Дәрілік өсімдіктер жайлы көптеген мағлұматтар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мақсаты:

- Дәрілік өсімдіктер жайлы көптеген мағлұматтар іздестіру;

- Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерін кеңінен анықтау;

- Емдеу ісін пайдалану жолдарын ашу;

- Туған өлкедегі дәрілік өсімдіктерді анықтап, өмірде қолдана білуге үйрену.

Міндеттері:

1.Дәрілік қасиеті бар өсімдік жайлы білу.

2. Дәрілік өсімдіктерді өсіру жолдарын анықтау.

3. Дәрілік өсімдіктерді жинау жолдарын үйрену.

4.Олардан жасалатын қоспалар жайлы білу.

5. Туған өлкедегі тағамдық өсімдіктер жайлы мәлімет алу.

Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі аурулардан емдеуге пайдалануға ертеде білген. Емге пайдаланудың жолдарын халық арасына ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазқа жазыла бастаған.
Соңғы жылдары көптеген өсімдіктер ысыраппен пайдаланып, жойылып кеткен. Соған орай Қазақстанның "Қызыл кітабында"
олар қорғауға алынған.
Дәрілік өсімдіктердің бұл тобынан емге керекті дәрі алумен қатар, құрамында витаминдер болуына байланысты оларды тағамдыққа пайдаланады.
Қазіргі кезде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қорғауға алынуда.

Қазақстанның көп жерлерінде( шөл, шөлейт) дәрілік өсімдіктер кеңінен таралған.Басқа жерде кездеспейтін құнды дәрілік өсімдіктер де бар.
Қазіргі кезде жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерді жинаумен дәрі жасап шығару өндірісін толық қамтамасыздану үшін, оның өнім көлемін жоғарлатуға арнайы шаруашылықтарда плантациялар құрылуда.

Жоспар:

І. Өсімдік жайлы не білеміз?

ІІ. Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы әр түрлі витаминдер.

ІІІ. Туған өлкемдегі дәрілік өсімдіктердің пайдасы.

ІV. Олардан жасалатын қоспалар
.
V. Өсімдіктер дүниесін қорғау.
Туған жер, өскен ел жүрекке жылы сөздердің бәрі де, табиғат таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады.
Қазақстанның табиғаты көз тартар аса көркем бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке .
Кең дала көремісің сонау жатқан
Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.
Асқар тау, айдын шалқар көлмен өзен,
Әке, сол анам мені туған.
Кең дала, менің сүйген еркемсің,
Жанмын сенен жаратылған өлкемсің.
Қалай жақсы қазақ болып туғаным
О, туған жер, Тамашаны көремісің.

Өсімдік жайлы не білеміз?

Қазақстан өсімдіктер дүниесі бай және олар алуан түрлі деуге болады. Өсімдіктер дүниесінің осындай молшылығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктерді зерттеудің маңызы зор. Мал бағумен айналысқан қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиетін ертеден білген.Дәрілік өсімдіктерді зерттеу және олардың емдік қасиеттерімен халықты таныстыру ісінде республикада көптеген жұмыстар атқарылды. Соңғы жылдары көптеген өсімдіктер ысыраппен пайдаланып, жойылып кеткен. Осыған байланысты біз тек қана дәрілік өсімдіктерді пайдалануды ғана емес, оларды қорғауды да насихаттауымыз керек болды. Соған орай Қазақстанның "Қызыл кітабында"олар қорғауға алынған.
Дәрілік өсімдіктердің бұл тобынан емге керекті дәрі алумен қатар, құрамында әр түрлі витаминдер, микроэлементтер, ақуыз, көміртек, май соның ішінде эфир майы болуына байланысты оларды тағамдыққа пайдалану жолы да мәлім.
Мундай өсімдіктердің қатарына өзіміздің күнделікті тағамға пайдаланып жүрген пияз, сарымсақ, қызанақ, сәбіз, қызылша, орамжапырақ сияқты өсімдіктер жатады.Ағаш өсімдіктер ішінде аршаны алсақ, ауадағы зиянды микробтарды жоя алады екен.
Будан басқа олардың ауа құрамындағы зиянды газ, түтін, шаң- тозаң, әр түрлі иістен құтылуға және құлаққа жағымсыз әрі жүйкені шаршататын шудың мөлшерін азайтуға да пайдасы зор.

Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы әр түрлі витаминдер.

* Дәрілік өсімдіктердің құрамында көтеген биологиялық әсер ететін заттар болады.
* Осы өсімдіктерді емдік мақсатында пайдаланғанда сол заттар адам организіміне еніп, әр түрлі физиологиялық өзгерістер туғызады. Дәрілік қасиеті осы затардың түрлері мен мөлшеріне байланысты.
* Витаминдерді алсақ - организм тіршілігіне өте қажетті органикалық зат. Аз ғана мөлшері адам, жан-жануар тіршілігінің өсіп - жетілуіне мүмкіндік туғызады. Зат алмасуда, ақуыз, көміртек, май сияқты тағамдық заттарды сіңіру процесін реттейді .
* Витамин жетіспесе зат алмасу процесі бұзылып, жүмыс істеу қабілеті нашарлайды.
* Эфир майлары - өсімдіктердің гүлінде, жапырағы мен жемісінде кездеседі. Олар әр түрлі микробтармен, вирустармен күресуге өте пайдалы.сонымен қатар, жүрек - қан тамыры жүйесінің қызметін, асқазақ- ішек қызметін жақсартады.
* Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы әсер ететін заттың біреуі - микроэлементтер.
* Оларға калий, магний, кальций, натрий, темір, хлор йод сияқты элементтер жатады.Бұл микроэлементтер адам организміне өсімдіктен жасалған тағамдар арқылы енген уақытта әр түрлі ауру процесін тоқтатуға көмектеседі.
* Мысалы, кәдімгі қияр шырынындағы калий қан қысымын реттеуге, ал бақбақ шырынындағы магний сүйекті беріктендіруге көмектеседі.

Туған өлкемдегі дәрілік өсімдіктердің пайдасы.

"Өсімдік - жанға шипа, дертке дауа " деген тақырып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Жабайы кенепшөптен алынған препараттардың биологиялық белсенділігін анықтау
Дәрілік өсімдіктерден дайындалатын қоспаларды дайындау және жасау тәсілдері
Биология кабинетінде тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру
Липидтік қос қабаттың асқын тотығуы
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің теориялық мәнін негіздеу
Хан шыңғыс флорасы және экологиялық сипаттамасы
Оқушыларды отансүйгіштік патриоттық тәрбиелеу
Дәрілік өсімдікті дайындауды ұйымдастыру
Жалпы табиғатты пайдалану
Пәндер