Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалардың қызығушылығын оқытудың интербелсенді әдістері арқылы арттыру жолдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалардың қызығушылығын оқытудың интербелсенді әдістері арқылы арттыру жолдары

№6 есту қабілеті бұзылған балалардың
арнайы (түзету) мектеп-интернатының
дефектологы: Өтеген А.Ғ.

Сөйлеу күрделі функционалды жүйе болып табылады. Сөйлеудің күрделі жүйесі ұзақ әлеуметтік-тарихи дамудың нәтижесі болып келеді және бала оны қысқа мерзімде менгереді.
Отариноларингология, невропатология, психопатология, олигофрения клиникасы, педиатрия ғылымдарының мәліметтері сөйлеу тілі бұзылуының механизмі және этиологиясын зерттеуде мамандарға өте көп көмегін тигізіп, логопедиялық ықпалмен қатар медициналық көмекті де уақытылы көрсетуге мүмкіндік береді. Мәселен, дауыстың бұзылуы көмей және дауыс перделерінің органикалық зақымдалуының салдарынан болуы мүмкін (ісіктер, папиломмалар, т.б.). Бұл жағдайда дауыс бұзылуын жою дауыс аппаратының физиологиялық қалыпты қызмет етуінсіз мүмкін емес. Ол тек дәрімен емдеу, хирургиялық, физиотерапиялық, психотерапиялық ықпал арқылы нәтижелі болады.
Сөйлеу тілі бұзылыстарын зерттеген кезде сөйлеудің пайда болуының қай операциясы зақымдалғанын анықтау қажет. Логопедияда сөйлеудің тууының Л. С. Выготский, А. А. Леонтьев, Т. В. Рябованың модельдері пайдаланылады.
Л. С. Выготский ой мен сөз арасындағы байланысты ойдан сөзге қарай және кері қимыл-қозғалыс үрдісі деп қарастырған. Ол сөйлеудің сыртқы (физикалық) және семантикалық (психикалық) жоспарын ажырата отырып, қимыл-қозғалыстың келесі жоспарын белгілеген: түрткі - ой- ішкі сөз - сыртқы сөз.
Сыртқы сөйлеуде грамматикалық және семантикалық (психологиялық) құрылысының өзара байланысы көрінеді. Семантикалық жоспардан сыртқы сөйлеуге көшудің өтпелі құрылысы ішкі сөйлеу тілі болып табылады. Л.С. Выготский ішкі сөйлеуге терең талдау жасап, оған тән ерекшеліктерін ашып көрсетті.
Сөйлеу процесінің құрылымына негізделе отырып Л.С. Выготский, А. А. Леонтьев сөйлеудің келесі пайда болатын операцияларын ажыратады: түрткі - ой (сөйлеу интенциясы) - іштей бағдарлама жасау - лексикалық күшейту және грамматикалық құрастыру - моторлы іске асыру - сыртқы сөйлеу.
Сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетуге арналған логопедиялық жұмыстың нәтижелі болуына, сонымен қатар біркелкі жүйе шеңберінде тіл және сөйлеу құрылысының өзара байланысын түсінуіне психолингвистикалық қозқарас ықпал етеді.
Баланың сөйлеу тілі туа біткен процесс емес екенін көптеген авторлар дәлелдеген. Ол онтогенез барысында адамның әлеуметтік дамуымен байланысты. Сөйлеу тілінің дамуы мидің орталықтарының және оларды жалғайтын жолдарының қалпына, баланың ой-өрісі мен дене дамуына байланысты болады.
Баланың сөйлеу тілі дамуын зерттеген ғалымдардың көпшілігі (А. Н. Гвоздев, Г. А. Розенгард-Пупко, А. Н. Леонтьев) екі негізгі кезеңге бөледі: сөйлеу тілі шыққанға дейінгі (баланың туылған кезінен бір жасқа дейін) және сөйлеу тілі шыққан кезен (бір жастан кейін).
Сөйлеу тілі шыққанға дейінгі кезеңді дайындық кезен, деп атайды. Өйткені бұл кезде баланың сөйлеу тілін меңгеруге дайындық жүреді. Баланың туылған кезінен бастап дауыс реакциялары пайда болады.Олар айқай және жылау. Бірақ бұлар әлі де адамның сөйлеу тілінің дыбыстарынан бөлек. Сонда да айқай да, жылау да, сөйлеу аппаратының үш бөлігінің (демалу, дауыс шығару, артикуляция) әр түрлі қимылдарының дамуына әсерін тигізеді. Екі аптадан кейін бала айналасындағы сөйлеген адамның дауысына назар аударады, жылауын қояды, адамдар оған сөйлегенде тыңдайды. Бір айдың аяғында баланы әлдилеп жұбатуға болады. Сөйлеген адамға басын бұрып және оның артынан көзімен қарайтын болады. Интонацияға (дауыс ырғағына) реакция береді: жылы және қатты сөйлегенді сезеді. Бұл кезде баланың уілдеуі әр түрлі интонациямен шығады.
Былдыр дегеніміз белгілі дыбыстық комплекстердің, дауыссыз және дауысты дыбыстардың тіркестерінің пайда болуы. Уілдеу мен былдыр қарым-қатынас қызметін атқармайды.
7-8 айында бала ересектердің сөйлеу тіліне еліктейді. Бала естіген дыбыс тіркестерін заттармен және олардың іс-қимылдарымен сәйкестендіреді (тик-так, бух, бах). Бала міндетті түрде айналада тек қана дұрыс сөйлеу тілін есту керек. Бірақ бала әлі де ситуацияға, интонацияға, сөзге бір реакция береді. Ал 10-11айында сөздің өзіне реакция беретін болады (ситуацияға және интонацияға сүйенбей ақ). Бірінші жылдың аяғында балада алғашқы сөздер пайда болады. Осы кезеңде баламен жиі қарым - қатынаста болу керек. Баланың сөйлеу тілінің дамуы оның жеке ерекшеліктеріне байланысты. Бір бала бірнеше сөз айта алатын болса, екінші бала он шақты сөз қолданады. Бұл баланың соматикалық жағдайына, нерв жүйелерінің түріне, тәрбиесіне, т.б. байланысты. Баланың алғашқы сөздері шыққаннан бастап дайындық кезеңі аяқталады.
Сөйлеу тілі шыққан кезең өзара үш кезеңнен тұрады. Мектеп жасына дейінгінің алдынғы кезеңі бір жастан үш жасқа дейін созылады. Сөйлеу тілі оны құрайтын компонентері бойынша дамиды: дыбыс айтуы, сөздік қоры, грамматикалық құрылысы.
Келесі кезең - мектеп жасына дейінгі (3жастан 7 жасқа дейін).
Сөйлеу тілінің фонетикалық жағының қалыптасуының ерекшеліктері: 3 жаста ш, ж, ч, щ дыбыстары с, з дыбыстарына, щ дыбысы ч ,ть, кейде т, д дыбыстарына алмастырып айтылады. Ысқырық дыбыстарды айтқан кезде тісаралық, тістөңіректік (с=т, з=д), еріндік-тістік ((с=ф, (з=в) сигматизм байқалады. Р, л дыбыстары й, ль дыбыстарына, қ, г, х дыбыстары т немесе д дыбыстарына алмастырып айтылады.
4 жаста дыбыстардың айтуы тұрақсыз болады. Ысқырық дыбыстардың айтылуында тісаралық сигматизм байқалады. Жеке ызың дыбыстар дұрыс айтылады. Сонорлы р, л дыбыстары әліде дұрыс айтылмайды, олар й, в дыбыстарына алмастырылып айтылады.
Ысқырық, ызың және к, г, х дыбыстары 5-6 жастағы балада қалыптасқан болуы керек. Ал артикуляциясы күрделі р дыбысы 7 жасқа дейін қате айтылуы мүмкін.
Сөйлеу тілінің сөздік қорының дамуы: алғашқыда бала тек қана сөздің номинативтік функциясын менгереді. Сонымен қатар етістіктерді қолдана бастайды. Кейін басқа да грамматикалық категорияларды игереді: сын есім, есімдік, үстеу. А. Н. Гвоздевтің айтуы бойынша 3 жастағы балада грамматикалық негізгі категориялары толық қалыптасады. 4 жастағы бала өз тілінде жай және күрделі сөйлемдерді қолданады. 5 жастағы бала қосымша сұрақтарсыз тыңдаған әңгіменің мазмұнын өз бетімен айтып бере алады.
Осы жаста баланың фонематикалық қабылдау қабілеті де дамиды: алғашқыда бала дауысты және дауыссыз дыбыстарды, кейін-жіңішке және жуан дауыссыздарды, сонорлы, ысқырық, ызың дыбыстарды ажырата бастайды. 4 жасында қалыпты дамыған бала ана тілінің барлық дыбыстарын ажырата алуы керек, яғни оның фонематикалық қабылдау қабілеті толығымен дамыған болуы қажет.
Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының дамуы үш кезеннен тұрады: аморфты түбір-сөздерден тұратын сөйлемдер (1 кезең), сөйлемнің грамматикалық құрылысын игеру (2 кезең), ана тілінің морфологиялық жүйесін игеру (3 кезең).
Мектеп жасындағы кезең (7-17 жас).
Бұл кезеңде баланың сөйлеу тілі дамуының ерекшелігі - сөйлеу тілін саналы түрде игеруі. Балалар дыбыстық талдауды, грамматикалық ережелерді толығынан меңгереді. Сөйлеу тілінің жаңа түріне-жазбаша сөйлеу тіліне бастаушы роль беріледі.
Сонымен, мектеп жасында баланың сөйлеу тілінің қайта құрылуы байқалады - тіл дыбыстарын қабылдап, ажыратудан бастап сөйлеу тілінің барлық құралдарын саналы түрде қолдануы.
Әрине, әр кезең келесі кезеңге бір қалыпты ауысады. Баланың сөйлеу тілінің дамуы қалыпты және уақытынша өту үшін, оған жағымды жағдай болу керек: баланың соматикалық және психикалық денсаулығы мықты болуы; ойлау қабілеті қалыпты; есту және көру қабілеті қалыпты; қоршаған сөйлеу ортасы дұрыс болуы керек.
Шетел ғалымы П. Менюк сөйлеу тілінің дамуын өзгеше қарастыра отырып, оны 5 кезеңге бөледі: бірінші кезеңде (сөйлеу тілі шыққанға дейіннен былдырға дейін) айқай мен алғашқы вокализациясы бастапқы болады. Бұл кезеңде негізгі назар дауыс реакцияларының интонациялық сипатына аударылады. Баланың айқайына анасының жауабының маңыздылығы зор екенін ескереді. Сөйлеу тілі дамуының бірінші кезеңінде балалардың акустикалық тітіркендіргіштерді ажырату мүмкіндіктері байқалады.
Екінші кезең - былдыр кезеңі. Бұл кезде балада дыбыстық белсенділігі дамиды, өз айқайын бақылай бастайды, әрі қарай есту түйсігінің (есту анализаторы арқылы әр түрлі дыбыстарды қабылдап, ажыратып, бойға сіңіру процесі) дифференциациясы байқалады.
Үшінші кезең-бір сөздік деңгейде қарым- қатынасқа түсу. Осы бастан баланың сөйлеу тілінің нақты дамуы басталады. Сөйлеу тілін қабылдауында да, сөйлеуінде де сапалы өзгерістер байқалады. Балада айтылған сөздің ұзақтылығын байқай алатын мүмкіншілік туады. Моторлы және сенсорлы сөйлеу тіл арасында алғашқы рет өзара байланысы пайда болады.
Төртінші кезең - екі сөздік деңгейде қарым-қатынасқа түсу. Бұл синтаксистің дамуының бастауыш кезеңі. Сөйлеу тілінің грамматикалық категорияларын меңгеруі бесінші кезеңде басталады.
Қарастырылған кезеңдерге бөлу сөйлеу тілінің дамуының кешеуілдеу және бұзылуының механизмін түсінуге мүмкіншіліктерін кеңейтеді.
Негізгі қиыншылықтар - балалар керек орфограмманы жаза алмайды және орфографиялық тапсырмаларды орындай алмайды. Сонымен, логопедияда әр түрлі тіл кемістіктердің бірнеше түрін ажыратады. Оның ауызша сөйлеу тілінің бұзылыстары (дисфония (афония), тахилалия, брадилалия, тұтықпа, дислалия, ринолалия, дизартрия (анартрия), алалия, афазия), ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім беру жaғдaйындa есту қaбілеті зaқымдaлғaн мектепке дейінгі оқушылaрғa көмек көрсету жолдары
Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты туралы
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану мақсаты
Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясы негізінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру
Дидактиканы оқытудың мақсаты
Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының үрдісін ұйымдастыру
Есімдікті бастауыш сыныпта оқытудың тиімді жолдары
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚЫТУДЫҢ СПИРАЛЬДІ ҚАҒИДАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта қолдану әдіснамасы
Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары
Пәндер