Ж. Аймауытов Елес және Акутагава Рюноскэ Диалог во тьме әңгімелеріне талдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Орындаған: Сатпаева Анель
ҚФ-402
Ж.Аймауытов Елес және
Акутагава Рюноскэ Диалог во тьме әңгімелеріне талдау.
Жүсіпбек Аймауытовтың Елесі мен пен жапон жазушысы Акутагава Рюноскэнің Диалог во тьме әңгімелері - сюрреалистік бағытта жазылған туындылар. Қаламгерлер шығармаларында көптеген өзекті мәселелерді бір адамның бойындағы бірнеше тұлғаның сұхбаты, пікір-таласы арқылы қамтуға тырысқан. Аталмыш әңгімелердегі басты кейіпкерлердің мені - қос жазушының өздері.
Сюрреалистердің ерекшелігі, кейіпкердің сандырақтап түрлі түстер мен елестер көруі арқылы, қоғамның алдындағы келе жатқан дағдарыстарды болжап отырғандықтарын астарлай айтып, оны оқырмандардың санасына үрей мен қорқыныш енгізу арқылы жеткізуге тырысады деген Бақыткамал Қанарбаеваның пікірін негізге ала отырып, қос қаламгер әңгімелеріне талдау жасайық.
Алдымен, Жүсіпбек Аймауытов Елес шығармасында өзінің ішкі күйін және қоғамда орын алып жатқан мәселелерді кейіпкерді елеспен бетпе-бет әңгімелестіру арқылы көрсеткісі келген. Өзіне жүктелген тапсырманы жаза алмай отырған басты кейіпкерге портфель қолтықтап кіріп келген елес әртүрлі сұрақтар қойып, тергеуге алады. Мәселен, елестің төңкеріс жазушыларының содан бері қандай мәселе жайлы қалам тартып жүргендерін сұрағандағы басты кейіпкердің жауабы оны ашуландырып жібереді. Арада жеті жылдай үлкен уақыт өтсе де, төңкерістің берген бостандығын, теңдігін, ортақшылдар жолын, кеңес үкіметін жақтап жүрген төңкеріс жазушыларына: Құрғақ сөзден жалықсаңдаршы! Енді бір өмірге, тұрмысқа келетін сөз жазсаңдаршы! Біздер-жастар көппіз, жұлдызбыз, арыстанбыз, батырмыз, қорықпаймыз, жаншып таптап кетеміз, жанып тұрған отпыз, жалынбыз, біз қоймаймыз, біз кенелтеміз, біз қарық қыламыз... дей бергеннен не тамады? Мұның бәрі ет пен терінің арасындағы жел емес пе? Төңкерісті жазғанда осылай жаза ма екен?,-дейді.
Әңгімеде жазушы өзінің шынайы ойын, көзқарасын елес символдық образы арқылы көрсеткісі келген, яғни елесті жазушының өзі деп қарауға болады. Бұл тұста адам жанының, санасының екіге жарылып, бір адамның ішіндегі қарама-қайшы көзқарасты сарапқа салғандығын байқаймыз. Демек, Жүсіпбек Аймауытов осы уақыт ішінде қазақ әдебиетінде ақын-жазушылардың бір арнаға түсіп, нақты ұстанымдары болмағандықтан, әдебиетке айтарлықтай үлес қоса алмағандығын елестің сөзі арқылы жеткізген. Сондай-ақ, сол кезеңдегі жазушылардың тек қана құр айғай мен құрғақ сөзге салынып, шындықтың басын ашып жаза алмай жүргендігін сынайды. Ал жазушының өзінің көзқарасын тікелей емес, елес символдық образы арқылы астармен жеткізуіне сол кездегі саясаттың себеп болғаны айтпаса да түсінікті.
Келесі Рюноскэ Акутагаваның Диалог во тьме әңгімесін өздік ағынан жарылу деуге болады, яғни сананың аржағында жасырын жатқан дауыстармен әңгімелесу арқылы, өзін бірде жазғырып, бірде ақтайды. Ойталқы үш бөлімнен тұрады. Орыс жазушысы А.Стругацкийдің әңгіме жайлы айтқан пікіріне сүйенсек, бірінші диалог періште кейпінде көрінген жазушының ар-ұяты, екіншісі ібілістің кейпіндегі өнері болса, үшіншісі жазушының шынайы ішкі жаны есебіндегі шабыты болмақ.
Періште кейпіндегі ар-ұятының даусы түрлі сұрақтар қойып, тергеуге алады. Жазушы кінәсінің бар екендігін мойындаса да, өзін ақтап алуға тырысады. Өзінің кінәсінің өтеуін ішкі күйзелісі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ және Жапон әдеби байланыстары
Жапон тіліндегі әлемнің тілдік бейнесі
Жазушы шығармашылығы және жариялануы
Жүсіпбек Аймауытов прозасының көркемдігі
Ішкі монолог
Төлен Әбдіковтің прозалық шығармаларының жанрлық, тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері
Айгүл Кемелбаева шығармаларындағы көркемдік ойлау
Күнделікті бір сарынды сабақ өткізуден оқушыларды зерігтіріп алмау
Абай аудармаларының мәні, аударма өлеңдерінің біріне талдау жұмыстарын жасау
Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы психологизм
Пәндер