Ауыспалы егіс туралы түсінік
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Агротехнология және орман ресурстары кафедрасы
БӨЖ
Агрохимия дисциплинасы бойынша
Тақырыбы:
Ауыспалы егіс
Орындаған: А. С.Мазан
Группа: АГ-615
Тексерген: Каламов Б. Х.
Семей, 2018
ЖОСПАРЫ
* Ауыспалы егіс туралы түсінік
* Ауыспалы егістегі алғы дақылдар.
* Ауыспалы егістердің сұлбасын құру қағидаттары (принциптері)
* Ауыспалы егістерді жіктеу
* Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ауыспалы егістер жөніндегі түсінік. Ауыспалы егіс дегеніміз -- ғылымға негіздеп дақылдар мен сүрі танапты белгілі бір мерзімде және аумақта кезектестіріп орналастыру.
Дақылдар мен сүрі жердің кезектесу ретімен бірінен соң бірінің орналасуын ауыспалы егістің сұлбасы кескіні деп атайды. Мысалы, Солтүстік Қазақстандағы ең кең тараған ауыспалы егістің сұлбасы:1 -- сүрі жер, 2 -- жаздық бидай, 3 -- жаздық бидай, 4 -- арпа. Дақылдар мен сүрі жердің ауыспалы егістің барлық танаптары арқылы өтуі олардың аумақта кезектесуін білдіреді. Дақылды бір танапта ұзақ уақыт өсіруді ауысымсыз, ал шаруашылықтағы негізгі дақылды дара дақыл деп атайды. Ауыспалы егістерде, кейде бір дақылды бірнеше жыл бойы қатарынан егеді, сосын оны басқа дақылмен ауыстырады. Мұндай егістіктерді қайталама егістік деп атайды.
Ауыспалы егістің әр танабында әдетте бір дақылды өсіреді, кейде бір танапта биологиясы және өсіру технологиясы ұқсас бірнеше дақылды орналастырады. Ауыспалы егістің мұндай танаптарын құрама деп атайды. Ауыспалы егістің жақсы алғы егіспен басталып, келесі жақсы алғы егістің алдында аяқталатын бөлігі ауыспалы егістің буыны деп аталады. Ауыспалы егіс тәсіліне сәйкес, дақылдар мен сүрі жердің кезектесуінің толық циклі өтетін кезеңді айналым (ротация) деп атайды. Оның ұзақтығы әдетте ауыспалы егістегі танаптар санына тең. Ауыспалы егістің тыс танабы деп дақылдардың кезектесуінен уақытша шығарылып және бірнеше жыл бойы бір дақыл ретінде өсірілетін танапты айтады. Тыс танапта көбінесе көпжылдық шөптер, жүгері өсіріледі. Алғы дақыл деп осы танапта өткен жылы болған дақылды немесе сүрі жерді атайды, яғни ауыспалы егістегі әрбір дақыл немесе сүрі жер өзінен кейінгі дақыл үшін алғы дақыл болып табылады. Ауыспалы егістің, дақыл мен сүрі жерді ретімен ауысуына, олардың кезектестік қағидасына өзгертулер енгізуге мүмкіндік беретін қасиетін оның икемділігі (бейімделгіштігі) деп атайды. Айналымы ұзақ және биологиясы ұқсас дақылдардан тұратын ауыспалы егістің икемділігі жоғары. Дақылдардың кезектесу қажеттілігі химиялық, физикалық, биологиялық, экономикалық себептерге байланысты.
Бір дақылды тұрақты немесе ұзақ уақыт бойы бір жерге өсіре берсе, онда арамшөптер, зиянкестер және аурулар қаптап, топырақ тозады да, өнімнің азаюына әкеп соқтырады. Ауыспалы егісте дақылдарды кезектестіру, биологиялық себептердің кері әсерін төмендетеді немесе тіпті мүлдем жояды. Мәселен, күнбағысты тұрақты сепкенде ол тоғышар арамшөп сұңғыладан күшті зақымданады; бидайды кезектестірмей сепсе, онда ол тамыр шіріндісі ауруына шалдығады.
Бірнеше дақылдарды (дәнді, отамалы дақылдар, көпжылдық екпе шөптер) өсіру оларды себудің, орып алудың мерзімдері әр түрлі болғандықтан, еңбекті, техниканы, жұмысшы күшін біркелкі пайдалануға, мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.
Ауыспалы егістегі алғы дақылдар. Дақылдар өнімінің мөлшері мен сапасына алғы дақыл үлкен әсер етеді. Солтүстік Қазақстанның құрғақшылық жағдайында, ең жақсы алғы дақылға сүрі жер (танабы) жатады. Ол топырақта ылғалдың, өсімдікке сіңімді түрдегі қоректік заттардың жиналуын, танаптың фитосанитарлық күйінің жақсаруын және арамшөптен тазалануын қамтамасыз етеді. Қазақстандағы таза, екпе, ықтырмалы, сидералды, жазықтілгіш гербицидті, т.б. сүрі танаптары кең тараған. Отамалы дақылдар (қант қызылшасы, жүгері, картоп, көкөніс, т.б.) алғы дақыл ретінде танаптарда арамшөптермен күресті жақсы жүргізуге мүмкіндік береді: жаз бойы арамшөптермен қатарлықта күрес жүргізіледі, топыраққа тыңайтқыштар енгізіледі.
Бұршақ тұқымдас дақылдар топырақтағы азотты көбейтеді. Жемшөпке себілген дақылдарды жазда шабу арамшөптерді азайтады. Көп жылдық шөптер топырақты органикалық заттармен байытады, оның құрылымын жақсартады, су және жел эрозиясынан қорғайды, өсіп-өнген патогенді микроағзаларды құртады. Солтүстік Қазақстанның құрғақшылық жағдайында негізінен көпжылдық дәнді екпе шөптерді, ал оның ішінде құрғақшылыққа ең төзімділерін (еркекшөп) пайдаланады. Көп жылдық екпе шөп қыртысындағы бидайдың астық өнімі, ықтырмалы сүрі танапқа қарағанда гектарына 2,3 ц төмен, бірақ сүрі танаптан кейінгі екінші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz