Инженерлік геодезия: пәні мен міндеттері, Жер пішіні, Гаусс-Крюгер проекциясы, масштаб және Қазақстандағы қолданылуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

Академик Е. A. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Физика-техникалық факультет

Көлік және логистикалық жүйелер кафедрасы

«Инженерлік геодезия» пәні бойынша

№1 тапсырма

6В11301-Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру білім беру бағдарламасы

Орындаған: ОПД(дот) 11с/п

тобының студенті: Бекмолла Н. М.

Қарағанды-2021

1 Тапсырма

  1. Геодезия пәні мен міндеттері. Геодезияның басқа ғылымдармен байланысы. Халық шарушылығындағы Геодезияның рөлі.
  2. Жер фигурасы туралы түсінік. Деңгей беті.
  3. Гаусс-Крюгердің көлденең-цилиндерлік проекциясы туралы түсінік.
  4. Гаусстың тікбұрышты координаттарының аймақтық жүйесі.
  5. Масштаб (сандық, сызықтық, көлденең), масштабның дәлдігі.
  1. Геодезия пәні мен міндеттері. Геодезияның басқа ғылымдармен байланысы. Халық шарушылығындағы Геодезияның рөлі.

Геодезия (грек. ge - жер және daі - бөлемін) -Жердің пішіні мен мөлшерін, қабылданған координаттар жүйесіндегі нүктелер орнын анықтаудың әдістері мен тәсілдерін зерттейтін, жер бетінің планы мен картасын салу, жер бетіндегі өлшеулерді жүргізумен айналысатын Жер туралы ғылымдардың бір саласы. Жердің физикалық бетін зерттеу үшін картографиялық және топографиялық әдістер мен пландық және биіктік координаталар құрылады. Геодезия ғылымы астрономиялық және гравиметриямен тығыз байланысты, сондықтан Жердің пішіні мен мөлшері градустық өлшеу әдісімен анықталады. Оның шамасы - геогр. координаттар арқылы доғалардың сызықтық және бұрыштық мәндерін анықтаудан тұрады. Г-дағы координаттық негіздертриангуляция, полигонометрия, геометриялық және тригонометриялық нивелирлеу әдістерімен геодезиялық торлар құру арқылы жасалынады. Өндірістік, гидротехн. және т. б. құрылыс объектілерінің пландық пен биіктік негізін салуды және инж. түсірімдерді орындау мәселелерін инж. Геодезия шешеді. Қазіргі уақытта мұхит, теңіздердің және көлдердің байлықтарын меңгеру үшін олардың жағаларын, түбін зерттеу жұмыстары жүргізіліп, гидрографиясы толықтырылды, бұл су асты Г-сын дамытты. Үлкен территорияларда топографиялық жұмыстар тез және тиімді жасалу үшін әуеден жер бетінің фотогр. бейнесі алынды, осыған байланысты Г-ның аэрогеодезия мен ғарыштық геодезия саласы қалыптасты. Жер асты байлықтарын (кен қазбаларын, мұнай мен газ өнімдерін, т. б. ) меңгеруде инж. -техникалық жобалар мен сызбаларды қамтамасыз ету үшін жер асты Г-сының маркшейдерияның) тәсілдері қажет. Г-ның ғыл. және практикалық шешу әдістері матем. мен физ. заңдарына негізделген. Республикада ғылыми және практикалық мәні зор көптеген геодезиялық және топогр. жұмыстар жүргізіліп келеді. Егер 1917 ж. дейін Қазақстан аумағының тек 13, 5%-іне 1:126000 масштабты аспаптық түсіру жұмыстары орындалса, 1945 ж. ол 86, 6%-ке жеткізілді және масштабы 1:100 000, 1:200 000 топогр. карталар жасалды. 1920 - 45 ж. 22800-ден астам пункттің триангуляциясы анықталды. 1950 жылдары Қазақстан аумағы толығымен түсіріліп бітті. 1954 ж. масштабы 1:25000 картографиялық түсірілу басталды. Дәлдігі жоғары 1-, 2- және 3- класты мемл. триангуляция торы құрылды. Бұрынғы шығарылған масштабы 1:100 000 карталар жаңартылды. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық институтытының Қазақстан филиалы Геодезия және картогр. Бас басқармасының картогр. материалдарын пайдаланып Қазақстан аумағының фотокартасын түсірді және а. ш-ғының картасын жасады (1960) . Г-лық тәсілдермен жер сілкінудің алдын ала болжау мүмкіндігін анықтау мақсатында, жер қыртысының жылжуын зерттеу үшін Тянь-Шань аймағында геодинамикалық болжау полигоны құрылды. Полигонда қазіргі кездегі жер қыртысының жылжуының вертикаль және горизонталь құраушылары зерттеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геодезия негіздері: геоид пен жер эллипсоидының пішіні, өлшемдері және Гаусс-Крюгер проекциясы
Гаусс-Крюгер проекциясы және тік бұрышты координаталар: теориясы мен қолданылуы
Гаусс-Крюгер проекциясы және тік бұрышты координаталар
Гаусс-Крюгер проекциясы мен тікбұрышты жазық координаталар жүйесінің негіздері және қолданылуы
Гаусс-Крюгер проекциясы: тік бұрышты және полярлық жазық координаталар жүйелері
Геодезия: анықтамасы, міндеттері, даму тарихы, жер пішіні, координаталық жүйелер және масштабтар
Геодезия пәні бойынша есептік-графикалық жұмыс: горизонтальдар, масштаб және геодезиялық есептер
Картографиялық проекциялар: бұрмалану түрлері және Гаусс-Крюгер тікбұрышты координаталары
Инженерлік геодезия: міндеттері, мәселелері және практикалық маңызы
Жерге орналастыру мен кадастрдағы геодезия: Жер пішіні, координаталық жүйелер және топографиялық карталау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz