Қазақстандағы дін және мемлекет қатынастары
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫНАСТАРЫ
Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси.экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Жоғарыда айтқанымыздай, халықсыз билік болмайды, ал . дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екенін ескерелік. Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдіреті, халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсері өте анық көрініс берді.
Мемлекет . дін қатынастарының күрделілігі мен маңыздылығын түсіну үшін алдымен еліміздегі діни ахуалға шолу жасайық:
1. Тәуелсіздік жылдарындағы діни ахуал
Елімізде негізінен басты екі дін бар десек болады. Олар . ислам және христиандық. Ислам дінін ұстанушылар халық санының шамамен 67.70 пайызын құрайтын 24 этникалық топ. Республика халқының 58 пайызы қазақтар және оларға қоса ойғыр, татар, өзбек, түрік, курд, дүнген, шешен, әзірбайжан, башқұрт, ингуш, балкар қатарлы бауырлас халықтар түгелдей ислам дінін және оның ішіндегі сүнни (суннит) жолын ұстанады. Тек, әзірбайжан және курд халықтарының бір бөлігі мен шағын ирандық топ ғана шиға (шиит) жолын ұстанады. Бүгінге дейін көп білінбейтін шиғалар, әсіресе, IV Кәрім Ага Ханның (1936. ) елімізге жасаған сапарлары және «Халықаралық тау университетінің» Қазақстан бөлімшесінің ашылуы арқасында соңғы жылдары елімізде үгіт.насихаттарын күшейте түсуде. 2004 жылдың басындағы деректерге қарағанда елімізде 1648 мұсылман діни бірлестігі уә 1534 мешіт жұмыс істейді. Осы арада ислам дінінің Қазақстанның негізгі діні екенін және халқымыздың тарихында үйлестіруші, ұйымдастырушы һәм біріктіруші күш ретінде ең маңызды орын алғанын атап айтуымыз керек...

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫНАСТАРЫ[1]
Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық
жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып
табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан
толығып, ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі
көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан
қоғамы қалыптасты. Жоғарыда айтқанымыздай, халықсыз билік болмайды, ал –
дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және
мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екенін
ескерелік. Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің
қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен
қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табылатын халықты
ұйымдастыру құдіреті, халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің
болашағы мен баяндылығына тікелей әсері өте анық көрініс берді.
Мемлекет – дін қатынастарының күрделілігі мен маңыздылығын түсіну үшін
алдымен еліміздегі діни ахуалға шолу жасайық:
1. Тәуелсіздік жылдарындағы діни ахуал
Елімізде негізінен басты екі дін бар десек болады. Олар – ислам және
христиандық. Ислам дінін ұстанушылар халық санының шамамен 67-70 пайызын
құрайтын 24 этникалық топ. Республика халқының 58 пайызы қазақтар және
оларға қоса ойғыр, татар, өзбек, түрік, курд, дүнген, шешен, әзірбайжан,
башқұрт, ингуш, балкар қатарлы бауырлас халықтар түгелдей ислам дінін және
оның ішіндегі сүнни (суннит) жолын ұстанады. Тек, әзірбайжан және курд
халықтарының бір бөлігі мен шағын ирандық топ ғана шиға (шиит) жолын
ұстанады. Бүгінге дейін көп білінбейтін шиғалар, әсіресе, IV Кәрім Ага
Ханның (1936- ) елімізге жасаған сапарлары және Халықаралық тау
университетінің Қазақстан бөлімшесінің ашылуы арқасында соңғы жылдары
елімізде үгіт-насихаттарын күшейте түсуде. 2004 жылдың басындағы деректерге
қарағанда елімізде 1648 мұсылман діни бірлестігі уә 1534 мешіт жұмыс
істейді. Осы арада ислам дінінің Қазақстанның негізгі діні екенін және
халқымыздың тарихында үйлестіруші, ұйымдастырушы һәм біріктіруші күш
ретінде ең маңызды орын алғанын атап айтуымыз керек...
Қазақстандағы екінші орынды дін христиандықтың бүгінгі ахуалы исламмен
салыстырғанда тым күрделі. Біздегі христиандық (мәсіхшілдік) алуан түрлі
конфессиялар мен секталардан құралған және бір діни орталыққа бағынбайтын
бытыраңқы көрініс береді. Христиандардың басым көпшілігі славяндық
православие бағытында. 1956 жылы республика көлемінде 55 православие
жамағаты (приход) болса, бүгінгі күні 240 діни бірлестік уә 8 монастыр
жұмыс істейді. Қазақстандағы православие шіркеуінің тікелей Мәскеу
Патриархтығына және Қасиетті Синодына бағынатын митрополиттік деңгейіндегі
бөлім екенін ескерелік...
Христиандықтың еліміздегі екінші тармағы католицизмді ұстанатын шағын топ.
Олардың өзі екі топқа бөлінеді: Рим католик шіркеуі және Грек католик
шіркеуі. Бұл екі шіркеу негізінен Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында
белсенді жұмыс істеуде. Республика көлеміндегі католик жамағаттардың саны
38, діни бірлестіктер 80 мөлшерінде. Шетелдердегі католик шіркеулері,
әсіресе Ватикан және АҚШ-та орналасқан католик ұйымдары Қазақстанда
миссионерлік іс-әрекеттерді белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бүгінгі
күні елімізде материалдық қамсыздандырылған 150 шетелдік католик
миссионердің (ресми тіркелгендері ғана – М.Б.) тоқтаусыз үгіт-насихат
жұмыстарымен шұғылданып жатқанын айтсақ жеткілікті. Сонымен қатар
католиктердің Қарағанды, Астана, Павлодар қалаларында діни оқу орындары мен
басылымдары бар екенін айта кетелік.
Христиандардың саны аз болғанымен ең көп тармаққа бөлінген тобы –
протестанттар. Қазақстандағы ең басты протестант шіркеулері Евангелиялық
христиан-баптистер, жетінші күннің Адвентистері және Лютерандар. Еліміздегі
баптистердің саны 10-15 мың адам, дегенмен олардың жамағаттарының саны 300
мөлшерінде. Кейбір баптист топтардың ресми органдарда тіркелуден бас тартып
келе жатқанын да ескерген жөн. Лютерандардың орталығы Астана қаласында
орналасқан, 70-тей діни жамағаттары бар, негізінен немістер арасында көп
таралған. Адвентистердің де орталығы Астана қаласында. Осы аталған
протестант мәзһәбтары (конфессиялары) елімізде тек өткен ғасырда ғана пайда
болғаны, Кеңес билігі кезінде (1917-1991) қоныс аударған келімсектер арқылы
елімізге келгені белгілі. Жаңа елордамыз Астананың діни орталық ретінде
таңдалуы осы шіркеулердің орталық және солтүстік аймақтарда етене жұмыс
істеуіне мүмкіндік беруде.
Протестанттықтың жаңа формалары, әсіресе, тәуелсіздік жылдарында елімізде
өте белсенді миссионерлік іс-қимылдарды жүзеге асырып, бір сыпыра
азаматтарымызды өз қатарына тарта білді. Олар негізінен АҚШ-та орналасқан
протестант миссионер ұйымдары. Елуліктер, Методистер (Біріккен Методист
шіркеуі – АҚШ, Флорида уилаяты), Мун сектасы (Оңтүстік Корея), Меннондар,
Пресвитериандар (АҚШ), Жаңа апостолдар шіркеуі (АҚШ), Әлемдік Қырман
Шіркеуі (АҚШ, Колорадо уилаяты), Қожайындар шіркеуі (АҚШ, Флорида уилаяты),
Агапе, Жаңа өмір шіркеуі, Ізгі хабар, Иеһоуа куәгерлері (АҚШ) т.т. Елімізде
протестанттықтың 20 шақты сектасы және мыңнан астам діни бірлестіктері мен
қоғамдарының қызмет етіп жатқаны біраз нәрсені аңғартса керек. Күн сайын
шетелдердегі протестант шіркеулерінің жаңа тармақтары елімізге
миссионерлерін жөнелтуде. Олардың ең басты мақсаты – Қазақстанды
інжілдендіру (евангелизация) және қазақ халқын түгелдей өз нанымдарына
инандыру болып табылады. Осы арада АҚШ-тағы діни фундаментализмнің негізін
қалаған протестант шіркеулері екенін есте сақтаған жөн...
Қазақстанда мұсылмандар мен христиандар жалпы халықтың шамамен 97 пайызын
құрайды. Бұларға қоса елімізде көптәңірлі (политеистік) және атеистік
бағыттағы нанымдарды ұстанатын шағын топтармен қатар біртәңірлі (монотеист)
йаһұдилік (иудаизм) дінінің уәкілдері де бар. Әсіресе, йаһұдилер (еврейлер)
мен олардың діни бірлестіктерінің саны тәуелсіздік жылдарында шектен тыс
артқан. Тәуелсіздікке дейін бірде бір діни ұйымы болмаған йаһұдилердің
бүгінгі күні 25 діни бірлестігі және барлық облыс орталықтарында дерліктей
синагогалары жұмыс істеп жатыр. Орталық Азия бойынша ең үлкен синагога
жуырда Астана қаласында ашылған. Израил, АҚШ және өзге елдердегі бас
раввиндер елімізге жиі келіп, ресми адамдар, кәсіпкерлер және жамағат
уәкілдерімен кездесулер өткізуде. Қазақстан йаһұдилері құрылтайы Шалом
деп аталатын газет шығарады. Йаһұдилердің елімізде санының артуы және діни
іс-шараларының бұдан да дамуы күтілуде...
Соңғы жылдары елімізде үгіт-насихат жұмыстарын күшейткен дәстүрлі емес діни
ағымдар қатарынан Сайнтология шіркеуі, Бахаизм, Қадияния (Ахмадия),
Кришна қоғамы, Сатанизм, Виссарионство шіркеуі сияқтыларды атауға болады.
Жалпы діни бірлестіктердің соңғы 15 жылдағы көбеюін мына кестеден көруге
болады:
ДІН НЕМЕСЕ КОНФЕССИЯ
1989
1993
1995
1996
1997
1998
2003
Ислам
46
296
483
679
826
1000
1648
Православие
62
131
165
185
196
220
230
Баптистер
168
162
130
140
141
242
300
7. күн Адвентистері
3
36
34
41
45
64
70
Лютерандар
171
152
117
110
81
84
90
Иеһоуа куәгерлері
27
33
27
45
52
97
106
Елуліктер
42
36
19
18
19
37
40
Рим католик шіркеуі
42
66
66
73
79
77
77
Дәстүрлі еместер
81
92
91
96
108
110
166
Иудаизм
-
-
-
-
-
1
23
БАРЛЫҒЫ
642
1004
1132
1387
1547
1932
2750
2. Мемлекет және дін қатынастары
Қазақстан Республикасы Ата Заңында көрсетілгендей зайырлы мемлекет
болғандықтан, тәуелсіздіктен кейінгі жылдары мемлекет органдарының діни
ұйымдардың жұмыстарына бақылау функциясынан тыс тікелей араласпағаны
белгілі. АҚШ мемлекет басқармасының Демократия, адам құқықтары және еңбек
бюросы жариялаған Қазақстан – халықаралық діни бостандық есебі (2002 ж.)
де осыны растайды. Алайда, жоғарыда айтқанымыздай, дін мемлекетті
қалыптастыратын негізгі әлеуметтік институттардың бастыларынан және
азаматтық қатынастарда маңызды рөл атқаратындықтан мемлекет ұйымдары мен
құрылымдарының ішінде дін саласымен жұмыс істейтін мекемелер уә органдар
болуы заңды. Осы орайда ҚР Үкіметі қарамағында діни бірлестіктермен
байланыстар жөніндегі Кеңес құрылған. Кеңестің облыстар мен Астана уә
Алматы қалаларындағы бөлімшелері тікелей діни бірлестіктер және
жамағаттармен, сонымен қатар әкімдіктер, Әділет министрлігінің тіркеу
қызметі, Ішкі істер министрлігіне қарасты мекемелер, Ұлттық қауіпсіздік
комитеті, Мәдениет министрлігі сияқты құзырлы мекемелермен етене байланыс
жасайды.
Конституциямыз бойынша орталығы шетелдерде орналасқан діни ұйымдардың
Қазақстандағы басшыларының тағайындалуы тиісті мемлекет мекемелерімен
үйлестіре отырып жүзеге асырылуы керек. Бұл жерде де сәл ойлануға тура
келетін жәйттер бар секілді. Жоғарыда көрсетілген көптеген діни ұйымдар мен
миссионерлер және экстремистік бағыттағы зиянды ағымдардың шектен тыс қажыр-
қайрат жасауы салдарынан бүгінгі күні еліміздегі діни ахуал аса күрделі
қалыпта десек болады. Ал, осы күрделі ахуал ертеңгі күні қандай болмақ?
Тиісті шаралар бүгін қолданылмаса, бірнеше жылдан кейін діндер арасы
қатынастар қандай кейіпте болмақ? Осындай мәселелерді ойлаған сәтте
шетелдік ұйымдардың еліміздегі жүз мыңдаған яки миллиондаған
азаматтарымыздың рухани тізгінін қолда ұстауы бір жағынан ішкі істерге қол
сұғушылық болса, ал екінші жағынан әлеуметтік балансты теңселтетін
нәтижелерді алып келетін қауіпті күш болуы мүмкін. Бұған қоса айтпағымыз,
болашақтағы президент және парламент сайлаулары кезінде (құдды АҚШ-тағы
сияқты) шетелдік діни ұйымдар біздегі жамағаттары арқылы Қазақстандағы
белгілі бір тұлғаны яки саяси партияны немесе топты қолдауы, сол арқылы
мемлекет билігіне ие болуы да әбден ықтимал...
1992 жылы қабылданған Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы
заң бойынша азаматтар діни бірлестіктер құра отырып, ұйымдаса алады. Діни
бірлестіктерді Әділет министрлігінде тіркеудің өзіндік шарттары бар. Бұл
шарттар орындалғанда ғана бірлестіктер тіркеледі және қызмет атқара алады.
30.01.2001 ж. қабылданған ҚР Әкімшілік заң бұзушылықтар жөніндегі Кодексі
ҚР соттарына белгілі тәртіп бойынша тіркелмеген діни бірлестіктердің
жұмысын тоқтатуға немесе айыппұл салуға құқық берген. 2001 жылғы ақпан
айынан бастап Республикамыздың кейбір аймақтарында аталмыш заң бұзушылықтар
орын алып, ҚР соттары тиісті шараларды қолданған. Мәселен, Қызыл-Орда
қалалық соты 14.03.2001 ж. шешімімен белгілі тәртіппен тіркеуден өтпеген
Иеһоуа куәгерлері жамағатының жұмысын тоқтатқан. Сол сияқты, Атырау
облысы Құлсары аудандық соты 02.05.2001 ж. Иман баптист шіркеуінің
жұмысын тіркелгенге дейін тоқтату жөнінде үкім шығарған. Құлсарыда Тараз
Сомаляк есімді Пентекосталь шіркеуінің (фундаменталист бағыттағы
протестант сектасы – М.Б.) қызметкерінің ресми тіркеуден өткенге дейін үгіт-
насихат жасауына тыйым салынған. Осы орайда айта кететін бір маңызды жәйт –
жоғарыда келтірілген Қызыл-Орда қаласындағы Иеһоуа куәгерлері жамағатының
басшылары Гүлжахан Жарықова және Бақыт Алтаев есімді Қазақстан азаматтары
екені және оларға сот тарапынан 7,750 теңге айыппұл салынғандығы.
Құлсарыдағы Иман шіркеуінің ұйымдастырушылары да Құрманғазы Әбдімұратов
және Асхат Әлімжанов есімді қазақ азаматтары екені назар аудартады. Нағыз
қазақи ортада миссионерлік жасап, шетелдің діни сенімдерін елімізде таратып
жатқан ұйымдардың қандай дәрежеге жеткені және қандай аймақтарды мекен
еткені біраз нәрседен хабар бергендей...
Бұлар сияқты елімізде ислам атын жамылып, әртүрлі негізсіз һәм зиянды үгіт-
насихат жүргізіп жатқан діни ағымдар да баршылық. Бұлардың ішінде баспасөз
бетінде жиі аталатыны және қоғамдық тыныштыққа нұқсан тигізушісі Хизб-ұт
Тахрир ұйымы. Құран Кәрімде халифат құру туралы ешқандай мәлімет
келтірілмегеніне қарамастан, бұл ұйым Орталық Азиядағы елдердің орнына
халифалық мемлекет орнатқысы келеді. Құран Кәрімде баяндалған шынайы
исламның насихатталу деңгейінің төмендігін және сауатты мамандар мен
дінтанушылардың аздығын пайдаланған осындай ұйымдар, әсіресе, еліміздің
оңтүстік аймақтарында біршама жастарымызды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz