Патенттер мен мақалалар саны т. б. көрсеткіштері бойынша әлемдегі мемлекеттердің рейтингі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Патенттер мен мақалалар саны т.б. көрсеткіштері бойынша әлемдегі мемлекеттердің рейтингі.
Патент (лат. patents - ашылым)-мемлекеттің жеке адамға (фирмаға) беретін және онын өнертапкыштыкты белгілі бір мерзім ішінде пайдалануына ерекше құқықты мойындауды қамтамасыз ететін құжат.
Патенттер өз иелеріне өнертабыстар құқықтарын айрықша қорғауды ұсынады. Өнертабыс иелеріне өз өнертабысын пайдалану үшін шектеулі мерзім (кейде 20 жылға дейін) беріледі және оны басқа тұлғалармен пайдалануға тыйым салынады. Өнертабысты жалпымен пайдалану үшін жария ету қорғау мерзімі аяқталғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Өнертабыс инновациялық болу керек (жаңа). Өнертабыс өнеркәсіпте пайдалану үшін жарамды болу қажет (пайдалылыққолдану). Өнертабыстың өнертабыс деңгейі болғаны жөн (ол айқын болмауы тиіс). Патенттер компанияларды жаңа өнімдерге инвестиция салуға және жаңа әдістерді, формулаларды, құрылғыларды, техникалық үдерістер мен үлгілерді шығаруға итермелейді.
Патенттер жаңа және пайдалы құрылғы, жаңа формула немесе қазіргі өнертабысты жетілдіретін жаңа техникалық процесс үшін берілуі мүмкін. Мысал ретінде, жаңа мұнай-химиялық процесін, табиғи газды тазалаудың жаңа процесін немесе мұнай өңдіру зауытында пайдалануға арналған жаңа жабдықты келтіруге болады. Мұның барлығы пайдалы модельге арналған патенттерге жатады.
Патенттер - негіздері Өнертабыстың мынадай қасиеттері болу керек -
:: Жаңалығы + тиісті саладан хабардар адам үшін айқын болмау керек
:: Өнертабыс деңгейі бар
:: Өнеркәсіпте пайдалану үшін жарамды болу (мысалы, тауарлар немесе өңдірістік процестер)
:: Үзілді-кесілді шығарылған болмау керек:
:: Жаңалықтар, ғылыми теориялар
:: Авторлық құқықтар
:: Бизнес жүргізу әдістері
:: Сол сияқты компьютерлік бағдарлама - техникалық әсердің қажеттілігі
:: Шектеулі мерзім (әдетте 20 жылға дейін)
:: Эксклюзивтік құқық - көшірме болмаған жағдайдағы да бұзушылықтар

Патенттік құқық (ағылш. patent right;) Патентті беру жолымен -- өнертапкыштыктың -- техникалық және басқа шешімдерінің құқығын қорғау жүйесін бекітетін құқықтық нормалардың жиынтығы. Патенттік құқық дербес сала болып саналмайды. Пагенттік құқықтың негізгі көзі -- өнертапкыштық зияткерлік меншіктің басқа нысандарымен байланысты құқықтық қағынастарды реттейтін арнайы зандар болып саналады.
Патент заңы (ағылш. patent law;) Осы Заңмен енеркәсіптік меншік объектілерін жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүліктік, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүліктік емес қатынастар реттеледі.
Мақала - коғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма
Қазақстандағы ғылымның даму деңгейін анықтау үшін Web of Science халықаралық ақпараттық ресурсына кең көлемде библиометриялық талдау жасалынды. Аталған ақпараттық ресурсқа бүгінде әлем бойынша рейтингісі жоғары 12 мыңнан астам рецензиялық журналдар еніп отыр. Зерттеу жұмысы барысында Web of Science мәліметтер қорына енген Science Citation Index Expanded; Social Sciences Citation Index; Arts & Humanities Citation Index; Conference Proceedings Citation Index- Science; Conference Proceedings Citation Index-Social Science & Humanities жан-жақты талдау жасалынды. Ғылыми журналдарды бағалауда ISI Web of Knowledge - Journal Citation Reports платформасындағы библиометриялық анықтама, статистикалық мәліметтер пайдаланылып, ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар сарапқа салынды. Зерттеу барысында хронологиялық көрсеткішке де ерекше назар аударылып, 2009-2013 жылдары және 13.05.2014 кезеңдерде жарияланған ғылыми мақалалар талданды.
Белгіленген мерзім аралығына зерттеу жүргізгенімізде Web of Science мәліметтер қорына 10 214 314 ғылыми мақала жарияланғаны мәлім болды. Олардың арасынан жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар бойынша жарияланымдар бар. Осы ретте ғалыми ақпараттық ресурсқа дүниежүзінің 233 елінің ғалымдары ғылыми мақалаларын жариялағанын айта кетуіміз керек. Зерттеу барысында жарияланған ғылыми жұмыстардың 75%-ы дүниежүзіндегі жетекші 10 елдің үлесіне тиіп, олардың әрқайысы 300 000 мақала жариялағаны мәлім болды. Бұл ретте АҚШ көш бастап тұр. Американдық ғалымдар ақпараттық ресурстағы ғылыми мақалалардың үштен бір бөлігіне иелік етсе, екінші орында 11,9%-дық көрсеткішпен Қытай тұр. Ғылыми мақала жариялауда көшбасшы елдердің қатарында Германия (6,4%), Англия (6,4%) және Жапония (5,2%) сынды дамыған елдерді де көруге болады.(1-кесте)
1-кесте. Web of Science мәліметтер қорына 2009-2013 жылдар аралығында ғылыми мақала жариялаған елдердің рейтингі

Есеп барысында, яғни жоғарыда атап көрсетілген мерзім аралығында Қазақстан мен Өзбекстанның халықаралық ғылыми журналдарға жариялаған мақалаларының саны 1000-нан 10 000-ға дейін артып, 94-ші және 96-шы орынға шыққан. Ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің инновациялық саясаты
Коммерциялық банктерде активтер портфелін басқару
Ресей Федерациясы мен Америка Құрама Штаттарының саяси процестеріне бұқаралық ақпарат құралдарының әсері
Материалдық емес активтер туралы түсінік
Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару
Өндірісте өндіріс факторларының қолданысын жақсарту
Материалдық емес активтердің есебі туралы
Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу
Материалдық емес активтерді түгендеу
Ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі
Пәндер