Араб тілінен енген діни сөздердің лексикасы


Араб тілінен енген діни сөздердің лексикасы
Кірме сөздер, яғни шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер кез келген тілдің лексикасында өмір сүреді. Кез келген тіл өзінің негізгі сөздік қоры мен кірме сөздер құрамынан тұрады. Сөздік құрамына басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ деп айта алмаймыз. Дүние жүзіндегі өмір сүріп жатқан түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болады да, сөздер бір тілден екінші тілге ауысады. Əр тілдегі кірме сөздердің көптігі немесе аздығы тарихи жағдайлармен байланысты. Парсы тілінің лексикасында араб тілінен енген сөздер көптеп табылса, ағылшын тілінде роман тілдерінен енген сөздер өте көп. Оған мысал ретінде мынадай статистикалық санды бере аламыз. Ағылшын тіліндегі таза ағылшын сөздері 30%-ды құрайды. Болгар тілінде түрік тілінен енген сөздер өте көп кездеседі.
Кез келген тілді алсақ, сол тілдің құрамы төл сөздер мен кірме сөздерден тұратыны бəрімізге мəлім. Себебі кез келген тілге сол елдегі тарихи оқиғалар өз ықпалын тигізбей қоймайды. Түрлі елдердің өзара экономикалық қарымқатынастарына байланысты, заман талабына байланысты, ғылым мен техниканың дамуына байланысты жаңа сөздер мен жаңа сөз тіркестері пайда болып, сөздік құрам үнемі толығып отырады. Осы себепті сөздік құрамы таза төл сөздерден тұратын ешқандай тіл болуы мүмкін емес жағдай.
Əлемдегі басқа тілдер сияқты қазақ тілінің сөздік құрамы екі бөліктен тұрады. Біріншісі төл сөздер болса, екіншісі шет тілдерден енген кірме сөздер. Қазақтың төл сөздеріне төмендегідей ұғымдарды білдіретін сөздер жатады: туған-туыстық қатынастарды білдіруші сөздер: ата, қыз, аға, нағашы, бажа, т. б. сөздер; адамденесінің мүшелері: көз, тізе, иық, омыртқа, тырнақ, т. б. сөздер; аң құстардың аттары: арыстан, қозы, лақ, қарлығаш, т. б. сөздер; жəндіктердің атаулары: шегіртке, қырықаяқ, жылан, құмырсқа, т. б. сөздер; егіншілік пен бау-бақшаға қатысты сөздер: бидай, өрік, қауын, тары, алма, т. б. сөздер; пайдалы қазбаларға қатысты сөздер: темір, күміс, қорғасын, шойын, т. б. сөздер; тұрмысқа пайдаланатын бұйымдардың атаулары: ыдыс аяқ, шөміш, есік, т. б. сөздер; сапа мен хал-ахуалды білдіретін сөздер: көк, сары, қызыл, жақсы, жаман, ерте, т. б. сөздер; сан есімдер: тоғыз, мың, жетпіс бес, т. б. сөздер; есімдіктер: сен, біз, ол т. б. сөздер; етістіктер: сөйлеу, айту, жүру, т. б. сөздер. Бұл келтірілген сөздердің көпшілігі түркі тілдеріне ортақ сөздер.
Сонымен, қазақ тілінің сөздік құрамын құрайтын кірме сөздерге толығырақ тоқтала кетсек, Орталық Азия мен Византияны мекендеген түркітілдес ру-тайпалардың көптеген шапқыншылықтарға ұшырағандығы мəлім. Алдымен Александр Македонскийдің жорығы бұл тайпалардың тілі мен мəдениетіне едəуір əсерін тигізді.
Арабтар жаулап алған мекендеріне өз тілдері мен мəдениетімен қатар, діндерін күшпен енгізіп отырды. Халифат құрып, тұрғылықты рутайпалардың жазу-сызуын жойып, кітаптарын өртеді. Міне, осындай тарихи оқиғалар тілдің сөз құрамының өзгеруіне себепші болды. Б. з. ХІІІ ғасырдың басында Орталық Азияны мекендеген ру-тайпаларға да монғол шапқыншылығы оңай тимеді. Шапқыншылар тек мəдениетін ғана енгізіп қоймай, ассимиляцияға ұшырап, жергілікті ру-тайпаларға сіңісіп кетті.
Мұндай шапқыншылықтардың əсері алдымен тілдің сөздік құрамын өзгертуге үлкен əсерін тигізді. Мысалы, монғол тілінен енген: найзағай, ой, құнан, марал, т. б. сөздер.
Ең қызығы, қазақ тілінің сөздік құрамынан қытай сөздерін де кездестіруге болады, мысалы: заң, қытайша янь, лағман, қытайша латяормянь, ұн, қытайша мянь, мəнті, қытайша маньтау, т. б. сөздер.
Қазақстанның б. з. XVIII-XIX ғ. Ресей империясы құрамына өз еркімен енуі екі ел арасындағы мəдениеттің, тілдің араласуына үлкен əсерін тигізді. Осы тарихи кезеңдерде тек орыс тілінен енген кірме сөздерді қабылдап қана қоймай, орыс тілі арқылы басқа тілдерден де ғылым мен мəдениетке, саясатқа, экономикаға қатысты терминдерді енгіздік.
Қазақ тіліне енген кірме сөздердің арасындағы ең үлкен орын алатын араб-парсы сөздері. Басқа түркі тілдермен салыстырғанда қазақ тілінде араб-парсы тілдерінен енген сөздер саны аз. Оны В. В. Радлов былай деп жазады: «Қазақтардың тілі исламды ірітіп-шірітетін кері ықпалдан аман қалды əрі ол өзінің түркі сипатын сақтап алды. Рас, оның құрамына бұл тілге жат кейбір сөздер еніп кетті, бірақ олар өзге түркі мұсылмандарының тіліндегіндей дербестігін сақтап қалған жоқ, қайта бұл сөздер қазақ тілінің дыбыстық заңдарына бағынып, сол арқылы толық халықтың игілігіне айналды».
Соның ішіндегі араб тілінің қазақ əдеби тіліндегі алатын орнына келер болсақ, кейбір дыбысталу тұлғасын жоғалтқан, қазақыланған араб сөздерін араб тілінің мамандарының өзі де білмей қалуы əбден мүмкін. Мысалы: зейін, пайым, əлек, құлық, алқым, т. б. сөздер.
Қазақ тіліне енген араб кірме сөздерін төмендегі бірнеше тақырыпқа бөліп зерттеуге болады: а) діни сөздер: Алла, Құран, аят, сүре, тəпсір, күрсі, т. б. сөздер; ə) оқу-білімге қатысты сөздер: ғылым, ілім, дəріс, əліпби, хат, т. б. сөздер; б) адамның рухани жағдайын білдіретін сөздер: мəшһүр, мəжнүн, əзиз, зағип, т. б. сөздер; в) абстракті мағынада қолданылатын сөздер: зейін, пайым, сабыр, рух, ниет, т. б. сөздер; қолданыстағы заттар атауы: аса, дабыл, халат, т. б. сөздер. Осы тақырыптық топтардың ішіндегі сөздер екі халықтық əдеби байланысының, рухани жазба дүниелері арқылы келгенін айта аламыз.
Араб-парсы тілінен енген кірме сөздердің басым көпшілігі әділ, иман, диуана, адал, халық, патша, дін, дос, алла, пайда, сопы сияқты т. б. жалпыхалықтық тілде қолданылатын сөздер болып келеді. Сонымен қатар мадда (атом), Муштари (Юпитер), хикату хакараба анис (электрон) сияқты т. б. ғылыми терминдерді «Үш анық» кітабында қолданады. Кейбір араб-парсы сөздері алал-адал, хақиқат-ақиқат, ғаділ-әділ, харекет-әрекет сияқты т. б. фонетикалық варианттарда келеді. Бұл фонетикалық варианттардың кейбірі бірдей мағынада жұмсалса, бірқатары жеке сөз ретінде де қолданылады. Мысалы, харекет - адал еңбекпен байланысты алынса, әрекет - айла, қулық сияқты ұғымды білдіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz