Қартаю теориясы мен тұжырымдамасы. Қарттарға күтім


ШЖК ДСБ « ШЫМКЕНТ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ ҚОЛДАНБАЛЫ БАКАЛАВР БІЛІКТІЛІГІМЕН «МЕЙІРГЕР ІСІ»БӨЛІМІ
Такырыбы: Қартаю теориясы мен тұжырымдамасы. Қарттарға күтім. Қарт науқастардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.
Топ: ҚБ 20 «Б»
Орындаған :Аралбек Балжан Нұржанқызы
Кабылдаған: Орынбай Ардақ Айтмырзақызы
2021-2022 ж. ж
Қартаю
Биологиялық процесс; белгілі бір жасқа жеткеннен кейінгі организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.
Геронтология- адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериатрия деп аталатын бөлімі зерттейді.
Қартаюдың этиологиясы және патогенезі
Қартаюға әкелетін себеп шарттар туралы түсінік әлі толық тұжырымдалған жоқ. Ол туралы ұсынылған негізгі екі тұжырым бар.
1. Қартаю организмнің тіршілігінде жинақталған орны толмайтын бүліністердің нәтижесінде дамиды. Мұндай бүліндіргіш ықпалдарға табиғи жағдайларда радиобелсенді заттардың ыдырауынан, ғарыштық сәулелердің т. б. радиацияның қайнар көздерінен пайда болатын иондағыш сәулелер, организмдегі рН-тың және температураның өте аз мөлшерде кездейсоқ толқулары жатады. Сонымен бірге организмде заттардың еркін тотығуларынан пайда болатын радикалдар мен асқын тотықтар өте күшті бүліндіргіш әсер етеді.Қартаю кезінде организмде ДНҚ молекуласының немесе ДНҚ, РНҚ молекулаларының түзілуіне қажетті ферменттерінің бүлінуі жасушаларының тектік құралдарында мутация дамуына және тектік ақпараттардың өзгерістеріне әкелуі мүмкін. Шынында қартайған организмдерде хромосомалардың ауытқулары жиі байқалады. Осы келтірілгендердің нәтижесінде иммундық жүйенің қалыптыдан ауытқулары, аутоиммундық үрдістердің дамуы қартаюдың патогенезіне елеулі үлес қосатыны күмән келтірмейді.
2. Қартаю дара тұлғалардың өмір ұзақтығын шектеуге бағытталған, жасушалардың тектік құралдарында алдын ала жазылған ақпараттарға байланысты. Кейбір адамдардың тым ерте қартаятыны және олардың кәріліктен туралы мәліметтер жиі кездеседі.Қартаю кезінде болатын өзгерістер
Тіннің серпімді талшықтарының және су мөлшерінің азаюынан тері жұқарып, қатпарланып әжім пайда бола бастайды.
Шаш ағарып, сирейді,
Көздің көруі, құлақ естуі нашарлайды, тіс түсе бастайды.
Организмде дәнекер тіндердің өзгереді. Осыдан өкпеде, бауырда, жүректе, т. б. ішкі органдарда олардың атқаратын жұмысының бұзылуына әкелетін беріштенулер дамиды. Жара мен сүйек сынықтарының бітуі жастарға қарағанда баяу жүреді.
Адамның жүйке жүйесінде, ішкі секреция бездерінде, иммундық, жүрек-қан тамырлар жүйелерінде елеулі өзгерістер байқалады. Жүйке жүйесінің өзгерістерінен шартты және шартсыз рефлекстер әлсірейді, есте сақтау қабілеті бұзылады.
Жыныс, қалқанша, ұйқы бездерінің, гипофиздің, бүйрек үсті бездерінің, айырша бездің гормон өндіру қабілеттілігі төмендейді. Жүректің жиырылу күші кемиді, қан айналу көлемі азаяды.
Жасушалардағы өзгерістері:
Қартайған организмдерде ДНҚ, РНҚ, нәруыздар түзілуі, жасушалардың жаңаруы қатты азаяды;
Жасушалардың ядорларының құрылымы өзгереді;
Митохондрийдың көлемі үлкейіп, құрылымы бұзылады;
Рибосома азайып, лизосомалар көбейеді;
Плазмалемалары қалыңдайды;
Қартаю туралы негізгі медициналық теориялар
:
1. Теломераздық
2. Бос радикалдық
3. Нейро-эндокриндік
4. Энергетикалық
5. Молекулярлы-генетикалық
6. Адаптация-регулярлық
М. Рубнердің “Қуаттық қартаю теориясы”:
Әрбір ағзаның қуат қоры болады. Ағзаның қуат қорын жұмсауы дененің сыртқы мөлшеріне тәуелді болады. Яғни ағза дене сыртына жылуды қаншалықты көп шығарса, соншалықты энергия алдмасуы белсенді түрде болып, оның қоры тез таусылады және ондай ағзалар көп өмір сүрмейді. Сол себепті денемізді үнемі шынықтырып отырсақ адам жасы ұзақ болуы ықтималдылығы жоғары болады.
Прогерия
Адамның ерте қартаю белгісі. (балалық шақтан бастап жедел қартаю белгісі. )
Олардың терісінде қыртыстар пайда болып, шаштары ағарады, көздері нашар көреді, тамырлардың атеросклерозы т. б, яғни 20 жасқа жетпей-ақ нағыз кәрі адамға тән қартаю құбылыстары дамиды. 2001 жылы атырау облысының тұрғыны 9-10 жастағы нұржан уркешбаев
Не себепті жас балаларда ерте қартаю журеді?
8 - хромосоманың қысқа иығында орналасқан ерте қартаюға жапты ген табылды. Бұл ген «геликейс» ферментін түзіп, ДНҚ молекуласының екіге ажырауын, гендердің әсерленуін қамтамасыз етіп адамның ерте қартаюына әкеліп соғады.
Қарт адамдарда көп кездесетін аурулар:
-Жүрек жетіспеушілігі
-Ревматоидты артрит
-Артериялық гипертензия
-Қантты диабет
-Қан тамырларының атеросклерозы
-Остоепороз және остеоартрит
-Альцгеймер ауруы
-Жүректің ишемиялық ауруы және т. б
Адам ағзаларының қартаю мезгілі
Адамзат табиғат дүниесіндегі басқа тіршіліктер сияқты қартаю, өлу кезеңін бастан кешіреді. Көптеген адамдар қартаю мезгіліне өткен соң дене мүшелері де қартаю кезеңіне өте бастайды деп қарайды. Алайда, ағылшын зерттеушілері дене мүшелерінің қартаю кезеңіне адамның қартаю кезеңінен бұрын өте бастайтындығын дәлелдеді. Барлық дене мүшелерінің ішінде үлкен ми мен өкпенің қартаюы ең тез, бауырдың қартаюы біршама баяу болады екен.
Биологиялық қартаю белгілірі:
Үлкен мидың қартаю мезгілі: 20 жас
Жастың ұлғаюына байланысты, үлкен ми жүйке жасушаларының саны біртіндеп азаяды. Адам дүниеге келгенде жүйке жасушаларының саны 100 миллиард айналасында болады. Бұлар 20 жастан бастап біртіндеп азая бастайды. 40 жасқа барғанда, нерв клеткасынан күніне 10 мыңы азайып отыратын болады. Бұл адамның есте сақтау қабілетіне, ортаға бейімделгіштігіне және үлкен мидың қызметіне ықпал етеді. Сондықтан, ересек адамдардың есте сақтау қабілеті балалардікінен әлде қайда төмен болады. Орта жастан асқаннан кейін есте сақтау қабілеті күрт төмендейді. Нерв клеткалар санының азаюынан сырт, жүйкелерді жалғастырушы жасушалар қызметінің әлсіреуі үлкен мидың қартаюын тудыратын басты себеп.
Терінің қартаю мезгілі: 25 жас
Коллагеннің бірігу жылдамдығының төмендеуіне, серпімділік қасиетіне ие ақуыздар санының азаюына байланысты, тері 25 жастан бастап қартая бастайды. Өлген тері жасушалардың дереу жойылмауы мен жаңадан жетілген жасушалардың азаюы әжім пайда болудағы басты себеп.
Бұлшық еттің қартаю мезгілі: 30 жас
Бұлшық ет жетіледі, солады, қайта жетіледі, қайта солады. Жастардың осы барыстағы тепе-теңдікті сақтауы өте жақсы болады. Алайда, 30 жастан
кейін, бұлшық еттің солу қарқыны жетілу қарқынынан тездейді. 40 жастан асқан соң, бұлшық ет жылына 0. 5-2% жылдамдықпен азаяды. Үнемі дене шынықтырып тұру бұлшық еттің қартаюының алдын алады.
Шаштың қартаю мезгілі: 30 жас
30 жас кезінде ерлердің шашы түсе бастайды да, жаңадан өсіп шыққан шаштар бұрынғыдан жіңішке болады. Көптеген адамдарда 35 жасқа келгенде біртіндеп ақ шаш пайда бола бастайды. Жастың ұлғаюына байланысты, меланин жасушаларының өміршеңдігі төмендеп, пайда болған пигмент азаяды. Шаштың түсінде өзгеріс туылып, ақ шаш өсіп шығады.
Жыныс мүшелерінің қартаюы: 35 жас
Аналық тұқым клеткасының азайып, сапасының төмендеуіне байланысты, әйелдердің балалы болу қабілеті 35 жастан асқан соң төмендейді. Жатыр қабығы жұқарып, аталық ұрықты қабылдай алмау, аталық жыныс клеткасына қарсы тұру құбылысы пайда болады. Ерлердің балалы болу қабілеті де 35 жаста төмендейді. 40 жастан асқаннан соң үйленген ерлердің аталық ұрық сапасының төмендеуі жұбайының түсік тастауына себепші болады.
Сүйектің қартаю мезгілі: 35 жас
Балалардың сүйегінің жетілуі өте тез болады. Ал ересектер сүйегінің қайта жетілуіне 10 жыл қажет. 25 жастан ілгері сүйек тығыздығы үздіксіз жоғарылайды. 35 жас шамасында сүйек заттары жеміріліп, қартаю барысына өтеді. Сүйек тығыздығының төмендеуі бойдың аласаруы, омыртқа аралығындағы сүйектің солуы мен сынуын тудырады.
Жүректің қартаю мезгілі: 40 жас
Дененің қартаюына сәйкес, жүректің бүкіл денеге қан тасымалдауы төмендейді де, қан тамырлар серпімділіктен айрылып, күре тамырлар қатаяды немесе кедергіге жолығады. Мұндағы себеп, майлар айдарша артерияға жиналып, жүрекке тасымалданатын қан азаяды. Кей жағдайда жүрек талмасын келтіріп шығарады. 45 жастан асқан ерлер мен 55 жастан асқан әйелдердің жүрек ауруына шалдығу салыстырмасы жоғары болады.
Бауырдың қартаю мезгілі: 65 жас
Бауыр - қартаюға қарсылық қуаты ең күшті дене мүшесі. Бауыр клеткаларының қайталай көбею қабілеті жоғары болып, ота барысында кесіп тасталған бауыр небәрі үш айда қалпына келіп толысады.
Ерте қартаймайын немесе өмір жасым ұзақ болсын десеңіз мына қағидаларды ұмытпағаныңыз жөн:
-спортпен айналысыңыз;
-витаминдер қабылдаңыз ;
-сапалы және саналы түрде тамақтаныңыз;
-көп серуендеңіз;
-әрқашан белсенді қозғалыста болыңыз;
-оптимизмді болыңыз;
Колифорния Университетінің ғалымдары адамның қартаю ұзақтығын 50%-ға ұзартудың жолын тапты. Бұл зерттеулерді ғалымдар жеміс шыбындарына жүргізген, себебі бұл шыбындармен адам гендерінде айтарлықтай ұқсастықтықтар бар. Тәжірибеде жасалған арнайы ферменттерді шыбындардың бойындағы әр түрлі клеткаларға енгізіп өмір сүру ұзақтығын 50% -ға дейін ұзартқан. Алайда, бұл тажірибелер адамдарға қалай әсер ететіндігі толық зерттіліп, дәлелденіп белгілі бір жетістікке жете қойған жоқ.
Қан құю арқылы қартаю процесін тоқтатуға болады
Гарвард медициналық мектебінің профессоры Рудольф Танзи New York Times басылымына берген сұхбатында регенерация мен ағзаның жасаруына қатысты қызықты мәліметті жайып салды. Ғалымдар жүргізген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, жас қан ағзаның қартаю процесін тежейді. Ғалымдар зертханада тышқандарға тәжірибе қолданған: оларға жас қан құйылған - зақымданған жасушылары қалпына келіп, жүрек-қан тамырларының жұмысы жақсарған әрі мидың қартаю процесі тоқтаған. Бұл зерттеу өткен ғасырдың 50-ші жылдары қолға алынған болатын. Нақтырақ айтқанда, дәрігер Клайва М. МакКея «парабиозис» деп аталатын процедура кезінде екі тышқанның қан тамырлары жүйесін біріктірген. Ғалымның көз алдында тышқан жасарып шыға келген. Бұл процестің құпиясы жас қан құрамындағы протеиндердің жоғары деңгейге жетуінде жатыр. Бұл протеиндер өз кезегінде тозған ағзадағы ствол жасушасының белсенділігін оятқан екен. Ал ол өз кезегінде тозған жасушалардың орнына жаңасын тудырған. Әлбетте, мұндай тәжірибе тек тышқандарға ғана жүргізілгендіктен адамға қалай әсер етенінін ешкім айта алмайды. Десе де, ғалымдардың бұл тәжірибені жүргізудегі мақсаты адамның қартаю процесін тежеуде әрі өмір сүру жасын ұзартуда жатқанын ескерсек, алдағы уақытта бұл бағытта оң нәтижеге қол жеткізіп қалуымыз ғажап емес.
Гериатрия(гр. gerents-қарт atriaемдеу) -- қартаң жастағы науқастардың ауруларының ерекшеліктерін және олардың алдын алуын, емдеу тәсілдерін қарастыратын геронтологияның бөлімі.
Қартаю физиологиясы
Адамның денесінде пайда болатын физиологиялық өзгерістер, ең алдымен, биологиялық функциялардың азаюымен және метаболикалық стреске бейімделу қабілетінен көрінеді. Бұл физиологиялық өзгерістер әдетте психологиялық және мінез-құлықтың өзгеруімен қатар жүреді. Қартаюдың биологиялық аспектілері тек қартаюдан туындаған өзгерістерді ғана емес, сондай-ақ жалпы денсаулықтың нашарлауын қамтиды. Адамның кейінгі өмірінде аурудың көп осалдығы сипатталады, олардың көпшілігі кәрілік кезінде иммундық жүйенің тиімділігін төмендетумен байланысты. Қарттар деп аталатын аурулар, осылайша, қартаю мен аурудың симптомдарының комбинациясы болып табылады, оған қарсы күресу мүмкін емес. Мысалы, жас адам пневмониядан тез қалпына келтіре алады, ал егде жастағы адамдарға оңай өлімге ұшырауы мүмкін.
Жүрек, бүйрек, ми және өкпе секілді көптеген органдардың жұмысы олардың жұмысының тиімділігін төмендетеді. Ішінара, бұл төмендеу - бұл ағзалардың жасушаларының жоғалуының және апаттық жағдайларда оларды қалпына келтіру мүмкіндіктерінің төмендеуінің нәтижесі. Сонымен қатар, егде жастағы адамдардың жасушалары әрқашан бірдей функцияларды орындай алмайды. Кейбір ұялы ферменттер олардың тиімділігін төмендетеді, яғни қартаю процесі барлық деңгейлерде орын алады.
Қартаю психологиясы
Қартаю кезіндегі ми функциясының ең елеулі өзгерістері қысқа мерзімді жадтың нашарлауы және реакция жылдамдығының артуы болып табылады. Бұл факторлардың екеуі де қоғамда қалыпты өмір сүру мүмкіндігін шектейді және көптеген зерттеулердің тақырыбы болып табылады. Дегенмен, егер егде жастағы адам заманауи білімді талап етпейтін белгілі бір тапсырманы шешуге көп уақыт алса, қарттар жастарға қарағанда біршама кішкентай. Сөздікпен, жалпы білім мен іс-әрекеттермен айналысатын тапсырмаларда, жас бойынша өнімділіктің төмендеуі дерлік түсініксіз.
Қартаюдың маңызды психологиялық әсері классикалық түрде білім алу қабілетінің нашарлауымен байланысты заманауи білім деңгейінің төмендеуі болып саналады. Эксперименттік зерттеулер көрсеткендей, жас адамдарға қарағанда егде жастағы адамдар әлдеқайда баяу үйренсе де, олар жаңа материалдарды жұтып қояды және жастар сияқты жаңа ақпаратты есте алады. Алайда, оқытудағы айырмашылықтар оқылатын материалдардың күрделілігімен бірге артады.
Сонымен қатар, егде жастағы адамдардың мінез-құлқына мұқият әрі қатыгез болып, әлеуметтік қарым-қатынас деңгейін төмендетеді. Бірақ бұл мінез-құлықтың көрінісі қоғамның және әлеуметтік қатынастардың нәтижесі болуы мүмкін, бірақ іс жүзінде қартаю емес. Көптеген адамдар «табысқа жетіп» келе бастады, олар церебральдық қызметті үздіксіз оқыту және кіші жастағы адамдармен әлеуметтік қарым-қатынастарды кеңейту арқылы қолдайды.
Кәрі және қарт жастағы адамдардын анатомия - физиологиялық ерекшеліктері .
Қартаю кезеңінде адам ағзасының барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінде айтарлықтай өзгерістер байқалады.
50 жастан кейін адам терісінде тұрақты өзгерістер - тыртықтар, меңдер, сүйелдер, әжімдер пайда болады. Бұның негізгі себебі осы кезде тері асты май қабаты бірте-бірте жұқарып жойылады. Бұл терінің құрғақтануына, оның иілімділігінің төмендеуіне алып келеді.
Ас қорыту жүйесінде мынадай өзгерістер байқалады - тістер босап, қаусап түсе бастайды, ас қорыту сөлдерінің бөлінуі азаяды. 40 жастан өткеннен кейін артерия қан қысымы жоғарылайды, қан тамырлар қабырғасына холестерин сіңіп жинақталып, оның иілімділігі төмендейді. Кәрілік кезенде бүйректің фильтрациялау қарқыны азаяды. 40 жастан өткеннен кейін өкпенің тіршілік сыйымдылығы азаяды. Бұлшықеттер босап, оның тіршілік күші төмендейді, осының нәтижесінде адам тез шаршайтын болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz