырғасындағы сурет. 64 x 74,2 см.
Британ музейі, Лондон)
Мұнда ағаштардың пішіні мен сұлбасы қарсы бет позициядан, ал көл үстіңгі жағынан ғана толық, анық көрінеді. Мысырлықтар мұндай мәселелерге бас қатырмаған. Олар тоған көрінісін төбесінен қарағандай, ал ағаштарды қарсы көріністе бейнелеген. Құстар мен тоғанда жүзіп жүрген балықтар үстінен тану қиын болғандықтан қырынан бейнеленген.
Қарапайым осы мысалдан-ақ мысырлық әдісті түсінуге болады. Мұндай әдісті әдетте балалар пайдаланады. Мысырлық шеберлердің әдістері неғұрлым бірізділікті сақтауымен ерекшеленеді. Әрбір элемент неғұрлым өзіне тән ерекшелікпен бейнеленуі керек.бұл бейнелеу жүйесінің адам пішінін бейнелеуде қандай нәтижеге жеткізгенін көреміз.
Мысыр өнеріндегі барлық бөлік пен бөлшектердің жатықтығы, үйлесімінің кереметі сол - кішкене ауытқудың өзі барлық тәртіпті бұзады. Мысыр суретшісі жұмысқа кірісер алдында түзу тор сызықтармен қабырға сызып алған, содан кейін сол торларға фигураларды өте мұқият көшірген. Геометриялық тәртіп натураны сондай дәлдікпен қайта жасап шығуға кедергі жасамаған. Әрбір балықтың, әрбір құстың сыртқы суретінің шынайы бейнеленгені соншалық - бүгінгі зоологтар олардың түрлерін еш қиналмастан ажырата алады. 37-суретте 35-суреттегі композицияның бір бөлігі берілген: Хнумхотептің тормен ұстаған құстары ағаш бұтақтарында қонақтап отыр. Суретші қолының дағдысы бойынша ғана емес, натураның сыртқы сұлбасын сызып бейнелеуге машықтанған өткір көзінің бақылауымен салған.
ШІРКЕУ ӨКТЕМДІГІ
Даталар - тарихи оқиғалар желісінің қазығы. 1066 жыл - өнер тарихында өткен мен бүгінді жалғастыруға қолайлы уақыт. Бұл кезеңде Англияда саксондық кезеңнің бірде-бір ғимараты толық сақталып қалмаған еді. Тіпті бүкіл Еуропада 1066 жылға дейін салынған шіркеулердің өзі санаулы болатын.Британ аралын басып алған нормандар жаңа жерге Нормандиядағы құрылыс стилін де ала келді. Англияның жаңа қожайындары - епископтар мен феодалдар өз билігін аббаттықтар және кафедралдық шіркеулер салумен бекемдегісі келеді. Англияда - норман стилі, құрлықта - роман стилі деген атаумен белгілі құрылыс түрі нормандар жаулап алғаннан кейінгі жүз жылдан аса уақыт бойы қолданылды.
Сол кездегі адамдар үшін ғибадатхананың маңызы қандай болғанын түсіну оңай емес. Дегенмен оның қаншалық рөл атқарғанын ел шетіндегі кейбір ескі ауылдардан білуге болады. Шіркеулер әдетте алыстан көзге шалынатындай еңселі, қоңыраулары сапарлап келе жатқан жолаушыларға бағдар нұсқайтын, өңірдегі тастан салынған бірден-бір ғимарат болған. Жексенбі күндері Құдайға құлшылық ету үшін қала халқы ағылып келгенде, асқақтай түсетін шіркеу мен әдеттегі жұпыны үйлер арасындағы кереғарлық анық байқалатын. Жергілікті халықтың шіркеулер сәулетіне айрықша қызығушылық танытатыны және олардың сән-салтанатын мақтаныш тұтатыны таңғаларлық емес-ті. Тіпті экономикалық тұрғыдан алғанда да, шіркеулер құрылысының бірнеше жылға созылуы маңызды оқиға болатын. Тас өндіру және оны жеткізу, құрылыс ағаштарын әзірлеу, алыс елдер туралы небір қызғылықты әңгімелер айтатын жиһанкез шеберлердің пайда болуы - осының бәрі қаланың өмірін жандандыра түсетін.
Тастүнек дәуір Рим сәулетінің өрнектерін, әсіресе ертедегі христиан шіркеулері - базиликаларды ұмыттыра алған жоқ. Жоба көп өзгеріске түспей, бұрынғыша қалды - апсида немесе хормен аяқталатын орталық неф және бүйірінде екі немесе төрт өтпе жер қалдырылды. Кейде бұл нобай күрделендірілетін. Кейбір сәулетшілер үшін крест тәрізді базилика идеясы тартымды болатын, нәтижесінде апсида мен нефті ажыратып тұратын трансепт деген ұғым пайда болды. Дегенмен роман немесе норман шіркеулері көне базиликаларға қарағанда мүлде басқаша әсер қалдыратын. Базиликаларда классикалық колонналар көлденең антаблемент тәрізді құрылымды ұстап тұрды.
Роман құрылыстарында ауқымды діңгектер үстіне жарты шеңбер аркалар салынатын. Мұндай құрылыстар сыртында да, ішінде де үлкен күш кернеп тұрғандай көрінетін. Оларда әшекейлер тым аз, тіпті терезе үшін қалдырылған ойықтар да көп емес, ал тұтас қабырғалары мен мұнаралары сол кездегі қамалдарды еске түсіреді.
Шіркеу құрылысында сәулетшілерді мұндай зор ғимараттардың төбесін таспен қалай жабу керек деген ой ерекше мазалайтын.
Колонналы ғибадатханаларда қолданылатын жабын тым қарапайым және материалы ағаш болғандықтан, тез өртеніп кететін. Ал төбені жабудың римдік әдісі ұмытылып кеткен еді әрі күрделі есеп-қисап пен үлкен техникалық білімді қажет ететін. Сондықтан XI және XII ғасырларда әртүрлі тәжірибелер іске асырылып, осы мәселенің шешімін табуға талпыныс жасалды. Жалпақ орталық нефтің төбесін иіп әкеліп жабу қиын болатын. Бір қарағанда, екі жақтағы колонналардың арасына цилиндр арканы өзеннің екі жағасын жалғастыратын көпір сияқты тастай салу оп-оңай көрінеді. Олардың салмағын ұстап тұру үшін екі жағына мықты тіректер қойылды. Бірақ кейін тастардың салмағы өте ауыр болғандықтан, ондай жабынның өте берік қосылыстарды талап ететіні білінді. Сондықтан қабырға мен пилондарды қалыңдатуға тура келді, соңында орасан зор тас кесектері туннель тоғыспасы секілді әсер туғызды.
(1093 - 1128 жж. Нормандық шіркеу )
Франциядағы роман шіркеулері мүсінмен безендіріле бастады. Ал діни құрылыстардың бәрі де белгілі бір мәнге ие, шіркеудің белгілі бір қасаң қағидаларымен байланысты идеяны білдіреді.
XII ғасырдың соңында Арледе (Оңтүстік Франция) салынған (115-сурет) Сен-Трофим шіркеуінің порталы - роман стилінің ең бір жетілдірілген нұсқасы. Оның пішіні римдік салтанатты арканы еске түсіреді (74-сурет). Тимпане деп аталатын кіреберістегі маңдайшада інжілшілдердің төрт символы мен Исаның жасампаз бейнесі бейнеленген (116-сурет). Әулие Марктың арыстаны, әулие Матфейдің періштесі, әулие Луканың бұқасы және әулие Иоанның бүркіті Библиядан алынған. Көне өсиеттегі Зул-Кифлдің көргендерінде (Зул-Кифл. І:4 - 12) Құдай тағын әкеле жатқан арыстан, адам, бұқа және бүркітбасты төрт жаратылыс иесі сипатталады.
ӘСЕМДІК ӘЛЕМІ
Өнерде толық еркіндіктің қалыптасуы шамамен жүз жылға созылды, атап айтсақ, шамамен б.з.д. 520 жылдан 420 жылдар аралығын қамтиды. Б.з.д. V ғасырдың соңында суретшілер, олардың соңын ала көпшілік қауым жаңа әдістердің мүмкіндіктерін түсіне бастайды. Алайда қылқалам шеберлері мен қашаушылар әлі де қолөнершілерден айрықша деңгейімен ерекшеленіп, өркөкірек көрсеқызарлардың алдына белсеніп шыға қоймайды.
Өнер туындысының діни және қоғамдық мазмұнын ғана емес, көркемдік сапасын бағалайтын адамдар саны арта түсті. Көрермендер әртүрлі көркемөнер мектептерінің жетістіктерін, әр қалаға тән түрлі мәнер мен стильдік дәстүрлерді салыстырып қарастыра бастады. Мектептердің артықшылығы туралы пікірталастар, олардың бір-бірімен бәсекеге түсуі суретшілердің өз-өзін жетілдіруіне түрткі болып, бізді әлі күнге дейін тамсандырып келе жатқан грек өнерінің саналуандығын дамытуға мүмкіндік туғызды.
Бір кезеңде түрлі стильдермен (ордерлер) салынған ғимараттар бой көтере бастады. Парфенон Дорий стилінде салынса (50-сурет), оның соңынан іле-шала қолға алынған Акрополь құрылысынан ионийлік стиль байқалады. Мұның принципті жобасы баяғы Дорий стиліндегі ғибадатханадағыдай, алайда пішіндері мен ғимараттың образды құрылысы өзгерген. Бұл стиль түрін Эрехтеон деп аталған ғибадатхана құрылысынан байқауға болады (60-сурет). Ионийлік ордердің зор бағаналары көкке ұмтылған ағашқа ұқсас, капительдері қарапайым жастық секілді емес, әсем шиыршықтармен (волюта) безендірілген. Шиыршықтарының берік иілісі арқалық жабынның салмағын көтеріп тұратын тірек қызметін де атқарады. Бөлшектері аса ыждағатпен құрылымдалған мұндай құрылыстар көңілді көтеріп, көрікті әсерге бөлейді. Мұндай ерекшелік Фидийден кейінгі мүсіншілер мен кескіндемешілер туындыларынан да көрінеді.
Бұл кезде Афина Спартамен кескілескен соғыс жүргізіп жатқан еді. Соғыс аяқталған соң, Афина, соңын ала, бүкіл Грекия өркендеу жолына түсті. Б.з.д. 408 жылы уақытша бітімге келген кезде Акропольдегі Жеңіс құдайының кішкентай ғибадатханасына жалғастырылып балюстрада салынады; оның әшекейленген пластикасынан Ионий ордері сәулеті байқалады.
Фигуралар қатты бүлінген, дегенмен сол бассыз, қолсыз сынықтардың өзінде көз тартар бір әсемдіктің барын айта кеткен жөн. Бұл - жүріп келе жатқанда шешіліп кеткен сандалын байлауға тоқтаған Жеңіс құдайының мүсіні (61-сурет). Кенеттен тоқтай қалған фигураның еліктірер сүйкімді көрінісі қалай бейнеленген десеңші, әсем денесінен жұқа мата қалай әдемі сырғып барады! Мұндай шығармалар осы кезеңдегі суретшілердің ойындағы дүниенің бәрін бейнелей алатын шеберлікке жеткенін көрсетеді. Ол енді қозғалыстар мен ракурстарды беру қиындығына бас қатырмайды. Бірақ оның кедергілерді білмейтін асқан шеберлігі өзін-өзі жақсы көретін қасиетін жасырып тұр.
Жеңіс құдайы
Б.з.д. 408 ж.
Жеңіс құдайы ғибадатханасындағы балюстрада бедері.
Мәрмәр, биіктігі - 106 см.
Акропольдегі музей, Афина
Жеңіс құдайы ғибадатханасының фризінен мұндай ұстанымнан бас тарту үрдісінің басталғаны байқалады. Оның авторы шығармашылық мүмкіндігінің молдығына масайраған.
Осылайша IV мыңжылдықта өнерге көзқарас ақырындап өзгере бастады. Фидий мүсіндері Құдайдың бейнесін танытушы өнер туындылары ретінде бүкіл Грекияға танымал болды.
IV ғасырдағы ғибадатхана мүсіндері көркемдік тұрғысынан бағаланды. Білімді гректер енді кескіндеме мен пластикаға да поэзия мен театр пьесаларын талқылағандай пікір айта бастады: бір шығарманың көркемдігін айтып мақтаса, екінші бір шығарманы пішініне немесе суретші ойына қатысты сынап жатты.
Сәби Дионисті көтеріп тұрған Гермес
Шамамен б.з.д. 340 ж.
Мәрмәр, биіктігі - 213 см.
Археологиялық музей, Олимпия
Біздің алдымызда - сәби Дионисті қолына алып ойнатып тұрған құдай Гермес. 47-суретке қайта оралып қарасақ, грек өнерінің екі жүз жыл ішінде небір жолдардан өткенін көреміз. Пракситель туындыларында бұрынғы үлгіге салудың жұрнағы жоқ.
Еркін мүсінделген денеде Құдіреттің бергеніне әлдебір немқұрайдылық сезіледі. Бірақ мұқият зер салсақ, бұл жерде де ежелгі тәжірибелердің ұмыт қалмағанын байқаймыз. Дененің барлық мүшелері, бөліктері бұрынғыдай мейлінше дәл, білгірлікпен сомдалған. Алайда бұл жансыз, қатып қалғандай әсер тудырмайды. Енді мүсінші тірі дененің бар сымбаты мен әдемілігін әсерлендіру шеберлігін игеріп, жұқа тері астындағы бұлшықеттің ойнақы қозғалысын көрсете алады. Бірақ Праксительдің де, басқа грек суретшілері сияқты, сұлулықты бейнелеуді өзіне дейінгі тәжірибелер арқылы меңгергенін білген жөн.
Кейінірек адамзат сұлулығының ең кемел үлгілері ретінде бағаланған танымал классикалық шығармалар - IV ғасыр ортасындағы мүсіндердің көшірмелері немесе нұсқалары. Аполлон Бельведер (64-сурет) ер адам көркемдігінің идеалы болып саналады. Құдай біздің алдымызда садақ ұстаған қолын кең жайып, басы ұшқан жебенің бағытына қарап тұрғандай қалыпта бейнеленген. Осының бәрінен дене мүшелерін мейлінше табиғи қозғалыста берудің әу баста қалыптасқан канондарын танып білу қиын емес.
Милолық Венера
Б.з.д. 200 ж.
Мәрмәр, биіктігі - 202 см. Лувр, Париж
Македондық Александрдың басы
Шамамен б.з.д. 325 - 300 жж.
Лисипп сомдаған түпнұсқаның мәрмәр көшірмесі. Биіктігі - 41 см. Археологиялық музей, Стамбұл
Александр құрған империя грек өнерінде айтарлықтай рөл атқарды. Бұрын бірнеше кіші қаланың жетістігі саналған бейнелеу тілі енді жарты әлемге таралды. Әдетте бұл кейінгі кезеңнің өнері грекиялық емес, эллиндік деп аталды. Өйткені Александр ұрпақтары негізін қалаған Шығыстағы мемлекеттер осылай аталған еді. Жаңа астаналар: Мысырдағы - Александрия, Сириядағы - Антиохия, Кіші Азиядағы Пергамон суретшілерге Грекиядағыдан өзгеше талап қойды.
Тіпті сәулет өнерінің өзінде де тапсырыс берушілерді қарапайым дорийлік ордерлердің қарапайымдығы да, ионийлік жеңіл грация да қанағаттандырған жоқ. Ендігі жерде сауда-саттық орталығы саналған бай қала Коринфтің (67-сурет) атымен аталатын, IV ғасырдың басында пайда болған жаңа пішіндегі колонналарға артықшылық берілді. Ионийлік шиыршықты Коринф стиліндегі капительге (бағанның жоғарғы элементі) жапырақ пішіндері қосылып, ғимараттардың сәні арта түсті. Шығыстағы қалаларда ауқымды, айбарлы, әсем безендірілген құрылыстар бой көтерді. Бізге олардың кейбіреулері ғана жеткен, дегенмен осылардың өзі асқақтығы және ерекше сәнімен таңғалдырады. Грекия өнерінің стильдік ерекшеліктері, оның жаңалықтары Шығыстың үлкен монументтік дәстүрлерінде пайдаланылды.
ӘЛЕМДІ БАҒЫНДЫРУШЫЛАР
Біз көне Рим империясының басты қалаларының бірі болған Помпей қаласының орнынан эллиндік өнер туындыларын көптеп кездестіруге болатынын білдік. Римдіктер әлемді жаулап, күйреген Эллин патшалықтары орнына өз империясының негізін қалап жатқан кезеңде өнер көп өзгеріске түсе қойған жоқ. Римдегі суретшілердің көбі гректер еді. Рим коллекционерлері, негізінен, гректің ұлы шеберлерінің шығармаларын немесе олардың көшірмелерін жинайтын. Жаңа патшалық - Рим империясы ірі мемлекет болып қалыптаса келе, ондағы өнер түріне де аздап өзгерістер ене бастады. Суретшілердің туындыларға қатысты жаңа талабына сәйкес әдістер де түрлене түсті.
Римдіктер әсіресе инженерлік құрылыстар салуда зор жетістікке жетті. Олар салған жол, акведуктар, қоғамдық моншалар бәріне мәлім. Тіпті қазір де олардың қирап қалған орындарының өзі өте қатты әсерлендіреді. Римде орасан зор колонналардың арасында қыдырып жүргенде, өзіңді кіп-кішкене жәндік сияқты сезінесің. Рим құдіретін ғасырдан-ғасырға жеткізген де осы үйінділер емес пе?!
Сол римдік құрылыстардың ішіндегі ең атақтысы - Колизей (73-сурет). Ол осы атауымен-ақ танымал болған үлкен арена еді. Бұл Рим сәулет өнерінің ерекше ескерткіші келешекте де талайды тамсандырып, ұрпақтар жадында сақталарына шәк келтірмейміз. Ол толық күйінде утилитарлық, дарбазалық құрылымды елестететін. Ішінде адам отыратын бірінен кейін бірі жоғары орналасқан үш қабатты амфитеатр бар. Бұл құрылымның сырт жағына римдік архитектор өзіндік бір экран тәрізді етіп, грек архитектурасының формаларын жабыстырған. Мұнда грек ғибадатханаларында кездесетін үш стиль түгел пайдаланылған: төменгі қабатта Дорий стилінің бір көрінісі ретінде метоп пен триглифті қайта жаңғыртқан тәрізді, ал екінші қабатта - қабырғаларға жапсыра Ионий стиліндегі жарты колонна, төртінші және бесінші қабатта Коринф стилі қолданылған.
Грек сәулет өнерінде әдетте міндет-қызметтері бірдей бөліктерден құрастыру етек алған еді, мәселен, Колизей туралы да солай айтуға болады. Бірақ Триумф аркасында ордерлік элементтер ортадағы кең ашық қуыстардың жақтауларын көмкере, айшықтап, бүйірдегі тарлау бөлігіне барып тіреледі. Мұндай архитектуралық композициядағы элементтердің орналасуы музыкадағы аккордтар сияқты.
Рим сәулет өнерінің мейлінше маңызды дерлік ерекшеліктері арканы қолданудан байқалады. Бұндай ерекшелікті ертедегі гректер қолданбаған, дегенмен грек шеберлері бұл жайында мүлде білмеген десек, қателескен болар едік. Арканы тас сыналармен құрастырып шығару - инженерлік шешім тұрғысынан оңай іс емес. Оның шешімі табылған күннен бастап-ақ сәулетшілер барлық жобаларда осы үлгіні батыл қолдана бастады. Енді олар арканы көпір астына, акведуктарда, тіпті ғимараттардың иілген төбелерін жабуға да пайдаланды. Әртүрлі техникалық әдістерге жүгінген римдіктер төбені дөңгелете жабудың тәжірибелі мамандарына айналды. Осындай керемет құрылыстың бірі - Құдайлар ғибадатханасы - Пантеон еді.
Император Веспасиан
Шамамен 70 ж.
Мәрмәр. Биіктігі - 135 см. Ұлттық археологиялық музей, Неаполь
Будданың ең алғашқы бейнелері Гандхара облысының шекарасында пайда болып, бедерлер болашақ буддизм өнеріне үлгі болған. 80-суретте Будданың Ұлы бас тартуы аңызынан эпизод көрсетілген. Онда жас шахзада Гаутама дүниеден безініп, тақуалық жолына түсу үшін өз ата-анасының сарайынан кетіп қалады. Ол өзінің сүйікті атына: Менің сүйкімді Кантхакам, осы түні мені соңғы рет апаршы, өтінемін. Сен менің Будда болуыма көмектесесің, сонда мен құдайлар мен адамдар әлемін құтқарушы боламын, - дейді. Кантхаканың кісінеуі мен тұяғының тарсылы қаланы оятып, шахзаданың кеткенін бәрі біліп қоятын болған соң, құдайлар дыбысты естіртпей, ат шаба жөнелгенде тұяқтарының астына алақандарын тоса қойған көрінеді.
Иса және Петр мен Павел әулиелер
Шамамен 389 ж.
Юнис Бассас саркофагіндегі бедер. Мәрмәр. Әулие Петр криптасы, Рим
2-тапсырма: Иудаизм, Христиандық пен Исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны авторы Карен Армстронг
Әуелгіде - тарауы бойынша Монотеизм, Жұмбақ қуат, Құдай ана культі, Шумерлік наным, Тәуарат кітабы.
Бір Құдай - Пұтқа табынуға мәжбүрлеу, Кіндік кезең пайғамбарлары, Қайталанған заң, Ғибадатхананың көбеюі.
Пұтқа табынушылардың оянған үміті - Мессия, Бхакти, Бодхисаттва.
Үштік:Христиан Құдайы - Усия, Киелі рух, Үш құдайлық болмыс.
Таухид: Ислам Құдайы - Пайғамбар және Құран, Бәнат ул-Лаһ, Ілім шығаруға себеп.
Философтар Құдайы - Эманация доктринасы, Иллюзи, Құранға рационалды әдіс қолдану, Философиялық рационолизм.
Мистиктер Құдайы - Адамиланған Құдай идеясы, Миф, мистицизм, мистика, Мифтік дін, Аугустин мен Моника самғаулары, Сергек сопылар.
Реформаторлар Құдайы - Ішкі жағдайға байланысты және Сыртқы жағдайға байланысты Ағартушылық - Секуляризм, Прогресс, Діни ұйымдар, Атеизм, Құдайды ғылым тұрғысынан.Құдайдан айрылдық па? Болмысты жаңаша түсіндірулер, Блэйк тұжырымдамасы мен Құдай өлімі, Батыстағы Құдай ұғымын сынау.Құдайға құлшылық жалғаса ма? Шіркеулердің босап қалуы, Атеизмнің эмоцияға айналуы, Адам санасындағы құдайлық саңылау.
ӘУЕЛГІДЕ.
Бастапқы кезде адамдар барлық нәрсенің Алғашқы Себебі және көк пен жердің Иесі - Құдайды жаратты.Ол кезде Оның бейнесі де, ғибадатханасы да, абыздары да болмады.Адам әлі табынуды білмеді. Құдай оларға тым биікте көрінді Уақыт өте келе Ол адамдардың жадынан өшті де, адамдар Оған деген мұқтаждықты сезінбейтін болды. Кейін Ол мүлде жоғалды дегендер де болды...
Бұл теория Вильгельм Шмидт әкейдің 1912 жылы жарық көрген Құдай идеясының пайда болуы (The Origin of the Idea of God) атты еңбегінде баяндалған. Оның пайымынша, көпқұдайлықтан бұрын қарапайым монотеизм болған: бағзы заманда адамдар әлемді жаратқан және өздерінің іс-әрекетін реттеп отырған жалғыз Ұлы Құдайдың бар екенін мойындаған. Мұндай Ұлы Құдайға сенім (кейде оны Аспан Құдайы деп атаған, өйткеніОған бәрінен жоғары тұру керек болды) қазіргі кезде де көптеген африкалық тайпалардың діни жоралғыларына тән сипат. Олар Құдайға жалбарынады және Оның барлық әлемді бақылап отырғанына, қылмыстарды жазалайтынына күмән келтірмейді. Екінші жағынан қарасақ, бұл Құдай олардың күнделікті өмірлерінде көрінбейді; Оның культі де, бейнесі де жоқ.
Африкалықтардың көзқарасынша, Оны сипаттау мүмкін емес және Оны ешбір дүниелік нәрсемен кірлетпеу керек.
Антропологтердің байыптауынша, бұл Құдайдың алыстағаны және жоғарылағаны сонша - оның орнын біртіндеп төменгі рухтар мен қолжетімді құдайлар басады. Бұл Шмидтің теориясына сай келеді, яғни Ұлы Құдай ерте кездерде-ақ пұтқа табынушылардың пантеондарындағы сауықкеш құдайлармен ауыстырылған. Бірақ алғашқы кезде тек Бір Құдай болғаны хақ делінеді, яғни монотеизмді өмірдің сыры мен сипатын түсіндіруге тырысқан адамдардың алғашқы талпынысы деген дұрыс. Осының барлығы әлгідей Құдайдың белгілі бірқиындықтармен бетпе-бет келетінін меңзейді.
Мұндай теорияны ешқандай әдіспен негіздеп беру мүмкін емес. Діндердің пайда болуы туралы қисын көп. Бірақ бір нәрсені батыл айтуға болады: адам үнемі құдайларды туғызумен келеді. Егер қандай да бір діни идея әлдебір себептермен адамдарға ұнамаса, олар оны жаңасымен алмастыратын. Ескірген түсініктер білдіртпестен, ақырын ғана ойдан шығып қалатын. Аспан Құдайы идеясы да осындай күйге ұшырады. Қазіргі таңда көптеген адам: Ғасырлар бойы яһудилер, христиандар мен мұсылмандар табынып келген Құдай Аспан Құдайы сияқты алыстап кетті дейді. Тіпті Құдай өлді деп жариялап та жүр. Иә, шынымен де, әсіресе Батыста Ол көптеген адамның өмірінен ғайып болып барады.
Адам санасында Құдай бейнесіндегі саңылау пайда болған дейді, дәл сол жерде Ол ертеректе орын тепкен (дегенмен кейбір орталарда Құдай қанша пайдасыз болып көрінсе де, Ол тарихымызда шешуші рөл атқарды, жалпы, барлық заман үшін адамзаттың ұлы идеяларының бірі болып қалады) деседі. Егер Құдай, расында да, жоғалып бара жатса, не нәрседен айырылатынымызды түсіну үшін адамдардың қалай өмір сүргенін, Оған қалай сене бастағанын, Оның адамдарға қандай мәні болғаны мен Ол туралы қалай ойлағандарын анықтап алуымыз қажет. Бұл үшін көне дәуірлерге сапар шегуіміз және Таяу Шығысқа саяхат жасауымыз керек: дәл сол жерде шамамен он төрт мың жылдай бұрын Бір Құдай идеясы туындады.
Ғаламды тұтас қабылдау тек Таяу Шығысқа ғана емес, барлық ежелгі әлемге тән болды. Б.д.д. VІ ғасырда Пиндар сондай сенімнің гректік нұсқасын Олимпиадалық ойындарына арнаған өлеңдерінде білдірді:
Адамдар қауымы бар,
Құдайлар қауымы бар,
Тынысымыз бір анадан берілген.
Бірақ күш-қуатымыз әрқилы:
Адам - түк те емес,
Ал мыс реңді аспан -
Ғасырлар бойы мызғымас мекен.
Бірақ бізді көктің иелеріне қарай
Көтеретін әлдебір нәрсе бар:
Құдіретті рух па екен,
Жаратылыс күші ме екен?
Күндіз-түнгі сапарымыз
Қай жерде үзілері,
Тағдырдың қалай белгілегені,
Бізге мүлде беймәлім десек те.
Пиндар үшін атлеттер әрқайсысы жеке жеңімпаз болуды армандайтын адамдар ғана емес. Ақын спорт жетістіктерін барлық адам жасампаздығының жоғары үлгісі саналатын құдайлардың ерліктерімен салыстырады. Адамдар қол жетпес алыстағы құдайларға құлдық ұрып, еліктеп қана қоймайды, өз бойларындағы құдайлық бастауы бар қабілетін де дамытуға тырысады.
Ибраһим және оның жақын ұрпақтары туралы библиялық хикаяларда Ханаанда, қазіргі Израилда еврейлердің үш ірі тайпасының орналасуына қатысты сілтемелер берілген. Алдымен (шамамен б.д.д. 1850 ж.), Ибраһим Хевронға келеді. Иммиграцияның екінші көші Ибраһимнің немересі Жақыппен байланыстырылады, кейін ол Израил деген жаңа ат алады (тік. ауд.: Құдай оның құдіретін ашсын). Ол Сихамға, Батыс Жағалаудағы қазіргі араб қаласы Наблусқа жайғасады. Библияда айтылғандай, Жақыптың ұлдары, еврейлердің он екі тайпасының арғы аталары, Ханаанда жойқын ашаршылық болғандықтан, Мысырға жайғасады. Еврейлер көшінің үшінші толқыны шамамен б.д.д. 1200 ж. басталады, бұл кезде өздерін Ибраһимнің ұрпақтарысанайтын тайпалар Мысырдан Ханаанға оралады. Олардың айтуынша, мысырлық құлдықтан оларды көсемдері Мұсаның Құдайы - Яхве құтқарған. Ханаанға жол тапқан бұл тайпалар жергілікті еврейлермен араласып, Израил халқы дүниеге келеді. Библияның нақтылауынша, көне израилдықтар деп аталған адамдар - Мұсаның Құдайы Яхвеге деген сенім біріктірген көптеген этностық топтардың одағы. Тәураттық кітаптар жүздеген жылдардан кейін, б.д.д. сегізінші ғасыр шамасында жазылғанмен, мейлінше ерте жазба дереккөздеріне негізделгені сөзсіз.
ХІХ ғасырда Библияны зерттеген неміс ғалымдары бес тәураттық кітап - Болмыс, Шығу, Левит, Сандар және Қайталанған заңның - төрт дереккөзін ажыратып алуға мүмкіндік беретін сыни әдіс жасап шығарады. Б.д.д. бесінші ғасырда бұл мәтіндер толықтырылып, Бес кітапты құрайды. Неміс ғалымдарының ойлары қатал сынға ұшырады, алайда Бес кітаптың неліктен қарама-қайшы болып келуі; онда, мәселен, әлемнің жаратылысы немесе бүкіл әлемдік топан сынды маңызды оқиғалар туралы бір-біріне ұқсамайтын бірнеше хикаялардың болу себептерін түсіндіретін, басқа шынайы теорияны әлі ешкім ұсынған жоқ. Болмыс пен Шығу мәтіндерін құраған Библияның ең алғашқы екі авторы оларды б.д.д. VІІІ ғ. тіпті одан да ертеректе жазған болулары керек. Біреуін J деп белгілеу қабылданған, өйткені ол Құдайын Яхве деп атаған, екіншісін Е деген, өйткені ол өзіне ең салмақты Элохим атын алуды дұрыс деп тапқан. Б.д.д. сегізінші ғасырда израилдықтар Ханаанды екі патшалыққа бөледі. J оңтүстікте, Иудеяда өмір сүреді, ал Е солтүстік патшалық, Израилдан келеді. Бес кітаптың басқа екі қайнар көзі - авторларын Қайталанған заң (D ) мен Шіркеу қызметкері (Р) деп атау қабылданған Израилдың көне тарихының жылнамаларын келесі тарауда талдайтын боламыз.
Израилдықтар Яхвені - Біздің әкелеріміздің Құдайы деп атаса да, ол патриархтар сиынған ханаандық ұлы құдай Эль-Илуға ұқсамайтындай әсер қалдырды. Израил елінің Құдайы болудан бұрын, қандай да бір басқа халықтың Құдайы болған болуы мүмкіндігін есептен шығармау керек. Мұсаға бағытталған сөздерінің бірінде Яхве өзінің Ибраһимнің Құдайы екенін кеңінен ұғындырады, дегенмен алғашқыда Оны Эль-Шаддай деп атаған. Мұндай табанды түрде түсіндіру Мұсаның Құдайы кім еді деген байырғы пікірталастың сарқыншағы болуы мүмкін. Алғашқыда Яхве деген жауынгер құдай, жанартаулардың иесі, оған Мадиан (қазіргі Иордания)17 жеріндегілер сиынып келген деген болжамдар болды. Израилдықтардың Яхвемен, егер Ол, шынында, жаңа Құдай болса, қай жерде танысқандарын ендігі жерде анықтай алмаспыз. Қазіргі таңда бұл маңызды мәселе болуы мүмкін, бірақ Тәурат авторларын қатты толғандырмағаны анық. Пұтқа табынушылықтың көне дәуірінде құдайлар аяқ астынан кез келген жерде пайда болып, бір-бірімен қосылып та кете берген, ал бір жердің құдайларынан басқа халықтардың құдайларына ұқсастықты оңай тауып алуға болатын. Бір нәрсе даусыз: Яхве қайдан келсе де, Шығу оқиғасы оны Израил Құдайы деңгейіне көтерді, ал Мұса болса, Оның Ибраһим, Исхақ және Жақып Құдайы - Эль екеніне израилдықтардың көздерін жеткізді.
Яхвенің алғашқыда Мадиан жерінің Құдайы болғаны туралы Медиандық теория деп аталатын болжамды қазіргі таңда ешкім де мойындамайды, бірақ дәл сол жерде Мұса Яхвені алғаш рет көреді. Мұсаның құл израилдықты азаптаған иесін өлтіріп, Мысырдан қашқанын еске түсірейік. Мұса мадиандықтарды паналайды және өзіне әйелін сол жерден табады. Күндердің күнінде қайын атасының қойын бағып жүргенде таңғаларлық көрініс елестейді: бұтаоттай лаулап тұрады, бірақ жанып кетпейді. Таңғалған Мұса жақын келгенде, Яхве атын атап шақырады, ал Мұса: Міне, бұлт - Менмін! (Хинени!) деп дауыстайды: барлық израилдық пайғамбарлар Құдай олардан шексіз бойсұну мен сенімді талап еткенде, дәл осылай жауап беретін:
Содан Құдай былай деді: бұл жерге жақын келме, аяқ киіміңді шеш, өйткені сен тұрған жер - киелі жер. Мен - сенің әкеңнің Құдайымын, Ибраһимнің Құдайымын, Исхақтың Құдайымын және Жақыптың Құдайымын. Мұса қолымен бетін басты, өйткені Құдайды көруге жүрексінді.18
Яхвенің Ибраһимнің Құдайы екені туралы алғашқы куәдүрлікке (растауға) қарамастан, бұл Құдай кезінде Ибраһимнің шатырында отырып, онымен достық рәуіште тамағын бөлісіп ішкен жанға еш ұқсамайды. Енді бұл Құдай қорқыныш туғызып, арада алшақтық сақтайды. Мұса атын айтуды, яғни өзін таныстыруды сұрағанда, Яхве оған бүркемеленген сөздермен жауап береді, бұл жұмбақ сөздердің мағыналары төңірегінде теологтер ұзақ ғасырлар бойы бас қатырып келеді.
