Тәуелсіздік мұраты - Мәңгілік ел


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тәуелсіздік мұраты - Мәңгілік ел

Біз үшін болашағымызға бағдар ететін,

ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға

жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел

идеясы»

Н. Ә. Назарбаев

Мақсатсыз елдің тарихта қа­луының мүмкін емес екенін тереңнен түсінетін, ұлттың жасампаздығына ұлттық идея қажет екенін бүкіл болмысымен сезінетін Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында Тәуелсіз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету бағытында тарихи құнды идеясын жария етіп, ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын іске асырудағы маңызын ашып көрсетті. Иә, ата бабаларымыздың мәңгілік арманы, мәңгілік аңсары болатын. Ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүрген, елін жаудан азат еткен күллі көне түркі елінің арманы да мәңгілік Ел идеясы болған. «Мәңгілік Ел» идеясы, қазақ елінің тәуелсіздік жолында еңбекпен қол жеткізген биік белесі. «Мәңгілік ел» сөзінің терең тарихи тамыры және мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. «Мәңгілік ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді екен.

«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Білге Қағанның кеңесшісі Тоныкөк абыз бүкіл түркі жұртын бір шаңырақтың астына біріктіруді көздеп, «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған және Түрік елін мәңгілік ел ету үшін өлместей бағдарлама жасаған. Бұл тарихымызда бар шындық. Алдымен елдің шекарасын бекіт, көршілеріңмен тату бол дегенді де сонда жазып кеткен…Түрік тарихын зерттеуші, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы: «Мәңгілік Ел» - түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк негізін қалаған идея . . . » - екендігін жазған еді. Тарих көзімен қарасақ, біздің жыл санауымыздан бұрын Күлтегін заманында да Ғұн билеушісі Мөде патша “Енді біз төрткүл дүние танитын Мәңгілік Ел болдық” деген екен. Кейін Ұлытауда осы ұран тағы қайталанды. Үш жүздің көсемдері, билері бас қосқан ұлы жиында “бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” деп тасқа қашап жазған сөздер бар. Олай болса, Елбасы өз Жолдауында осы мақсатты қайта тірілтіп, онда : Бір мақсат - бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз - Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту! Бір мүдде - бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз! Бір болашақ - бұл Мәңгілік Елдің, біздің ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасының өркендеуі!» деп көрсеткен. Қазақ мемлекеттілігінің бастауы жарты әлемді билеген Ғұн империясына тұспа -тұс келсе, салтанат құрған кезі -Түркі қағанатының алтын ғасыры. Бумын қаған 552 жылы ту көтерген бұл қағанаттың шекарасы батыста Визинтияға, оңтүстікте Персия мен Үндістанға, шығысында Қытайға дейін созылды. Осындай біртұтас мемлекет құрған түркінің даңқты ерлері: «Басы барды -идірдік, тізесі барды - бүктірдік» деген сөздерді тасқа қашап қалдырған. Мұндай айбынды мемлекет сол кезде бірен -саран болатын. Ал, алып елге сол кезде ең қажеті ішкі бірлік болатын. Тәуелсіздіктің басты тірегі де осы. Ел бірлігі, ел жарасымдылығы. Ол мәңгіліктің түпқазығы еді. Бұл «Тұтас түркі елі» идеясына ғұмыр берді. Тарихқа терең көз салсақ, тұтасу мен бауырмалдық Сақ заманынан бар екенін білеміз. Біздің бабаларымыз тұтастық пен бірлікті тірліктен ғана емес, cонымен бірге о дүниеден де іздеген. Халқымызда «Ынтымақты елде бақ тұрар» деген дана сөз текке айтылмаған.

Әлемдегі кез келген ел мәңгілік ел болуды армандайды және ұрпағын да мәңгілік елде өмір сүруге үндейді. Бұл әрбір қазақтың, әрбір қазақстандықтың жүрегіне патриоттық сезім қалыптастыратын, болашақтан үлкен үміт күтуге шақыратын өміршең идея. Бір кездерде дүркіретіп билік құрған Көктүріктер империясы ту еткен, Тоныкөк негізін қалаған, ұлы Шыңғыс хан империясының атына айналған Мәңгі ел құндылығы бүгін, міне, осылайша Қазақстан мемлекетінің түпқазығы -ұлттық идеясына айналды.

Мемлекет басшысы "Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?” деген сұраққа толыққанды жауап бере отырып, «Мәңгілік ел» болудың 7 басымдығын атап көрсетті. «Мәңгілік Елдің» жеті қағидасы біздің дамуымыздың арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айқындайды. Себебі «Мәңгілік Ел» мұратына жету ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының көрінісі арқылы жүзеге асады. Біз қайсар мінезіміздің арқасында іргесі бекем, бірлігі жарасқан, халқы тату-тәтті өмір сүріп жатқан әрі келешегі кемел мемлекетке айналдық.

Мәңгілік елдің тұғыры - ұлттық мемлекет. Англияның тарихи тұлғасы У. Черчилль: «Өркениеттің негізгі қағидаты - билеуші таптың халықтың көне дәстүрлері мен ерік -жігеріне бағынуы» деген екен. Біздің тарихымыз, көне сақтар мен ғұндардың, Көктүріктер мен Қазақ хандығының ұлттық мемлекет құру идеясына қаныққан. Сол идея жүзеге асқан ғасырларда Ұлы Дала дәуірлеген, ал мемлекеттіктен айырылған замандарда ұлардай шулаған.

Қазақ қазақ атанып, жеке дара ел болғалы не көрмеді. Бір жығылып, бір тұрып аласапыран тағдырларды басынан кешті. Қуғын да, сүргін де көрді. Босқын да, қашқын да, бодан да болды. Алайда, ата -бабаларымыз ешқашан еңкеймеді, сан ұрпақ екі тізгін, бір шылбырын ешкімге ұстатпай, бас иіп күн кешкеннен гөрі ұрпақ намысы үшін күресуді, елдіктің, егемендіктің туын асқақтатуды мұрат етті. Ғасырлар бойы күресті.

Осындай ұлы күрестер арқылы рухы шыңдалған қазақтың таңы атты. Сөйтіп азаттық үшін алысып өткен ата-бабаларымыздың басты арманы орындалды. Халықты бір тудың астына жинап, біртұтас ел қылуды міндет еткен текті ұлдары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Шоқай, Т. Рысқұловтардың армандары орындалды. Әлем алдында Қазақстан деген атпен мемлекет пайда болды.

Ұлы бабамыз Абылай кезінде «Қазақтың Сарыарқадай сайын даласына, Есіл жағасына ел қондырсам, елімді-жерімді біртұтас мемлекетке айналдырсам» деп армандаған екен. Сол арманды «Айналайын халқым!Сенің мүддең жолында бойдағы қуат, ойдағы нәрдің бәрін сарп етуге дайынмын», деген Елбасы Н. Ә. Назарбаев жүзеге асырды. Тәуелсіздікпен бірге діліміз бен дініміз, рухымыз, дәстүріміз бен мәдениетіміз оралды. Төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты бабалардың «мәңгілі ел» мұраты қайта жалғанды.

Елбасымыз өз Жолдауында : «Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық», - деген сөздері әр қазақстандықтың санасынан берік орын алып, жүректерінде жазылып сақталып тұруға тиіс. Бұл күнде Қазақ елін білмейтін ел жоққа тән. Өркениетті елдер шоғырында еңсесін биіктетіп, Көк байрағын асқақ желбіреткен жас Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында ғасырға бергісіз, әр айы жылға татитын, жарқын да шешуші кезеңдерге толы тарихи оқиғаларды артқа тастап үлгерді. Дүние

жүзінде бірінші болып атомнан бас тарту, Арқа төсінде айшықты жаңа астана салу, Еуропадағы

қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Біріккен Ұлттар Ұйымынан кейін екінші орынды иемденетін беделді халықаралық бірлестік Ислам Конференциясына төрағалық ету, ғаламда

басы бірікпей келе жатқан әртүрлі дін өкілдерінің басқосуын ұйымдастыру, экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну сияқты сынды белестер елімізді әлемге танытты. «Мәңгілік ел» осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама . Бұл мемлекеттік тәуелсіздігіміздің жемісі - Елбасының жеңісі, сонымен бірге сонау ғасырлар қойнауынан атойлаған бабалар үрдісі жалғасының салтанат құруы болды. Кезінде айбарлы сақ, ғұн, түркі, Шыңғыс қаған, Алтын орда империялары салтанат құрған бүгінгі Қазақстан мемлекетіне «Мәңгілік ел» идеясы мирас болып қалды. Осындай «Мәңгілік ел» идеясы алпауыт елдерден құтқарып қалды және бұл үзілмеуі тиіс.

Өйткені «Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік ел» боламыз» деп Президенттің Жолдауында айтылып отыр. Даңқты өткен тарихымызда «Мәңгілік ел» идеясы көшпелі империяларды әлемдік өркениетпен тікелей жалғайтын алтын көпір болған. Айталық, алып елдермен тең дәрежеде әріптестікте болу, сауда-саттық жасау, Ұлы Жібек жолын өз қолында ұстау, салт атты әскери өркениет құру, адамгершілік пен дарқандықты ту еткен елдік қасиеттер «Мәңгілік ел» қағидаттары болып саналған.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өткені белгілі. Ұлы даланың қас перзенті - қазақ халқының азаттық жолындағы қасиетті күресінің асыл шежіресі, сол жолда елін бастап, ту көтерген баба­лары­мыздың өшпес есімдері біз үшін қашан­да қасиетті. Өйткені асыл шежірені, ардақты есімдерді ұрпағымыздың ұлттық мақтанышына айналдыру біздің кезек күттірмес парызымыз. Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап айтқандай, «Мәңгілік Ел» болу идеясына үлес қосу әркімнің өз қолында. Бұл үшін Қазақстанның әр азаматы өзін өзі үнемі қамшылап, үнемі алға ұмтылуы керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Өйткені «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын». Олай болса, Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы барша қазақстандықтарды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. «Мәңгілік елдің» өміршеңдігі соншалықты, қазіргі кезде де өз жалғасын тауып, Мөде, Бумын, Білге, Күлтегін сияқты қағандарымыздың ісін мұра ретінде қабылдаған Елбасымыз осы идеяны өз отандастарына жария етіп, қазақстандықтарға үлкен сенім артып отыр. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында: «Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі», - деген тұжырымы біздің елімізге өз үлесімізді қосуға міндеттейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәңгілік Ел идеясының маңызы
Тәуелсіз Қазақ Елі және ұлттық идея
ТӘУЕЛСІЗДІК КОНЦЕПТІСІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ - СЕМАНТИКАЛЫҚ ӨРІСІ
МӘҢГІЛІК ЕЛ - ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ
Оған жетудің жолы әрқилы
Мәңгілік Ел ұлттық идеясының құндылықтары және мәні
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ - ҒАЛЫМ, ЖАЗУШЫ
Мәдени-тарихи мұрадағы, патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
Бастауыш білім деңгейінің 1-4 сынып пәндері бойынша Мәңгілік Ел жалпы ұлттық идеясының құндылықтарының енгізілу жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz