Қоғамдағы саяси жүйе



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып 2.2. Қоғамдағы саяси жүйе.

1. Саяси жүйе - биліктің өмір сүруі мен оның қоғамдағы туындысы.
2. Саяси жүйе теориялары. Д. Истон, Г. Алмонд, және К. Дойч. Қоғамның саяси жүйесі: ұғымы, құрылымы, бөлшектері.
3. Саяси жүйенің институционалды, коммуникативті, мәдени саяси - құқықтық нормативтік анықтамалары.
4. Саяси жүйенің әлеуметтану, бейімделу, сезіну, реттеу қызметтері.
5. Дәстүрлік және қазіргі саяси жүйелер.
6. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің реформалық мәселелері және даму үрдістері. Қазақстан Республикасының саяси-партиялық және сайлаушылық жүйесінің даму проблемалары. Сайлау жүйесі.

Саяси жүйе - биліктің өмір сүруі мен оның қоғамдағы туындысы.
"Жүйе" ұғымын XXғасырдың 50-жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л. Фон Берталанфи (1901 -- 1972). Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен зат алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Ғалым жүйеге өзара байланыста болатын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде қарады. Жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса, барлық тұтастық өзгереді. Жүйе сыртқы дабылдарға және өзінің ішкі элементтерінің талаптарына жауап қайтару арқасында дамиды.
Кейінірек жүйелік тәсіл қоғамдық ғылымдарда пайдаланыла бастады. Социологияда қоғамды жүйелік түрде талдаған Т. Парсонс. Ол коғамды өзара байланыста болатын 4 жүйешіктен (экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани) тұрады деді. Жүйешіктің әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады, іштен және сырттан түсетін талаптарға құлақ асып, жауап қайтарады. Олар қосылып жалпы коғамның өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Саяси жүйелер теориясының негізін қалағандар американ саясаттанушылары Д.Истон мен Г.Алмонд. Д.Истон өзінің Саяси жүйе (1953), Саяси өмірді жүйелік талдау атты еңбектерінде саяси жүйені сырттан келетін импульске жауап беретін және өзін-өзі реттеп отыратын организм ретінде қарастырады. Бұл көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, саяси жүйе біртұтас, қоғамдық өмірдің ерекше сферасы.
Г.Алмондтың Салыстырмалы саяси жүйелер (1956) деген мақаласында саяси жүйе саяси институттар мен саяси мәдениеттің бірлігі деген тұжырымға басты назар аударады.
Марксизм позициясынан саяси жүйе саяси процестер субъектілері -- әлеуметтік топтардың мүдделерін бейнелейтін қоғамдық қондырманың элементі ретінде талданады. Бұл мүдделер саяси процестер арқылы, саяси шешімдерді қабылдау мен іске асыру арқылы саяси құрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады (қараңыз, Фарукшин М.Х. Политическая система общества. Социально-политические науки. 1991, 5, 60 бет). Мұндай тәсіл бойынша саяси жүйе ең алдымен саяси институттар жүйесі болады, автор институционалданған жүйені басқа жүйешелермен қатар тұратын жүйеше ретінде қарастырады.
Әдебиетте басқа ұғымды байқауға болады, атап айтсақ: саяси жүйе саяси институттар жүйесінде жүзеге асатын саяси идеялар жүйесі ретінде қарастырылады. Саяси жүйені түсінудегі мұндай әртүрліліктің болуы кездейсоқ емес, ол көпбейнелі тараптардың бірлігі ретіндегі феноменнің өзінің күрделілігіне негізделінген.
Саяси жүйенің лайықты түсінігі өзекті белгілері мен одан шығатын тараптардың қатаң айырмашылығын талап етеді. Жоғарыда көрсетілген анықтамалар көбінесе осы проблемаларды қарастыру мен байланысты.
Саяси жүйе үғымы ең алдымен қоғамның саяси сферасының жүйелік сипатын білдіреді. Саяси ғылымдар тарихында бірте-бірте саяси сфера жүйелік біртұтас деген идея қалыптасты. Саяси жүйе ұғымы жалпылаған түрде осы идеяны бейнелейді.
Саяси жүйе теориясының негізін салушы Д.Истон, сондай-ақ француз саясаттанушысы Дювержье саяси жүйе элементтер жүйесі ретінде олардың өзара әрекеттерінің, рольдерінің, қатынастарының, сонымен бірге нормалар мен ережелердің жиынтығы деген ойға басты назар аударады. Осы тұрғыда саяси жүйенің институционалды, коммуникативті, функционалды, нормативті тәрізді әртүрлі жүйешелерін айырады. Бұл жүйешелердің әрқайсысынын өз ерекшеліктері бар, өз функцияларын атқарады және жүйенің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып басқалармен өзара байланысқа түседі.
Батыстық саясаттануда екі идея басым: біріншіден, саяси жүйе туралы белгілі бір нәрсені оның сыртқы ортамен байланысын сараптау арқылы айтуға болады; екіншіден, саяси жүйені нақты түсіну элементтердің өзара әрекетін, рольдік функцияларын жоне реттеуші нормаларын талдау нәтижесінде жолға қойылады.
Осыған байланысты саяси жүйені ортамен кірудегі және шығудағы өзара әрекеті бойынша қарастырылатын қара жәшікпен теңестіреді.
Осыған ұқсас жайтпен, яғни жәшіктің ішіндегі болып жатқандарды елемей Д.Истон саяси жүйені қарастырды. Ол басты түрде жүйенің экономикалық, мәдени, діни, экологиялық, биологиялық, психологиялық, халықаралық және т.б. глобальды әлеуметтік жүйеге енетін басқа жүйелердің кешенінен тұратын өз ортасымен қатынасын талдады. Саяси жүйе мен оның ортасы арасындағы қатынастар жүйеге импульс беретін орта тарапының кіріс түрінде, орта импульсіне жүйенің реакциясы болып табылатын шығыс түрінде бейнелейді.
Жүйе орта импульстеріне жауап бере отырып ортаға ықпал етеді. Орта жүйе тарапынан импульс ала отырып өз кезегінде жүйеге ықпал етеді, және барлығы жаңадан басталады. Бір сөзбен айтқанда, жүйе мен ортаның өзара әрекеті түйық кибернетикалық мақсаттардың әрекеті принципі бойынша отеді.
Саяси жүйе теориялары. Д. Истон, Г. Алмонд, және К. Дойч. Қоғамның саяси жүйесі: ұғымы, құрылымы, бөлшектері.
Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уакыт болған жоқ. Оны XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Дэвид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Яғни, саяси жүйе сыртқы ортамен кіріс, шығыс принциптері арқылы байланысады. "Кірістің" 2 түрі бар: талап және қолдау. Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылыктардың, қазына мен қаржының, қоғамдық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз, бұрыс бөлінуі туралы пікірі, билік органдарына үндеуі деуге болады. Ол қоғамда белгілі бір қажеттіліктің, мұқтаждықтың бар екендігін білдіреді және ол әр түрлі болады. Мысалы: енбекақыны көтеру, жұмыс күнін қысқарту, әлеуметтік салаға қаржыны көбейту, білім алу мүмкіндігін арттыру, азаматтардын құқықтары мен бостандықтарын қорғау және т.б. Егерде мұндай талаптар көбейіп жатса, оларға билік органдары назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді.
Қолдау қоғам мүшелерінің саяси жүйеге ниеттестігін, адалдығын, саяси институттарға сенімділігін білдіреді. Ол үстемдік етіп отырған саяси жүйені күшейтеді. Қолдауға, мысалы. салықты дер кезінде төлеу, әскерлік міндетті атқару, ұлтжандылық білдіру, сайлауға белсене қатысу, қабылданған шешімдерді, заңдарды уақытында бұлжытпай орындау және т. б. Жатады. Шығыс - саяси жүйе жұмысының нәтижесі. Онда саяси жүйеге түскен талап-тілектерге сәйкес саяси шешімдер қабылдайды, сонымен бірге оларды жүзеге асыру жоспары қарастырылады. Оны халықтың талап-тілектеріне жауап деп түсінуге болады. Мысалы, шығысқа қабылданып жатқан зандарды, атқарушы биліктің қаулыларын, соттардың шешімдерін және т.б. жатқызуға болады. Саяси жүйе орасан зор әлеуметтік мәлімет, хабарламаларды қарастырып, оларды нақтылы шешімдерге айналдырады. Олар жаңа талаптар-ды тудыруы мүмкін. Сөйтіп "кіріс" пен "шығыс" әрдайым бір-біріне әсер етіп отырады. Саяси өмірдегі бұл кері байланыс қабылданған шешімдердің дұрыстығын тексеру, оларды түзету, қателерді жою, қолдауды ұйымдастыру үшін үлкен маңызы бар. Кері байланыстың бұрын тандалған бағыттан бас тартып, басқа бағдар алуға, жаңа мақсат койып, оған жету жолын тандауға да мәні зор.
Егер билік басындағылар қоғам мүшелерінің талаптарын тыңдамаса, оның шешімдері қолдау таппайды. Егер талаптар шамадан тыс көп болмаса және "кіріс" пен "шығыстың" әрекеттері дер кезінде өзара үйлестіріліп отырса, саяси жүйе тиянақты кызмет атқарады.
Д. Истонның идеяларын Г. Алмонд одан әрі дамытты. XX ғ. 50-60 жылдары көптеген бұрын отаршылдықта болған Африка, Латын Америкасы елдері егемендігін алып жаңа даму жолына түскен. Олардын біразы батыс саяси жүйесін қабылдады. Алайда ол келеңсіз зардаптарға әкелді. Д. Истон соны зерттеді. Батыс елдерініңсаяси институттары бетен әлеуметтік-экономикалық және мәдени-діни ортада өзінің көптеген кызметтерін ойдағьщай атқара алмады. Ең алдымен қоғамның тұракты дамуына кол жетпеді. Мүндай тәжірибені сараптау негізінде салыстырмалы зерттеулер дами бастады. Оған Д. Истон басшылық етті.
Ол саяси жүйегс рөлдер мен олардың өзара қатынасынын жиынтығы рстінде қарады. Олар укіметтік институттар аркылы ғана емес, басқа да саяси астары бар құрылымдар аркылы да жүзеге асырылады. Бұл құрылымдарды талдағанда ол 2 деңгейді - институционалдық және бағдарлык. -- баса айтты.
Егер біріншісі мемлекеттік және мемлекеттік емес институт-тарды зерттеуге көңіл бөлсе, екіншісі саяси мәдениетті құрай-тын саяси құрылымды зерделеді. Құрылым деп Д. Истон өзара байланысты рөлдержиынтығын түсінді.
Саяси жүйенін өзіндік мүмкіндіктері де бар. Д. Истон мен Г. Алмонд (1911 жылы туған) олардың төрт түрін көрсетеді: 1) топтар мен жеке адамдардың жүріс-тұрысын басқаруға байла-нысты реттеу мүмкіндігі; 2) өзінің кызмет етуіне қажетгі экономикалык және басқа қорларды табуға байланысты кысымдық мүмкіндігі; 3) корларды, игіліктерді, кызметті, үздік (озаттық) белгілерді және т.с.с. бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі; 4) әлеу-меттік ортаның талаптарына әркашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі. Үндістан саясатшысы П. Шарон бүл төртеуіне бесіншісін -- ішкі жағдайын басқара алатын өзін-өзі реттеу мүмкіндігін косады. Осының бәрі, сайып келгенде, үстемдік етіп отырған қоғамның біртұтас өзін-өзі басқаратын әлеуметтік организм ретінде қызмет етуін қамтамасыз етуі керек.
Саяси жүйенің институционалды, коммуникативті, мәдени саяси - құқықтық нормативтік анықтамалары.
Саяси жүйенің құрылымы:
1. Институционалды, мұнда мемлекет, саяси партиялар мен ұйымдарды жатқызады;
2. Нормативті, бұған заңдар, жазылған немесе жазылмаған нормалар мен принциптер жатады.
3. Коммуникативті, қоғамдағы саяси билік қатынастарын қамтиді;
4. Мәдени, саясаттың ішкі эмоцианалды жақтарын қарастырады.
5. Функционалды, әр түрлі саяси рөлдер мен қызметтер жатады.
Саяси жүйе жұмыс жасап, дамуы оның кіруі мен шығу принциптеріне байланысты.
Кіріске жататындар: талап тілектер, мүдде, мұқтаждықтар, қолдаулар немесе келіспеушіліктері. Осы кіріске жауап ретінде саяси жүйе жұмыс жасайды. Ол шығыс деп аталады. Оған жататындар: заңдар, шешімдер, бұйрықтар, реформалар және тағыда басқалары. Саяси жүйе басқа қоғамның жүйелерінен айырмашылығы, онда күш көрсету құқы бар.
Саяси жүйенің әлеуметтану, бейімделу, сезіну, реттеу қызметтері.
Саяси мәдениет - қоғамдағы саяси идеялардың, принциптердің, құндылықтардың, саяси дәстүрлердің жиынтығы. Ол қоғамдағы кез келген саяси әрекетті бағыттап, бақылай алады. Элементтері:
- саяси стереотип (қағида, таптаурын)...саяси билік, саясат туралы қарапайым, эмоционалды сезімге негізделген білімсіз түсінік.
- саяси сана - саналы және санасыз, рационалды және иррационалды, нормативті және эмпирикалық сезімдер мен түсініктердің жиынтығы.
- саяси менталитет - ірі әлеуметтік топтардың әлеуметтік-психологиялық, сапалы, тұрақты жағдайы. Индивидтің, әлеуметтік топтың, саяси альянстың, саяси партияның, халықтың ойлау түрі.
- саяси әлеуметтену - адамның қоршаған ортаның құндылықтарын меңгере отырып, сол ортаға бейімделу үрдісі.
Саяси жүйенің қызметтері:
1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады. Сол арқылы қоғамда тәртіп орнатады.
2. Қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды.
3. Саяси қатынас субъектілерінің қызығушылықтарын көрсетуі.
4. Экономиканың қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси жүйенің құрылымы және қызметі
Қоғамның саяси жүйесі: ұғымы, құрылымы және қызметі
Қоғамның саяси жүйесінің даму
Саяси жүйенің құрылымы, атқаратын қызметі
Құқық құрылымы және құқық жүйесі туралы түсінік
Клерикалық мемлекет зайырлы және теократиялық мемлекеттерінің ортасындағы мемлекет
Қоғамның саяси жүйелері
Азаматтық қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет туралы
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет
Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі және құрылымы
Пәндер