Бір Құдай
Б.д.д. 743 ж. Иудея патшалығы әулетінің бір ұрпағы Иерусалимдегі Сүлеймен патша салдырған ғибадатханада Яхвенің елесін көреді. Бұл Израил халқы үшін қысылтаяң кезең еді. Сол жылы яһуди патшасы Озия қайтыс болып, орнына жайғасқан ұлы Ахаз қол астындағыларды Яхвемен қатар, пұтқа табынуға да мәжбүрлейді. Солтүстік Израил патшалығының жағдайы анархияға жақын болды: ІІ Иеровоам патша өлген соң, 746 - 736 жылдар аралығында тақта бес патша ауысады, ал Ассирия патшасы ІІІ Тиглет Пилесар (Тиглатпаласар) өзінің қонысы кеңейіп келе жатқан империясына қосып алу үшін, олардың жерлеріне ашқарақтықпен көз салады. Б.д.д. 722 ж. оның мұрагері ІІ Саргон патша солтүстік патшалықты бағындырып, халқын зорлап көшіреді: израилдықтардың солтүстік он тайпасы өзге тайпаның арасына сіңіп, жойылып кеткен. Ал шағын ғана Иудея патшалығы үрейдің құшағына еніп, жанбағыс қамында отырды. Озияның өлімінен кейін ғибадатханада қысқаша құлшылық еткен Исайяның көңілі келешекке алаңдаулы болды, оның үстіне, ол ысырапқа толы ғибадатханалық салтанатты рәсімдердің жөн емесін іштей сезінген де болар. Исайя билеуші топтан шыққан секілді, бірақ оның көзқарасы бұқараға жақын және демократияшыл болып, аш-жалаңаш кедейлер тұрмысына терең аяушылық сезіммен қараған. Киелі орынның және құрбандық малы қанының исі мүңкіген жердің алдындағы ғибадатхана бөлмесі өртелген қара майдың түтініне толған кезде, ол Израил діні өзінің тұтастығы мен ішкі мәнінен айырылуы мүмкін деген қорқыныштың құшағында болған тәрізді.
Кенеттен оның көз алдына аспандағы құдірет сарайының жердегі айна-қатесіз көшірмесі секілді ғибадатхананың тап қарсы бетінде, көктегі тағына жайғасып отырған Құдай елестеді. Оның жеңсіз жамылғысы бүкіл ғибадатхананы алып жатты, қасындағы екі періште Оғанарамау үшін беттерін қанаттарымен жауып тұрды. Олар бір-біріне кезек-кезек: Қасиетті, қасиетті! Қасиетті Саваоф Құдай! Бүкіл жер беті Оның даңқына толы!1 деп дауыстады. Олардың дауыстарының күшінен ғибадатхана түп іргесіне дейін шайқалып сала берді де, Яхве көзге ешнәрсені көрсетпейтін бұлтқа оранды - бұл Синай тауында Құдайды Мұсадан жасырған бұлт пен тұманға ұқсады. Қазір қасиетті сөзін қолданғанда біз әдетте адамгершілік кемелдік күйін меңзейміз. Бірақ ивритше каддош ұғымының адамгершілікке еш қатысы жоқ еді. Ол бөгде, мүлде бөтен дегенді білдірді. Яхвенің Синай тауында көрінуі адам мен құдайлық әлем арасының алшақтап кеткенін аңғартты. Періштелер енді: Яхве - басқа, басқа, басқа! деп жылады. Исайяның бойын анда-санда адамдарды құштарлық пен қорқынышқа бөлейтін, табиғаттан тыс құдіретті сезім баурап алатын. Рудольф Отто Қасиеттілік идеясы (The Idea of the Holy) деген классикалық еңбегінде трансцендентті ақиқатпен бетпе-бет келгенде туындайтын бұл үрейлі халдерді mysterium terribile et fascinans (қорқынышты және толқытатын құпия) деп анықтайды: қорқынышты болатыны, естен тандыратын толқыныс түрінде келіп, бізді қалыпты және жұбанышты күйден бөліп тастайды, ал таңғалдыратын себебі еріксіз құштарлыққа бөлейді. Осылайша түгелімен жанды баурайтын халдерді Отто музыкалық немесе эротикалық әсерлерге теңейді, рационалды ештеңе жоқ: туындайтын сезімдерді сөзбен немесе ақылмен жеткізу мүмкін емес. Сондай-ақ Мүлде Бөтендікті бар деп те айта алмайсың, өйткені Бөтендік әдеттегі ақиқаттың шегінен шығатын құбылыс.2 Кіндік кезеңнің жаңартылған Яхвесі бұрынғыша соғыс Құдайы (саваоф) болып қала берді. Сонымен қатар Ол енді жалғыз израил халқының жақтаушысы, тайпа Құдайы шеңберінен шықты. Оның атағы Уәде Етілген Жермен шектелмей, бүкіл жер бетіне тарады.
Пайғамбарлар Кіндік кезеңнің барлық ірі діндерінің айрықша белгісіне айналған өзекті сипатын өз парасатымен анықтады. Сол замандарда мәдениетті әлемнің әр түкпірінде діни толқыныстарды күнделікті тіршілікпен үйлестіре білуге үндеген, мұны сенімнің басты сынағы деп бірауыздан пайымдаған жаңа идеологиялар пайда болды. Уақыттан тысқары мифтер патшалығы да, әдепкі ғибадатханалық рәсімдер де маңызын төмендетті. Уахиды бастан кешкен адам - құж-құж қайнаған өмірдің ортасына қайта оралып, бүкіл тіршілік иесіне бауырмалдығын танытса ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz