Психикалык дамудын теориялары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Педагогика факультеті

Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы

Орындаған: Ізімбетова Ақтілек

Тексерген: Нұрлан М. Н

Арнайы педагогика - 201

Талдау, конспект

Психикалык дамудын теориялары

Даму психологиясы немесе жас ерекшеліктерінің психологиясы - жеке адамның психикалық дамуын, өмір тіршілігінде қалыптасу зандылықтарын танып білуге көмектесетін психология ғылымының дербес саласы.

Даму - жаңаның пайда болуы, жаңа процестер, жаңа құрылым, яғни жаңа сапалық өзгерістер дегенді білдіреді.

Х. Вернер мен Л. С. Выготский даму ерекшеліктерінің белгілерін атап көрсетті. Олар: дифференциация, бұрынғы бір элементпен бөлшектеу, жаңа белгінің пайда болуы, дамудың өзінде жаңа элементтің пайда болуы және т. б.

Л. С. Выготский даму типтерін былай бөледі: преформалы тип бойынша басында белгіленген құбылыстардың жетілу қорытынды нәтижесі бекітіледі де, ағзаның нәтижесі көрсетіледі. Мысалы, оған эмбрионалды даму жатады. Преформалы емес тип дамудың кең тараған түрі. Дамудың бұл түрін алдын ала анықтау мүмкін емес. Оған жердің, ғаламшардың дамуы, қоғамның дамуы, биологиялық эволюция процесі жатады. Бұл типке бала психикасының дамуы да жатады. Әр кезеңдегі қоғамда балалардың дамуы, психикасы әр түрлі деңгейде болады.

Бала психикасының дамуын стратегиялық зерттеу. Алғашқы кезеңдегі балалар психологиясының міндеті фактілерді жинақтау болса, келесі міндет констатациялық эксперименттң пайдалану болды. Қазіргі кезеңдегі стратегиялық зерттеу психикалық процесті қалыптастыру стратегиясы.

Оны зерттеген ғалымдар Ж. Пиаже, Н. А. Рыбников, Н. А. Менчинская, В. С. Мухина, т. б. болды.

1925 жылы Ленинградта Н. М. Щеловановтың басшылығымен балалардығң қалыпты даму клиникасы пайда болды. Онда 24 тәулік бойы бала үздіксіз бақыланды, юаланың алғашқы кезеңі туралы мәліметтер жинастырылды. Ж. Пиаже өзінің үш баласын үздіксіз бақылау арқылы сенсмоторлы интеллект туралы еңбегін жазды. Д. Б. Эльконин мен Т. В. Драгунованың жасөспірімдерді 3 жыл бойы үздіксіз зерттеуі жасөспірімдер мінездемесін жасауға ісер етті. В. С. Мухинаның егіз ұлдардың дамуын сипаттап жазған күнделігі бала психикасын зерттеуде үлкен еңбекке айналды.

Психикалық процестерді қалыптастыру стратегиялары:

Л. С. Выготскийдің тарихи - мәдени тұжырымдамасы. Интерпсихика интрапсихикаға айналды.

А. Н. Леонтьевтің әрекет теориясы: әрбір әрекет саналы, қозғалыс жоғарыдан төменге - іс - әрекеттен функцияға ұласады.

П. Я. Гальперин ақыл ойды қалыптастыру теориясы психикалық функцияны қалыптастыру заттық әрекет негізінде, одан кейін сөз формасы арқылы ақыл - ой әрекетіне ауысады.

Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов оқу әрекетін зерттеді.

И. А. Соколянский, А. И. Мещеряков «алғашқы адамдану» теориясын зерттеді.

Даму психологиясының практикалық міндеттері:

- қалыпты психикалық функциялардың жас ерекшеліктерін анықтау;

- проблемалық жағдаяттар туа қалса ата - аналарға көмек беру, психикалық дамуды жүйелі бақылауға байланысты жұмыс жүргізу;

- жас ерекшелік және клиникалық диагностика;

- адам өмірінде дағдарыс бола қалса, психологиялық көмек беру;

Даму психологиясының негізгі түсініктері: даму, писхикалық даму, пісіп жетілу, жас және т. б.

Психикалық даму - психикалық процестердің сандық, сапалық, құрылыстық өзгерістері.

Жас - психикалық процестердің сандық аспектісі.

Дамудың жастан айырмашылығы:

Жас - сандық өзгерістерді көрсетеді, ал даму сапалық өзгерістер, жаңаның пайда болу механизмін, құрылысын, үрдістерді көрсетеді.

Дамудың негізіне жататындар:

- дамудың әлеуметтік жағдайы;

- қарым - қатынас шеңбері;

- негізгі іс - әрекет типі;

- сензитивтілік;

Дамудың нәтижесі:

- тұлғаның өзгеруін;

- адамдармен араласу нысанын;

- эмоционалдық ерік аймағын;

- қарым - қатынастағы қабілеттілігін;

- жаңа іс - әрекет түрін қамтиды.

Пісіп жетілу - ағзаның жүйке жүйесінің психофизиологиялық жүйелі өзгерісін көрсетеді. Ол - дамудың негізгі факторы. Ол психологиялық функциялардың дамуы мен сыртқа шығуына, пайда болуына, қалыптасуына жағдай туғызады. Пісіп жетілуіне жағдай туғызады. Пісіп жетілуіне байланысты принцип дамудың гетерохрондылығы.

Дамудың гетерохрондылығы - ерте кезеңдегі жүйке жүйесінің қалыптасуы және дамуының индивидуалды дамудың әр кезеңінде пісіп жетілу қарқыны әр түрлі болады.

Психикалық дамудың ерекшеліктері:

- сапалық өзгерістер тенденциясы;

- дамудың қайтарымсыздығы;

- прогресс пен регресстің міндетті қосылысы;

- дамудың әртүрлілігі;

- дамудың зигзаг түрі;

- даму сатыларының деңгейге өтуі;

- тұрақтылық тенденциясы.

Балалардың психикалық дамудың негізгі көрсеткіштері. Нерв жүйесі барлық мүшелер мен жүйелердің қызмет бірлігін қамтамасыз етіп, организмның сырт ортаға бейімделуін реттейді. Жаңа туған баланың нерв жүйесі өз қызметін толық атқаруға жетілмеген және анатомиялық ерекшеліктерімен өзгешеленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамудың биогенетикалық теориялары
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Л.С.Выготскийдің «психологиялық жас» категориясы
Балалар психологиясы
Тұлғаның психологиялық қасиеттері
Жас кезеңдері
Арнаулы оқытудағы Л. С. Выготскийдің теориялары
Тұлға туралы теориялар
Әлеуметтану ғылымы жайлы
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz