С. Жұмабекова - ғасырдың батыр анасы

 
    
С. Жұмабекова - ғасырдың батыр анасы
Менің анам тағамды өте дәмді дайындайды, әсіресе палауды. Иә, иә, өзбек ұлтының меншіктеп жүрген ұлттық тағамы палаудың отаны шындығында -Таяу Шығыс пен Үндістан. Ал сонау Х-ХІ ғасырда бұл аса мәртебелі тағым болып есептелген екен. Оны үйлену тойлары мен халықтық мерекеге арнайы жасаған деседі. Аңыздарда әлемнің қолбасшысы болған Әмір Темір сарбаздарының күшін мықтау үшін аспазына үнемі осы тамақты жасатқан дейді.
Ал, осы палауға осыншама құдырет беріп тұрған - күріш. Осы өнім дүние жүзінде ең көп пайдаланылатын азықтың бірі. Оның құрамында D, B дәрумені, фолий қышқылы, кальций, ферум, магний секілді минералдармен бірге көмірсу мөлшері мол. Сондықтан да ұлы ғалым Әбу Әли ибн Сина науқастың мый жұмысын жақсарту үшін күрішті көп пайдалануды ұсынған.
Менің анамның дайындаған палауына тамсанғанымда: «Жарықтық, Сәлима күріші су көтереді, сондықтан дәмді болады», -деді. Мен түсінбей, ол Сәлиманың емес сенің жасағаныңнан емес пе деп өзеуреймін. Сөйтсем, анам күріш сорты туралы айтып отыр екен ғой . . .
2015 жылы Еңбек Ері Сәлима Жұмабекованың құрметіне ғалымдар шығарған күріштің жаңа сортына «Сәлима» атауы беріліпті. Бұл батыр анаға елінің, туған жерінің білдірген құрметі болса керек.
Күріш өніміне деген қызығушылық мен 85 жылдық ғұмырында өзінің есімін ғылымда қалдырған, қаншама марапаттардың иесі атанған Сәлима әженің өмірбаянымен танысуға жетеледі.
Балалық шағы соғыстан кейінгі кезеңде өткен. Майданға кеткен әкесінің оралмағандығы, отбасының тұрмыс тауқыметін тартқанын көз алдыма елестеттім. Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повесі бар емес пе? Сондағы Аянның аянышты тағдыры есіме түсті . . . Жоқшылық, өзгенің қолындағы шанаға көзсата қарау, «шіркін, әкем болғанда менде де осы шана болар еді» деген арманы, қаны бұзылған Тұржаннан таяқ жегендегі кіжілі . . . Міне, соғыстан кейінгі ауыл тұрмысы осындай болған! Сәлима әже де буыны қатпай-ақ еңбекке ерте араласқан, анасы мен бауырларына көмектескен.
Еңбек жолы сонау 1953 жылдан басталған ғасыр ана сауыншы да, бақташы да болып жұмыс істепті. Тіпті байланысшы, құрылысшы болған кездері де бар. Ол өзі туған ауылында қандай жұмыс болса соған белсене араласқан екен.
Аптаған ыстықта егіс даласын кезіп жүрсе де 11 баланы дүниеге әкелген. Тағы бір қызық мәлімет: 1978 жылы 5 адамнан құрылған комсомол-жастар бригадасын құрады. Облыста бірінші болып Тұрмағанбет ауылында әженің басшылығымен отбасылық звено құрылған. Оған өзінің екі баласын мүшелікке алып, еңбекқор отбасы үлгісін көрсеткен. Қаншама марапатқа ие болғандығының басты себебі Сәлима Жұмабекова 20 гектардан 106 центнер өнім алғандығы. Бұндай көрсеткішті тіпті ер адамдар да бере алмаған. Сондай-ақ осы еңбек даласында оның өмірлік жары қайғылы қазаға ұшыраған. Сәлима әже бұл қайғыны да қайсарлықпен көтерген.
Сыр елінің күрішін брендке айналдырған осындай Ыбрай ата, Сәлима әже сияқты еңбек адамдары. Кезінде өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарағандықтан біз, қазір дәмді, сапалы күрішпен қоректеніп отырмыз.
Сәлима әже тек еңбексүйгіштігімен ғана емес адами парасаты жоғары жан ретінде көпке үлгі көрсете алды. Оның суретіне қарасаңыз нағыз жүзінен мейірім төгілген қазақ әжесін көресіз. Дана жұртымыз: «Алып анадан туады», -деп бекер айтпаса керек. Қай халықтың болмасын әйел қауымы абзалдық пен парасат биігінен табылса, сол ұлттың ұрпағы бекзаттана береді.
Сәлима әженің 11 баласынан 40-тан аса немере, 20-дан аса шөбересі бар екен. М. Мақатаев «Әппақтығы ұқсайды әрінің де, Әжімің де, аумайды тәлімің де . . . Әлемдегі әженің бәрі бір ме?!» деп, ағынан жарылмайды ма?! Әже тәрбиесінде болған балалар мейірімді, жүрегі жұмсақ болып өседі дейді. Немерелер ертегі тыңдап өседі, ненің жаман, ненің жақсы екендігін жастайынан ажырата алатын болады
Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем,
Ақ кимешек астынан сені көрем. - міне, суретті сөз. Әжеге деген сағынышын Мұқағали Мақатаев осылай жеткізеді.
Ал, Қадыр Мырзалиев:
Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,
Сағынышым - сары ормандай самсаған.
Әке болып жүргенімді ұмытып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған -дейді. Мұқағали әжесін өлді деуге қимайды, Қадыр ақын өз өмірінде әжесінің орнын айшықтайды. Сәлима әжейдің немерелері де осылай жоқтап жүрген болар . . .
Еңбек ету мен отбасын басқару және бала тәрбиесін, қатар алып жүретін Сәлима әжедей тұлғалар барда ұрпақ жалғастығы өлмейтіні шындық.
Күлімдеуінен күрсінуі, көрген рахатынан бейнеті көп асыл ана, ғасыр ананың тарихта есімінің қалуы да заңдылық. Шаттығынан қайғысы көп болса да, жан баласына сездірмей тер төккен әжемнің ерекше қасиеттерін өмірлік жолымда үлгі тұтатын боламын.
Менің қолымда құдіретті күш болса дана, батыр әжелерді мәңгілік өмір сүретіндей етер едім . . .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
 
            
                Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz