Арғытүркілердің мәдени мұрасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Арғытүркілердің мәдени мұрасы
1.Ғұндардың көшпелілік мәдениеті. Ғұндардың мифтері мен діни наным-сенімдері. Қазақстандағы көшпелілік мәдениет дамуының ғұндық кезеңі.
Б.з.б. І мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігіндегі Ордостан тартып Каспийге дейінгі Орталық Азияның ұлан - байтақ кеңістігін шығу тегі мен этникалық құрамы жағынан әр түрлі тайпалардың мекендегені белгілі. Шаруашылықтың біртіндеп даму барысы, тұрмыстың біршама ортақ болуы, этникалық жақындық пен түрлі саяси фактордың әсері Орталық Азияда ертедегі ірі тайпалық бірлестіктердің құрылуына негіз болды. Олардың уақыты жағынан алғашқылары саналатыны хунну (ғұндар) еді. Ғұндар туралы мәліметтерді негізінен қытай жазбаларынан аламыз. Ғұндар 24 руға бөлінген. Әрбір рудың көшіп жүретін өз жері болды.
Ғұндардың жоғарғы билеушілері қытай деректерінде "шаньюй" деп аталған. Б.з.д. 3 ғасырдың соңына қарай ғұндар бірігіп әскер түзеп, өздерінің мемлекетін құрды. Оларды бір одаққа біріктіру әйгілі Мөде шаньюйдің есімімен байланысты.
Ғұндар бірлестігіне шығу тегі әр түрлі тайпалар мен этникалық-саяси құрылымдар кірген. Конфедерацияның қоғамдық-саяси өміріне бір орталықтандырылған билікке бағынғысы келмейтін күштер мен ұланғайыр аумақта орналасқан иеліктер арасында тығыз саяси және экономикалық байланыстардың болмауы қатты әсер етті.
Ғұндардың батысқа қарай қоныс аударуының екінші толқыны б.з. 93 жылы басталады. Олар Сырдария бойы мен Арал өңіріне, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Б.з. ІҮ ғасырында ғұндар Еуропаға дейін жетеді. Ғұндардың Батысқа жорығы Халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуына түрткі болды.
Ғұндардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығы басты рөл атқарады. Жылқы өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген. Ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Дәнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Ғұндар өмірінде аңшылық та үлкен орын алған. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болды. Зергерлік өнердегі полихромдық стильді дүниеге әкелген. Көк тәңіріне табынып, ата-баба рухына сиынған. Өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырған.
Ғұндар - көшпелі патриархалды ел болған. Олар алтын әшекей жасауда тамаша жетістіктерге жеткен. Ғұндардың көшпелілік мәдениетіне "Полихромдық стиль" өнерінде әшекейлеудің бірнеше түрі кездеседі. Бұйымдарды безендіру үшін жабайы аңдардың бейнесі қолданылған. Ғұндар алтын, күміс сияқты бағалы заттардан әшекей бұйымдарын жасаған. Бұйымға сәндік үшін түрлі-түсті заттар жапсыруды безендіру дейді. Ал бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеуді зерлеу деп атаған. Бай ғұндардың зираттарында алтын сырғалар, сақиналар, сақиналар, алтынмен қапталған былғары белдіктер көп кездеседі. Бұйымдарды безендіру үшін жабайы жануарлардың суреттері пайдаланылды. Сонымен қатар тұрақты елді мекендерден табылған шыбықтардың бастары ғұндардың тоқып, жүннен киім кигенін көрсетеді. Асыл ғұндардың бай жерлеулерінен Жібек материалдарының қалдықтары табылды, осы жерден олардың қымбат Қытай Жібегінде киінгені белгілі болды.
Сонымен, қорыта келгенде, ғұндар - бастапқы кезде Орталық Азияда пайда болған ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Бұл тайпалардың бір бөлігі қазақ халқының құрамына қосылып, қазақ халқын қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Соның үшін ежелгі ғұндарды қазақ халқын құраған қайнардың бірі деуге болады.
2.Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшеліктері. Ежелгі түркілердің салт-дәстүрлері мен рәсімдері.
Б.з.б. 1 мың жылдықтың басында Орта Азия мен Қазақстан далаларын сақтар мекендеген. Сол сақтардың Солтүстік тобы түркі тілдес, ал оңтүстік тобы иран тілдес тайпалар болды. Бұлардан кейінгі тарихта белгілі үйсіндер мен қаңлылар да түркі тілінде сөйледі. Түркі қағанаты тұсында түркі тілінің өрісі кеңейіп, негізгі тілге айналды. Бұрын иран тілі тобына енетін тілдерде сөйлейтін халықтармен аралас-құралас болып, енді түркі тілінде сөйледі. Түркі тілінің әр түрлі диалектінде сөйлейтін тайпалық ұлыстар бір-бірімен үздіксіз экономикалық, мәдени-байланыс жасап,қатысып тұрды.
Соның нәтижесінде бұл екі топтағы тілдер бір - біріне ықпал жасап келген. Батыс түрік қағанатында түрлі диалектідегі көне түрік тілдерімен қоса соғды тілі мен жазуын да пайдаланған. Өйткені түрік қағандарының ордасында соғдылықтар да түрлі лауазымды қызмет атқарған. Сөйтіп, түрік қағанаты тарихының алғашқы кезеңінде түрік таңбаларына ұқсас келетін түрік жазуы пайда болды. Бұл руна жазуы деп аталды.
Ежелгі түркілердің діни сенімдері туралы айтатын болсақ, олар Көкке және Жерге табынған. Түркі қағандары тек көк тәңірінің бұйрығымен қағандық етеді деп түсіндірілген. Мыс: Білге қаған: түркі халқы жойылмасын, ел болсын. Әкем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арғытүркілердің мәдени мұрасы жайлы
Мәдениет морфологиясы туралы
Ғұндардың көшпелік мәдениеті
Арғытүркілердің мәдени мұрасы туралы
Арғытүркілердің мәдени мұрасы жайында
Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшеліктері жайлы
Арғытүркілердің мәдени мұрасы туралы
Түркілердің мәдени ескерткіштері
Шығыс ғұн ескерткіштері
Мәдениеттану
Пәндер