Қазақ-ағылшын-орыс мақал-мәтелдерін салыстыра зерттеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазіргі таңда ұлттық құндылықтарымызды қайта қалыптастыру, жандандыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру - тіл саясатының маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Бүгінгі ғаламдастыру, жаһандандыру саясатының аясында ғылымдардың даму көкжиегін жаңа бағыттармен кеңейту, қайсыбір ғылым саласы болмасын, оны "адами факторлармен, адами құндылықтармен" бірлікте қарастыру-адамзат өркениеті мен замана керуенінің алға тартып отырған кезекті талабы.

Ұлтаралық қатынастар үйлесімділігін, халықтар достығы мен бірлігін нығайтуда егеменді еліміз бар күш жігерін салуда. Мұның өзі тілдерді дамытуға, сайып келгенде, мемлекеттік тілді өркендетуге келіп тіреледі.

Сонымен бірге, соңғы жылдары төл тілімізді өзге тілдермен салыстыра зерттеу мәселесі де тіл білімінде кеңінен өркен жаюда.

Зерттеу жұмысының мақсаты

Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ-ағылшын-орыс мақал-мәтелдерін салыстыра зерттей отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу. Аталған тілдік бірліктердің семантикалық құрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін және олардың себеп-салдарын айқындау.
Сонымен бірге мақал-мәтелдердің тілдік табиғатын зерттеу негізінде олардың құрылымында ұлттық болмыс мазмұнын қалыптастыратын тетіктерді анықтау - жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Осы мақсаттың мүддесінен шығу үшін жұмыста мынадай нақты міндеттерді шешу көзделеді:
- мақал-мәтелдердің орыс, ағылшын, қазақ тіл біліміндегі зерттелу жайын сипаттау;
- мақал мен мәтелдің ұқсастықтары мен өзара айырмашылықтарын көрсету;
- қазақ, орыс, ағылшын халықтарының мақал-мәтелдеріндегі ортақ ойлау жүйесінің көріністерін көрсету;

Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің қазақша баламасын табу. Қазақ-ағылшын мақалдарын салыстыра зерттей отырып, олардың мазмұнын межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу.

Бейнелік нақыл өздер мен мақал-мәтелдерді қолдану арқылы халық даналығының мағынасына терең үңіліп түсіну, аударма жасау арқылы тілі үйрену. Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегі міндеттері шешу көзделді:

-мақал мәтелдерді тақырыптық топтар бойынша жүйелеу;

-қазақ ағылшын мақал-мәтелдердің семантикасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айқындау;

-тілдік құрылым жағынан әр тектес топтарына жататын қазақ-ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді салыстыру. Мақал-мәтелдердің қысқа әрі нұсқа даналығы, өмір айнасы екендігіне көз жеткізу.

Зерттеу жұмысының өзектілігі

Қазақстан Республикасының егеменді ел халықаралық қатынастар субьектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты. Өзара қарым-қатынастың нығаюы, тіл аралық байланыстардың, ағылшын -қазақ қос тілдігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем-әдеби шығармалардың, ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы өрістеп келеді. Ал, шетел тілін үйренуде және аударма жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер фразиологизмдер мен мақал-мәтелдер. Оның себебін фразиологиялық паремиологиялық жүйесіндегі тұрақты тіркестердің ұлттық сипатының, ұлттық нақтылығының ерекшелігімен түсіндіруге болады. Тілдік бірліктердің тұтас мағынасына жете түсінбей тіркес құрамындағы сыңарлар мәнін негізге ала отырып аудару сәтсіздіктерге ұшырату мүмкін. Сондықтан мақал-мәтелдердің тіл аралық симантикасын салыстыра зерттей отырып, ондағы жалпы халықтық мәнділіктер мен заңдылықтарды және этностық екшеліктерді сондай -ақ ұлт, тіл, мәдениет және өркениеттің өзара сабақтастығын айқындау да өзекті мәселе. «Ұлт пен біртұтас» деген қағидаға сәйкес, қазақ-ағылшын мақал мәтелдердің тек тілдік емес этнолингвистикалық тұрғыда қарастыру бірлік астарындағы ұлттық болмысты тану жағынан да көкейтесті мәселелер қатарына жатады.

Қазіргі таңда еліміздің басшысы Н. Ә. Назарбаев халқымызға үш тұғырлы тіл: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі -қарым-қатынас тілі, ағылышын тілі -халықаралық тілді меңгеру жөнінде мақсат қойып отыр. Осыған байланысты қай тілді меңгерсек те оны әдемі, таза, шебер сөйлеуіміз керек. Тыңдаушымызға ойымызды әсіресе жеткізе білуіміз қажет.

Басқа тілдегі мақал-мәтелдерді біліп түсіну-бұл тілді жақсы меңгеруге көмектесіп қана қойма, сонымен қатар басқа халықтың ой- бейнесін және мінез-құлқын түсінуге үлес қосады, дәнекер болады. Мақал-мәтел, нақыл сөздер тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры. Қазақ халқының мақтауға тұрарлық халық ауыз әдебиеті басқа елдердің ауыз әдебиетінен еш кем емес. Осы әдебиетімізді басқа елдерге таныту барысында әлі көптеген жұмыстар атқарылу керектігін білеміз. Бірақ қазіргі таңда әрбір қазақстандық үш тілді де тең дәрежеде меңгере алуы қажет деп міндеттелінген Елбасының сөзі арқау болғандықтан, біз үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ұқсастығын тауып, оны көпшілікке ұсыну маңызды болды. Өзара қарым-қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, ағылшын - қазақ - орыс үштілділігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл (язык посредник) ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі.
Зерттеу нысаны: Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер болып табылады.

Зерттеу жұмысы теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік басылымдардағы мақалалар қолданылды.

Зерттеудің жаңалығы: Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастыра отырып, зерттеу барысында екі тілдің өзіндік құрылымдық және жүйелік ерекшеліктері мен ұқсастықтарын, ұлттық мәдени ерекшеліктер мен ұқсастықтарды айқындау және сәйкес тұстарын табу.

Негізгі бөлім

Ағылшын тіліндегі мақал - мәтелдердің қазақ тіліндегі аналогтары мен салыстыру ерекшеліктері

Ақылдың кені

Көркем сөз өнерінің тілдік және поэтикалық санатына жататын мақал - мәтелдер мән- мазмұнының тереңдігімен, өткірлігімен, өміршеңдігімен, түп жағынан ықшамдылығымен ерекшелінеді. Көлемнің ықшамдылығына қарамастан, бейнелі тілдік, бірліктер нақты да күрделі ойдың себеп - салдарын халықтың өмір тәжірибесінің қорытындысы мен дәлелін қатар береді. Онда өмірдің сан саласы құбылыстарына беріліп, ой түйінделіп, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі негізінде пікір айтылады. Халық терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, шебер беруге тырысады. Сөйтіп тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жинақтап, қорытып береді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінде халықтың өмір сүру барысындағы тәжірибесі, көңілге түйген ақылының кені жатыр. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мақал - мәтелге мынадай түсіндірме берілген: «Мақал- үлгі - өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз. Мақал деп қысқа образды, ұйқасты, тұжырымды нақыл сөзді айтамыз». Мәтел - тұжырымды, бейнелі әрі ықшам нақыл сөз.

Дастан, қиссаларға қарағанда, мақал - мәтелдердің ерекше қасиеті көлемінің шағындығы, мазмұнының кеңдігі, тілінің өткірлігі, мағынасының тереңдігі, әрі ол барлық халыққа әсерлі, жалпы адамзатқа ортақ, көңілге бөлекше келеді.

Мақал - мәтелдердің шығу тарихы жайлы дөп басып айту қиын екен. Мақал - мәтелдер - халық мәдениетінің төл жемісі. Әрбір адам жеке ойлап, уақыт өте халық қазынасына айналған. Дегенмен, кейбір мақалдардың шығу тарихы жайлы аңыздар бар екен. Соны сіздерге таныстырып өтейін.

«Баяғыда бір даңқы елге жайылған хан ел - жұртын жинап алып, үкім шығарып, бұйрық беріпті. Барлығын тегіс бір мақал не мәтел сөз тауып келіңдер! - депті. Сонда бір қарапайым мақал таба алмапты. Хан үкімінен қорыққан халық бір -бірден мақал тауып айтып беріпті. Бірде -бір мақал таба алмаған кедейді суға батырып, түншықтырып өлтіріңдер! - деп, жендеттеріне бұйрық беріпті. Хан уәзірлерінің бірі кедейді суға батырып өлтіру үшін дайындық жасап жатқанда, әлгі кедей қорқып, дірілдеп тұрып: «Көп қорқытады, терең батырады» деген осы екен ғой депті. Сонда уәзір: «Мынау қорыққаннан жаңа мақал айтып жіберді, мұны өлім жазасынан құтқару керек, - депті. Осылай қорыққан кедей тосыннан тауып айтып, тың мақал оны өлімнен құтқарған екен».

Біз қазақ тілімен қатар орыс, ағылшын тілдерін де еркін меңгергіміз келеді. Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Дегенмен орыс сыныбында оқитындықтан, ана тілімізді бәрінен де жоғары қоятынымызды мақтаныш етеміз. Ана тіліміздің бай, көркем тіл екенін біз өте жақсы білеміз. Сол себепті ана тіліміздің ауыз әдебиетінде қалыптасқан, ойып тұрып орын алған ата-бабаларымыздың нағыз ақыл иелері данагөй болғандарын сипаттайтын мақал-мәтелдердің үш тілде қолжетімді болуы оқушылар үшін қажетті деп ойлаймыз. Сондықтан тіліміздегі мақал-мәтелдердің өзге орыс, ағылшын тілдерінде бір-біріне мағынасы жағынан ұқсас, жақын екенін анықтап, зерттеп, еліміздің дамуына балалық үлесімізді қоссақ дейміз.
Тәуелсіздігімізді алғалы бері елімізде тіліміздің еңсесі күн санап көтеріліп келеді. Еліміздің салт-дәстүрлері қайта өрлеп, ауыз әдебиетіміз құнды бола түсті. Жалпы халыққа түсінікті мақал-мәтелдеріміздің салмағы арта түсті. Өткенімізден қол үзіп қалмас үшін Елбасымыз барлық жағдайды жасап беріп отыр. Осындай жағдай жасалып отырған елімізде тек білімімізбен ғана басқа елдерге танымал болатындығымызды дәлелдеу ғана қалғандай.
Қоғамға біздің тіл саясатымыздың мәнін тереңірек түсіндіру керек. Ол кез келген мемлекеттің ұлт саясатының өзегі… деп нақты ашық айтқан.
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл.
Орыс тілі - ұлтаралық қарым-қатынас тілі.
Ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.
Мемлекттік тілді - дамытамыз.
Ағылшын тілін - үйренеміз.
(Н. Ә. Назарбаев)

Бұл сөздердің салмағын салмақтай алмайтын адам жоқ шығар деген ойдамыз. Тіл-тілдің бәрі жақсы, бірақ қазіргі таңда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің бір арнаға тоғысуы біздей жастарды қуантады. «Мақал-сөз мәйегі» дегенді қазақ халқы бекер айтпаса керек. Сондықтан зерттеу жұмысымыздың бағытын мақал-мәтелдерге қатысты етіп алдық.
Мақал-мәтелдер қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасқанынан бері, сол ұлтпен біте қайнасып, жасап келеді. Қазақ елінің мағыналы ой берер қаншама мақал-мәтелдері барын бәріміз де жақсы білеміз. Мақал-мәтелдер -сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Мақал-мәтел-сөз мәйегі

Мақал-мәтелдер - сөздік құрамының халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынаспен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын көңілді ойды шебер де ұтымды жеткізетін, қысқа әрі нұсқа тұжырымдама жасайтын, мән-мазмұнға байланысты бөлігі.

Ә. Қайдар: «Кез-келген эпостың, ұлттың тілінде оның басынан өткен бүкіл өмірінің өрнегі жатыр. Халықтың яғни эпостың, ұлттың ұлыстың тілінде оның басынан өткен бүкіл өмірінің өрнегі жатыр. Халықтың яғни эпостың шын мәніндегі құбылыстың аты-жөні, сыр - сипаты қоғамдық қатынастар әдет-ғұрып, салт-санамен дәстүрлер жайлы мағлұматтардың бәріде кейінгі буындарға тек тіл фактілері арқылы ғана яғни тілдегі сөздер мен сөз тіркестері, фразиологизмдер ен мақал-мәтелдер арқылы жетіп келуі мүмкін, - деп өз тұжырымын айтқан болатын.

Мақал-мәтелдер қай халықтың жан дүниесінің, тыныс-тіршілігінің айнасы. Байлығын танытып қана қоймайды. Оның уақыт озған сайын құны артпаса, арзымас қазына екенін де сездірер белгісі.

Кез келген халықтың даналығы мен рухы сол халықтың мақал-мәтелдеріне анық көрініс береді.

Ал басқа тілдегі мақал-мәтелді біліп түсіну-бұл тілді жақсы меңгеруге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар басқа халықтың ой- бейнесін және мінез-құлқын түсіндіруіне көп үлес қосады, дәнекер болады.

Мақал-мәтел, нақыл сөздер тілімізді түсетін халықтың асыл қоры. Шетел тілін үйрену үшін мақал-мәтелдерді жаттап, аударма жасаудың көп көмегі бар. Қай елдің мақал-мәтелдерін алсақ та, барлығының басты ерекшелігі тәрбиелік маңыздылығы.

Тақырыпқа сәйкес ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің қазақша баламасын табу арқылы шетел тілін үйренуіме елеулі көмегін көрсетті.

Иә, ХХІ ғасыр бүкіл әлемнің тұтасымен даму заманы.

ХХІ - ғасыр адамды ол әлбетте белсенді және жан-жақты болу дегеніміз, ол басқа дамыған елдердің мәдениетін, оның ішінде өзменталитетімізге сай келетін жақсы жақтарын, еліміз болса әлеуметтік экономикалық, саяси ақпарат және технологиясын алмаса білуі. Ал мұның маңызы шет тілдерін үйренуде жатыр.

Қай тілді меңгерсек те сол тілді болмасын, сол тілдің көркемдігін, нақышын беретін шырайы.

Екі тілде де мақал-мәтел халықтың әлеуметтік шаруашылық, рухани өмірінің бар саласын қамтиды.

Зерттеу барысында мақал-мәтелдерді бірнеше топқа сараладым.

а) Адам және оның қасиетіне байланысты мақал-мәтелдер

ә) Еңбек және кәсіп туралы

б) Ғылым-білім туралы

в) Денсаулық туралы

г) Тіл өнері

д) Достық, жолдастық туралы

Адам және оның қасиеті

Human being and human nature

1. A good beginning makes a good ending

2. All is not gold that glitters

3. Four eyes see for than two

4. One man, no man

5. Half a loaf is better than no bread

6. Don’t cross the bridge before you come to it

7. Forewarned is protected

8. A man can’t live without other man

9. There is no life without unity

10. Handsome is that handsome does

11. Cut your coat according to your cloth

12. Appearance is deceitful

13. Learn from clever, avoid fool

Profession

Еңбек және кәсіп туралы

1. Art is long, life is short

2. In doing the learn

3. As you sow, you shall mow

4. A stitch in time saves nine

5. Business-before pleasure

6. No pains, no gains

7. A tree is knew by its fruit

8. The end crowns the work

Science and knowledge

Ғылым және білім

  1. Knowledge is power

Білім - қуат

  1. Live and learn

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ

  1. Where is a will there is a way

Іздеген мұратына жетер

4. Power is knowledge, knowledge is in the books

Күш білімде, білім кітапта

5. Clothes don’t beauty a man but knowledge

Адам киіммен емес, біліммен көрікті

6. So many men, so many minds

Көптің ойы кемеңгер

7. Science is sea, knowledge is ship

Ғылым - теңіз, білім-кеме

8. Book and science is a teacher without tongue

Кітап пен ғылым-тілсіз мұғалім

9. Life is short, art is long

Өмір қысқа, өнер мәңгі

10. Learn wisdom by the follies of others

Көргеніңді көңілге түй

Language and speech

Тіл және тіл өнері

Actions speak louder than words

Адамды сөзінен емес, ісінен таны

Үндемеген үйдей бәледен құтылады.

First think, then speak

Айтылған оқ атылған оқпен тең

All roads lead to Rome

Қызыл тіл Римге жеткізер

The language is a key of mood

Тіл- көңілдің кілті

About Motherland, home and life

Туған жер, үй, өмір туралы

1. East or West, home is best

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

2. I’m not brother’s keeper

Үйім бөлек, күйім бөлек.

3. Every bird thinks his own nest best

Өз үйім - өлең төсегім.

4. Every country has it customs

Әр елдің салты басқа.

5. Rome was not built in a day

Отан оттан да ыстық.

6. All the keys hang not at one man’s girdle

Жар жол болмас, жат ел болмас.

7. So many countries6 so many customs

Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа.

8. Life is shor6 art is long

Өмір қысқа, өнер мәңгі.

9. While there is life there is hope

Өмір бар жерде үміт бар.

10. Every dog has it’s day

Дүние кезек, терме тезек.

About word and sentence

Сөз, сөйлем туралы.

1. Great boast, small roast

Сөзге көп - іске жоқ.

2. Brevity is the soul of wit

Аз сөз алтын.

3. Many words cut more than swords

Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.

4. Bad news files fast

Жаман сөз жерде жатпайды.

5. A good name is better than riches

Жақсы сөз - жарым ырыс.

6. First think, then speak

Ойнасаң да ойлап сөйле.

7. Ceasar’s wife is above suspicion

Аузы қисық болса да бай баласы сөйлесін.

8. All doors open to courtesy

Жылы - жылы сөйлесең,

Жылан да інінен шығады.

9. Once bitten, twice shy

Аузы күйген үріп ішер.

About work and gardening

Еңбек, диқандық туралы мақал - мәтелдер.

1. As the tree, so the fruit -

Ағашына қарай жемісі.

2. Many hands make light work -

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

3. Little strokes fell great oaks

Еңбек етпеген ішіп - жемейді.

4. A cat in gloves catches no mice

Еңбек етсең емерсің.

5. Business before pleasure

Еңбек түбі - бейнет,

Бейнет түбі - зейнет.

6. Care killed the cat

Еңбек қажытпайды, қайғы қажытады.

7. Now sweet without some sweat

Жылай - жылай дер қазсаң,

Күле - күле су ішерсің.

8. No pains no gains

Еңбексіз өнбек жоқ.

9. Don’t count your chickens before they are hatched

Диқан жемісін күзде жинайды.

10. Half a loaf is better than no bread

Қанағат қарын тойғызады.

11. Never put off till tomorrow what you can do today

Бүгінгі жасар ісіңді ертеңге қалдырма.

About fright, goodness, humour

Сыйластық, жақсылық, ақымақтық, қорқақтық, көңіл - күй туралы.

1. Don’t look a gift horse in the molehill

Сыйға сый, сыраға бал.

2. All is well that ends well

Жақсылықпен аяқталған істің бәрі жақсы.

3. Little wit in the head makes much work for the feet

Ақымақ бас аяққа дамыл бермес.

4. It is useful to lock the stable door, when the steed is stolen

Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді.

5. Honesty is the best policy

Адалдық - үлкен саясат.

6. Fortune favors the brave

Көз - қорқақ, қол - батыр.

7. Talk of the devil and he will appear

Қорыққанға қос көрінеді.

8. A burnt child dreads the fire

Қорқақ көлеңкесінен қорқады.

9. The eyes are the mirror of the soul

Көз - көңілдің айнасы.

10. Leopard can not change his spots

Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді.

11. As well be hanged for a sheep as for a lamb

Бір қайғының бір қуанышы бар.

About advice

Ақыл - кеңес беру туралы.

1. Make hay while the sun shines

Темірді қызғанда соқ.

2. Let sleeping dogs lie

Жатқан жыланның құйрығын баспа.

3. Cut your coat according to your cloth

Көрпеңе қарай көсіл.

4. You sell his skin

Қашпаған сиырдың уызын ішпе.

5. Seeing is believing

Жүз рет өлшеп, бір рет кес.

6. Don’t cross bridge before you come to it

Байыбына бармай, бал ашпа.

7. Two heads are better than one

Келісіп пішкен тон келте болмас.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінен ағылшын тіліне мақал мәтелдерді аудару
Ағылшын, қазақ және түрік тілдеріндегі анималистік мақал – мәтелдер
Ағылшын тілінен орыс тіліне мақал-мәтелдерді аударудағы лексикалық мәселелер
Мақал - мәтел, нақыл сөздер тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры
Қазақ тіліндегі мақал - мәтелдердің зерттелуі
Мақал - мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі
Мақал-мәтелдерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару кезіндегі құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері, ұқсастықтары
МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ АУДАРУ
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕР
Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің аударылу мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz