Қажеттіліктер мен Мотивтер


8. Қажеттіліктер мен Мотивтер
Мотив дегеніміз - адамның түрлі дәрежедегі саналы және астарсанадағы қажеттіліктер жүйесінен туындайтын, белгілі әрекет-қылық актісін орындауға бағытталған итермелеуші күш (түрткі. .
Мотивация туралы ұғым әрекет-қылықты сипаттауда емес, оның себебін түсіндіруде анықталады. Бұл “неге?”, “неліктен?”, “не үшін?” деген сұрақтарға жауап іздеуде анықталады.
Мотивация терминімен қазіргі психологияда екі психикалық құбылысты белгілеуге болады:
- индивидтің белсенділігін тудыратын, олардың сиптын анықтайтын қозғаушы күштердің жиынтығы;
- әрекет-қылық деңгейін белгілі деңгейде ұстап тұратын процесс.
Сондқтан, әрекет-қылықтың ішкі және сыртқы детерминацияларының аналогы ретінде диспозициялы және ситуациялы мотивациялар қарастырылады. Мотивациялардың бұл формалары өзара тығыз байланыста.
Мотивация әрекеттің мақсатты бағыттылығын түсіндіреді, біртұтас іс-әрекеттің белгілі мақсатқа бағытталған тұрақтылығы мен ұйымдастырылу деңгейімен анықталады.
Мотив мотивацияға қарағанда белгілі әрекетке итермелейтін тұлғаның өзіндік жеке тұрақты қасиеті болып табылады. Сонымен қатар, мотивті көптеген диспозияларды біріктіретін жалпы ұғым ретінде қарастыруға болады. Олар: қажеттіліктер, қызығушылық, мақсат, тілек, олардың икемділігі, көлемі және т. б. Диспозициялардың ішінде неғұрлым маңызды болып қажеттілік табылады.
Адамның әрекет-қылығыда өзара тығыз байланысты қозғаушы және реттеуші жақтар бар. Адамның кез-келген әрекетінің түбінде оны бағыттаушы, жандандырушы нақты тілек-мақсат (қажеттілік. жатыр.
Қажеттілік - қалыпты физикалық және психикалық жағдайды қамтамасыз етуге деген ұмтылыс. Қажеттіліктің негізінде тірі табиғат өлі табиғаттан ажыратылады. Қажеттілік тірі организмді белсенділікке итермелейді. Қажеттіліктерді бастапқы (тума, биологиялық. қажеттіліктер (қорекке, ұйқыға қорғаныс, ата-аналық, сексуалдық. және мәдени, жүре пайда болған (материалды, рухани. қажеттіліктер деп топтастыруға болады.
Қажеттілік - адамның саналы түрде мұқтаждану құбылысы. Ал саналы қажетсінуді - тілек дейміз. Адам қажеттіліктерінің негізі ерекшеліктері олардың күші, олардың пайда болу жиілігі және оларды қанағаттандыру тәсілдерімен анықталады. Адамның қажеттілігін анықтайтын диспозициялар (мотивтер. кезегі келесідей: органикалық - материалдық - әлеуметтік - рухани.
Адам өміріндегі кездесетін проблемалардың бірі - тілектің қанағаттанбауы немесе айналысатын іс-әрекетіне деген қызығушылықтың жоқтығы. Көп жағдайда тілектің орындалмауының басты себебі - тілектің шындыққа жанаспауы.
Мотивация теориялары ежелгі философтар еңбегінде көрніс тапқан. Ал мотивацияның қазіргі теориялары психологиялық білімдердің пайда болуымен қатар дами бастады. Белгілі маман, американ психологы Д. Аткинсонның схемасы бойынша мотивация теорияларының классификациясын түсіндіруге болады. Адам баласы рационалды, ерік тәуелсіздігі бар саналы тіршілік иесі ретінде және жануарлар биолгиялық заңдылықтарға тәуелді санасыз организм ретінде ежелгі бағыттардың негізінде ХІХ ғасырдың ортасында негізгі идеалистікбағыт, Ч. Дарвиннің эволюцианистік теорисы, материалистік бағыт қалыптасты. ХХ ғасырдың басында мотивациялардың жаңа теориялары дүниеге келді:
гештальт теория, адам қажеттіліктер (биологиялық. теориясы, инстинктер теориясы, әрекет-қылықтық теория, жоғары жүйке жүйесі теориясы, жануарлардың органикалық қажетіліктері теориялары.
ХХ ғасырдың ортасында
когнитивті теория, гуманистік теория(А. Маслоу, Г. Олпорт, К. Роджерс және т. б. ., әлеуметтік қажеттіліктер теориясы,
сонымен қатар
адам және жануарлардың мотивациялық сферасының әрекеттік шығу тегі теориясы
қалыптасты. Бұл терияларды өздерінің еңбектерінде Д. Макклелланд, Д. Аткинсон, Г. Хекхаузен, Г. Келли, Ю. Роттер, А. Н. Леонтьев(адамның мотивациялық сферасының әрекеттік шығу тегі теориясы. жалғастырды.
Мысалы, А. Маслоу мотивтердің негізін бірінен бірі деңгейі бойынша жоғарылай түскен (пирамида. кджетсінулер тобы деп біледі, олар биологиялық қажетсіну, қорғаныс қажетсінуі, сыйластық, абырой кажеттігі мен ең жоғары қажетсінулер: өз мүмкіндіктерін ашып, оларды жүзеге асыра алу (самоактуализация. . Бірақ А. Маслоу талдауындағы дара адам әлеуметтік қатынастар жүйесінен тыс, қоғаммен байланысы жоқ. Оқшауланған түлға. Қоғам, ғалым пікірінше, дара адам дамушы мекен, қоршаған орта ғана.
Б. Ф. Ломов, басқа да орыс психологтарының пай-ымдаулары нақты, әрекетшең дара адамның қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылып, сол жүйенің оның санасында бейнелеуіне негізделеді. Б. Ф. Ломов мотивтік қажетсіну аймағы мәнін (қүрамы, құрылымы, қозғалысы) және сол аймақтың дамуын түсіну үшін жеке адамның басқатүлғалармен ара байланыс, қатынастарын қарастыруды қажет деп санайды. Адамның мотивтік аймағының басқа факторлардан тәуелділігін зерттеуде сол тәуелділіктің тікелей ғана емес, жанама байланысты болатынын, көп өлшемді және сипатты екенін ұмытпау лазым. Дара адам өз даму барысында басқа қоғам мүшелерімен болған тікелей байланыс шеңберінен шығу мүмкіндігіне ие, осыдан оның қажетсіну аймағы қоғамдық өмірдің күшті ықпалымен өрістей бастайды (саяси пікір, саясат, этика және т. б. ) . Адамның қажетсіну талаптары қоғамдық қүры-лымдардың әсерімен де дамиды. Мүндай қүрылымдлардың ең қарапайым түрі - нақты түлға мүшесі болған адамдар қауымдастығы. Адам қажетсінуі көп жағдайда осы қауымның жетегінде болады. Ал нақты адам бір қауымдастық шеңберінде қалып қоймайды, өмір бойы қауымдастықтар тобы сан қилы ауысып не өзгерістерге келіп отыра-ды. Осыдан адамның мотив-қажеттіктері оның ішкі жан-дүниелік әрекеттерінің нәтижесі ғана емес, ол әртүрлі адамдар бірлестігімен байланысты дамып баратын жүйе. Сонымен, бар деңгейдегі қажетсінулерден өзгесіне көшу-адамның өзіндік даму заңдылықтарынан болмай, оның басқа адамдармен байланыс, қатынастыранан, түтастай қо-ғамға араласуынан болатын процесс екенін үмытпау керек.
Мотивацияның мазмұны адамның әрект-қылығы, атқаратын іс-әрекетінен көрінетіндіктен мотивация іс-әрекет және адамның басқа да танымдық, эмоционалдық бағыттарымен тікелей байланысты.
Адамның әрекет-қылығының себебін түсіндіруді психологияда - казуальды атрибуция деп түсіндіріледі, яғни, танымдық мотивтік процесс(мотивациялық-когнитивтік түсіндіру. . Адамның қандайда бір әрекет-қылығының себебін түсіну, оның әрекет-қылығының әрі қарайғы жалғасуының болжауға көмектеседі. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста бұл өте маңызды, демек адам өзінің немесе басқаның әрекет-қылығының себебін түсіндіре алса, онда ол болашақтағы әрекет-қылықтық процесті түсіндіре алады. өйткені оның болжауының логикалық себебі бар. Сондықтан казуальды атрибуция адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуші қызмет атқарады.
Казуальды атрибуция мәселесі алғаш Ф. Хайдердің “Психология межличностных отношении”еңбегінде қарастырылды (1958. . Адамның әрекет-қылығындағы казуальды атрибуция анық немесе бұл процестің неғұрлым дәл, анық өтуі үшін мотивтің саналы немесе бейсаналы болатындығын білуіміз керек.
Бейсаналы мотивтерге: елігу, гипноздық сендіру, бағыттау, фрустрациялық жағдайлар жатады.
Елігу - жеткілікті түрде саналы емес қажеттіліктер, адам қандайда бір мұқтаждықты анық түсіне бермейді. Мотивтің бұл түрі уақыт өте келе сөнуі немесе анықталуы мүмкін.
Гипноздық бағыттау - мотивтің жасанды формасы, әсер етудің нәтижесінде қалыптасады.
Ал бағыттау және фрустрациялық қалып - саналы емес бола тұра, табиғи жағдайда қалады және адамның түрлі ситуациядағы әрекет-қылығын анықтайды.
Адамның өткен тәжірибесі біртіндеп, байқалмай оның болашақ әрекетіне әсер етеді. Бағыттардың қалыптасу немесе сөну жылдамдығы адамдарда, олардың даралық ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz