Ислам - әлемдегі бейбIтшIлIктIң кепIлI



ИСЛАМ . ӘЛЕМДЕГІ БЕЙБIТШIЛIКТIҢ КЕПIЛI

Өткен жолғы (Ислам және өркениет газеті, №4 Сәуір, 2001 ж.) «Дiни экстремизм мен терроризм» деп аталатын мақаламда хақ дін исламның Батыс елдерінде пайда болған әлеуметтік аурулар уә саяси конспирациялармен ешқандай байланысының жоқ екенін көрсетіп едім. Ислам діні адамның ойлау қабілетін, ақылын, иманын, адами абыройын, жанұя ұйымы мен қоғамды сақтап, әлеуметтік әділеттілікті көздейтін дін. Бұған қарамастан, соңғы жылдары бейбітшілік діні исламды әлемдік бейбітшілікке үлкен қауіп төндіретін террористерді өндіретін дін ретінде көрсету үрдісі күшеюде. Кейбір шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары мен саясаткерлер, әскери басшылар, ықпалды іскер топтар уә қаржы бұлақтарын меңгеруші күштер ислам дінін қаралау науқанын ұйымдастырғандай. АҚШ.тың екі үлкен қаласында 11 қыркүйек 2001 ж. болған және кім тарапынан, не үшін ұйымдастырылғаны әлі нақтылы әшкереленбеген уақиғалар, өкінішке қарай ислам дінін қаралап, мұсылмандарға шабуыл жасау үшін қолданылуда. Ақпарат көздерінің айтуына қарағанда АҚШ, Англия, Германия, Франция қатарлы Батыстың көптеген дамыған (!) һәм демкоратиялық (!) елдерінде мұсылмандарға, мешіттер мен ислам мәдениет орталықтарына бомбалы шабуылдар жасалған, ондаған бейкүнә мұсылмандар тек мұсылман болғандықтары үшін өлтірілген, кейбір долыланған адамдар мұсылман әйелдердің жаулықтарын басынан жұлып алған т.т. Заманауи заң жүйесінде еш орны жоқ бұл сорақылықтың негізінде мұсылмандарға деген өшпенділіктің, Батыс өркениеті мен нәсілдерінің үстемдігін жақтайтын күштер және мұсылмандар мен христиандарды бір.біріне айдап салғысы келетін енді біреулердің мақсаттары бар. Әйтпесе, ислам шариғаты мен заманауи Батыс құқық жүйесі бойынша «біреудің күнәсін басқа біреу көтермейді» деген қағида бар. Әркім өзінің жасаған қылмыстарына өзі жауап беруі керек, бейкүнә адамдарды жазалау қылмысты жоймайды.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мұртаза БҰЛҰТАЙ
Философия ғылымдарының кандидаты,
Дінтанушы, мәдениеттанушы

ИСЛАМ - ӘЛЕМДЕГІ БЕЙБIТШIЛIКТIҢ КЕПIЛI[1]

Өткен жолғы (Ислам және өркениет газеті, №4 Сәуір, 2001 ж.) Дiни
экстремизм мен терроризм деп аталатын мақаламда хақ дін исламның Батыс
елдерінде пайда болған әлеуметтік аурулар уә саяси конспирациялармен
ешқандай байланысының жоқ екенін көрсетіп едім. Ислам діні адамның ойлау
қабілетін, ақылын, иманын, адами абыройын, жанұя ұйымы мен қоғамды сақтап,
әлеуметтік әділеттілікті көздейтін дін. Бұған қарамастан, соңғы жылдары
бейбітшілік діні исламды әлемдік бейбітшілікке үлкен қауіп төндіретін
террористерді өндіретін дін ретінде көрсету үрдісі күшеюде. Кейбір шетелдік
бұқаралық ақпарат құралдары мен саясаткерлер, әскери басшылар, ықпалды
іскер топтар уә қаржы бұлақтарын меңгеруші күштер ислам дінін қаралау
науқанын ұйымдастырғандай. АҚШ-тың екі үлкен қаласында 11 қыркүйек 2001 ж.
болған және кім тарапынан, не үшін ұйымдастырылғаны әлі нақтылы
әшкереленбеген уақиғалар, өкінішке қарай ислам дінін қаралап, мұсылмандарға
шабуыл жасау үшін қолданылуда. Ақпарат көздерінің айтуына қарағанда АҚШ,
Англия, Германия, Франция қатарлы Батыстың көптеген дамыған (!) һәм
демкоратиялық (!) елдерінде мұсылмандарға, мешіттер мен ислам мәдениет
орталықтарына бомбалы шабуылдар жасалған, ондаған бейкүнә мұсылмандар тек
мұсылман болғандықтары үшін өлтірілген, кейбір долыланған адамдар мұсылман
әйелдердің жаулықтарын басынан жұлып алған т.т. Заманауи заң жүйесінде еш
орны жоқ бұл сорақылықтың негізінде мұсылмандарға деген өшпенділіктің,
Батыс өркениеті мен нәсілдерінің үстемдігін жақтайтын күштер және
мұсылмандар мен христиандарды бір-біріне айдап салғысы келетін енді
біреулердің мақсаттары бар. Әйтпесе, ислам шариғаты мен заманауи Батыс
құқық жүйесі бойынша біреудің күнәсін басқа біреу көтермейді деген қағида
бар. Әркім өзінің жасаған қылмыстарына өзі жауап беруі керек, бейкүнә
адамдарды жазалау қылмысты жоймайды.
Мыңдаған университеттері мен зерттеу институттары бар Батыс елдері исламның
шын мәнінде бейбітшіліктің қайнар көзі һәм кепілі екенін білмейді дейсіз
бе? Сонау, XІІІ-XІV ғасырлардан бастап, жүйелі түрде исламиятты, Шығыстың
мұсылман халықтарын зерттеген Батыс елдері хақ дін исламның ешбір
қағидасында зорлық-зомбылықтың, аяусыз қатыгездіктің, жабайылықтың жоқ
екенін сізден де бізден де жақсы біледі. Онда олар неге былай істейді деген
заңды сұрақ пайда болады. Иә, қымбатты ағайын, мәселе білмегендіктен емес,
мәселе саяси-экономикалық жоспарларды жүзеге асыруда. Батыс елдерін өз
билігінде ұстап отырған күштер бұрынғы Шығыс блогын, яғни социализмді
төңкеріп, жұртын өзіне қаратып алды. Енді, олар исламмен есептескісі
келеді. Жершарындағы стратегиялық байлық көздерінің 70 пайызы мұсылман
елдерінің жерінде сақтаулы. Энергия бұлақтарының салмағы Таяу Шығыстан
Орталық Азияға ауысып келеді. Таяу Шығыстағы басты кен көздері 15-20 жылдан
кейін маңыздылығын жоғалтпақ. Ал, осы арада Орталық Азия аймағының
маңыздылығы өсуде. АҚШ-тың ондаған мемлекет құрылымдарында жыл сайын келесі
10, 20, тіпті 50 жылдың стратегиялық жоспарлары мен ықтималды
сценарийлерінің жасалатыны белгілі. Өкінішке қарай, осы сценарийлерде
мұсылмандарға орын жоқ болып шығуда. Бұл туралы төменде кеңірек тоқталамыз.
Алдымен, ислам дінінің бейбітшілікке қаншалықты мән бергені жөнінде
еліміздегі мұсылман қауымға мыналарды айтпақшымын:
Біріншіден, адам қоғамы бар жерде сол қоғамдық өмірді реттеуші, тәртіптеуші
ережелердің болатыны сөзсіз. Ислам діні осы ережелерді түгелдей қамтитын
жаңа құқық жүйесін әкелді. Ал, мемлекет институты белгілі бір қоғам
мүшелерінің ортақ шешімімен қалыптасатын яки оларды белгілі бір билікке
бағындыратын құрылымдар мен ережелердің ұйымдасқан түрі. Құран Кәрім
аяттары негізінде мұсылман ғұламалары сонау VIII-ғасырдан бастап,
халықаралық қатынастар, мемлекеттік құқық салаларында керемет кітаптар
жазып, негізгі қағидаларды анықтап, көрсеткен. Мысалы, Пайғамбарымыздың
тікелей ұрпағы Зейд Әлиұлы (уаф. 740 ж.) жазған әл-Мәжмұғ фи-л-Фиқһ,
ханафи фиқһының әйгілі ұстаздарынан Мұхаммед Хасанұлы әл-Шейбани (749-805)
жазған әл-Сиәр әл-Сағир және әл-Сиәр әл-Кәбир, Мұхаммед Ахмедұлы әл-
Серахси (уаф. 1090 ж.) жазған әш-Шәрх әс-Сиәр-ұл Кәбир, Имам әл-Шафиғи
(767-820) жазған әл-Ұмм, Мәлiк Әнесұлы (708-795) жазған Китаб-ұс-Сиәр,
Әбу Йұсұф (731-798) жазған Китаб-ұл-Хараж қатарлы жүздеген еңбектерді
айтуға болады. Еуропада осы салалардағы алғашқы еңбектер тек XVI-ғасырда
ғана пайда болған. Олардың көш басшылары Франсиско де Витория (Francisco de
Vitoria, 1492-1546), Васк де Менкаха (Vasques de Mencaha, 1512-1569),
Балтазар де Айала (Baltazar de Ayala, 1548-1584), Гуго Гроций (Hugo
Grotius, 1583-1645) қатарлы заңгерлер (олар да мұсылмандардың қол астында
болған Андолусия мәдениетінің адамдары - М.Б.). Ислам ғалымдары мемлекеттер
арасындағы келіспеушіліктерді шешуде екі жақтың мүдделерін тең тұрғыдан
сараптағанымен, еуропалықтардың еңбектерінде олардың құқықтары басқалардың
құқықтарынан ылғи да жоғары дәрежеге қойылған.
Құран Кәрімдегі мына аятта былай делінген:
608: Сендермен дін бойынша соғыспаған және сендерді жұрттарыңнан қуып-
шықпағандарға жақсылық жасап, әділетті болуларыңа Аллаһ шек қоймайды.
Күдіксіз, Аллаһ әділетті болғандарды жақсы көреді. 609: Аллаһ, тек
сендермен дін бойынша соғысқандарды және сендерді жұрттарыңнан қуып-
шыққандарды және оларға болысқандарды дос тұтуларыңа шек қояды. Кім
сондайларды дос тұтса, міне, солар залымдардың тап өзі!
Демек, мұсылмандар жоғарыдағы аятта көрсетілген зұлымдықтарды
жасамағандардың барлығын да дініне, ұлтына, тіліне қарамастан дос тұтуға
ерікті. Сол себепті, халықаралық келісімшарттардың мұқият орындалуы
қағидасы ислам шариғатында аса маңызды орын алады. Мұсылмандар өздері қол
қойған шарттарды мүлтіксіз орындаған.
Құран Кәримде бұл туралы хүкім анықталған:
51: Ей, иман етушілер! Өздерің бекіткен уәделеріңді орындаңдар!
1734: Уәделеріңді орындаңдар! Өйткені, берген уәделеріңе (анттарыңа)
жауаптысыңдар!
1691: Тараптармен анттасқанда (келісімшарт жасасқанда) Аллаһтың уәдесін
орындаңдар! Бекіткен анттарыңды ешқашанда бұзбаңдар. Өйткені, сендер ант
бергенде Аллаһты өздеріңе кепіл етесіңдер! Анығында, Аллаһ не
істегендеріңді біледі
Мұсылмандарды берген уәдені орындауға, яғни уәдеге берік, адал болуға
итеретін күш – ол, Аллаһ Тағаланың алдындағы жауапкершілік. Мұсылман егер
уәдесінен жалтарса, онда басқа діннің уәкілдері мұны исламға қарсы қолдануы
бек мүмкін. Сол себепті, мұсылман өзінің дініне зиян бермес үшін берген
уәдесін мұхаққақ (міндетті түрде) орындайды. Мына аяттарда осы мәселенің
маңыздылығы көрсетілген:
1692: Бір жамағат екінші бір жамағаттан (сан және байлық жағынан)
күштірек (көбірек) деп, берген анттарыңды араларыңда айла жолына
айналдырып, жібін әбден жақсы иіріп алған соң қайта тарқатқан әйелге
ұқсамаңдар. Алайда, Аллаһ мұнымен сендерді емтихан етуде!.
Аллаһ Тағала уәдені орындамайтындардың қандай ақибетке ұшырайтыны жөнінде
былай дейді:
1694: Уәделеріңді өз араларыңда айланың құралы етпеңдер. Олай істесеңдер,
ислам жолында мықты тұрған аяқтарың тайып кетеді де адамдарды Аллаһ жолынан
тосқандықтарың үшін жамандыққа ұшырайсыңдар. Сендерге ахиретте де үлкен
азап бар!
94: Ләкин, мүшриктерден сендермен келісімшарт жасасқандар сол келісімге
қайшылық істемесе, сендерге қарсы ешкімге көмек бермесе, онда олармен
жасаған тоқтамдарыңды уақыты біткенше орындаңдар. Шынында, Аллаһ нахақ
жолдан сақтанушыларды жақсы көреді!
97: әл-Харам мешітінің қасында сендермен келісім жасасқан мүшриктер
уәделерін орындаған сайын, сендер де уәделеріңді орындаңдар. Шынында, Аллаһ
өзінің бұйрықтары мен тыйымдарына қарсы келуден және уәдеден таюдан
сақтанушыларды жақсы көреді
Осы аяттарда шарт жасасқан тарап мүшриктер, яғни Аллаһ Тағалаға ортақ
қосушы кәпірлер де болса уәдені орындаудың шарт екені көрсетілген.
Халықаралық шарттарда қол қоюшы тараптардың мұсылман елі болып-
болмағандығына қаралмайды. Мұсылмандар осындай шарттарды мұхаққақ орындауға
тиісті.
Уәдені орындаушыларды Аллаһ Тағала Құран Кәрімінде мадақтаған:
1320: Ол ақыл иелері-кім, олар Аллаһтың уәдесін орындайды да берген
сертінен таймайды!
2177: Ізгі амал істеушілер уәделеріне берік болушылар-дүр
Бейбітшілік келісімін орындау жағынан Пайғамбарымыздың өмірінен мынандай
мысалды келтірелік. Пайғамбарымыз Меккелік мүшриктермен (ортақ қосушылармен
– М.Б.) Хұдайбия деген жерде бейбітшілік туралы шарт жасасқан-ды. Осы
шарттың бір бабы бойынша Меккеліктерден кімде-кім мұсылмандықты қабылдап,
Мәдинедегі мұсылмандарға барып, қосылғысы келсе, Мәдинедегі мұсылмандар
оның өтінішін кері қайтарып, оны Меккелік мүшриктерге апарып, тапсыруы шарт
еді. Шартқа қол қойылғаннан кейін Мекке тұрғындарынан Әбу Жәндел деген кісі
исламды қабылдайды да Мәдинедегі мұсылмандарға қашып барады. Ол,
Пайғамбарымызға барып, өзін қамқорлыққа алуын өтінеді. Пайғамбарымыз оны
жоғарыдағы шарт бойынша Меккеге қайтарады. Әбу Жәнделдің Меккеге қайтқысы
келмейді. Сонда, Пайғамбарымыз оған: Ей, Әбу Жәндел! Біз Құрайышпен шарт
жасастық. Олар бізге, біз оларға Аллаһ атымен ант бердік. Бұл анттан бас
тарта алмаймыз! дейді (әл-Бұхари, Шұрұт, 15-хадис және Ибн Һишам, әс-Сирет-
үн-Нәбәуия, 3-том, 333-бет). Демек, мұсылмандардың уәдені адал орындайтынын
Әз Пайғамбарымыз өз өмірінде көрсеткен.
Осы тарихи фактілер бұл күндері мұсылмандарды террористікпен
айыптаушылардың сөздерінің дәйексіз екенін көрсетеді. Пайғамбарымыз
Меккемен қол қойылған бейбітшілік келісімін сақтау үшін мұсылман бауырын
мүшриктерге қайтарып берген. Демек, фиқһта (ислам құқығында) қол қойылған
келісімшарттың құқығы ағайыншылық құқықтан да жоғары. Мұнда бекітілген
халықаралық құқықтың ішкі құқыққа үстемдігі де байқалады. Жағдай осылай
болғанымен кейбір күштер мұсылмандарды екіжүзді, айлакер, қатыгез етіп
көрсетуге тырысады. Әсіресе, Батыс елдерінде мұсылмандар туралы ғасырлар
бойы таратылған алып-қашпа әңгімелер салдарынан бұл елдердің халықтары
мұсылмандық туралы ештеңе білмесе де, бұрмаланған ақпараттардың кесірінен
исламға алғыоймен (предубеждение) қарайды. Әз Пайғамбарымыздан бергі
ислам тарихында бейбітшілікті бұзуға, адамдарға опасыздық жасауға бастайтын
қадамдар болмаған. Өйткені, ислам діні мұндай фиғылдарды (істерді) қатаң
түрде шектейді. Мәселен, Құран Кәрімде былай бұйырылған:
458: Шынында, Аллаһ сендерге аманатты оған лайықты болғандарға
тапсыруларыңды және адамдар арасында хүкім бергендеріңде әділеттілікпен
хүкім етулеріңді бұйырады!
Жоғарыдағы аятта адамдар арасында деген сөздерге назар аударалық. Мұнда
мұсылмандар арасында делінген жоқ. Демек, мұсылмандар әрқандай хүкім
(билік) айтқанда адамдардың дініне, тіліне, этникалық тегіне қарамастан,
тек әділеттілікті басшылыққа алып, хүкім етуі керек. Бұл қағида ислам
дінінде Жаратушының мүлтіксіз орындалатын бұйрығы, яғни фарыз ретінде
келтірілген. Мұсылмандар осы бұйрықты әрқашанда басшылыққа алуға міндетті.
Басшылыққа алмаған кезде олардың басына әр түрлі пәлекеттер келіп,
қыйыншылыққа ұшырап тұрған. Жоғарыдағы бұйрықты орындаған мұсылмандарға
Аллаһ Тағала үлкен әжір (сыйлық) һәм дәреже береді:
2143: Сөйтіп, сендерді (мұсылмандарды) адамдарға куә болуларың және
Елшінің де сендерге куә болуы үшін сендерді орта жолдағы (әділ, тұрақты)
бір үммет қылдық!
58: Ей, иман етушілер! Аллаһ үшін әділетті тік ұстап, әділдікпен куәлік
берушілерден болыңдар! Бір жамағатқа (қауымға) деген өшпендіктерің сендерді
әділетсіздікке итермесін! Әділ болыңдар, өйткені, ол Аллаһтан қорқатындарға
жарасымдырақ!
Міне, хақ дін исламның үстем парқы, ерекше қасиеті, универсалдық
адамгершілігі. Аллаһ Тағала өзінің жаратқан пенделерінің ішінде
мұсылмандарды орта жолдағы үммет және әлемдегі әділеттіліктің куәгерлері
еткен. Ұлық Раббымыз барлық адамзаттың осы қағидаға сәйкес өмір сүруін
қалайды. Енді, мынандай сауал сұрағым келеді: осындай ізгі қағидаға кім
қарсы болады? Әлбетте, мұндайға тек әділетсіздікті орнатқысы келетін
қанаушы топтар, өзін өзгеден үстем санайтын озбырлық саясатты ұстанушы
қаныпезерлер ғана қарсы болуы мүмкін. Ал, дәл бүгінгі күндері біздер осы
қағидаға қарсы тұрушылар мен жақтаушылардың күресіне куә болып тұрған
жоқпыз ба?
Мұсылмандардың әділеттілігі һәм рахымшылығы жөнінде екі мысал келтірейін.
Белгілі ғалым әл-Серахси (уаф. 1090) өзінің әл-Шәрх ұс-Сиәр әл-Кәбир атты
еңбегінде мынандай фәтуа (бітім) жасайды: Мәселен, мұсылман елі мен
мұсылман емес ел арасында тұтқындарды айырбастау туралы шарт жасалған
делік. Осындай жағдайда, мұсылман емес мемлекет райынан қайтып, қолындағы
мұсылман тұтқындарды өлтірді делік. Енді, бұған қысастық ретінде
мұсылмандардың қолдарындағы мұсылман емес тұтқындарды өлтіруіне әсте
болмайды. Өйткені, қылмыстық жауапкершілік әр адамның өз мойнында,
сондықтан бір мемлекеттің істеген қылмысы үшін оған қатысы жоқ адамдарды
жазалауға болмайды. Яғни, қолдағы тұтқындардың бұл қылмысқа қатысы
болмағандықтан, оларды өлтіруге болмайды. Бұл әділетті болудың басты шарты
болып табылады (әл-Серахси, әш-Шәрхұ әс-Сиәр-ұл Кәбир, 1-том, 43-бет).
Имам әл-Серахси секілді Жалаладдин әл-Сұйұти (уаф. 1505), Зейнеддин
Нұжеймұлы (Ибн Нұжейм, уаф. 1563), Мұхаммед әл-Бұрнұ, әл-Зарқа (1904-1999)
қатарлы белгілі фақиһтер (ислам құқықшылары) жоғарыдағы аяттар мен фәтуалар
негізінде мынандай ұйғарымға келген: Зиянға (жамандыққа) зиянмен
(жамандықпен) жауап берілмейді!, Зұлымдық (жауыздық) зұлымдықпен
(жауыздықпен) жойылмайды!. Міне, мұсылмандар ғасырлар бойы дініміздің осы
қағидаларын орындап, келісімшарттарда көрсетілген міндеттерді толығымен
өтеп, адамдардың діні мен тіліне қарамастан, әділеттілікті сақтай білген.
Осы қағиданың тарихи бір мысалын келітерілк: Әмәуи (Омеяд) ханаданын
орнатқан Мұғауия Әбу Сұфйанұлының (уаф. 680) әміршілігі кезінде мұсылмандар
мен Бизантия арасында тұтқындарды ауыстыру туралы келісімге қол қойылған-
ды. Ұрымдар (Бизантиялықтар – М.Б.) келісімшарттағы уәдені орындамай,
қолдарындағы мұсылман тұтқындарды өлтіреді. Осы аянышты жағдай патшаға
айтылғанда Мұғауия былай деп хүкім береді: Уәдені орындау опасыздықтан
және аярлықтан абзал-дүр. Пайғамбарымыздың былай айтқанын естіп едім: Ей,
Мұғауия! Саған бір аманат тапсырылғанда, сол аманатқа адалдықпен ие бол!
Саған қиянаттық жасағанға қиянаттық жасама!. (Әбу Дәуіт, Бұйұ, 79-хадис
және әл-Тирмизи, Бұйұ, 38-хадис). Сөйтіп, Мұғауия тұтқындардың өлтірілуіне
рұқсат етпейді. Біреудің қаталығы салдарынан оған қатысы жоқ жазықсыз
адамдарды жазалауға болмайды. Бұл туралы хүкім жоғарыда айтқанымыздай Құран
Кәрімде айтылған: 5338: Ешкім ешкімнің күнәсін көтермейді! (осы хүкім
Құран Кәрімде бір неше рет қайталанған. Қараңыз: 3518, 6164, 1715 және
397 аяттар).
Осы аят негізінде мынандай нәтиже шығаруға болады. Мәселен, бір кемеде
тоғыз қанішер уә бір жазықсыз адам саяхаттауда. Енді, әлгі тоғыз қанішерді
жазалау үшін осы кемені бомбалауға, суға батыруға болмайды, өйткені онда
жазықсыз бiр адам бар. Ол жазықсыз адамның өмір сүру құқығы бар. Ал,
қылмыскерлердің де өз-өздерін сот алдында қорғау құқықтары бар. Демек,
Америкадағы бейкүнә адамдардың өліміне себеп болған террорлық шабуылды
жүрегінде Аллаһ Тағалаға зәрредей иманы бар мұсылманның жасауы мүмкін емес.
Адамдарды нахақтан өлтіру үлкен зұлымдық болып табылады уә Аллаһ Тағаланың
азабына ұшыратады. Сондықтан, менің ойымша 11 қыркүйек уақиғаларын жан-
жақты талдап, мұсылмандарға дереу жала жаппай, басқа себептерді іздестірген
жөн. Бұл уақиғаға бір де бір мұсылман елінің азаматының қатысқандығы
анықталса, онда сол адамдарды ғана айыптау керек, пәк исламды емес.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Израилдің бас министрі Ицхак Рабин (Yitzhak Rabin,
1922-1995) ресми жыйналыста сөз сөйлеп жатқанда, әсіре оңшыл йаһұди (еврей)
діни ұйымының мүшесі бір жас жігіт оны атып өлтірген-ді. Ол жігіт қазір
Израилде зынданда қамауда. Бірақ, мені таң қалдырғаны өз елінің Бас
министрін өлтіргенде дүниежүзілік баспасөзде Еврей терроризмi деген
тіркес қолданылған жоқ! Алайда, қолы қанды терроршы Ицхак Рабинді
Палестиналықтарға көп құқықтар берді деп өлтрігенін мойындаған. Егер
Рабинді бір мұсылман өлтіргенде, Израилдің қаншалықты қырып-жою шараларын
іске асырарын енді өзіңіз ойлаңыз, ағайын...
Құран Кәрімнің даналығына, хақиқаттығына, әділетті һәм адамшылықты
уағыздайтын сөздеріне таң қалмасқа шараң жоқ. Мәселен, мына аятты оқыйық:
858: Егер сенімен шарт жасасқан бір қауымның қиянаттығынан шынымен
секемденсең, оларға хақты және әділетті сақтай отырып, бұл жағдайды хабарла
және олардың уәделерін өздеріне кері қайтар. Сірә, Аллаһ қиянатшылдарды
ұнатпайды!.
Демек, шартты бұзудың да ережелері, талаптары бар. Мұсылман шартты бұзған
күннің өзінде хақтан, әділеттіліктен айырылмауы керек. Ең басты нәрсе
өзінің және қарсыласының адам екенін ұмытпауы керек. Барлық адамзаттың Иесі
бір Аллаһ болғандықтан, оның пенделеріне әділеттілікпен қарайласу керек.
Адам баласының бәрі де исламға мұхтаж. Мұсылман мұны ескере отырып,
әсіресе, мұсылман еместерге мұсамаха (толеранттылық) көрсетіп, оларға хақ
дінімізді жақсы үлгі болып таныту керек. Адамдардың әртүрлі ұлттардан болуы
да, айналып келгенде, Раббымыздың хикметі:
3022: Көктер мен жердің жаратылуы, тілдерің мен өңдеріңнің, дауыстарың
мен кескіндеріңнің өзгешелігі де Оның (Аллаһтың) аяттарынан-дүр
548: Егер Аллаһ қаласа, сендерді бір-ақ үммет етіп жаратар еді. Бірак, Ол
сендерді берген нығметтерімен сынау үшін түрлі үмметтерге айырды. Ендеше,
ізгілікте жарысыңдар!
Исламның қағидалары осыншама хикметті, осыншама мейірімді болғанымен Батыс
менталитетінде, ойлау жүйесінде адамдарды мүсіркеушілік, адамдарға
сенбеушілік, оларды нәсіліне және діни сеніміне қарай бөлушілік жиі
кезігеді. Әрине, мұның тамыры тереңде жатыр. Мәселен, Иса Мәриямұлынан
(м.б. 4?- м.к. 30?) бұрынғы ІІІ-ғасырда жасаған латын кезеңінің ақындарынан
Плавт (Plautus, уаф. м.б. 183) адамды былайша тағриф еткен (сипаттаған):
Homo homini lupus, яғни адам адамға қасқыр. Ислам болса, адамдардың
діни нанымдары мен нәсілдерінің әртүрлі болуын тікелей Аллаһ Тағаланың
хикметіне апарған да мұны оқшаулау уә кемсіту үшін қолданудың үлкен күнә
екенін көрсеткен. Рим құқығындағы Bellum omnium contra omnes, яғни
әркімнің әркімге қарсы соғысуы қағидасы Батыс халықтарының ғасырлар бойы
бітпей келе жатқан соғыстарының негізіндегі философияны аңғартса керек.
Алайда, 637 жылы Құдс шаһарын (Иерусалим) азат еткен әмірші Омар әл-
Хаттабұлы христиандардың патриархы Софрониуспен (Sofronius, уаф. 638) шарт
жасасып, олардың діні мен тіліне, өмір салтына толық кепілдік берген-ді.
Бұл мұсылмандардың соғысқұмарлығын емес, бейбітқұмарлығын көрсетеді.
Мұсылман әміршілер тарихта бейбіт тоқтам жасау жағымен мәшһүр болған.
Мәселен, халифа Мұғауия Әбу Сұфйанұлы 656 ж. Бизантия императоры IV
Константинмен (уаф. 685) бейбітшілік бітім жасаған. Халифа Һарұн әл-Рашид
(763-809) 799 ж. франк императоры Карлмен (Charlemagne, 742?-814) шартқа
қол қойған т.т. Құдс шаһарын шармықшылардан (крестшілер – М.Б.) азат еткен
көрнекті мемлекет қайраткері Салахаддин әл-Аййұби (1138-1193) 1193 ж.
Бизантия патшасы II Изакпен (Izak II Angelos, 1156-1204) келісім жасасқан.
Аббасилер, Мәмлүктер, Селжүктер, Османилар дәуірінде көптеген
келісімшарттар жасалып, соғыстар жойылып, ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол
жеткізілген. Мұсылмандардың бейбітшілікті басты саясат етуіне қарама қарсы
бағытты ұстанған еуропалықтар ылғи да экспансионистік, отарлаушылық сыртқы
саясатты қолданған. Рим Папасы IV Николайдың (1288-1292) мына сөзі
еуропалықтардың сыртқы саясатын паш еткендей: Халықаралық қатынастарда
берілген уәдені бұзу күнә. Бірақ, түріктерге берілген уәдені орындау бұдан
да үлкен күнә! (M. Hamidullah, İslam Hukuku Etüdleri, 149-бет).
Батыс елдерінде осы философияның салдарынан соғыс дабылы әрқашанда қағулы
күйінде қала берген. Наполеонның (Napoleon Bonaparte, 1769-1821)
жорықтарынан кейін Еуропа халықтары мәмілеге келу үшін 179 екі жақты, 17
көп жақты келісімдер жасап, бірімен-бірі тіл табысуға тырысқан. ХІХ-ғасырды
соғыстармен өткізген олар, І дүниежүзілік соғыспен әлемдік деңгейде кесапат
тудырған. Бұл соғыстан соң, тағы да тынышталу үшін 8000 келісімге қол
қойылған. Еуропалықтар 1919-1924 жылдарында 600 екі жақты, 125 көп жақты
келісімдермен бейбітшілікті орнатпақ болады. Бұл да іске аспай, араға біраз
жыл салып, ІІ дүниежүзілік соғыс басталады. Христиан Еуропалықтар бастаған
осы екі соғыста жүз миллиондаған адам баласы қырылған екен, материалдық
шығынды айтпағанның өзінде. Екінші соғыстан кейін 11800 халықаралық
келісімшарт жасалыпты (Hamza Eroğlu, Devletler Umumi Hukuku, Ankara, 1979,
37-бет). Енді, бұлардың да бұзылғаны, соңғы жылдары Еуропа елдерінде
(Босниа, Косово, Словения, Хорватия т.т.) тағы да соғыстардың басталғаны
байқалуда. Егер, батыстықтар ең болмағанда исламның жоғарыдағы қағидаларын
мойындап, уәделеріне берік болғанда, осыншама адам шығыны болмас еді.
Екінші дүниежүзілік соғыста Ресей жерін Орталық Азиядан барған мұсылмандар,
Британия империясының мүдделерін мұсылман колониялардан барған әскерлер
қорғады. Нәтижесінде, он миллиондаған мұсылмандар Батыстың ішкі
есептесулерінің құрбаны болды. Бұған рахмет айтуға тиісті Батыс болса, бұл
күндері мұсылмандарды террористікпен айыптауда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заман ислам философиясының методологиялық ерекшеліктері
XV- XXI ғғ. Қазақ (Қазақстандық) қоғамының әлеуметтік-құқықтық жағдайы
Ислам және өркениет
Жаһандағы қауіпсіздік мәселесі
Діни экстремизм
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі қағидаттары
Қазіргі Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар
Ислам дінінің түсу мақсаты
Тұңғыш президент образын қалыптастырудағы PR рөлі
ҚОҒАМНЫҢ ДАМУ БАРЫСЫНДАҒЫ ДІННІҢ ОРНЫ
Пәндер