Абай шығармаларындағы толық адам концепциясы


Семей қаласы Шәкәрім атындағы университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Абай шығармаларындағы толық адам концепциясы
Орындаған:ДПМН-001С тобының 2 курс студенті Ұлдахан Меруерт
Абай шығармаларындағы толық адам концепциясы
Абай Құнанбаев адамдықтың биік деңгейін иманмен өлшеген. Өзінің қара сөздерінде «Толық мұсылман болмай - толық адам болмайды» деп, кесіп айтқан. Абайдағы толық адам туралы ойдың о бастағы төркіні «Ғылым таппай мақтанба» (1986ж. ) өлеңінен бастау алып, ақынның «Адам болам десеңіз» деген тезисі негізінде ары қарай желілеп таратылып, жыл өткен сайын күрделене түсуде. Толық адамның тұла бойын толтырар ізгі қасиеттер «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде айқын көрсетілген. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда, Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер малшашпақ - Бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой - Бес асыл іс, көнсеңіз . Осы өлеңді білмейтін қазақ жоқ шығар. Абайды кім оқымады, Абай туралы кім жазбады десеңізші! Пікірлер күнде өзгереді, ал Абай сол қалпы. Өлеңге келер болсақ, өте түсінікті өлең. Жаман мен жақсының ара жігін бөліп, талдап жазған. Мүмкін дәл солай қабылдау керек шығар . . . ? Бірақ мен өзімше бір талдау жасадым. Өлеңде бір реттілік заңы байқалады. Мысалы: Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ . . . Бәрі осы өсектен басталады. Әңгіме болсын деп өсек айтамыз. Ал өтірік қосылмаса өсектің дәмі келмейді. Өсек пен өтірікті қатар айтқан адам мақтанудан да құр қалмайды. Осы үшеуі негізі еріншек, жалқау адамның әрекеті. Тірлігі бар адамның өсек айтуға да уақыты болмасы сөзсіз! «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын». Тағы да Абай!!! Жұмысссыз, жалқау адам «бекер мал шашпағанда» қайтеді. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рахым ойлап қой . . . Таудай талапсыз армандарға жету екіталай. Талап бар, енді мақсатқа жету үшін еңбек, жай еңбек емес, терең оймен ұштасқан еңбек керек. Осы үшеуі болған жерде нәтиже де болуы сөзсіз. Сол нәтижеге қанағат етіп, адамдарға қол созып, рақым ойлап қоюды да ұмытпау керек. Әрине, бұл тек менің өз ойым ғана . . . ! Адам болу туралы ой танымын «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде көп нәрсенің төркінінен хабар беруі себепті М. Әуезов бұл өлеңді «Абайдың, әсіресе, көп ой қорытпай айтқан мағыналы да програмдық бір өлеңі», - деп ерекше мән бере бағалауында үлкен сыр жатыр. Осылайша Абай жас өркеннің бағдар түзер айқындамасы ретінде талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахымды атайды. Абай атаған бес қасиет негізінен толықтықты танытатын үш қасиетті құрайды: талап пен еңбек - қайратты танытса, терең ойыңыз - ақыл, ал қанағат пен рахым - жүректен туатын қасиеттер. Адам бойындағы осы үш қасиетті ерекше танып білуге тұратын таным екенін ақын «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңінде: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, - деп нақтылай түседі. «Ыстық қайрат» - бұл үнемі ізденіс үстінде болу, тек қана алға ұмтылу, жасампаз болу. «Нұрлы ақыл» - елге сәуле түсіріп, ізгілікті іс істеу, алла берген ақылды тек жақсылыққа жұмсау. Ал, «жылы жүрек» - иманды, иман жүзді болу, адамдарға құрметпен қарау, олардың мұң-мұқтажын, көңіл-күйін ұға білу. Міне, осы үш қасиет ізгілікті мақсатта пайдаланылған жағдайда ғана толымды адам деген мәртебеге ие болуға болады. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек, - дейді. Олай болса, Абай үшін дүниенің басты құндылығы - адам, жәй ғана адам емес, рухани тұрғыда кемелденген толымды адам. Абайдың арманындағы толық адамның іргетасы дінмен ұштасып, дінмен дамиды және дінмен жетіледі. Адамзат өркениетіндегі барлық игі қасиеттер: дін, иман, ғылым, білім, тәрбие, әдеп, өнер, құқық, іскерлік, тапқырлық, қайраткерлік, азаматтық, жомарттық, әділеттік, т. б. бойында жетілдіре білген, дамытқан адам - Абай ұсынған «толық адам» концепциясы.
Абайдың «толық адам» ілімі «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен бастау алады. Ондағы «бес асыл» мен «бес дұшпанның» негізі, профессор М. Мырзахметұлы айтпақшы, шығыс ойшылы Ғұламаһи Дауанидің (XV ғ. ) шәкірті Жүсіп Қарабағидың (XVIII ғ. ) «Рисаласындағы» екіге бөлінетін жан азығынан (жанның пайдалы азығы, жанның зиянды азығы) негіз алады. Онда шын сенім, жомарттық, ғылыми түсінік пен күншілдік, жалған сенім қарама-қарсы қойылады.
Абайдың дүниетанымында бұл ой тереңдетіліп, адам бойына қажетті «бес асыл қасиет» пен «бес дұшпан» нақтыланады. Әлбетте, оқушылар, бүгінгі студенттер Абайдың бұл ғибратын мектеп қабырғасынан жаттап өседі. Бірақ бұл жеткіліксіз, әрбір жас өзінің дүниетанымының қалыптасуында Абай айтқан «жанның пайдалы тамағымен» сусындауға саналы түрде бет бұрғанда ғана толық адам жолына түсе алады.
Абай сипаттаған толық адам кім? Абай «жүректі» жырлайды. Былайғы қазақтың жүрек туралы ұғымы «жүректі адам», «батыл адам», дегеннен аспайтынын айта келіп, оған тың мағына үстеп, рақым, шапағаттың қайнар көзі деп философиялық тұрғыдан мән береді. Ақыл, қайрат, жүректің бірлігінде жүректі бірінші орынға қояды. 17-қарасөзінде жүректі сөйлетіп: «қан менен тарайды, жан менде мекен қылады . . . әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады» деп сөйлетеді.
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек, -
деп ғылымға ден қоя отырып:
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл,
жылы жүрек, -
деп ой қорытады. Мұндағы «ыстық», «нұрлы», «жылы» эпитеттеріне ақын терең мағына үстеген. Ақылдың өзін «нұрлы ақыл», «суық ақыл» деп бөлген ақын жоғарыдағы қарасөзінде айтқандай, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылықтың ұясы жүрекке бірінші орынды беруі, соған ішкі қуатты, ақыл-ойды билетуі - адамзатты гуманизмге шақыруы және әрбір адамның бойында мейірбандықтың, адамдықтың үстем болуын қалауы еді. Әрине, Абайдың бұл философиялық дүниетанымының ұлы ойшыл, ғалым әл-Фарабиден бастау алып жатқанын білеміз. «Жүрек басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес, екінші, өйткені ол барлық басқа мүшелерді билейтін болса, оның өзін жүрек билейді», деп ой түйетін Фараби де жүректі бірінші орынға қойған болатын.
Қазіргі қоғам, уақыт, шындығы керек, адамдар арасындағы мейірбандықтың азайып бара жатқан кезі болып көрінеді. Байлық, ақша билеген заманның қаншалықты қатыгезденіп бара жатқанын бүгінде көкірегінде сәулесі бар әр адам сезінеді. Әсіресе, күні кешеге дейін коммунистік идеологияның құрсауында болып, кенеттен мол байлықты иеленіп шыға келген қоғамның бір бөлігі қазіргі уақытта өздерін жер бетіндегі құдай санайды. Ал халықтың көп бөлігі тақыр кедейленіп барады. Қоғамдағы үлкен қайшылық та осыдан туындап жатуы мүмкін. Міне, осындай күрделі кезеңде Абай адамдар арасындағы мейірбандықты жырлайды.
Абай айтқан үш сүю - иманигүлді толық адам ілімінің темірқазығы етіп ұсынады. Мұның мәні неде? Тағы да белгілі абайтанушы М. Мырзахметұлының ғылыми тұжырымына ден қойып көрелік. Ғалымның айтуынша:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй Алланы жаннан тәтті, -
деп, жаратушы түп иесін пендесінің махаббатпен сүюі қажет деуі - бірінші сүю.
Екінші сүю - «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп».
Үшінші сүю - «Және сүй хақ жолы деп әділетті».
Кеңестік дәуірде «құдайсыздық» идеологиясына сәйкес ғалымдар, абайтанушылар Абайдың бірінші сүюін ашық, нақты айта алмады. М. Әуезовтің өзі «Абайдың діні - ақылдың, адамгершіліктің діні» деп жанамалай айтты. Бұл ретте, Абай ешқандай түсіндіруді қажетсінбей, бірінші сүюдің негізін дәл, нақты айтып тұрған жоқ па?! Адамзатты махаббатпен жаратқан жаннан тәтті Алланы сен де сүй дейді. Ал Алла - мұсылмандық жолы. Міне, қазіргі тәуелсіздік заманның ең басты жетістігі жалаң идеологияның құлы болмай, Алланы сүюге, оған мінәжат етуге толық жол ашып берді. Абай ілімі ескірген жоқ, қайта заманның талабымен өрлей түсті. Қазіргі уақытта дін - апиын емес, дін - имандылық негізі. Қазіргі жастардың, бүгінгі замандастардың арасында дінге бет бұру бар. Бұл да тәуелсіздіктің берген жемісі деп қабылдасақ, бұл да Абайдың «толық адам» ілімінің де жасампаздығының белгісі.
Абайдың екінші сүюі - «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» те қазіргі Қазақстанның басты мемлекеттік бағытының бірі. Қазақстан - қазір көп диаспоралы мемлекет, көп ұлттың өкілдері осы жерде туып-өсіп, өмір кешіп жатыр дегенмен, «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген өрелі ұстаным бізден бастау алуы керек те, олардың тарапынан да Абайдың ілімін терең түсінуін талап ету қажет. Тәуелсіздіктің алғашқы күрделі кезеңінде еліміздің іргесі шайқатылмай шығуының өзі Абай ілімінің жасампаздығының белгісі деп қарастыруымз қажет.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Абай аманаты» атты мақаласында: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп . . . », бұл - Абайдың мәңгі жасайтын қағидасы. Мұның ғажайып үлгісін қаршадайымнан көзбен көріп өстім», деп толғана еске ала келіп: «Әлем тарихына үңілсең, ру мен ру, тайпа мен тайпа, одан әрі ұлт пен ұлт, содан соң мемлекет пен мемлекет арасындағы ірілі-ұсақты кикілжіңнің көбінің ар жағында Адам Ата мен Хауа Анадан тараған жұмыр басты, екі аяқты пенделердің бірін-бірі тегіне, түріне, тіліне, яғни нәсіліне қарап жатырқауы жасырынып жататын кездер жиі ұшырасады. Дініне қарай бөліну індеті де сұмдық зардаптарға ұрындырған. Абай айтқан осындай «алтыбақан алауыздықтың» салдарынан талай жұрт өзара қырқыса жүріп, жер бетінен біржола жойылып кеткені мәлім. Кеңес Одағы ыдырауының барысында және тәуелсіздігіміздің елең-алаңында өз ішімізде неше түрлі іріткі салғыш, ірге бөлгіш пиғылдар оянып, сын сағаты туған кезде ел тізгінін ұстай отырып, тарихи тұрғыдан қалыптасқан көпэтностылық пен көпконфессиялық жағдайын бірінші кезекте ескеру қажеттігін аңғардым. Бір жағынан сепаратистік әрекеттер бой көтергені байқалса, екінші жағынан ұлтшылдық дабыл қаққан аласапыран кезеңдерді бастан өткеруге тура келді. Сондай күрделі ахуалда түсіністіктен татулыққа, ымырадан ынтымаққа қол жеткізу арқылы ғана тұтастығымызды сақтадық. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» дейді екен дана бабаларымыз. Қазір айтуға оңай, сол уақытта біз «қайтсек, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарамыз» деп арпалыса жүріп, елдігіміздің шаңырағын шайқалтпай ұстап қалдық. Тұрмыс тапшылығын да бір тай қазаннан ас ішкендей бірге еңсердік. Ол қазақтың кең қолтық, ақ жүрек мейірбандығының және Алтай мен Атырау арасын сол қазақпен араласа жайлаған өзге ұлттардың Абай өнеге етіп қалдырған бауырластығының арқасында жүзеге асты», деп жазады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz