Жыраулар поэзиясындағы ұлттық идея мен рухани үндестік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
ОСӨЖ № 4

Эссе
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тақырыбы:Жыраулар поэзиясындағы ұлттық идея мен рухани үндестік

Орындаған: Шагирова Дильназ ҚТӘ_102 тобы
Тексерген: Тәңірбергенова Гүлжан

Ұлттық рухты қалыптастыруда қазақ əдебиетінде жыраулар поэзиясының алатын орны ерекше. Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев Тарих толқынында атты еңбегінде былай ой түйеді:Халық рухының ұшқыны ақындардың, сазгерлер мен айтқыш абыздардың жүрегінде тұтанып, жалындай бастады. Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау сияқты бұл дəуірдегі ұлттың шығармашылығында шынайы қазақ руханияты қалыптасып дамыды. Жыраулық поэзия - ұрпақтан-ұрпаққа жеткен сөз өнеріміздің асыл мұрасы, дамыған ұлт əдебиетінің ғажап көркемдік белгісі. Ə. Тəжібаев:Жырау - сөз жоқ, ақын. Ақын болмай, жұрт қадірлейтін жырау атану мүмкін емес. Ақындығы күшті жыраулардың жалынды жырлары үнемі жаңғырып, кейінгі ұрпаққа сиқын бұзбай көрікті күйінде жетіп отырады. Ал, жыраулықертеден келе жатқан халық поэзиясының үлкен бір дəстүрлі саласы - деп жыраулық дəстүрді əдебиетте орны бөлек жеке сала ретінде алып қарастырады. ХV -ХVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы - өмірді танытушылық, философиялық-дидактикалық мағынасы мол мұра. Ақын-жыраулар өлең-жырларымен, өнегелi iсiмен халыққа белсене қызмет етiп, ел ұйытқысы, тəлiм-тəрбие мектебiнiң ұстазы бола бiлдi. Жыраулар ел болашағын жырлауы тұрғысынан дараланып келген, сол дəуірдің ой-сана, əдет-ғұрыптық, тілдік шаруашылық, тарихи көріністерін суреттеген. Бұл жөнінде Х. Досмұхамедов былай дейді: Қазақтың жеке өмірінің барлық сəттері - туғаннан бастап өмірден озғанға дейін, сондай-ақ тұтас халықтың немесе жеке рудың қоғамдық өміріндегі барлық оқиғалар халық əдебиетінде жырланады - деп ой түйсе, Е.Ысмайлов: Жыраулар өмірдің ұсақ мəселесіне аз араласып, көбінесе, заман-дəуір, өткен мен келешек, адамгершілік, жақсылық пен жамандық жайында ойлар, болжаулар, қағидалы сөздер айтып отырған Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы - туған елі, оған деген сүйіспеншілігі, елдің
бірлігі, бүтіндігі. Асан қайғы:
Ай, хан, мен айтпасам білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің.
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің
Қымыз ішіп, қызарып,
Мастанып, қызып терлейсің.
Өзіңнен басқа хан жоқтай,
Елеуреп неге сөйлейсің, - деп ханның мінін бетіне айтып, орда маңында болып жатқан келеңсіздіктерді, елінің қараусыз қалғанын батырып айтады. Одан əрі халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген абыз жырау:
...Тіл алсаң іздеп қоныс көр,
Желмая мініп жер шалсам,
Тапқан жерге ел көшір,
Мұны неге білмейсің!, - деген ақылгөй сөзі - сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі.
Сол сияқты Қазтуған жырау да:
Қайран менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт!.. - деп еңіреп өткен. Қазтуған жыраудың бұл толғауы өзінің рухани қуатын, идеологиялық мағынасын əлі жоғалтқан жоқ. Бұл туынды өзінің елге
деген, туған жерге деген патриоттық рухымен, ғасырлар бойы халықты жігерлендіріп келді.
Еділдің бойын ел жайлап,
Шалғынына бие біз байлап,
Орындықтай қара сабадан
Бозбаламен күліп, ойнап,
Қымыз ішер күн қайда! - деп Доспамбет жырау армандаған,
Ауылдан топыр үзілмей,
Ошақтың оты өшпесе,
Май жемесе қонағым...
Он кісіге жараса,
Бір кісіге асқан тамағым, - деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген,
бейбіт, тыныштық өмірді қалаған.
Жыраулар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.
Сөзден ұтылған хан
Жыраулар поэзиясының тілдік ерекшеліктерін талдау
Асанқайғы поэиясындағы Жәнібек бейнесін ашу
Жамбыл және оның ақындық ортасы
Жанат Әскербекқызы өмірі мен шығармашылығы
Қазақ публицистикасының өткені мен бүгіні
Жыраулар поэзиясы - тәуелсіз мемлекеттік деңгейде өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірінің әдеби мұрасы
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАНЫМДАР БАСТАУЫ
Ақын поэзиясындағы ұлттық рух пен көркем шындық
Пәндер