Тәрбие - тәрбиелеу үрдісін ғылыми байыптаудың негізгі категориясы
Дәрістің тақырыбы: Тәрбие - тәрбиелеу үрдісін ғылыми байыптаудың негізгі категориясы.
Дәрістің мақсаты:Білім алушыларға тәрбие үрдісінің мақсаты, міндеті, түрлерінің маңыздылығымен таныстыру.
Дәрістің жоспары:
1.Тәрбиенің ізгілік парадигмасы. Тәрбиелеу үрдісін ізгілендірудің ұстанымдары.
2.Тәрбие үрдісінің мәні.
3.Тәрбиелеу үрдісінің мақсаты мен міндеттері
4.Тәрбие бағдарламасы және тәрбие субьектісі
5. Құндылық қарым-қатынас тәрбие үрдісі мазмұны ретінде.
Тәрбие, тәлім-тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.
Қоғамдық тәрбие - тарихи аренада адамдар қоғамының пайда болуымен бірге туды. Қоғамдық тәрбиенің мақсаты, мазмұны, құралы мен әдістері қоғамдық қатынастардың қарқынымен, қандай қоғамдық-экономикалық формацияның шарттарында іске асатынымен анықталады
Ізгілік тәрбиесі - жеке тұлғаның моральдық қасиеттерінің, көзқарастары мен сенімдерінің қалыптасу үрдісі. Ізгілікті деп жалпы адамзаттық моральдың ережелері мен талаптарын, нормаларын өз көзқарасы мен сенімі ретінде, мінез-құлығының үйреншікті формасы ретінде көрсететін адамды есептеуге болады.
· Адамға ғылымнан бұрын тәрбие беру керек. Тәрбиесіз ғылым зұлымдыққа апарады.
· Тәрбие - адамға сапалы өмір сүргізеді.
· Тәрбие - адамның жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнері мен мәнін, ой өрісін қамтиды, адамға оң мен солды, жақсы мен жаманды танытады.
· Адам дүниеге келгеннен бастап өмір сүруге, дүние тануға құқылы. Адамның ерік-тілектері, іс-әрекеттері басқа адамның құқығын бұзбауы тиіс
Грек философы Аристотель (Aristotle, б.з.д. 384 - б.з.д. 322 жылдар) тәрбиенің 3 түрін бөліп көрсеткен: дене, адамгершілік және ақыл тәрбиесі. Өзінің Саясат (Politica) атты еңбегінде басшы жастарды тәрбиелеуге баса назар аударғанын айта келе, саясаткерлер адамгершілігі мол тұрғындарға қарағанда, азаматтарды қайырымдылыққа тәрбиелеу керектігін айтады. Тәрбие мәселесін зерттеушілер арасынан әлемге әйгілі ойшыл, философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, музыка зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950) орны ерекше. Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы трактатында тәрбие туралы нақты ғылыми анықтама берді: тәрбиелеу дегеніміз - халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз; тәрбиелеу кезінде халықтар мен қала тұрғындарына білімге негізделген қасиеттерден тұратын іс-әрекеттер дағдысы сіңіріледі; этикалық ізгіліктерді - білім, тәрбие арқылы дарыту керек, сол арқылы адам игілікті істерге талпынады. Аталмыш еңбекте елдің басшысы өз бойында туа біткен 12 қасиетті ұштастырса көптеген жетістіктерді бағындыратындығы жайында баяндайды: 1) ... адамның мүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелерінің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек, сонда егер адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденедей бір іс істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; 2) өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; 3) әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып-үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек; 4) тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болу керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы шарт; 5) шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен суайттарды жек көру керек; 6) жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын болуы шарт; жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары болып жаратылысынан игі істерге ынтазар болуы тиіс; 7) жаман атауға, жалған дүниенің басқа да белгілеріне жирене қарау керек; 8) жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп әділетсіздік пен озбырлықты және осылардың иелерін жек көру керек; 9) жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып жұртты әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне де өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруы қажет; 10) әділ болу керек, бірақ қыңыр болмау керек; 11) әдептілік; 12) өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. Парадигма - ғылым дамуының белгілі бір кезеңдерінде ғылыми қоғамның қабылдаған әдіснамалық және теориялық қағидаларының жиынтығы, ғылыми зерттеудің үлгісі, стандарты, зерттеу мәліметтерін,болжамдар мен ғылыми міндеттердің жиынтық үлгісі ретіндегі көрінісі.
Чех елінің белгілі ойшылы, педагог Ян Амос Коменский (Jan Amos Komenský, 1592-1670) ғылымға пампедия жаңа терминін енгізді. Ұғым бойынша пампедия - бүкіл адамзаттың әмбебап тәрбиесі... Басты мәселе бәрі, барлығына, жан-жақты үйренуі тиіс.
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамда тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды. Қорыта айтқанда, тәрбие- қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс. Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.
Мақсат дегеніміз - бір нерсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты -- жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz