Философия пәні, қызметтері, міндеттері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Философия пәні, қызметтері, міндеттері

  1. Философия - ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас әрі ерекше құбылысы. Философияны мақсатты түрде оқу - ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен өркениеттің байлықтарын тұрақты және жүйелі игеруге, табиғат, қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты саналы таңдап, жетілдіруге жетелейді.

Философия деген не? Дүниеде ол қашан пайда болды? Қалай дамыды? Философия бұдан бірнеше мың жыл бұрын Қытайда, Үнді елінде, Египетте, Вавилонда пайда болды. Бұдан 2500 жыл бұрын (б. з. д. V ғасыр шамасында) Афин қаласындағы грек демократиясында классикалық түрге ие болып, ерекше білім ретінде қалыптасты.
Дүние қалай жаратылған, бастамасы қайда? Ол мәңгілік пе? Адам дегеніміз не, оның дүниедегі орны қандай? Ақиқат пен жалғанның ара салмағы неде? Өмір сүрудің мәні бар ма? Адам өмірінің мәні неде? Адам баласы қалай пайда болды? Қозғалыс мәңгі ме, әлде уақытша ма? Адам мен жануарлар өмірі және олардың қатынасы қалай? Олардың өмір сүру ортасы деген не? Осындай «мәңгілік» сұрақтарға жауап іздеу - философияның міндеті.

Екіншіден, адамның дүниеге қарым-қатынасы сан-қилы. Осыған сәйкес адамның көзқарасы да әртүрлі. Олардың себебін біліп, ажырата білу де керек. «Дүниеге көзқарас» термині ғылым тіліне, күнделікті сөзге терең енді. Ол алғашқы рет XVIII ғ. неміс философиясы мен мәдениетінде (Кант, Фихте, Гете) кездеседі, адамға тән, оны іштей реттеп отыратын, рухани құрылымды белгілейді. Дүниеге көзқарасты анықтаудың ең жақын әдісі - білім мен құндылық қатынасты байланыстыру. Мазмұны тұрғысынан, ол адамның дүниеге және сол дүниедегі адамның орнына қатысты көзқарас, тұтастыққа ие болған жүйе.

Философиялық білімнің басты ерекшелігі - оның екіұдайлығында. Ол ғылыми білімге жақын: пәні, әдістері, логикалық-ұғымдық аппараты ғылыммен ортақ.

Сонымен қатар философия таза түрдегі ғылыми білім де емес. Философияның барлық басқа ғылымдардан айрықша белгісі - адамзат жинақтаған білімдердің барынша жалпыланған түрі, теориялық дүниетаным болуында.

Философия пәні кез келген нақты ғылымдардың зерттеу пәнінен ауқымды. Философия білімді жалпылайды, кей ғылымдарды біріктіреді, бірақ барлық ғылыми білімдерді сарқып, жойып мәнсіздендірмейді. Ол ғылымдардың барлығына ортақ сипатты, құбылысты ғана қамтып, нақты, арнайы білімдерді сол ғылымның еншісіне қалдырады.

Философиялық білімнің ерекшелігі мынада :

1) құрылымы күрделі (онтология, гносеология, логика, т. б. ) ;

2) барынша жалпы, теориялық сипатта;

3) ғылымдардың негізінде жатқан базалық, басты идеялар мен ұғымдарға сүйенеді;

4) көбінше субъективті-философиялық жүйелерімен, идеяларымен қатар философтардың дүниетанымдарының таңбасы, ойлау ерекшеліктері де қоса беріледі;

5) объективті - білімдер мен құндылықтардың, өз заманының адамгершілік идеяларының жиынтығы болып табылады, өз дәуірінің ықпалына ұшырайды;

6) таным объектілерін ғана емес, таным механизмдерін де зерттейді;

7) рефлексия қасиетіне ие - ойдың өзіне-өзінің бағытталуы (нәрселер дүниесімен қатар, білімнің өз-өзіне бағытталуы) ;

8) өзіне дейінгі философтар жасаған доктриналардың әсер-ықпалына ұшырайды;

9) динамикалық сипатта - тоқтаусыз даму, жаңару үстінде болады;

10) барынша жалпы ұғымдарға - категорияларға сүйенеді;

11) мәні сарқылмас терең;

12) адамның (танушы субъекттің) танымдық қабілеттерімен шектелуі;

13) логикалық тұрғыдан ешқашан біржола шешілмейтін «мәңгілік» сұрақтармен айналысады (болмыстың жаратылуы, табиғаты, материяның немесе сананың біріншілігі, тіршіліктің пайда болуы, жанның ажалсыздығы, Құдайдың бар-жоқтығы, оның дүниеге әсері, т. б. ) .

  1. Философияның қоғамды ерекше құбылыс ретінде қарастырып, оның мәнін ашатын бөлімі -әлеуметтік философиядеп аталады. Олқоғамды біртұтас динамикалық жүйе ретінде ала отырып, оның негізгі және қозғаушы күштерін анықтап, өмір сүруі мен дамуының тетіктерін айқындайды. Әлеуметтік процестердің қисынын түсіндіреді.
  2. Дүниетаным, дүниеге көзқарасдегеніміз айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән мағынасы туралы көзқарастардың пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниетанымның, дүниеге көзқарастың тұтастығын құрсатыратын негіз білім. Ертедегі ойшылдар тек білім ғана надандықты жоятын, қала берсе, халық пен халықты теңестіретін күш екеніне кәміл сенді. Ал тарихи тұрғыдан ағанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілуі дәрежесіне байланысты дүниетанымның, дүниеге көзқарастың: мифологиялық, діни, натурфилософиялық, философиялық, ғылыми түрлері қалыптасты. Адамзат қоғамымен бірге қалыптасқан мифологиялық дүниетанымына тән нәрсе адам қошаған ортадан өзін ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы ұқсастықтығана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің бір ғана сипатына символдық қызметіне ерекше көңіл бөлу. Діни негіздегі дүниетаным мифологиялық сананың табиғи жалғасы. Діни дүниетаным табиғаттан тыс, құдіретті күшке адамның мүлтіксіз ба, ынуын уағыздайды. Адам санасында табиғи құбылыстардың бұрмаланған бейнесін туғызады, оны табиғатты өзгерту мүмкіндігінен шеттеуге бейімдейді. Натурфилософиялық дүниетанымда жаратушының даралығын дәлелдейтін тұжыырмдар да аз емес. Әйтсе де XVIII-XIXғ бұл дүниетанымда табиғатқа деген материалистік көзқарас жүйеге келтірілді. Сол кездегі философияның сіңірген аса зор еңбегі мынау деп білу керек, дейді Энегльс, ол өз заманындағы жаратылыстану ғылыми білімдердің таяздығын қарамастан, түзу жолдан жаңылған жоқ. Ал философиялық ой толғамдар мен тұжырымдар таптық қоғамның орнығуы барысында, яғни ертедегі Қытай, Греция, Үнді елдерінде айқынырақ қалыптасты. Осы кезеңде экономика мен сауда саттық, саяси құрылым мен мәдениет ошақтары ірі ірі қалаларда шоғырланды. Жерге жеке меншік орнады. Өндіріс құралдарының шоғырлануы еңбек бөлінісін тездетті, әрі тереңдетті. Ғылыми дүниетаным - қоғамдық сананық ең жоғарғы түрі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философияның пәні қызметтері мен міндеттері
Мемлекет пен құқық теория негізі
Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны
Педагогика жəне басқа ғылымдар
Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері жөнінде эссе
Социалогия ғылымы
Педагогиканың адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
Философияның пәні мен әдісі
Философия және дүниетаным
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz