Тас ғасырының қоныстары мен қола дәуірі кезіндегі баспана мен қоныстар( б. з. д XIII-VIII)


Семинар
Тас ғасырының қоныстары мен қола дәуірі кезіндегі баспана мен қоныстар( б. з. д XIII-VIII)
Орындаған: Қали Айдана
Тексерген: Ерғабылов Акбар
Алматы 2021
Қола дәуірінің ондаған қоныстарында жүргізілген тыңғылықты қазба жұмыстарының нәтижесінде тұрғын үйлер сипатын, ерекшелігін нақты көруге болады.
ХVІІ-ХVІ ғасырларда Оралдан Ертіске дейінгі далалық және орманды-далалы аймақтарда күрделі құрылысты, мұнаралы, шарбақпен және ормен қоршалған бекініс құрылыстары, жоспары тік бұрышты, дөңгелек қоныстар тарады. Бұлардың ауданы 6 мыңнан 30 мыңдай шаршы метр аралығын құрады.
Мысалы, ең жақсы зерттелген қоныс Арқайымды ежелгі қапа санауға болады, ол екі шеңберлі қорғаныс құрылысынан тұратын, жоспары дөңгелек келген телім. Соңғыларының арасында тұрғын жайлар, ал ішкі шеңберде алаң орналасты.
Сыртқы шеңбер диаметрі 160 м. Ішкі қабырға табанынан есептегенде 4 метрге жуық, ол әк тас қосылған топырақпен көтерілген, ал сыртқы жағынан ордың ернеуінен бастап, бүкіл қабырғаны айналдыра балшық блоктармен қапталған. Ордың тереңдігі 1, 5 - 2 м, қабырғалар биіктігі 2, 5 - 3 м. Ағаш қалдықтары қабырға үстінен аралары шыммен толтырылған екі қатар ағаш шарбақ жүргізілгендігін көрсетіп берді.
Қабырғаға ішкі жағынан бір-бірімен тығыз жалғасқан тұрғын үйлердің бүйірлері жапсарластырыла салынған. Тұрғын үйлерден шығар есік шеңберлі көшеге бағытталған, ол ішкі қабырға мен орды бойлай орналасқан. Ор ағашпен қапталған. Ішкі қабырға да сыртқысындай құрылыс. Оның да ішкі жағынан орталық алаңға шығарар есігі бар тұрғын үйлер тарамдала орналасқан.
Қалаға жұрт төрт қақпадан - батыс, солтүстік-батыс, шығыс және оңтүстік-шығыстан кірген. Орталығы батыс қақпа болған. Қосымша бекіністік құрылыстар орталық көшеге кірер есікті тізе пішіндес етіп тұрған. Әрбір кірер тұстан көшелер тарамдалады да, кентті кесіп өтіп, ауданы 25x25 м тік бұрышты орталық алаңда аяқталады.
Арқайымның тік бұрышты тұрғын үйлерінің ауданы 190-300 м аралығында. Бұлардың қабырғасы арасы топырақпен толтырылып кеспелтекпен жабылған екі қатар тіреулерден тұратын күрделі құрылыс болып табылады. Тұрғын үйді төрт немесе алты қатар далда бөлмелерге, ұрасы мен құдығы бар шаруашылық жайларға бөлген.
Кейінірек, орта және кейінгі қола дәуірінде андронов қоныстары қабырға мен ормен бекітілген жоқ. Сірә, даладағы жағдай тыныш болса керек. Қоныс типографиясы да өзгереді, енді ол жеке тұрған бірнеше үйлердің (10-нан 20-ға дейін) шоғыры болды. Әдетте, олар бір немесе екі қатар болып өзен бойларына жайғасты. Үй де өзгерді. Егер ерте кездерде үйлер жерге сәл ғана кіріп тұрса, енді олар ауданы 200-300 шаршы м-ге жететін жертөлеге, жартылай жертөлелерге айналды. Тұрғын үйге шұңқырды тас, мүйіз немесе қола кетпендермен, қайламен қазды, олардың іздері тұрғын үй қабырғасында сақталған. Шұңқыр тереңдігі 0, 6 - 1, 5 м аралығында еді. Топырақ шетке үйілдІ, өйткені осылайша баспана сыздан, әдетте үйдегі жылуды "үрлеп" өкететін дала желдерінен қорғалды. Құрылыстың қабырғаларын, бағаналық белдеуін, жабынына ағаштар кеңінен қолданылды. Шатыры екі жаққа еңістетіле жабылды. Ағаш еспейтін далалы және таулы аймақтардағы құрылыстарда тақта тастар пайдаланылды. Онымен қабырға қапталды.
Орталық Қазақстанда, б. з. б. ХІІ-ІХ ғасырларда, кейінгі қола дәуірінде көбінесе ірі тас блоктарынан көп бөлмелі үйлер тұрғызылды. Мұндай ауданы 500 шаршы м және одан да үлкен үйлер Бұғылы, Ақбауыр қоныстарынан қазылған. Бұлар қола дәуіріндегі Еуразия далаларындағы ең үлкен тұрғын үйлер.
Бөлмені жылыту және тамақ пісіру үшін диаметрі 0, 5 - 0, 8 м, аса терең емес әрі таспен қаланған ошақтар соғылды. Отынға ағаш, бұта, тезек пайдаланылды. Кейде еден үстіне үлкен бөренелерден көлемді от жағылды.
Тұрғын үй бөлмелерінің бірі басқаларына қарағанда ете төмен орналасқан, сірә, мұнда қысты күні мал ұсталса керек. Кейде қатар тұрған тұрғын үйлер дәлізбен жалғасып, адамдар тұратын бір кешенді құрады.
Көптеген жұзжылдық шенінде қалыптасқан андронов үйлерінің түрі дала мен таулы аудандардағы экологиялық жағдайларға мейлінше бейімделген еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz