Демография және әлеуметтану
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
DEM3310 - Демография
5В050100 – Әлеуметтану мамандығы бойынша
(Кредит саны 3)
Алматы 2012
АЛҒЫ СӨЗ
1. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлеуметтану және
әлеуметтік жұмыс кафедрасымен әзірленді.
Авторлары: әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доценті,
социология ғылымдарының докторы Қылышбаева Б.Н., социология ғылымдарының
кандидаты, доцент М. Маульшариф және социология ғылымдарының докторы,
доцент Шеденова Н.У.
2 ПІКІР ЖАЗҒАНДАР
Биекенов К.У. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
социология ғылымдарының докторы, профессор
Ноғайбаева З.А. – С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық
университетінің социология ғылымдарының кандидаты, доцент
3 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің
___ ________________20 _ жылғы №__ бұйрығымен
БЕКІТІЛДІ және ЕНГІЗІЛДІ
4 Типтік оқу бағдарламасы жалпыға міндетті мемлекеттік білім
стандартына сәйкес дайындалды
5В050100 – Әлеуметтану
(мамандық атауы)
5 Республикалық Оқу-әдістемелік кеңесінің __ __________ 20__ жыл
Хаттама №__ мәжілісінде
ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Түсіндірме хат
Демография курсы бакалавр социологтарды дайындайтын міндетті пән
болып табылады, мұнда халықтың өзгеру процестерін, олардың бағыттылығын
болжауды, демографиялық және әлеуметтік процестердің өзара әсерін
қарастырады.
Болашақ әлеуметтанушыларға демографиялық үрдістер табиғатын, олардың
әлеуметтік дамудағы рөлін, әлемнің түрлі елдеріндегі халық санының
демографиялық саясатқа әсерін, әлеуметтік мәселелерді анықтаудағы әдістерін
және әлеуметтік болжам жасауды білу өте маңызды. Тұрғындар бүкіл қоғам
өмірінің негізі болғандықтан қоғамдық үрдістерді демографиясыз басқару
мүмкін емес. Демографиялық зерттеулерде статистикалық, әлеуметтанулық
әдістері жиі қолданылады.
Демогрфия курсының мақсаты тұрғындар жайлы кешенді білім жүйесін
игеру және демогрфиялық процестердің даму заңдылықтарын, әлем тұрғындарының
орналасу тарихын зерттеу, сонымен бірге демографиялық талдау әдістерін
меңгеру болып табылады.
Пәнді оқытудың міндеті - студенттердің демографиялық теорияларды,
заманауи демографиялық феномендерді, негізгі демографиялық тенденцияларды
оқып-білуі және демографиялық саясаттың негізі мен тиімділігін талқылай
білу, демографиялық және әлеуметтік-экономикалық үрдістердің өзара әсерін
айқындау, әлеуметтік зерттеулердегі демографиялық білімнің маңыздылығын
көрсету болып табылады.
Демография курсын оқу барысында студенттер жалпы демографиялық
үрдістер жайында толыққанды білім алып, алған білімдерін әлеуметтік
топтардың өмір сүру ерекшелігін зерттеуде ары қарай тереңдетеді және
берілген курсты меңгеру арқылы келесі құзыреттіліктерге ие болады:
- негізгі демографиялық заңдылықтармен даму тенденцияларының мағынасын
түсіну;
- әлемнің түрлі аймақтарындағы әлеуметтік мәселелері мен демографиялық
құрылымы жайлы хабардар болу;
- демографиялық мәліметтің түрлі дерек көздерін талқылай білу;
- демографиялық потенциалдың қалыптасуы мен динамикасының кеңістіктік
ерекшеліктерін білу;
Болашақ әлеуметтанушылар алған білімі мен дағдыларын қолдана алады:
-әлеуметтік мониторингті жүзеге асыру;
-тұрғындардың әлеуметтік-демографиялық, этникалық және кәсіби
топтарының дамуын үлгілеу;
-зерттеу нәтижесі мен социологиялық іріктеу жүргізудегі мәліметтерді
түзету;
-әртүрлі әлеуметтік топтар мен индивидтердің демографиялық мінез-құлқы
көрсеткіштерін болжауда, құру;
- әлеуметтік-демографиялық диагностиканы жүзеге асыруда (елдер,
аймақтар, қалалар, жергілікті қоғамдастықтар және т.б ).
Демография курсын игеруде бакалавриатта Әлеуметтануға кіріспе,
Қоғамның әлеуметтік құрылымы, Әлеуметтанулық зерттеулердің әдістемесі
және оны ұйымдастыру, Әлеуметтік антропология сияқты және басқа да
пәндер қатысады.
Берілген пәнді оқуда Экономикалық әлеуметтану, Жастар әлеуметтануы,
Әлеуметтанулық ақпаратты өңдеу мен сараптаудың әдісі сияқты басқа да
курстармен тығыз байланысты.
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
1. Тұрғындарды зерттеу негізі
2. Тұрғындар және демографиялық үрдістер туралы мәліметтердің дерек
көздері
3. Демографиялық талдауға кіріспе
4. Туу
5. Репродуктивті мінез-құлық
6. Тұрғындардың этнодемографиялық құрылымы
7. Өлім және өмір сүру ұзақтығы
8. Неке, отбасы және ажырасу
9. Миграция және миграциялық мінез-құлық
10. Урбанизация
11. Демографиялық болжау
12. Әлемдегі демографиялық саясат
13. АҚШ және Батыс Европа елдеріндегі демографиялық саясаттың жағдайы
14. Оңтүстік Азия және Латын Америка елдеріндегі демографиялық саясат
ерекшелігі.
15. Қазақстан Республикасының демографиялық дамуы.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Демография курсы халық санының көбейуі, өсім қарқыны, туу
көрсеткіштері, өлім көрсеткіші, ұдайы өсім, халықтың табиғи қозғаласы
коэффиентін көрсететін халықтың ұдайы өндірісінің күрделі процестерімен,
демографиялық саясаттың мақсатты бағдарларымен танысуға мүмкіндік береді.
Демографияның социологиямен өзара байланысын кешенді түрде қарастыратын
болсақ, ол социологиялық зерттеудегі демографиялық талдау әдістерін
қолдануға мүмкіндік береді.
Халық қоғамдық өмірдің негізгі және субъектісі болғандықтан
демография қоғамдық процестерді басқаруға себепші болады. Демографиялық
зерттеуде статистикалық, математикалық, картографиялық, сонымен бірге
социологиялық әдістер қолданылады.
Демография ғылымының тарихы XVII ғасырдың II жартысынан бастау алады,
осы кезең капитализмнің дамуы тұрғындарды зерттеуді туындатқан болатын.
Демографияның ғылым ретінде дамуына әсер еткендер: Дж.Граунт, Э.Галлей,
В.Фарра, А.Кетле. Ресейде XVIII ғасырда халық санын сақтау және көбейту
мәселесіне ең алғаш көңіл бөлген М.В.Ломоносов болатын, кейінгі
демографиялық зерттеулерді дамытқан П.П.Семенов-Тян-Шанский, У.Ц.Урланис,
В.В. Паевский, С.Г. Струмилин, М.В. Птухе, Д.К. Шелестов және т.б. болатын.
Қазақстандағы заманауи демографиялық зерттеулер кеңес одағы кезінде
қалыптасқан дәстүрге сүйенеді. Қазақстандағы демографиялық мәселелерді
қарастырған отандық ғалымдар: Н.Е.Бекмаханов, А.Н.Алексеенко,
М.Х.Асылбеков, А.М.Жаркенов, А.Б.Талиев, Т.Ж. Жумасултанов, А.Т.Ибраев,
Ф.Н.Базанов, М.Н. Сдыков, Е.Ю. Садовская, А.Б. Гали, А.т: Забирова,
М.Б.Татимов және т.б.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Тұрғындарды зерттеу негізі
Демографиялық ғылымның пайда болуы мен дамуы. Демографияның пәні,
мақсаты және әдістері. Демография – тұрғындар туралы ғылым. Демография жеке
және қоғамдық ғылым ретінде. Демография ғылымдарының жүйесі. Демография
ғылымдарының қазіргі кездегі дамуы. Демографияның басқа да ғылымдармен
байланысы. Демография және әлеуметтану. Әлеуметтанудың демографиялық
процестерді түсіндірудегі рөлі. Тұрғындарды зерттеу негізі. Тұрғындарды
зерттеудегі демографиялық бағыттың ерекшелігі. Демографияның әдіснамалық
негіздері. Тұрғындарды зерттеудің теориялық концепциялары. Демографиядағы
әдістер: статистикалық, математикалық, картографикалық, әлеуметтанулық.
Тұрғындар және демографиялық үрдістер туралы мәліметтердің дерек көздері
Тұрғындардың статистикалық мәліметі. Тұрғындар жайлы мәліметтер жүйесі.
Халық санағы, олардың ерекшеліктері. Халық санағын жүргізудегі мағынасы,
тарихы, ұйымдастырушылық қызметі: сыни сәт, санақ уақыты мен кезеңі, күнін
белгілеу, жабдық, кадрларды дайындау, аудандық санақ жүргізу, тұрғындар
арасындағы кеңес беру жұмысы. Тұрғындар қозғалысы мен миграцияның сол
уақытқа сай статистикалық есебі, оның бағдарламасы және ұйымдастырылуы.
Тұрғындарды арнайы және таңдаулы тексеру. Тұрғындар жайлы мәліметтер
шыншылдығының мәселесі.
Демографиялық талдауға кіріспе
Демографиялық талдау бұл халық санын зерттеудің математикалық және
статистикалық әдістерінің жиынтығы болып табылады. Негізгі демографиялық
көрсеткіштер. Халық саны үш демографиялық феноменнің қорытындысы ретінде:
туудың, өлімнің және миграцияның. Тұрғындар категориясы: тұрғылықты, заңды
және жеке. Абсолютті және жанама демографиялық көрсеткіштер. Демографиялық
мәліметтерді көрсетудегі демографиялық тор. Демографиялық торды қолданудың
және құрылуының принциптері. Когорт, оның анықтамасы және ұрпақ түсінігінен
айырмашылығы. Когорта талдауы,оның негізгі принциптері мен мақсаты. Когорта
өміріндегі қарқындылық пен демографиялық жағдай күнтізбесін зерттеудегі
когорталық талдау. Абюсолюттік және салыстырмалы демографиялық
көрсеткіштер.Демографиялық кестелер. Тұрғындар құрылымы. Тұрғындардың
жыныстық құрылымы. Жыныстар арақатынасы тұрғындардың отбасылық құрылымын
қалыптастырудың негізгі факторы ретінде. Жыныстар арақатынасы
сипаттамасының көрсеткіші. Жыныстар арақатынасын түсіндіретін факторлар.
Халықтың жастық құрылымы. Адам өміріндегі жастық кезеңдер классификациясы:
ежелден бастап қазіргі кезеңге дейін. Жасжыныстық пирамида халықтың жас –
жыныстық құрылымын талдаудың графикалық әдісі ретінде. Жас – жыныстық
пирамиданың түрлері мен оны құрудың принциптері. Пирамида бейнесінің сипаты
халықтың ұдайы өндірісінің сипаттамасы ретінде. Жастық құрылымның
прогрессивті, стационарлы және регрессивті түрі. Халықтың некелік және
отбасылық құрылымы. Отбасы түсінігінің демографиялық анықтамасы және
демографиядағы отбасының түрлері. Үй шаруашылығы түсінігі және қазіргі
кезеңдегі үй шаруашылығының даму тенденциясы.
Туу
Туудың демографиялық түсінігі. Терминологиялық түсініктер: туу,
өсімталдық, туу күнтізбесі, табиғи өсім, кейінге қалдырылған өсім.Туу
көрсеткіштері: туудың жалпы коффициенті, туудың арнайы коэффициенті, туудың
жеке коэффициенті,туудың жасаралық коэффициенті, туудың жиынтық
коэффициенті. Туу деңгейінің эволюциясы: туудың тарихи типтері. Тууды
түсіндірудің ғылыми парадигмалары мен концепциялары. Демографиялық өтудің
теориясы мен дифференциалды туу интерпретациясы. Тууға әсер ететін
факторлар. Туудың әлеуметтік детерминанттары. Тууды болжау.
Репродуктивті мінез-қүлық
Туу және репродуктивті мінез-құлық. Репродуктивті мінез-құлық
индикаторлары: отбасындағы нақты, жоспарлы, қалаулы, идеалды балалар саны.
Аз балалы, орташа балалы, көп балалылар репродуктивті қозғалыстың типтері
ретінде. Ер мен әйел адамдардың репродуктивті денсаулығы. Әлемдегі туудың
қазіргі тенденциялары. Қазақстан тұрғындарының репродуктивті мінез-құлқы.
Тұрғындардың этнодемографиялық құрылымы
Ұлыстар, халық, ұлттық және этникалық топтар. Көпұлтты қауымдастық.
Этнодемографиялық топтардың жағдайларының ерекшелігі. Диаспоралар. Халықтың
(популяция) биологиялық өсіп-өнуі. Тұлғалардың этномәдени өсіп-өнуі. Ұлттық
мінез-құлық пен салт-дәстүрлер. Этникалық статистика. Этностардың санының
динамикасы мен оның тарихи тұрғыдан өзгеруі. Жаратылысты өсіп-өнудің
этникалық факторлары: ерлердің, әйелдердің некелік жастары, некеге,
некесіздікке, некеге дейінгі және некеден тыс байланыстарға көзқарастары,
неке мен отбасы типтерінің таралған түрлері, жыныстық тиым салулардың болуы
немесе болмауы, әйелдің отбасындағы жағдайы, көпбалалыққа және баласыздыққа
қатынасы.
Өлім және өмір сүру ұзақтығы
Өлім және өмір сүру ұзақтығы түсінігі. Өлім деңгейі мен құрылымының
көрсеткіштері. Өлімнің қалыпты кестелері. Эпидемиологиялық өту теориясы,
оның мәні. Өлімнің биологиялық және әлеуметтік факторлары. Өлімнің қазіргі
тенденциялары сәби мен бала өлімін есептеу ерекшелігі. ВОЗ стандарты
бойынша тірі туылу критерилері. Өлім себебі бойынша өлім деңгейінің
құрылымы. Мезгілсіз өлімнің әлеуметтік себептері. Қазақстандағы өлімнің
себептері туралы статистикалық мәліметтер. Қазақстандағы бала өлімінің
динамикасы.
Өмір сүру ұзақтығының динамикасы. Өзін-өзі сақтау тәртібі өмір сүру
ұзақтығының факторы ретінде. Орташа өмір сүру ұзақтығы. Ер мен әйел адамдар
арасындағы орташа өмір сүру ұзақтығының ерекшеліктері. Орташа өмір сүру
ұзақтығының ұзаруының факторлары мен жетістіктері. Халықтың демографиялық
қартаюы: анықтамасы, себептері, әлеуметтік-экономикалық салдары.
Қазақстандағы өлім мен өмір сүру ұзақтығының жетістігі.
Неке, отбасы және ажырасу
Терминологиялық анықтамалар: неке, некелік, некеге қабілетті халық,
некелік кагорта, некелік жағдай, некелік жас мөлшері, некесіздік, некелік
құрылымның ұдайы өсуі, неке күнтізбесі, неке нарығы, матримониалды мінез-
құлық, жесір қалу, ажырасу. Заңды және азаматтық неке. Азаматтық некенің
өсуінің қазіргі себептері. Неке типтері: батыс европалық, шығыс европалық,
азиаттық және латино-америкалық. Некені талдау индикаторлары: некенің
абсолютті көрсеткіштері, неке коэффициенттері, орта жас көрсеткіштері, неке
құрылымының көрсеткіштері, күнтізбелік көрсеткіштер, некенің модельді
көрсеткіштері. Қазақстандағы неке мәселесі: қазіргі тенденциялары мен
эволюциясы.
Отбасын жоспарлау: демографиялық және әлеуметтік-саяси аспектілері.
Отбасы мен үй шаруашылығының теориялық талдауы. Отбасының өмірлік циклі.
Қазіргі замандағы аз балалы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz