Қазақ халқының патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы азаттық күрестері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының тарихи эволюциясы
1.1 Қазақ халқының патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы азаттық күресі
1.2 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы - ҚР тәуелсіздігінің жаршысы

19 ғ. орта кезеңіндегі қазақ шаруаларының патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы күресі
Мазмұны
1 Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістің алғышарттары (1847 -- 1858 жылдар).
2 Көтерілістің басталу себебі
3 Көтерілістің барысы
4 Арынғазы Әбілғазыұлы мен Жанғожа Нұрмұхамедұлының Хиуа мен Қоқан хандықтарына және Ресей отаршылдығына қарсы күресі
5 Пайдаланылған әдебиет
Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістің алғышарттары (1847 -- 1858 жылдар).
XIX ғасырдың 40-жылдарында патшалық Ресейдің қазақ даласына ішкерілеп еніп, бекіністер салу ісі жалғаса берді. 1837 -- 1847 жылдары Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Кіші жүз аумақтық бірлестігінде қазақтардың жайылымдық жерлерінің қақ ортасында бір жылда екі бекініс бой көтерді. Олар 1845 жылы дүниеге келген Кіші жүздің Шығыс бөлігінде салынған Торғай (кейіннен Орынбор) бекінісі және Ырғыз (кейіннен Орал) бекіністері еді. 1847 жылы Сырдария өзенінің Арал теңізіне құяр тұсында Райым бекінісі, 1848 жылы Орал мен Ор бекінісі аралығында Қарабұтақ бекінісі пайда болды. 1846 жылы Каспийдің шығыс жағалауындағы Тұпқараған түбегінде Ново-Петровск (Александров форты) қамалын тұрғызды.
Ресей экспансиясының оңтүстік аудандарға, Сырдария өңіріне қанат жаюы осы ауданда көшіп-қонып жүрген Кіші жүздің шекті, шөмекей, төртқара руларының ашық наразылығына кезікті. Осылайша Есет Көтібарұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс туындады.
Сыр өңіріне орыс әскерлерінің келуі, әрине, осы өңірге қожалық етіп келген Хиуа, Қоқан билеушілеріне ұнамады. Олар да Сырдария және Арал өңірінде бекіністер тұрғыза бастады. Жем өзеніне дейінгі қазақтардан зекет, ұшыр жинаумен айналысты.
Ал Ресейдің Орынбор әкімшілігі 1837 жылы түтін салығын енгізіп, әр шаңырақтан 1 сом 50 тиыннан жинай бастады. Оған қоса Орынбордан басқа орыс бекіністеріне әскери жүкті тасымалдауға тек қана осы өңірге салынған жылма-жылғы түйе, жылқы салғырты қарапайым көшпелі малшыларға ауыр тиді.
Түркістан өлкесіне баратын әскердің гарнизондық қажеттіліктерін тасымалдау -- лау міндеткерлігі деп аталды. Мұндай төтенше салық міндеткерліктеріне лау міндеткерліктерінен басқа жолдарды, арықтарды тазалау, көпірлерді жөндеу, малдың қысқы азығы, отынмен қамтамасыз ету, т.б. жатты. Сырдария бойында бекіністер салу мен 1853 жылғы Қоқан хандығына қарсы Ақмешіт жорығының барлық ауыртпалығы халықтың мойнына түсті. Олар орыс жасақтарын көлікпен, жүк артып көлік бағатын қара жұмыскермен қамтамасыз етуге міндетті болды.
Көтеріліс басшысы Есет Көтібарұлы Кіші жүздегі саны жағынан ең көп саналатын шекті руының аса ықпалды батыры. Ол қазіргі Ақтөбе облысы, Шалқар қаласының іргесіндегі Ақши деген жерде туған. Есеттің әкесі Көтібар Бәсенұлы XVIII ғасырдың соңындағы Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы кезінде шекті руының жасақтарын бастап, Тіленші, Асау батырлармен бірге патшалық Ресейдің отарлау саясатына қарсы күресті.
XIX ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Сегіз сері Баһрамұлы өзінің Қашқын дастанында Көтібар батыр туралы:
Аралас шекті, табын қонған екен,
Олар да патшаға өшті болған екен.
Көтібар заманында ту көтеріп,
Халқына хал-қадірі болған екен --
деп жырлайды.
Сырым мен Көтібардың түпкі мақсатына жете алмай, біреуі Хиуада, біреуі өз елінде қаза болуы жайында:
Сырым мен Көтібардың,
Пайдасы тиген жалпыға.
Екеуінің өлімі Қатты батты халқына, --
деп көрсетеді.
Осындай күрескер әкенің ұлы Есет жас кезінен-ақ Кіші жүздегі қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысты. Шекті руы тілеуқабақ тармағының рубасы, әрі биі, әрі батыры ретінде аты Кіші жүзге, одан асып үш жүзге белгілі болды. Ол XIX ғасырдың екінші жартысында патша үкіметінің отарлық саясаты күшейіп, Қазақстанның Ресейдің қол астына енуі аяқталар уақытта ел тағдыры үшін күреске белсене араласты.
Есет Көтібарұлы көтерілісі қарсаңында Кіші жүз көлеміндегі ең ірі тайпалық бірлестік -- шекті руы 12 800 түтін, шамамен 65 -- 85 мың адамнан тұрды. Есеттің қарамағындағы үлкен шекті рулары жазда Жем өзенінің жоғарғы ағысы, Арал теңізінің жағалауы, Үлкен және Кіші Борсық құмдарын мекендеді. Ал Жанғожа бастаған кішкене шектілер -- 3500-дей түтін басқалардан бөлек Кіші жүздің оңтүстігін Қуаңдария, Сырдарияны мекендеді. Жанғожа мен Есет ағайынды болатын. Халық Есетке қыр шектісі, Жанғожаға сыр шектісі деп атаулар берген. Жаугершілік заманда Есет үнемі Жанғожаға көмек беріп отырған.
Көтерілістің басталу себебі
XIX ғасырдың 40-жылдары патша үкіметінің отарлық езгісімен Хиуа, Қоқан билеушілерінің озбыр шапқыншылықтары күшейе түсті. Осылайша Кіші жүздің оңтүстік аудандарындағы, Арал мен Сырдың төменгі ағысындағы қазақтар екі жақты қысымның ортасында қалды. Қоқан, Хиуа бектері де Сырдариядағы бекіністерге жақын маңда көшіп жүрген қазақтарға дүркін-дүркін шапқыншылықтар жасап, ауылдарды тонап, үйлерін өртеп, малдарын айдап әкетті.
Орталық Азия хандықтары қазақтардан зекет, ұшыр жинау арқылы оларды өздеріне тәуелді етуді көздесе, патшалық әкімшілік те дәл осындай мақсатпен түтін салығын төлеуді талап етті. Осындай былай тартсаң арба сынатын, былай тартсаң өгіз өлетін қиын саяси жағдайда жергілікті рубасылары алдында бірнеше жолдың біреуін таңдау міндеті тұрды.
Жанғожа Нұрмұхамедұлы Хиуа, Қоқан хандықтарына байланысты бітіспейтін жаугершілік бағытты ұстанды. Ал кейбір Кіші жүз сұлтандары Хиуа хандарымен тату байланыс орнатты. Есет Көтібарұлы болса Ресеймен де, Хиуамен де дипломатиялық жолмен қатынас жасауға тырысты. Себебі олармен тығыз сауда байланыс орнатылған еді. Әсіресе, Хиуамен байланыстың үзілуі ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан отырықшы қалалардан қол үзуге әкелер еді. Ал Жанғожаның қол астындағы кіші шектілер өздері 3 мың десятинаға жуық жерге егін егіп, Хиуа астығынсыз-ақ күн көретін. Басқа тауарларды Бұхардан сатып алды.
Кіші жүз қазақтары XIX ғасырдың 20 -- 30-жылдары шекара шебінің салынуына байланысты табын руы мекендеген жайылымға, өзендерге, тұзды жерге бай Жаңа Елек ауданынан бір рет айырылды. 40-жылдардың ортасында Жем өзенінің ар жағына өтуге тыйым салынды. Ал бұл ауданда үлкен шектілердің жайлауы орналасқан болатын. Ембі посты мен Арал бекінісі салынған кезде шектілер ол жерді де тастап шықты. Жоғарыда айтылғандай алғашқы наразылық 1853 жылғы Ақмешіт жорығына қажетті 4 мың түйе мен көлік жабдықтарын беруге бас тартудан басталды. Есет бастаған көтерілісшілерді жазалау өз нәтижесін бермеді.
[өңдеу] Көтерілістің барысы
Патша үкіметіне қарсы қарулы қақтығыстар 1855 жылы жазда қайта басталды. Оған Қырым соғысында Ресейдің түрік әскерлерінен жеңілуі әсер етті. Қырым соғысының нәтижелері қазақ даласында отаршылдыққа қарсы көңіл күйдің өрши түсуіне жағдай жасады. Есет өзіне қарсы күштердің шығарылуын күтпей, топ жасақтай бастады. Есеттің қол астына 1300-ге жуық шекті, табын, адай, т.б. патшалық озбырлықтың құрбандары жинала берді.
Есет Көтібарұлына қарсы Орынбор бекінісінен Кіші жүздің орта бөлігінің басқарушы сұлтаны Арыстан Жантөреұлы басқарған қазақ әскери жүздігі және әр түрлі рулардан 900-дей сарбаздар жиналды. Онымен бір мезгілде батыс бөліктің басқарушы сұлтаны М.Тәукеұлы жасағымен қырға бет түзеді. Елек өзенінің жоғарғы ағысындағы Суықсу шатқалындағы сұлтан лагеріне тұтқиылдан жасалған шабуыл кезінде Арыстан Жантөреұлы және т.б. дистанция бастықтары, билер, рубасылары -- барлығы 10 адам қаза тапты. Ал Дәуіт Асауұлы бастаған шөмішті, табын, ысық, таз, шеркеш руы қазақтары келісім бойынша Тәукеұлы жасағына шабуыл жасауы керек еді. Мұны естіген Тәукеұлы дереу шепке оралып, қазақ жасағын ертіп шығып, Дәуіт Асауұлына қатысты ауылдарды талқандап, малдарын тонады. Дәуіттің отбасы тұтқындалып, Орынборға аттандырылды. Дәуіттің өзі бой тасалап үлгерді.
Енді Есет жасақтары 10 -- 40 адамнан тұратын шағын топтарға бөлініп, патшалық Ресей жағындағы би, рубасы, сұлтандардың малдарын айдап әкетумен айналысты.
Орынбор әкімшілігі көтерілісшілерге қарсы Орал, Орынбор қазақ әскерін, башқұрт полктерін, бекініс гарнизондары күштерін бір мезгілде қырға шығарды. Жазалаушы жасақтарды басқарған подполковник Кузьминский, Дерышевтер көтерілісшілер ауылдарымен қоса бейбіт ауылдарды жан түршігерлік қаталдықпен жазалады. Жазалаушыларға бүлікшілердің мал-мүліктерін тонап алуға, барымта жасауға рұқсат берілді. Есет Үстіртке жақын Асмантай, Сам құмдарына шегінуге мәжбүр болды. 1857 жылы Сам құмдарында көтерілісшілер түгелімен талқандалды.
Есеттің Хиуамен көмек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патша үкіметіне қарсы Сыр бойындағы ұлт-азаттық көтерілістер тарихы
1837-1847 жылдардағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыс белестері
Алаш қозғалысы және оның Қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі рөлі жайлы
ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс мәселелері
Қазақ халқының тарихында Сырым батыр қозғалысының негізгі өшпейтін маңызы міне осында
Қоныс аудару
Мұстафа Шоқай - халықаралық саясат сарапшысы
Алаш қозғалысы және оның қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі рөлі
Алаш қозғалысы және Алаш Орда тарихы
Пәндер