Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
№1 аралық бақылау сұрақтары
1. Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды түжырымдау
Әлеуметтану ұғымы латын тілінің Societas қоғам және гректің logos - ілім, ұғым деген сөзінен шығады.
Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін XIX ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. Әлеуметтану түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді теориялардың . Яғни, әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Ал, әлеуметтану пәнінің басты міндеті - әлеуметтік жүйелерді типологизациялау яғни, ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау, әрбір әлеуметтік объектінің байланысы мен қатынастарын заңдар деңгейінде зерттеу - бұл заңдылықтардың әрбір әлеуметтік жүйесін басқару, оның тәртібін реттеу, оның іс-әрекет, қызмет ету тетіктерін анықтау болып табылады.
2.Әлеуметтанулық теориялардың даму кезеңдерін талдау
Әлеуметтану XVIII және XIX ғасырлардағы саяси, экономикалық және интеллектуалдық төңкерістер кезінде зерттеу саласы ретінде пайда болды. Дәстүр мен наным-сенімдерді рационализм мен ғылым алмастыра бастады. Бұл оңайға түскен жоқ. Мұндай текетірестің айқын көрінісі француз революциясы болды: 1789 жылы басталған қанды көтеріліс ескі әлеуметтік құрылымдарды жоюды мақсат етті. Қантөгісболмаса да индустриалдық революция одан да қаттыәсер етті. XIX ғасырдағы интеллектуалдық еңбектердің дүниеге келуіне түрткі болып, мәселен, Чарльз Диккенстің романдарымен КарлМаркстың революциялық теорияларының өзегіне айналды.Сондай-ақ бұл жайт қоғамды эмпирикалық зерттеугеде ынталандырды.Ғылыми зерттеулер жаңа кәсіп түріне айналды, ал жұрт бұдан көп үміт күтті. Әлеуметтану теориясының негізін салушы деп саналатын үш ғалымның - ОгюстКонт, ГербертСпенсер, ЭмильДюркгеймнің еңбектеріне тоқталатын болсақ:
Огюст Конт - әлеуметтану теориясының тарихындағы алғашқы ірі тұлға француз философы болды Ол осы саланың негізін салушы болып саналады. Негізгі еңбектері: Позитивтік философия курсы, Позитивистік катехезис, Позитивтік философия рухы туралы талдау және т.б.1839 жылы әлеуметтану терминін алғаш енгізген де осы ғалым. О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интелектуальды ақыл-ойының - санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивтік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.
Герберт Спенсер - әлеуметтану теориясындағы алғашқы ғалымдардың бірі - британдық философ-ғалым болды. Спенсер әлеуметтік және табиғи өмірдің дамуына эволюция себеп болды деп санайды. Ол қоғамды алып жаратылысқаұқсатады: жүрек пен өкпе ағзаның өмірін қамтамасыз ету үшін бірігіп жұмыс істейтіні сияқты қоғамныц бөліктері де қоғамды сақтау үшін бірге жұмыс істейді. Бұл идеялар арқылы Спенсер әлеуметтік зерттеулерді бағыттайтын екі негізгі қағиданы қалыптастырды. Біріншіден, ол әр қоғам - қоршаған ортаға бейімделу деп түсіну керек деген қорытындыға келді. Бүл бейімделу қағидаты бойынша қоғамды түсіну үшін өсу мен өзгерістер процесіне баса назар аудару керек. Бұл, сондай-ақ қоғамды ұйымдастырудың бір ғана жолы дұрыс болмайтынын білдіреді. Керісінше, түрлі жағдайларға байланысты қоғам да өзгеріп отыратынын байқатады. Спенсердің әлеуметтануға қосқан екінші үлкен үлесі - оның ғылыми әдіске қатысты ұстанымы болды. Өз заманындағы көптеген ғалымдармен салыстырғанда Спенсер зерттеу барысында моральдық бейтараптық пен мұқияттықтың маңыздылығын дәлелдеді.
Эмиль Дюркгейм Дюркгеймнің басты ойларының бірі - әлеуметтік тұрақтылық - әлеуметтік тәртіп пен еркіндіктің арасында лайықты теңгерім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау
ХХ ғасырдағы әлеуметтану
Әлеуметтану ғылымның негізгі тарихи даму кезеңдері
Эмиль Дюркгейм (1858-1917)
Әлеуметтану ғылымының негізгі тарихи даму кезеңдері.
О.Конт-әлеуметтанудың негізін салушы
Әлеуметтану ғылымының негізгі тарихи даму кезеңдері туралы
Әлеуметтанудың қалыптасуы мен даму кезеңдері
Әлеуметтану ғылымының дамуы
Әлеуметтану тарихының негізгі кезеңдеріне сипаттама
Пәндер