Христиандық



ХРИСТИАНДЫҚ

Христиан діні . әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 мил¬лиардқа жуық ұстанушылары бар. Хрис.тиандық православие, католицизм, протес¬танттық болып үш негізгі бағытқа жіктеледі. “Христос” сөзі грек тілінен алын.ған, мессия, құтқарушы деп аудары¬лады. Көне Өсиетте Иисус Христос бола¬шақта Израиль жеріне келіп, ол жердегі халықты қиыншылықтан құтқаратын, әділеттілікті орнататын пайғамбар ретінде сипатталады. Бұл дін біздің дәуіріміз¬дің І ғасырында Помпей шапқыншылы¬ғы¬нан кейін Рим империясының құра¬мына кірген Палестинада пайда болды. Палес.тинаның, әсіресе, оның орталық бөлігі . Самария тұр¬ғын¬дарының этностық құрамы әртүрлі еді. Бұл жерлерге қоныс аударғандар мұнда өз мәдениеттері мен нанымдарының белгілерін ала келді

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ХРИСТИАНДЫҚ

Христиан діні - әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 мил - лиардқа жуық ұстанушылары бар. Хрис - тиандық православие, католицизм, протес - танттық болып үш негізгі бағытқа жіктеледі. "Христос" сөзі грек тілінен алын - ған, мессия, құтқарушы деп аудары - лады. Көне Өсиетте Иисус Христос бола - шақта Израиль жеріне келіп, ол жердегі халықты қиыншылықтан құтқаратын, әділеттілікті орнататын пайғамбар ретінде сипатталады. Бұл дін біздің дәуіріміз - дің І ғасырында Помпей шапқыншылы - ғы - нан кейін Рим империясының құра - мына кірген Палестинада пайда болды. Палес - тинаның, әсіресе, оның орталық бөлігі - Самария тұр - ғын - дарының этностық құрамы әртүрлі еді. Бұл жерлерге қоныс аударғандар мұнда өз мәдениеттері мен нанымдарының белгілерін ала келді.
Вавилон, парсы, македон басқыншы - лы - ғын (б.д.б. VІ-ІІ ғғ.) және жат елдік Пто - ло - мейлер мен Селеквидтер әулетте - рінің билігін бастан кешірген палестина - лық еврейлер аз уақытқа саяси тәуелсіз - дікке қол жеткізеді. Б.д.б. 140 жылдан бастап тәуелсіз Иудеяны маккавей (хас - мо - ней) әулетінің алғашқы священник-пат - шалары билейді. Олар ел аумағын ұлғайтумен қатар тұрғындарға иудей дінін қабылдатуға белсенді атсалысады. Б.д.б 36 жылы Рим қолбасшысы Гней Помпей әскерлері Иудеяны жаулап алады, сөйтіп, Сирия провинциясына қосылған Иудея Рим империясының бір бөлігіне айналды. Иудея мен Самария өзін-өзі басқарудың соңғы белгілерінен айырылды. Енді билік толығымен Рим тағайындаған билеушінің қолына шоғырланды. Бас абыз басқарған абыздар мен ақсүйек өкілдерінен тұрған кеңес - Синдрионның құқы шектеліп, ол римдіктердің толық бақылауына өтті.
Саяси тәуелсіздіктен айырылуды Па - лестина тұрғындарының бір бөлігі қасірет ретінде қабылдады. Халық арасында әкелер өсиетін, діни рәсімдер мен тыйым салуларды бұзғаны үшін құдай қаһарына ұшырағандық туралы пікірлер кең таралды. Бұл еврейлердің діни-ұлттық топтары - хасидейлер (ізгі иудейлер) мен фарисейлер (жіктелгендер) ұстаным - дары - ның нығаюына көп ықпал етті. Фарисейлер иудаизмнің тазалығы үшін, жат жерліктердің ықпалына қарсы күре - сіп, дәстүрлі тіршілік нормаларын сақ - тауға шақырды. Бұл Жаңа Өсиет мәтін - дерінде көрініс тапты. Әлеуметтік құрамы бойынша фарисейлер қала тұрғын - дарының орта таптарынан (саудагерлер мен қолөнершілерден, синагога оқыту - шыларынан) тұрды.
Жергілікті дәстүрлермен, киелі діни орындармен санаспаған жатжерліктер билігіне деген наразылық, Римге қарсы көтерілістердің аяусыз басып-жаншылуы - нан туындаған енжарлық, әлеуметтік және мүліктік теңсіз - діктің тереңдеуі, ішкі қайшылықтар, сенім - сіздік пен селқостық, болашақтың бұлың - ғырлығы сезімі мен мистикалық сарыуайым сарындарын туын - датты. Біздің дәуіріміздің І ғасырын - да Палестинада көп кешікпей құтқару - шы - ның, мессияның (машиах) "құдай белгісі бардың" келетінін және оның иу - дей халқын құтқарып, "иудей патша - сы" болатын - дығын уағыздаушылар қаптап кетті. Шығыстың әртүрлі діни ілімдері сияқты Рим діні де аш-жалаңаш халыққа ешбір үміт бере алмады, Рим дінінің ұлттық сипаты ұлттық әділеттілік, аман қалу теңдігі идеяларын нығайтуға мүмкіндік бермеді. Христиан діні құлдық тәртіпті айыптап, қарапайым халықтың мүдделерін қорғауға талпынды. Сөйтіп, адамдарға Христос әкелген құдай ақиқа - тын тану арқылы әрбір адам бостандыққа жете алады деп жариялады. Адам төзгісіз қоғамдық қатынастарға қарсы шығып, әр адамға түсінікті адамгершілік құндылық - тарды ұстануға шақырған христиан діні тез арада үлкен идеялық күшке айналды.
Христиан дінін ұстанушылар бұл дінді адамдар ойлап тапқан жоқ, ол адамзатқа құдайдың жіберген діні дейді. Бірақ діни ілімдердің салыстырмалы тарихы хрис - тиан дінінің пайда болуына діни, философиялық, этикалық ықпалдардың болғанын айғақтайды.
Христианшылдық иудаизмнің, мит - раиз - м - нің, көне шығыс діндерінің фило - софиялық көзқарастарының тұжырымда - малық идеяларын игеріп, қайта қарас - тырды. Осының бәрі жаңа дінді байытып, нығайтты, оны ұлттық-этностық мәде - ниет - терге қарсы тұруға дәрменді мәдени-интеллектуалдық күшке, бұқаралық қоз - ғалысқа айналдырды. Христианшыл - дықтың бұрынғы діни-мәдени мұраны игеруі жаңа ілімнің жалпыға танылуына мүмкіндік берді.
Христиан ілімінің қалыптасуына Филон Александрийскийдің (б.д.б. 25-б.д. 50 жж.) неоплатонизмі мен римдік ой - шыл Сенеканың этикалық көзқарас - тары ерекше әсер етті. Филон библиялық дәс - түр - ге аян алуда танылатын және жара - тушы сөзі ретінде түсінілетін Логос ұғымы мен эллинистік дәстүрде ғарыш қозғалысын бағыттайтын ішкі заң ретіндегі Логосты біріктірді. Филон Логосты мәнді пайымдауға мүмкіндік беретін Қасиетті сөз ретінде қарастырды. Филонның адамдар - дың туа біткен күнәһарлығы, мойынсұну, мәннің дүние бастауы ретіндегі ілімдері, Құдайға жақындау құралы - экстаз, жо - ғар - ғы Логос және Құдай ұлы болып табы - латын логостар (періш - телер) туралы идея - лары, рухани бастаулардың иерархиялығы туралы түсініктері христиандық көзқарас - тар - дың идеялық алғышарттары болып табылады және бұл идеялар мен түсініктер христиан - дықтың қалыптасуына зор ықпал етті. Христианшылдықтың ізгілікке жету туралы адамгершілік ілімі Луцей Анней Сенека көзқарас - тарына өте ұқсас. Сенека кез келген адам үшін бастысы құдайылық қажеттілікті түсіну арқылы рухани бостандыққа жету деп санады.
Бастапқы христиандық қауымның құ - рамы негізінен қоғамның төменгі таптары - құлдар, ерік алғандар, қайыршылар және тағы басқа - лардан тұрды. Алайда ІІ-ІІІ ғасырлардың соңына қарай қауымдарда сенаторлық және әскери атағы бар адамдардың саны артты.
Христиандық қозғалысқа ақсүйектер мен білімді адамдардың тартылуы оның әлеуметтік мазмұнын өзгертті. Жоғары тап өкілдері қауымда жетекші орындарға ие болды, мүлік жұмсау мен діни рәсімдерді атқаруға басшылық етті. Сол себепті олар теңсіздікті жою, қалыптасқан тәртіпке қарсы шығу идеяларын христиандықтан ығыстыруға тырысты.
Римде императорға адалдық культі кең таралған еді. Император мүсінінің алдында құрбандық шалудан бас тарту саяси күмән - діліктің белгісі саналатын. Христиандар бұл рәсімді ұстанудан бас тартқандықтан, им - пе - ра - торлар Траян (53-117), Марк Аврелий (121-180), Семтимия Север (146-221), Вале - риан (193-260 жж. шамасы), Диоклетиан (245-316) және т.б. кезінде қатты қуғынға ұшырады. Азап шек - кендер культі хрис - тиан - шылдықтың таралуына және хрис - тиандардың бірігуіне ықпал етті. Көптеген христиандар қуғынан шөл далаларға қашты. Бұл осы уақыттарда христиан монахтығының пайда болуына ықпал етті.
Қауымның әлеуметтік құрамының өзгеруі олардың әлеуметтік эволюциясын да анықтады. Бұрынғы демократиялық үрдістерден бас тарту күшейе түсті. Шіркеу мен қауым басшылары императорлық би - лік - пен жақындасуға ұмтылды, ал импе - ра - торлық билік өз тарапынан импе - рияны бір дін аясында топтастыруға мүдделі еді. Ұлттық діндерді біртіндеп, атап айтқанда, рим дінін әлемдік дінге айналдыру сәтсіз аяқталды. Империя халқының бәріне түсінікті ортақ нәрсе қажет болды. Импе - ратор Константин 312 жылы христиан дінінің мемлекеттік дінге айналуына бастау болған Милан шешімін қабылдады. Ал 325 жылы толыққанды билікке қол жеткізген Константин Рим империясының аумағын - да христиандықтың шектеусіз таралуын және оның басқа діндермен теңдігін қамтамасыз етті.
Христиан ілімі Қасиетті Жазу - Биб - лия мен Қасиетті Аңызға - шіркеу әкей - лерінің айтқан - дарына, соборлардың ше - шімдеріне негізделеді. Алайда, ерте хрис - тиандықта бұл негіздер болған жоқ. Христианшылдық ұзақ уақыт бойы ауызша дәстүрге негізделген уағыздар айту, аңыз-әңгімелер - "игі хабарлар" арқылы таралды.
Алғашқы ғасырларда әртүрлі қауымдар - да әртүрлі евангелиялар, жеке адамдардың істері туралы жазбалар пайда болды. Сол уақыттарда белгілі болған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кристофер Генри Доусонның тарихқа христиандық көзқарасы
Қазақстандағы христиандық
Кейінгі римнің түпдеректері
Христиан діні жайлы
Өзге діндер жайында
Христиан діні, мәдени ерекшеліктері
ХРИСТИАНДЫҚ: ПРАВОСЛАВИЕ, КАТОЛИЦИЗМ, ПРОТЕСТАНТИЗМ
Христиан антропологиясы
Қазақстандағы христиан тарихы
Христиан дінинің қалыптасуы
Пәндер