Мектепке дейінгі ұйымдағы жаңа инновациялық технологиялар туралы


Мектепке дейінгі ұйымдағы жаңа инновациялық технологиялар
Орындаған:Құдайберген Әйгерім
Тексерген:Орынтаева Шұғыла
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» деп қазақ халқы бекерден бекер айтпаған. 12 жылдық білім беруге көшу процесі мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды жаңа ұйымдастыруды және жақсы нәтижелер көрсетуге талап қояды. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қазіргі уақытта негізгі қолданылатын технологияларды келесідей бөліп көрсетуге болады:
- Дамыта оқыту технологиялары;
- Мәселелелік оқыту технологиялары;
- Ойын технологиялары;
- Альтернативтік технологиялар;
- Инновациялық технологиялар.
Бұл біріншіден педагогтардың тиімді әдіс- тәсілдерді қолдана, ұдайы шығармашылық іздестерге итермелейді. Жаңа сапалық деңгейге жету үшін инновациялық технологиялар қажет.
«Инновациялық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан жаңа міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды». Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды деп санаймыз, себебі қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар маңызды. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың басты назарында. Сондықтан баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты. Жаңа заман баласы - ертеңгі еліміздің болашағы. Жас ұрпақты қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр - сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет деп ойлаймыз. Ол үшін педагогтардың білікті, шығармашылдығымен қоса педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығы жоғары болуы тиіс. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңыздылығы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу- әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Өкінішке орай, барлық мектепке дейінгі мекемелер жоғарыда аталған инновациялық білім беру құралдарымен толық қамтылмаған. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытын тиімді және ұтымды пайдаланар еді. Балабақшада мультимедиялық оқулықтар қолдану балалар-дың қызығушылығын арттырады, зейін қойып көрумен бірге түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік туғызар еді. Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады, бұл- балалардың зейінін әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке баулуға көмектеседі. Инновациялық білім беру құралы жүзеге асқанда бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады деп ойлаймыз. Соның бірі - «Тәй-тәй» технологиясына тоқталғым келеді. Ол дұрыс тамақтану денсаулығының нығаюына, танымдық, қоғамдық және эмоционалдық құзыреттіліктердің қалыптасуына бағытталады. Ол баланың бірегей мүмкіндіктерін ашып, отбасының балабақша қызметіне араласуына мүмкіндік береді, мәдени құндылықтарды көрсетуге және дамытуға негізделеді. Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйрету арқылы баланың жан - жақты дамып, жетілуіне, шығармашылықта жұмыс істеуге бейімделуіне, топта, жұпта жұмыс істей алу қажеттілігіне жетелейтін бірден - бір әдісі деп санаймыз. Атап айтсақ, сын тұрғысынан ойлау, тірек - сызба технологиясы, дамыта оқыту, деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы және т. б. Соның ішінде деңгейлеп оқыту технологиясына назар аударғымыз келеді.
Оның негізгі ерекшеліктері:
1. Таланттар, дарынды балалар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер тіл үйренуге ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
2. Балалардың оқуға деген ынтасы артады. Осы әдісті мектепке даярлық сыныбында және ересектер топтарында қолдануға болады. Топтағы балалардың деңгейлері әртүрлі болғандықтан тапсырмаларды да деңгейлеріне қарай беру арқылы оларға тіл үйретуде елеулі жетістіктерге жетуге болады. Мектепке даярлық сыныптарындағы деңгейі төмен балаларға тақырыпқа сәйкес ересектер топтарындағы балаларға арналған тапсырмаларды беріп, орындалған соң деңгейі жоғары балалармен бірдей бағалап, мадақтаған жөн. «Тапсырманы орындадым», - деп қуанған балада алға қарай ұмтылыс пайда болары анық. Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
- баланың пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz